Адамгершілік тәрбие туралы түсінік



Мазмұны

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. Курстық жұмыстың мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ...7
2. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3. Оқу.тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жолдары ... ... ... ...15
4. Халықтық педагогика арқылы тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
5. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу . басты мақсат ... ... ... ... ... ..29

III. ІС ТӘЖІРИБЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

IV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерді қамтиды.
Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ жылдың жемісі.
Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық (қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін, ауылын, отанын, сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген сүйіспеншілігінен туындайды. Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады.
Оқу мен тәрбие тығыз байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеу - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс.
Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму деңгейінің жетілуі немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың ізденімпаздығына және тәрбие теориясы мен әдістемесін орынды пайдалана білуіне байланысты. Көптеген жағдайда, әсіресе бастауыш мектепте оқушы ұстаздың адамгершілікке баулуға құрылқан тәрбие міндетіне дұрыс жауап бергенімен, оның рухани-адамгершілік даму деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы оның адамгершілік сапасының жетілуіне тиісті түрткі тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрынна қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:
- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды;
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Айтжанова З. Құқықтық тәрбие беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2003, №12.
2. Айтжанова З. Салауаттылық - өмір салты. Адамгершілікке тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2004, №1.
3. Әбдіжапарова Ж. Мектеп оқушыларына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Алматы: Рауан, 1998.
4. Бала тәрбиесі. Мұғалімдерге арналған құрал. Іс тәжірибесі. Алматы: Мектеп, 1985.
5. Байжанова Ж. Семья бақыты. Алматы: Қайнар, 1990.
6. Бейсенбаев Ж. Әдептілік әлемі. Алматы: Жалын, 1982.
7. Дүйсембекова Ш.Д. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде педагогикалық жағдаяттар. Семей, 1999.
8. Кенжебаева Р. Педагогикалық зерттеулер. Алматы: ЖАҚ «Бастауыш мектеп», 2004.
9. Қарсыбаева Р. Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту. Алматы: Мектеп, 2001.
10. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана, 1998.
11. Құнантаева К.Қ., Халитова И.Р. Педагогикалық мәдениеттану. //Шағын мектеп. 2004, №5 (13).
12. Майғаранова Ш. Сабақтың тәрбиелік міндеттері. //Бастауыш мектеп. 1997, №4. 3-6 беттер.
13. Нойберт Р. Что я скажу моему ребенку. М., 1971.
14. Нүсіпбекова М., С.Сейілғазинова С. Валеологияның негіздері. Әдістемелік нұсқау. Алматы: Кітап, 2003.
15. Нүсіпбекова М.И., Жүнісова Қ.Ш. Педагогикалық сыр-сандық. Алматы: Кітап, 2003.
16. Оразбекова К. Иман және инабат. Алматы: Ана тілі, 1993.
17. Рахимова Э. Педагогикалық зерттеу. Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу. Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2004.
18. Сәрсенбаева Ұ. Әдептілік - әдемілік. //Биология және салауаттылық негізі (Биология и основы валеологии). 2007, №2 (26).
19. Сламбекова Т., Сыдықова З. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2004, №5.
20. Төлеубеков А.Р. Адамгершілік тәрбиенің негіздері. Алматы, Атамұра, 1999.
21. Хрипкова А.Г., Колесов Д.В. Ұл есейсе, қыз өссе. Мұғалімге арналған кітап. Алматы: Мектеп, 1988.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .3

1. Адамгершілік тәрбие туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. Курстық жұмыстың
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 6

II. НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .7

1. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ...7
2. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..11
3. Оқу-тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ...15
4. Халықтық педагогика арқылы
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .25
5. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты
мақсат ... ... ... ... ... ..29

III. ІС
ТӘЖІРИБЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..31

IV.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..36

V. ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 38

.

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам
болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-
тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен,
қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы
сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды
имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат
етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде
тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль
талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол
отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-
қатынаста болуды талап етеді.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді,
мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар,
ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті,
ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің
мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен
әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты
қасиеттерді қамтиды.
Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі
талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты
білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның
жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды.
Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны
бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ
жылдың жемісі.
Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық
(қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік,
адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара
қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше
мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін,
ауылын, отанын, сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген
сүйіспеншілігінен туындайды. Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде
оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға
тәрбиелеу оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады.
Оқу мен тәрбие тығыз байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ барысында
және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ
барысында тәрбиелеу - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс.
Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму деңгейінің жетілуі
немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың ізденімпаздығына және тәрбие теориясы мен
әдістемесін орынды пайдалана білуіне байланысты. Көптеген жағдайда, әсіресе
бастауыш мектепте оқушы ұстаздың адамгершілікке баулуға құрылқан тәрбие
міндетіне дұрыс жауап бергенімен, оның рухани-адамгершілік даму деңгейі
өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы оның адамгершілік сапасының
жетілуіне тиісті түрткі тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында
бұрынна қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы
Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте
жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:
- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан
жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды;
- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты
педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен
бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің
бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу,
ең жоғары адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып, тәрбиелеуі
керектігіне мән беру қажеттігін айтты;
- Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын
мәселе – ол білім мен тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты.
Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші,
оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми-теориялық білімі болу
керектігіне және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар
аударды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан
Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай,
адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің
ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие
берудің тарихи-философиялық, педагогикалық мәселелеріне аса зор мән берген
жөн.
Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе – адамгершілік
тәрбиені күшейту.

2. Курстық жұмыстың мақсаты

Қазақ халқының жас ұрпақты инабаттылыққа, әдептілікке үйрететін тәлімі
мен рәсімдері көп.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі сыпайылылыққа,
кішіпейілділікке, ізеттілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу.
Қазақстан Республикасының Ұлттық энциклопедиясында адамгершілік
ұғымына былай деп анықтама берілген: Адамгершілік – адам бойындағы
гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. Кісілік, Ізгілік, Имандылық тәрізді
ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды
жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге
түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды
қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық,
ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық, т.б.
Осы негізде, курстық жұмысымның тақырыбына байланысты жұмысымның
мақсат - міндеті төмендегідей:
- бастауыш сынып оқушыларында сыпайылылық, қайырымдылық, мейірімділік
қасиеттерін қалыптастыру;
- оқушылардың рухани-адамгершілігін қалыптастыратын салауатты өмір
салтын құруға көңіл бөлу.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу

Бастауыш сынып оқушыларын тәртіптілікке, шыншылдыққа, адалдыққа,
ұстамдылыққа, еңбекті сүюшілікке тәрбиелеуді мақсат еткенде олардың бойына
қалыптасқан қасиеттерді – сынып оқушыларының ұйымшылдығы, белсенділігі
ескеріледі. Өз тәжірибемде Оқушыларға арналған ережелермен жете
таныстырып, шәкірттерімді мынадай талаптармен таныстырар едім:
1. Киімдерді өздері күтіп, ұқыпты киіне білу;
2. Әрдайым кішіпейіл, ілтипатты болу;
3. Бірін-бірі сыйлау, құрметтей білу;
4. Қыз балалармен достық қарым-қатынаста болу.
Осы талаптарды оқушы бойына қалыптастыруда оқушылармен әңгіме
жүргізіп, төмендегідей талаптарды ескеруге тырысамын:
1. Адамды жақсы көру;
2. Адамға деген қайырымдылық, ақ жүректілік;
3. Адамды құрметтей білу;
4. Әдептілік;
5. Жақсылықты бағалай да, қайыра да білушілік;
6. Өзара сынды қабылдау;
7. Кемшілікті түзете білу.
Осындай сезімдерді қалыптастыру үшін оқушылардың өздеріне тапсырмалар
беремін:
1. Оқыған әңгімелерің мен кітаптарыңдағы, көрген киноларыңдағы
кейіпкерлердің жағымды қасиеттері туралы айтып бер;
2. Өзің білетін жақсы адамдар: туысың, жолдасың, досың т.б. туралы
айт.
Осындай сыныптан тыс жүргізілген жұмыстың барысында оқушылардың ішкі
жан дүниесін білген соң, оқушыларда адамгершілік дағдыларын қалыптастырудың
бірыңғай жолын белгілей бастаймын.
1. Бірыңғай ұжым болып жеке балаға ықпал ете білу;
2. Сендірудің жеке әдістері: әңгіме, әңгімелесу, өзара пікір, кеңес т.б.;
3. Моральдық тақырыптарға тәрбие сағатын өткізу;
4. Оқушылар үшін міндетті адамгершіліктің нормасын орындауды үнемі талап
ету, есіне салу, оған жаттықтыру.
Мектепте оқушыларда адамгершілік дағдыларды қалыптастыруда сендіру
немесе олардың санасына әсер ету әдістерінің алатын оры орасан зор.
Балалардың көзін жеткізіп сендіру – оларды қандай іс адамгершілікке
жататындығын, ал қандай іс адамгершілікке жатпайтындығын бағдарлай білуге
және өздерінің іс-әрекеттерін дұрыс бағалай білуге себі тиетін негізгі әдіс
болып саналады. Балаға адамгершілік тәрбие берудің алғашқы қадамы
күнделікті тұрмыстағы ұсақ нәрселерден басталады. Отбасы педагогикасын
жоғары сатыға көтерген А.С.Макаренко ата-аналарға арналған лекцияларының
бірінде: Тәрбиені баламен сөйлесу немесе ақыл айту, я болмаса оған әмір
ету деп қарауға болмайды. Өз өміріңіздің әр кезеңінде, тіпті үйіңізде жоқ
уақытыңызда да балаңызды тәрбиелеп жүресіз. Сіздің қалай киінетіндігіңіз,
сіздің басқа адамдармен қалай сөйлесетіндігіңіз, сіздің қуануыңыз немесе
қайғыруыңыз, сіздің күйінгеніңіз, газет оқитындығыңыз, міне, осының барлығы
да балаңыз үшін толып жатқан үлгі, өнеге,- деген. Мектеп жас ұрпаққа білім
беретін, үлгі-өнеге үйрететін, адамгершілікке баулитын, өмірге алғашқы
жолдама беретін алтын ұя. Сондықтан да сол ұядағы ұжымға жүктелер міндеттің
абзалдығына орай, ауырлығы да, қиындығы да бар. Оның қиындығы сол,
шәкірттерді жан-жақты адамгершілік рухта тәрбиелеу – күрделі де үздіксіз
еңбек етуді керек ететін жұмыс. Балада адамгершілік бейнесін жақсы
қалыптастыруда педагогтар ұжымының ізгілікті, ынтымақты болуының, сонымен
қоса, сыпайылылығы, көрегенділігі жеткілікті болуларының маңызы өте зор.
Өсіп келе жатқан жас буындарды адамгершілік рухта тәрбиелеу ісінде
үлгі, өнеге көрсету әдістерінің аса зор тәрбиелік мәні бар. Балалар өте
сезімтал келеді. Әсіресе, жас балалар көбінесе, ненің жақсы, ненің жаман
екендігін айырмастан көргенінің бәріне еліктей береді. Сондықтан,
балалардың тым еліктегіштігін ескере отырып, мұғалім-тәрбиешілер ұжымы
оқушыларға өз мінездеріндегі жақсы сапаларды ғана дамытатын үлгі-өнеге
көрсетуі керек. Бұл үшін мұғалімдердің өзі адамгершілік рухта тәрбиеленген
болып, барлық жағынан да оқушыларға үлгі болуға тиіс. Ол үлкендердің
шәкірттер алдында беделді болудың негізгі шарты болып табылады.
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бүгінгі
таңдағы мектептер балаларға жекелеген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса
да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның
салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық деген не
екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Жағымсыз қылықтар, зиянды әдеттер –
бастауыш сынып оқушысының мінез-құлқына, оның дене және психикалық дамуына
кері әсерін тигізеді. Ересектер үшін баланың зиянды әрекеттерінің ең қауіп
төндірерлігі – темекі тарту, қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында етек
жайған әрекеттерінің бірі. Мектеп жасындағы баланың темекі тартуға
құмарлығының астарында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісіндегі үлкен
бір кемшіліктің болуы. Сол себептен де, темекі тартудың өзіне емес, басты
назар аударатын жайт – бала психологиясының ауытқуы, оны ойландыратын
мәселелер. Тек ата-ана арасындағы жылы қарым-қатынас бір-біріне деген сенім
ғана, зиянды әдетті қалыптастырмаудың бірден-бір себебі. Бүгінгі балалар –
темекі тартудың потенциалды құрбандары. БҰҰ-ның баяндамасына сүйенсек,
қазіргі балалардың 250 миллионы болашақта өз өлімін темекіге әуестіктің
бірден-бір себебі – жарнама болып табылады.
Еліміздің болашақ азаматы – қазіргі балалар. Яғни, егеменді елімізді
дамытып, гүлдендіре түсетін санасы таза және дені сау ұрпақ. Сондықтан
көпшілік болып балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізетін келеңсіз
жағдайларға қарсы күресуіміз тиіс. Балалардың рухани-адамгершілігін
қалыптастыратын салауатты өмір салтын құруға көңіл бөлуіміз қажет.
Адамгершілік құндылық тәрбиесінде ұлттық тәрбие маңызды роль атқарады.
Мысалы, бастауыш мектепте баланың барлық танымдық және психологиялық
мүмкіндіктерін жетілдіріп, білім алудың керек екендігіне оның көзін жеткізу
керек. Бұл кезеңде гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндер оларға жақсы
ықпал етеді. Оқушыларға ұлт қаһармандарының бейнесі мен тіршілік әрекеттері
әрқашан үлгі. Олардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, айтқан тәлім
сөздерін баяндау арқылы бала бойына ата-бабалардың адамгершілік
құндылықтарының көрінісін сіңіру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларының тебіреністері, олардың қуаныштары мен
реніштері, ең алдымен оқуға байланысты. Оқу кітаптарынан мақалалар,
әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқу және талдау адамдардың жағымды қылықтарын
балалардың түсінуіне және бағалай білуіне көмектеседі. Балалар оларға
түсінікті түрде әділеттілік, адалдық, жолдастық, достық, қоғамдық борышқа
адалдық, гуманизм, патриотизм мен интернационализм мәселелері жөнінде
баяндалатын мақалаларды оқып талқылайды.

2. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат
әкеледі деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің көрегендік сөзі егемен
қазақ елі үшін де тәрбие саласындағы бағдарламаларды мемлекеттік тұрғыдан
қайта көз үшін де тәрбие саласындағы бағдарламаларды мемлекеттік тұрғыдан
қайта көз сүзіп қараудың қажеттілігін алға тартып отыр. Қуана айтар жайт,
Республика бойынша оқушылардың мектеп, оқу орындарында білім алуы,
мектептердің ішкі жағдайының жақсаруы техникамен, көрнекі құралдармен,
жиһаздармен жабдықталуы біршама шешілген мәселе. Дегенмен тілімізге,
дінімізге қайта мойын бұрған кезде ұлы көшке тосқауыл болар көп кедергі
пайда болғаны анықталып отыр. Олар: болашақ ұрпағымыздың ана тілін білмеуі,
салт-дәстүрді қадірлемеуі, әке-шешесін, баласын тастап кетуі, арақ ішу,
наша тарту, ұрлық сияқты жағымсыз қасиеттердің етек алуы. Сондықтан
еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру
негізгі мақсатымыз.
Қазақ энциклопедиясында, адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрибенің
ықпалды әсері мен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті,
адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы,- деп ұғындырылады. Кейбір
еңбектердегі анықтамалар адамгершілік тәрбиесінің негізгі бөліктерін атап
көрсетумен шектелген. Мәселен, В.В.Макаев адамгершілік тәрбиесі мынадай
негізгі бөліктерден тұрады дегенді айтады:
а) адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;
ә) адамгершілік сезімдерді қалыптастыру;
б) адамгершілік сенімдерді қалыптастыру;
в) мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру;
г) өзін-өзі тәрбиелеу;
д) жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін
қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі оқшылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын
талаптардың көлемі, мазмұны, тізбегі жөніндегі түсінік негізінде
анықталады.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен
қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік
дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда
барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының
қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты
дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастықта қазіргі адамгершілік тәрбиесінің
негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын
принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ, оларға: байқау,
әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, сауалнама алу т.б.б әдістер
жатады. Әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа
әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына,
мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап
қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи-философиялық,
педагогикалық проблемаларына аса зор мән берген жөн.
Балада адамгершілік нышаны тым жас кезінен бастап-ақ пайда бола
бастайтындығы белгілі. Адамгершілік сезімдері мен сананың алғашқы белгілері
баланың мектепке дейінгі жасынан-ақ оянып, дами береді. Бұл қасиеттер
баланың топта, ұжымда басқа балалармен бірігіп істейтін істерінде, түрлі
ойын үстіндегі бір-біріне қамқорлық жасауы мен қарым-қатынасынан көрінеді
де, дамып отырады. Бала бойында бірте-бірте қалыптаса бастаған адамгершілік
дағды мектеп жасына келгенде белгілі ұйымдасқан ұжым ішінде оқу арқылы
әлеуметтік өмірмен, Отан алдындағы өз борышын өтеумен келіп ұштасады.
Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ, бірінші сыныптықтардың
қоршаған өмір туралы әртүрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары
да, мінез-қырлары мен әдептері де әр басқа екендігі анықталады. Кейбір
балалар құрбылармен тату-тәтті ойнайды, керек болса, ойыншықтарын беруге де
даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді.
Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді,
қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сол себепті балалардың
мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы керек. Мектеп балаларын
адамгершілікке тәрбиелеу міндетін шешуде тәрбиеші мен сынып жетекшілері аса
зор роль атқарады.
Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Тәрбие
ісінде тұқым қуалаушылық, орта және тәрбиешілер талаптары арасындағы
қайшылықтармен есептесуге тура келеді. К.Д.Ушинский: Біз табиғи
бейімділігімізге сәйкес келетіннің бәрін жеңіл де оп-оңай меңгереміз, ал
оған қайшы немесе жат нәрселерді қиыншылықпен қабыылдаймыз, ойда нашар
сақтаймыз, тек ұзақ уақытқа күш-жігердің арқасында ғана өз табиғи
мінезімізге айналдырамыз деген болатын. Бұл ойдың дұрыстығына әрбір
тәрбиеші өз тәжірибесінен көз жеткізеді. Мінез-құлықтағы қалыптасқан
дағдыларды жоғары жаңа талаптар негізінде қайта құру әрқашан қиындықпен
іске асады. Адамгершілік тәрбие процесінде мектеп оқушыларының мұраттары
мен моральдық тәрбиелілік дәрежесі арасындағы қайшылықты есепке алудың
маңызы зор. Алайда, қушының моральдық мұқтажы мен оны қанағаттандыру
мүмкіндіктері мен тәсілдері арасындағы қайшылық негізгі қайшылық болып
табылады. Егер бала жақсы өнегеге еліктесе, оның дамуы жемістірек болады.
Тәрбиеленушінің қолданған әрекеті мен қажеттік арасында сәйкессіздік –
оқушыны кездескен қиындықты жеңуге, сөйтіп мақсатқа жетуге мәжбүр ететін
күшті туғызады.
Педагогика ғылымы өзін-өзі тәрбиелеудің аса маңызды жолдарын көрсетіп
берді. Ол өзін-өзі білуден, өз басын жақсартуға ұмтылып, тілек білдіруден
басталады. Оқушылардың өзін-өзі білуден, өз басын жақсартуға ұмтылып, тілек
білдіруден басталады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу тілегін туғызу, бұл
әлі оларды өзін тәрбиелеудегі белсенді жұмысқа қосқандық болып
есептелмейді, өзін-өзі тәрбиелеудің дұрыс жолдарын белгілеуде тәрбиеші
балаларға көмектесуі қажет. Өзін-өзі адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде
өзіне-өзі бұйыра білудің маңызы зор. Оқушылар өз басын тәрбиелеудің бұл
әдісін қызыға қабылдайды және қуана қолданады. Олар тұрғысы келмеген кезде
де, өзіне-өзі төсектен тұруға, барып душ қабылдауға, ойынды қойып, сабағын
орындауға бұйрық бере алады. Алайда кейде оқушылар өзіне-өзі бұйыру әдісін
қолданғанымен, одан тез қол үзіп кететіні де болады. Сондықтан тәрбиеші
балалар өзінің жеке басын жетілдіруде бұйрық беру әдісін қолданып жүргенін
мезгіл-мезгіл қадағалап отыру қажет.
Мектеп оқушыларында қалыптастырылатын моральдық қасиеттер бір-бірінен
бөлек емес. Олар бірімен-бірі тығыз байланыста және біріне-бірі өзара
тәуелділікте қалыптасып дамиды. Ұжымшылдық достық пен жолдастық сезімдерін
туғызады. Олай болса бұл қасиеттік сапаларды бір-бірінен бөліп тастауға
болмайды екен. Мұның мәнісі – адамгершілік қасиеттер бәрі дерлік бір
мезгілде қалыптасады деген сөз.

3. Оқу-тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары

Адамгершілік тәрбиесі балалар арасындағы тәрбие жұмысының барлық
буындарында, сабақта, оқу және еңбек процесінде, эстетикалық және дене
тәрбиесінде жүзеге асырылады.
Сабақ үстінде оқушылар арасында белгілі бір іскерлік және адамгершілік
қатынастар үнемі туып, пайда болып отырады. Сыныптың алдына қойған жалпы
танымдық міндеттерді шеше отырып, оқушылар өзара араласады, бір-біріне
ықпал жасайды. Мұғалім оқушылардың сабақтағы әрекеттеріне қатысы бар
талаптар қояды: басқаларға бөгет жасамау, бір-бірін ықыласпен тыңдау, жалпы
жұмысқа қатысу және оқушылардың осы бағыттағы імкерліктерін бағалайды.
Сабақтағы бірлескен әрекет үстінде бастауыш сынып оқушыларында ненің жақсы,
ненің жаман екендігі жөніндегі түсінік қалыптасады.
Осы орайда 2 сыныптағы ана тілі пәні бойынша М.Мағауиннің Шаңқа
мәтінін оқыту барысында оқушыларға адамгершілік тәрбиесін бойларына сіңіру
мақсатында оқытудың сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалана отырып,
өткізілетін сабақ жоспарын ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Шаңқа
Сабақтың мақсаты:
1) Шаңқа әңгімесінің мазмұнын саналы түрде меңгерту барысында
оқушылардың талдау әрекетін енгізуі;
2) Оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін дамыту;
3) Оқушыларды қамқорлыққа, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер: плакаттар, автордың портреті, қима сөздер, суреттер.
Әдістері: Сұрақ-жауап, өз ойын ортаға салу, бақылау.

Қолданылатын технология түрі:
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының
стратегиялары: 1) Ой шақыру. 2) Түсіндірме күнделігі. 3) Топтастыру; 4) 5
жолдан тұратын қорытындылау тақпағы; 5) Эссе.
Типі: Жаңа сабақ.
Түрі: топпен жұмыс.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
Лирикалық шегініс.
Сәулелі сөз сөне ме?!
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім-өнеге –
Ақ тілеуі атаның.
Ойға тоқы, парқын сез,
Ата сөзі – алтын сөз.
Н.Айытов Алтын сөз өлеңінен.
Психологиялық дайындық
Балалар бір-бірімен амандасып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
Оқушыларды топқа бөліп, бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырамын.
А) Қызығушылығын ояту кезеңі.
Ой шақыру (1 минут). Оқушыларға үйге берілген М.Әлімбаевтың Сөз құдіреті
өлеңін мәнерлеп оқытып, сыпайы сөйлеу үшін осы өлеңнен қандай сөздерді
пайдалануға болатынын сұрау: балқаймазтай тәтті сөз, Абай айтқан ақын сөз,
Байыржандай батыл сөз, өз анаңдай жұмсақ сөз.
ІІ. Мағынаны тану кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстырып, Шаңқа әңгімесінің авторы Мұхтар
Мағауин туралы мәлімет беру.
Автордың аты-жөні: Мұхтар Мағауин
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы
Семей өңірінің, Шұбартау жері
Туған жылы: 1940
Дарындылығы: белгілі жазушы
Шығармалары: Жыланды жаз, Бір атаның балалары, Аласапыран
т.б.
Топтастыру. Топтастыру оқушылардың алған білімін пысықтауға, еркін ойлауға
және жаңа тақырыпты ашық талқылауға бағытталған оқыту стратегиясы.

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға Шаңқа әңгімесін өзім оқып таныстырамын да,
түсініксіз сөздермен жұмыс жүргіземін.
Мәтіннің мазмұны бойынша түрлі сұрақтар қою арқылы Мағжан мен күшіктің
арасындағы достық қарым-қатынасты анықтау:
- Мағжан күшікпен қай кезде танысты?
- Екеуі қалай табысып, достасты?
- Ертеңіне Мағжан күшікті таба алды ма?
- Күшік қоршаудан неліктен шыға алмады?
- Мағжан күшікке қандай қамқорлық жасап жүрді?
- Мағжан мен күшіктің достығын қалай бағалайсыңдар?
Түртіп алу. ББҮ – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын
білдіруге үйрететін ұтымды құралы.
Әр топқа плакат таратылады да, түртіп алу стратегиясы бойынша сөздік
жұмысы жүргізіледі, көрсетілген сөздерді топ мүшелері білетін-
білмейтіндіктерін кестеге түсіреді.
Сөздер: тротуар, дарбаза, құртақандай, дуал, саңылау, арсалаңдайды,
қаңылтыр, сәскелік.
Білемін Білгім келеді Үйренгенім



Оқушылар кестені толтырады. Әр сөзге жеке-жеке түсініктеме беріледі,
оқушылардың жауаптары толықтырылып отырылады. Сөздік жұмысынан соң,
бөліктерге бөлінген мәтін таратылады, әр топтан бір оқушыдан дауыстап
оқиды. Мәтінді талдау жұмысы түсініктеме күнделігі арқылы жүзеге асырылады,
топ мүшелеріне кесте таратылады.
Түсініктеме күнделігі
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарданСол әсер еткен үзінділер жайлы пікір
үзінділер жазады. жазады (нені еске түсіреді, қандай
сұрақ бар, себеп салдары, т.б.)


Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырады да, топта талқылау
ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған соң қорыту үшін бірнеше сұрақтар қойып,
оқушылардан жауап алынады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін,
көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылуға тиіс. Мысалы: Сенің ойыңда не
сақталып қалды? (т.с.с. сұрақтар қойылады)
Бұл әдіс ұжым болып жұмыс жасауды үйретеді. Ақпаратты өз бетінше
меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды.
Сабақтаны тысқары қалатын оқушы болмайды. Ойын, пікірін білдіру арқылы
оқушының тілі дамиды.
Топта талқылау аяқталғаннан кейін әр топтан төрт оқушы шығып, өз
пікірлерін ортаға салады, қалғандары тыңдап отырады.

ІІІ. Ой толғаныс
Эссе. Мәтіндегі күшікке қатысты сөз тіркестерін пайдаланып, шағын әңгіме
құрастыру керек. Ол сөздер тіркестері төмендегідей: құртақандай күшік,
аяқтары жуан, кеудесі тырсиған, қара ауыз, сұр күшік, тақтайды тырналайды,
қыңсылайды, арсалаңдайды, дәндеп алды, күтіп отырады, қолдан жейді. Осы
бойынша дайын болған эсселерін автор орындығына отырып оқиды.
Sinking – 5 жолды өлең. Ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді
және сенімді қысқа сөзбен қамту.
1. Не? – Күшік.
2. Қандай? – Құртақандай, сүйкімді.
3. Не істеді? – Еркеледі, арсалаңдады.
4. Мағыналы сөйлем. – Сүйкімді күшік қолымды жалады.
5. Мағыналас сөз. – Ит.
IV. Қорытындылау. Бағалау.
V. Үйге тапсырма.
Осы мәтін бойынша Менің күшігім тақырыбына сурет салуға тапсырма
беру. Сонымен қатар, А.Байтұрсыновтың Ата насихаты әңгімесін оқыту
барысында оқушыларды татулыққа, достыққа, бір-біріне қайырымды болуына
мәтіндегі нақыл сөздерді оқып, талдап, негізгі ойды ашу арқылы баулу.
Мысалы, Әкесі балаларына тату тұрыңдар,-деп талай айтыпты. Балалары тілін
алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабау шыбықты алып келіп,
балаларына беріп сындыруларын сұрайды. Бірақ балалар бірінен соң бірі алып
сындырмақшы болып еді, сабаулары сынбайды. Содан соң әкесі сабаулары шешеді
де, бір-бірлеп сындыруларын өтінеді. Балалар оп-оңай сындырады. Мұғалім
осы үзіндіден қандай қорытынды жасауға болатындығын сұрайды. Оқушылар өз
ойларын айтады.
Ал, С.Сарғасқаевтың Қызғалдақ пен Қарасора мысалын оқи отырып,
оқушыларға адамның бойындағы жақсы қылықтар мен жат қылықтардың
айырмашылықтарын ажыратады. Оған мәтіннің желісі бойынша төмендегідей
сұрақтар қойып, жауап алынады:
- Қызғалдақ деген не? (гүл, өсімдік)
- Қызғалдақтың адам үшін пайдасы бар ма? (адамдарға қуаныш, шаттық,
хош иіс сыйлайды)
- Ал Қарасора туралы не айтасыңдар? (Ол – арам шөп, гүлдердің
жайқалып өсуіне кедергі келтіреді)
- Қызғалдақ арқылы адам бойындағы қандай қасиеттерді байқауға болады?
(әдепті, сыпайы, пайдалы т.б.)
- Ал Қарасораның ше? (мақтаншақ, өркөкірек, маңғаз, паң т.б.)
Осылайша оқытудың сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы
балалардың бойында қайырымдылық, қамқорлық, достық қасиеттерін тудыруға
тырысамын.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігінің бірден-бір жолы –
табиғатқа деген сүйіспеншілік. Оқушылардың бойында туған жерге, қоршаған
ортаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуді көздеймін. Жас ұрпақта өмір
тәжірибесі, мейірбандық, жауапкершілік, табандылық осы табиғаттың сұлулығы,
пәктігі арқылы қалыптасатындығын ашуды мақсат етемін. Демек, табиғатқа
жанашыр болу – адамзаттың өз келешегіне, болашағына жанашырлық жасауы. Оны
қорғау, аялау, оған қамқорлық жасауда Біздің үй бағдарламасы бойынша
дүниетану сабағымен кіріктіріп Ұрпақ – тіршіліктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Имандылық адамгершілік тәрбиесі
Мектеп жасындағы балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Жасөспірім және заң туралы
Мектеп окушыларының көзқарасын қалыптастыру
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу
Пәндер