Көркем мүсінді жасау процесі


Көркем мүсінді жасау процесі
«Мүсін» сөзі латын тілінен «скульпо» деген сөзден шыққан. Ол кесу, қашау дегенді білдіреді. Оның шығу тегі көне адамдардың үңгірлерінің қабырғасында жартасқа салынған сурет болмаған кезге кетеді. Сол кезден бастап ақ біздің ата бабаларымыз өз құдайларын құрметтеп, балшықтан алғашқы адам бейнелерін жасаған болатын. Осы бейнелеу өнерінің пайда болуына Орта ғасырда қатты сенім болған. Адам шабыты мен шеберлігінің туындылары ауысып тұрды, бірақ әрдайым замандастары мен ұрпақтардың лайықты таңданысына ие болып отырған. Мүсіннің дамуы бүгінгі күні де жалғасуда. Жаңа техникалар мен бөлек көркемдік бағыттардың дамуы замандас мүсіншілерге қосымша серпіліс беруде. Олардың мүсіндері қызығырақ және бірегейлеу болуда. Олардың шығуы мен сыртқы келбеті де сондай. Бұл өнер әлі күнге дейін танымал. Ол әрбір үйде және кеңседе өз орнын таба білген.
Мүсін әр түрлі материалдардан жасалуы мүмкін - металл, тас, саз, мұз тіпті құмнан. Бәрі де шебердің көркем ойына байланысты. Өйткені, мазмұны пішініне және материалдық түрде іске асуына тәуелді. Мүсіндердің пішіндері әр түрлі болуы мүмкін - кішкентайдан өте үлкенге дейін. Соңғылары саябақтар мен саяжолдардың безенддіріуіне айналып жатады. Олар еш қиындықсыз ірі ғимараттардың интерьері болып табылады. Ал кішкентайлары біздің үйлерімізді қайталанбайтындай етіп тұрады.
Процесс үшін арнайы суретші мүсінді металлдан жасауды шешті. Мүсін жанрының заңы бойынша шығармашылық процесс басталды . . . балауыздан. Бұл иілімді материалды алдымен күбіде ерітіп алады, сосын кесектері ыстықтың әсерімен біркелкі массаға айналғанда оны кептіріп қояды. Бірнеше сағаттан соң тіке балауыз пластинаны сауыттан алады да оның үстіндегі пайда болған кірді тазалайды. Содан кейін пластинаны қажетті пішінге және көлемге бөледі. Мәселен, «отбасы» атты үлкен сериядағы мүсінді дайындау үшін суретшіге мынандай тікбұрышты кесектер қажет. Шебер болашақ өнімнің эскизін жасайды, алдын ала процесстің жүйелілігін ойластырады, қандай құралдардың керектігін реттейді. Дайындық кезеңі мұқият жасалса, шығармашылық жұмыс кезінде мүсінші сирек алаңдайтын болады. Бірінші кезеңде суретшіге құралдардың аз ғана көлемі қажет болады: пышақтар, дәнекерлегіш, қағазы бар қалам және әрине, шабыт. Мүсінші қағазға салынған пішіннен мүсін ерекшеленетінін өте жақсы түсінеді. Мүсінді жасағанк езде суретші ойының жақсы орындалуы үшін үнемі ізденісте отырады. Егер жңаша ойлар пайда болса, сурет те әрқилы өзгере береді. Сонымен, көмекші балауызды қажетті бөлшектерге бөлді. Уақыт кетірмей шебер өз ойларын жылдам іске асыра бастайды. Бұл нағыз зергерлік жұмыс. Температураны асырып жібермеген жөн, әтпесе балауыз еріп кетеді және бөлшектердің бүлініп қалуы ықтимал. Алайда, біздің жағдайда шебер өз ісіне нық сенімді, сондықтан жасап жатқан пішіні өте баяу, дегенмен өте дұрыс өз кейпіне ене бастағандай.
Барлық шикіліктер мен қабыршақтанулар күшті қайралған пышақпен алынып тасталуда, ал кестелер мен жарықтар осындай балауызбен ұйытқылуда. Мұны мүсінді жасаудың бастапқы кезінде жасап алған жөн. Өйткені ол металға құйылған кезде майда ақауларды жөндеу қиынға соғады. Егер болашақ мүсіннің белгілі бір бөлшегі басқа кесекке қатты жапсырылмаса шебер қалған балауызды қолданып, нашар қосылған бөліктерді жапсырады. Оған себеп кейбір элементтер жіңішке, кейбіреулері жуандау болады. Осындай қалдықтар пышақпен кесілгеннен кейін қалып қояды. Қалдықтарды кешірек басқа да үлгілерді жасаған кезде керек болады.
Құрастырманы жинақтау процессінің барысында суретші оны бірден тегістейді: қырларын түзетеді, эскизге қарап тұруды да ұмытпайды. Егер кейбір бөлшектер үлкендеу болып шықса шебер оны алып басқаға ауыстырады. Әзірге процесс өзгерістерді оңайлықпен жасауға мүмкіндік беруде. Өйткені балауыз - өте иілгіш материал.
Айта кетейік, бұл істе суретші сызғышты мүлдем қолданбайды. Бірақ жұмыс өите түзі және нақты орындалуда. Бұл кезеңде құраылым 30 пайзға аяқталып қалды. Әзірге соңғы нәтиженің қандай болатыны белгісіз. Мүсін құрылысының кейбір бөлшектері иілген желіні талап етді. Бұл мақсатқа да температура арқылы жетеміз. Балауызды бірнеше минутқа ысытады, содан соң иілген пішін пайда болады. Бірақ мұнда да шегін білген дұрыс - егер шектен шығып кетсе кесекті сындырып алуға болады.
Болашақ мүсіннің құрылымы әзірге 60 пайызға дайын. . Елестетіп көріңіздерші: өнімнің барлық балауыз бөлшектері - бұл балқытылған металлмен толтырылатын қуыстар. Оған науа жүйесі жауап береді. Атауынан белгілі болғандай, бұл технология мүсінді сұйық металлмен құюға дайындық. Қарапайым тілмен айтқанда - бұл балауыздан тұратын мүсінді балқыған металлдан ағатын науамен толтыру. Мұның қалай болатынын бірден түсіну қиындау. Бірақ сәл кешірек сіздерге бәрі де түсінікті болады.
Сонымен, құрылымның барлық бөлшектері бекітілгеннен кейін шебер оған тағы да бір қарап шығады. Ештеңені де жіберіп алмау керек, өйткені келешекте мүсінді металл үстінен жөндеу қиынға соғады. Науа жүйесін де есептеген жөн, құйылатын металлдың нақты көлемі де есептеледі. Мүсіннің әрбір бөлігі толтырылуы тиіс. Егер бәрі дұрыс болса, суретші күйдіруге кіріседі.
Бұл жағдайда шикізат ретінде пішінді қоспа болады, оның негізінде гипс, құм, күйдірілген материал және әрине су. Құрастырманы арнайы металл бөшкеге орнатады және кремнийлі таужынысты құяды - ол формалы қоспа, сауытты толтырады және өнімді бүркеп алады. Жарты сағат ішінде кремнийлі таужыныс кебеді. Енді оның ішінен балауызды шығарып алады. Процесс ыстық суда жасалады. Су балауыздың толығымен еруі үшін өте ыстық болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz