Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы туралы



1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері
2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері
3 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
4 Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері
Қазақстан Республикасы толық мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, жаңа қоғамдық – саяси жағдайда елдің әлеуметтік – экономикалық және рухани дамуының барлық саласын дамытуды басты мәселе етіп қойды. Республикамызда жемқорлық қылмыспен күресті күшейту мақсатында өткен жылдың ақпан айында американың халықаралық даму агентігінің қаржылық демеушілігімен жемқорлыққа қарсы орталықтың ашылу рәсімі өтті. Орталық әлемнің барлық елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі және әдістемесі туралы ақпарат жиналды.
Орталықтың қызметкерлері Мемлекеттік қызметкерлер арасында тұрақтылықтың ұлттық жүйесін нығайту мәселелері бойынша қоғамның күшейту мүмкіндіктері туралы сауалнама өткізуді жобалауда.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз.
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. - Алматы: Жеті Жарғы, 2000 ж. - 517б.
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. - Алматы: Жеті Жарғы, 1999 ж. – 317 б.
4. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. - Алматы: Жеті Жарғы, 2000 ж. – 365 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Қазақстан Республикасы толық мемлекеттік тәуелсіздікке ие болғаннан кейін, жаңа қоғамдық – саяси жағдайда елдің әлеуметтік – экономикалық және рухани дамуының барлық саласын дамытуды басты мәселе етіп қойды. Республикамызда жемқорлық қылмыспен күресті күшейту мақсатында өткен жылдың ақпан айында американың халықаралық даму агентігінің қаржылық демеушілігімен жемқорлыққа қарсы орталықтың ашылу рәсімі өтті. Орталық әлемнің барлық елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі және әдістемесі туралы ақпарат жиналды.
Орталықтың қызметкерлері Мемлекеттік қызметкерлер арасында тұрақтылықтың ұлттық жүйесін нығайту мәселелері бойынша қоғамның күшейту мүмкіндіктері туралы сауалнама өткізуді жобалауда. Жемқорлыққа қарсы қылмыстың өзекті мәселелері бойынша республикамыздың Қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тығыз байланыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалаудың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. Сыбайлас жемқорлықтың мән – мағыналық мәселелері оның пайда болуы, онымен күрестің қылмыстық – құқықтық құралдары қызу пікірталастар тудыру үстінде Сыбайлас жемқорлық ұғымы қандай қылмыстық қол сұғушылықты қамтитыны да даулы мәселе қалпында қалып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерді ережеге бағындыру, құқықтық саралау мәселесі де баяу жүргізілуде. Сондай – ақ, қылмыстық заң баптарының санкциясы мен сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазаның қандай түрлерін қолдану да нақты шешімін таппай отыр. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, мәні, маңызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарының қалыптасуы мен дамуы, сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыстың нақты құрамы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың қылмыстық – құқықтық, қылмыстық – процесуалдық, криминалистикалық шаралары талданады. Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстардың бірі, сыбайластық жеқорлық болып табылады. Қазақстанның жаңа қылмыстық заңдарының ережелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзекті мәселелерінің проблемалық аспектілерін жасау болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері: жалпыға мәлім, жемқорлық қылмыс, ең алдымен қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен, ерекше құрылымымен, экономикаға кері әсер етуімен, құқыққа қайшылығымен, күш көрсетуімен сипатталады. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық қылмысымен күресудің жаңа нысандарын, әдістерін әзірлеу, қылмыс санаттарын уақтылы ашу, алдын ала қылмысты болдырмау үшін құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажеттілігі туындайды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында бұл қылмыстарды тергеу үшін, жедел – тергеу топтарын қазіргі заманғы ғылыми – техникалық құралдармен жабдықтау болып табылады. Бұл қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында тергеудің жеке әдістемелерін қалыптастыру маңызды. Жоғарыда айтылған қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу кезіндегі прокурордың қадағалау жүйесі маңызды рөл атқарады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты өзекті мәселесі – жеке азаматтарға және мемлекетке материалдық үлкен шығын алып келуі. Қазіргі республикамыздың нарықтық экономика кезеңінде, сыбайлас жемқорлық қылмысымен қарсы күрес жүргізу мәселесі ең басты құндылық болып есептеледі. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерімен қалыптаспай келеді. Жалпы бұл термин латынның соrruptio - сатып алу деген сөзінен шыққан.
Яғни, лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық туралы Цицеронның егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды, ал егерде, басқалармен бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар аса қорқыныш жоқ, деген белгілі сөзін еске алуға болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу айтарлықтай моральдық шығынға ұшырататыны сөзсіз. Тәжірибеде осы қылмыспен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық көре алмаушылық, арызқой әрекеттері жиі байқалуда. Сыбайлас жемқорлық пен пара алу салықтан бұлтару сияқты көрініс табуда. Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес проблемаларының өзектілігі әдеттегідей әлеуметтік шиеленістіктен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып, реформаларды жүзеге асыру кезеңінде айрықша көрініс табады.
Ең алғаш рет 1995 жылы ақпан айында Европалық Кеңес сыбайлас жемқорлық мәселесі жөнінде тақырыптық жиын өткізді, ол 2001 жылы және ең соңғысы 2004 жылы өткізілді. Қазақстан Республикасында аса қауіпті құбылыс ретінде көрінетін сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме 1991 жылдан бастап қозғалды. Қазіргі жағдайда ел басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күреске ерекше мән беруде.
Ел Президенті қылмысқа қарсы күреске байланысты бірқатар жарлық шығарды. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының қылмыспен күресті күшейту мен құқық қорғауды нығайту мәселелері жөніндегі мәжілісінде, парақорлықпен күрестің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің құқықтық механизмі
Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлық қылмыстыққа тосқаулық қоюдың криминологиялық шаралары
Сыбайлас жемкорлык турлері
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Пәндер