Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың байланысы



1. Халық педагогикасында тәрбие iсi
2. Халық педагогикасының негiзгi принциптерi
3 Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидалар үндестiгi
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы
Халықтық тәрбиенiң осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейiк.
1. Халық педагогикасында тәрбие iсiн баланың жас ерекшелiгiн ескере отырып жүргiзудi талап еткен. Мәселен, ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес жасқа дейiн қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала” деген мәтел баланы еркiн тәрбиелеудiң, көмекшiм деп үмiтпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттiгiн мегзейдi. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципiмен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр баланың жеке бас ерекшелiктерiн (психологиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi. “Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екенсiң”, “Бiр биеден ала да туады, құла да туады”, “Балаңа үмiт арту — әкенiң парызы, ақтау — баланың қарызы” деп ой түйiндеген.
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
7.Қалиев С. ХҮ-ХҮIII ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар. – Алматы: “Рауан” 1990 ж.
8.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж.
Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:
1.Дастандар көп томдық. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж.
2.Бес ғасыр жырлайды. 3 томдық. – Алматы: “Жазушы” 1989 ж.
3.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиетi. – Алматы; ҚМОП баспасы. 1958 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы
Халықтық тәрбиенiң осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы
қандай дегенге келейiк.
1. Халық педагогикасында тәрбие iсiн баланың жас ерекшелiгiн ескере отырып
жүргiзудi талап еткен. Мәселен, ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес
жасқа дейiн қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала”
деген мәтел баланы еркiн тәрбиелеудiң, көмекшiм деп үмiтпен қараудың,
ақылшым деп тең санаудың қажеттiгiн мегзейдi. Ал бұл ғылыми педагогиканың
ынтымақтастық принципiмен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр баланың жеке бас ерекшелiктерiн
(психологиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi. “Баланы туады
екенсiң, мiнездi тумайды екенсiң”, “Бiр биеден ала да туады, құла да
туады”, “Балаңа үмiт арту — әкенiң парызы, ақтау — баланың қарызы” деп ой
түйiндеген.
3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесi туған, өскен ортасына, ата-ананың,
отбасы үлкендерiнiң, ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған. Өскен
ортаның тәрбиедегi әсерi жөнiнде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская,
А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты
ұстаздардың ой-пiкiрлерi де халық педагогикасының қағидаларымен үндесiп
жатыр.
4. Халық педагогикасының тағы бiр принципi балаға үлкен талап қоя бiлуге,
оның жеке басын қадiрлеуге негiзделген. Баланың жiберген қателiктерiн
үлкендер дер кезiнде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. “Ата балаға
сыншы”, “Баланың балалығына әкенiң даналығы бар”, “Ақырып айтқаннан ақылмен
айтқан )артық” деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған.
Яғни, тәрбиешiнiң жылы жүректi болуын, тапқырлық тәсiлмен тәрбиелеуiн
орынды санаған.
5. Шәкiрттi тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгiнгi
педагогиканың ең көкейкестi мәселелерiнiң бiрi. Дамыта оқытып тәрбиелеу iсi
асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз “Армансыз ұлан –
қанатсыз қыран”, “Арманы жоқтың пәрменi жоқ” деп, келешектi қиялдай бiлетiн
арманға, ой дербестiгiне тәрбиелеудi мақсат еткен.
 6. Халық педагогикасының негiзгi принциптерiнiң бiрi — тәрбиенiң
бiртұтастығы. 
Тәрбие iсiнiң бiртұтастығы ұрпақ тәрбиелеудегi мақсат бiрлiгiнен туындайды.
Кез келген тәрбие құралына талдау жасасақ, тәрбиенiң түрлерi (еңбек, ақыл-
ой, адамгершiлiк, әсемдiк т.б.) iштей сабақтасып жатады. Оны бесiк жырынан,
бата-тiлектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие iсiн кешендi
жүргiзудi ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
7. Тәрбие iсiнiң туғаннан өмiр бойы үздiксiз жүргiзiлуiн халық педагогикасы
да, ғылыми педагогика да құптайды.
8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерiнен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер
иелерi түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие iсiне негiзделген. Халықтық
педагогикада “Көп талқысы — тез”, “Көп қорқытады, терең батырады”, “Көпке
қарсылық — құдайға қарсылық” деп ұжымдық тәрбиенi құптаған. ( 4 кесте).
Ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген. Қорыта айтсақ,
халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелерi мен заңдылықтарының
қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Халық педагогикасы бүгiнде ғылыми зерттеулердiң тек объектiсi ғана емес,
сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсiресе отбасындағы тәрбиенiң
дамуына үлкен әсер ететiн ынтымақтастық педагогиканың iрге тасы болып
табылады.
Сондықтан да халық педагогикасының бүгiнгi күнде практикалық та, ғылыми
теориялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Педагогика ғылымының құрылымы
Педагогика жəне басқа ғылымдар
Әлеуметтік байланыс адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет
Педагогика ғылымы туралы түсініктеме
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Халықтық педагогика көздері
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы
Педагогиканың негізгі категориялары
Пәндер