Дәндi дақылдар
1. ДӘНДI ДАҚЫЛДАР
2. КӨКӨНIС ДАҚЫЛДАРЫ
3. КАРТОП МАҢЫЗДЫ КӨКӨНIСТIК, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МАЛАЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛ
4. MАЙЛЫ ӨСIМДIКТЕР
5. ЖЕМIС . ЖИДЕКТI ӨСIМДIКТЕР

Дәндi дақылдарға көптеген мәдени өсiмдiктер жатады. Оларды бiрнеше топқа бөледi: ұн алынатын, жармалар алынатын және бұршақты дақылдар деп бөледi. Ұн алынатын дақылдарға жұмсақ және қатты бидайдың (мягкая и твердая пшеница – Triticum vulgare, T. durum), кәдiмгi арпаның (ячмень обыкновенный – Hordeum vulgare) , егiстiк сұлының (овес посевной – Avena sativa) , қарабидайдың (рожь посевная – Secale cereale) күздiк және жаздық сорттары жатады. Бұлардың ұнынан нан пiсiредi жән макарондар жасалынады. Жармалар алынатын өсiмдiктерге ақ тары (просо посевное – Panicum miliaceum), италия итқонағы, чумиза (италянское просо – Setaria italica), кәдiмгi құмай (соргo обыкновенное — Sorghum vulgare), африка тарысы (пенциллярия — Pensillaria), екпе күрiш (Рис посевной – Oryza sativa) , жүгерi (кукуруза, маис — Zea mays) , егiстiк қарамық (гречиха посевная – Fagopyrum sagittatum) жатады.
ЖОСПАР
ДӘНДI ДАҚЫЛДАР
КӨКӨНIС ДАҚЫЛДАРЫ
КАРТОП МАҢЫЗДЫ КӨКӨНIСТIК, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МАЛАЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛ
MАЙЛЫ ӨСIМДIКТЕР
ЖЕМIС – ЖИДЕКТI ӨСIМДIКТЕР
ДӘНДI ДАҚЫЛДАР
Дәндi дақылдарға көптеген мәдени өсiмдiктер жатады. Оларды бiрнеше топқа бөледi: ұн алынатын, жармалар алынатын және бұршақты дақылдар деп бөледi. Ұн алынатын дақылдарға жұмсақ және қатты бидайдың (мягкая и твердая пшеница – Triticum vulgare, T. durum), кәдiмгi арпаның (ячмень обыкновенный – Hordeum vulgare) , егiстiк сұлының (овес посевной – Avena sativa) , қарабидайдың (рожь посевная – Secale cereale) күздiк және жаздық сорттары жатады. Бұлардың ұнынан нан пiсiредi жән макарондар жасалынады. Жармалар алынатын өсiмдiктерге ақ тары (просо посевное – Panicum miliaceum), италия итқонағы, чумиза (италянское просо – Setaria italica), кәдiмгi құмай (соргo обыкновенное — Sorghum vulgare), африка тарысы (пенциллярия — Pensillaria), екпе күрiш (Рис посевной – Oryza sativa) , жүгерi (кукуруза, маис — Zea mays) , егiстiк қарамық (гречиха посевная – Fagopyrum sagittatum) жатады. Бұлардың дәнiнен алынатын жарманы тiкелей тамаққа пайдаланады. Бұршақты дақылдарға егiстiк асбұршақ (горох поссевной – Pisum caticum), үрмебұршақ (фасоль обыкновенная – Phaseolus vulgaris), ас жасымық (чечевица пищевая – Lens culinaris), дала ноқаты (нут полевой – Cicer aretinum), мәдени қытайбұршақ (Соя культурная – Glycine hispida), қытай лобия (лобия китайская – Vigna sinensis) тағы басқалар жатады. Осы аталған дәндi дақылдардың барлығының тағамдық мәнi зор. Олардың бiрқатары аса құнды малазықтық өсiмдiктер. Бұлардың iшiнде тағамдық өсiмдiк ретiнде ең маңыздысына бидай жатады. Бидай – өте ертеде мәденилендiрiлген өсiмдiк. Оны адам баласы 10 мың жылдан аса уақыттан берi сеуiп келедi. Бидай дәндерi адамның алғашқы қоныстанған жерлерiн қазып, зерттегенде табылып жүрдi. Египет пирамидаларынан да қазiргi кездегi бидай дәндерiне ұқсас дәндер табылған.
Ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң iшiнде бидай аса маңызды дәндi дақыл ретiнде бiрiншi орында тұрады. Оны 40- тан астам елде себедi.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты мiндет, тез арада астық өнiмдерiн молайту болып табылады. Бидай өнiмдерi республикада өндiрiлетiн астықтың жартысынан көбiн құрайды. Себебi бидайдан сапалы нан пiсiрiледi, макарондар, жармалар, т.б. алынады. Соған байланысты бидайдың құнды сорттарын өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға көп көңiл бөлiнiп отыр. Сонымен бiрге, дәндi бастыру, қамбада сақтау кездерiнде, ысырапқа жол бермеу мәселесi де қолға алынуда.
Нан – бiздiң баға жетпес байлығымыз. Нан – диқандар қауымының, механизаторлардың, ауыл шаруашылық мамандарының, ғалымдардың ересен еңбегiнiң жемiсi.
Жер бетiнде бидайдың 20-дай түрi кездеседi, әрбiр түрдiң көптеген сорттары бар. Олардың өздерiне тән тұрақталған белгiлерi болады.
Бидайдың сабағы – сабан. Оның буындары мен буынаралықтары айқын көрiнедi. Бiр өсiмдiк 2-4 – тен 12-ге дейiн, кейде одан да көп сабақтар бередi.Бидай жапырақтары ұзын, жiңiшке таспа тәрiздi болып келедi және параллель жүйкеленедi. Сонымен бiрге жақсы жетiлген жапырақ қынапшасы болады. Гүлшоғыры- күрделi масақ, ол көптеген масақшалардан тұрады. Әрбiр масақтың осiнде екiден масақтық қабыршақтар орналасады. Осы қабыршақтардың қолтығында 2- ден 7-ден гүлдер жетiледi (41-сурет).
Бидай гүлiнiң құрылысы, астық тұқымдасына тән болып келедi: 2 гүл қабыршығы, 3 аталығы 1 аналығы болады. Аналығының сыртын түктер жауып тұрады, оның аузы қостелiмдi болып келедi, мойны болмайды. Әле толық ашылмаған бидай гүлдерiнде өзiн-өзi тозаңдаңдыру жүредi. Жемiсi — дән.
Ең маңыздылары қатты және жұмсақ бидайлар. Қатты бидайдың эндоспермi тығыз болады. Қатты бидайды ерте көктемде себедi. Ол топырақ және климат талғайды. Қатты бидай ауа райы жылы, жарығы мол, топырағы құнарлы Оңтүстiк және Оңтүстк шығыс аудандарда себiледi. Қатты бидайдың сортарын Қазақстанның солтүстiк аймақтарының астықты аудандарында көптеп себедi.
Қатты бидай эндоспермiнiң төрттен бiрiн ақуыз (белок) түзедi. Ақуыз (белок) — сапаның көрсеткiшi. Егер эндоспермдегi ақуыздың мөлшерi 14-15% жетсе, онда бұл дәннiң сапасының жоғары болғаны. Эндоспермнiң маңызды бөлiгiнiң бiрi желiмтек (клейковина). Желiмтектiң көп болуы нан пiсiргенде, әсiресе макарон дайындағанда аса қажет. Жоғары сортты ақ нанды және макарондарды қатты бидайдың дәндерiнен алады.
Жұмсақ бидайдың эндоспермi борпылдақ, ұнтақ тәрiздi келедi әрi ақуызға (белокка) онша бай болмайды. Жұмсақ бидай топырақ пен жылылықты таңдамайтындықтан барлық жерлерде кеңiнен таралған.
Қазақстанда күздiк және жаздық бидайлар себiледi. Жаздық бидайды ерте көктемде себедi, және сол жылы жазда одан өнiм алады. Күздiк бидайды күзде себедi, ал өнiмдi одан келесi жылы жазда жинайды.
Жабайы капуста және мәдени капустаның түрлерi . Көп ұзамай ол өскiн бередi де, қар астында қыстап шығады. Көктемде күздiк бидай өсуiн қайтадан жалғастырып жаздың аяғында пiсiп жетiлiп дән бередi. Әдетте күздiк бидайдың өнiмдiлiгi жаздық бидайға қарағанда бiршама жоғары болады (42 сурет). Күздiк бидай жаздық бидайға қарағанда ертерек пiседi және ораққа бұрынырақ iлiнедi.
Бидайдан мол өнiм алу үшiн, мiндеттi түрде оны өсiрудiң агротехникасын сақтау қажет. Ол үшiн алдымен жердi жақсылап айдап, соңынан тырмалап дайындайды. Содан соң топыраққа қажеттi мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар бередi. Осыдан кейiн белгiленген уақытта, аудандастырлған сорттардың сапасы жоғары тұқымын себедi. Өсiп шыққан бидайға күтiм керек. Сондықтан жүйектердiң арасын қопсытып, тыңайтқыштар берiп, арамшөптерiн және зиянкес насекомдарын жойып отырады. Ылғалы жеткiлiксiз жерлердi суғарады.
КӨКӨНIС ДАҚЫЛДАРЫ
Қазақстанда көкөнiс дақылдарының 70-тей түрi себiледi. Оларға капуста (капуста — Brossica), картоп (картофель – Solanum tuberosum), қызанақ (томат съедобный – Lucopersicon esculentum), екпе қияр (огурец посевной – Cucumis sativus), пияз (лук репчатый – Allium cepa), сарымсақ (чеснок – Allium sativum), шалқан (репа – Brassica rapa), шалғам (редис – Raphanus sativus var. radicula), иiстi аскөк (укроп похучий – Anethum graveolens), кәдiмгi ақжелкен (петрушка обыкновенная – Petroselinum sativum) тағы басқалар жатады. Бұлардың iшiнде қолданылуы және маңыздылығы жағынан капуста мен картоп бiрiншi арында тұрады. Капуста осыдан 4 мың жылдан астам уақыт бұрын өсiрiле бастаған. Ол орамжапырақтар тұқымдасына жатады. Европалық елдерде, оның iшiнде славян елдерiнде капустаны IX ғасырдан бастап еге бастаған. Алғаш рет капустаны тұздап, ашытудың тәсiлдерiн де осы славяндар тапқан.
Капустаның мәдени сорттарының арғы тегi жабайы капуста болып табылады. Қазiргi уақытта ол Жерорта теңiзi жағалауында өседi. Бұл сабғы биiк, жапырағы дөңгелек қаудан (кочан) байламайтын, өсi онша үлкен болмайтын өсiмдiк. Көптеген ғасырлар бойы адам жабайы капустаны сеуiп жапырақтары үлкен өсiмдiктерден тұқым жинаған. Осылайша аса құнды көкөнiс дақылы капуста алынған.
Қазiргi уақытта капустаның көптеген мәдени түрлерiн өсiредi.
Ақ қауданды (кочанды) капустадан (капуста белокачанная – Brassica oleracea var. capitata) басқа, гүлдi капустаны (капуста цветная – Brassica oleraceae var. sabauda) отырғызады. Оның тығыз орналасқан, толық жетiлмеген, ақ түстi гүлшоғыры тамаққа пайдаланылады. Брюссель капустасы (капуста брюссельская – Brassica oleraceae var. gemmifera) қолтық бүршiктерiнен пайда болатын кiшкентай қаудандары (кочандары) үшiн отырғызады. Кольраби капустасын (Brassica oleracea var. gongiloides) тарнаға (брюква – Brassica napobrassica) немесе шалқанға (репа – Brassica rapa) ұқсас жуан етжендi сабағы үшiн отырғызады.
Ақ қауданды (кочанды) капуста- екi жылдық шөптесiн өсiмдiк. Бiрiншi жылы тұқымнан кiндiк тамыры мен қысқарған сaбақ өсiп шығады. Осы сабақтан дөңгелек орам жапырақтары бар қаудан (кочан) түзiледi, оның ортасында өзегi болады. Сабақтағы жапырақтардың арасында шағындау қолтық бүршiктерi мен бiр төбелiк бүршiк жетiледi.
Қауданның (кочанның) сыртқы жапырақтарының түсi жасыл болады. Осы жапырақтарда фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде қант түзiледi. Ол соңынан суда ерiп, қауданның iшкi ақ жапырақтарына өтедi.
Қауданда органикалық заттар мол жиналу үшiн, капустаны жақсы тыңайтылған, ылғалы жеткiлiктi топыраққа отырғызады. Содан соң қазiргi кездегi агротехникаға сай күтедi.
Көшет алу мақсатында капуста дәндерiн көктемде көшетханада өсiредi. Содаң соң өскiндердi сиретiп, оларды күн жылығанға дейiн көшетханада қалдырады. Көктемгi суық ұратын уақыт өткеннен кейiн, көшеттердi ашық топыраққа отырғызады. Бұл кезге дейiн капустаның көшетiнде 3-4 нағыз жапырақтар пайда болады.
Капуста ылғалды көп қажет етедi. Күн ыстықта бiр түп капуста тәулiгiне бiр шелекке дейiн су сiңiрiп, оны буландырады. Сондықтан капустаны жиi суғарады, ал топырақтың ылғалын сақтау үшiн жүйектердiң арасын жиi қопсытады. Капустаны отырғызғаннан кейiн 10-15 күн өткен соң, қидың сұйық- тыңайтқышына суперфосфат қосып, топыраққа араластырады. Осыдан кейiн капуста айналасын ылғалды топырақпен төменгi жапырақтарына дейiн үйедi. Топырақтың ылғалы мол жоғары қабаттарындағы капуста сабақтарынан қосалқы тамырлар пайда болады. 2-3 аптадан кейiн топырақты қайталап қопсытып, өсiмдiктiң түбiн үйiп, тыңайтқыш бередi.
Ең үлкен және сапасы жоғары қаудандары бар капусталарды тұқым алу мақсатында қалдырады. Капустаны тамырымен, топырағымен қоса қазып алып көктемге дейiн арнайы қоймада сақтайды.
Екiншi жылы көктемде өсiмдiктi топыраққа қайтып отырғызады. Осы өсiмдiктiң қолтықтық және төбелiк бүршiктерiнен сабақтары, жапырақтары және гүлдерi пайда болады. Капустаның ақшыл сары түстi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz