Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға жетекшілік ету



Кіріспе
1 ЕҚЫҰ.ның кұрамы
2 Парламенттік Ассамблея (ПА)
3 Ұйымның кикілжіңдерді реттеу мүмкіндігі
4 Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
5 ЕҚЫҰ.ның Саммиттері.
Қорытынды
Бізге ЕҚЫҰ-ға жетекшілік ету міндеті оңай беріле қалған мәртебе емес. 1970 жылдардың басында құрылған беделді халықаралық ұйымның тарихына көз салсақ, оның әлемді мазалаған өзекті мәселелерге араласып келе жатқанын көреміз. Бүгінде құрамына 56 мемлекет еніп отырған ЕҚЫҰ Солтүстік Американың, Еуропаның, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияның көптеген мемлекеттерінің басын қосып отыр. Бастапқыда Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі (ЕҚЫК) деп аталған ұйымның алғашқы форумында Хельсинкидің қорытынды актісі қабылданды. Яғни, «Хельсинки диалогы» мемлекеттердің арасындағы қатынастардың принциптерін айқындап берді. Сондай-ақ бұл құжат бірқатар салаларда ынтымақтастықты дамытудың нақты қадамдарын белгіледі. Ал 1994 жылғы Будапешт Саммитінде аталған ұйым Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҮ) деп атауын өзгертіп, жаңа мәртебеге ие болды.
1992 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға тәдрақты мұше болып енді. Содан бергі кезеңде Қазақстан Ұйымның қатысушысы ғана емес, сонымен бірге белсенді бастама көтерушісі ретінде танылып келеді. Әлемді бейбітшілікке шақырудағы Қазақ елінің бастамалары мен ұсыныстары ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер тарапьшан үнемі қолдау тапты.
1. http://www.google.kz/
2. http://www.i-news.kz/news/2010/09/24/3215754.html
3. http://rss.web100.kz/r388304.html
4. http://www.egemen.kz/category/новости

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Бізге ЕҚЫҰ-ға жетекшілік ету міндеті оңай беріле қалған мәртебе емес. 1970 жылдардың басында құрылған беделді халықаралық ұйымның тарихына көз салсақ, оның әлемді мазалаған өзекті мәселелерге араласып келе жатқанын көреміз. Бүгінде құрамына 56 мемлекет еніп отырған ЕҚЫҰ Солтүстік Американың, Еуропаның, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияның көптеген мемлекеттерінің басын қосып отыр. Бастапқыда Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі (ЕҚЫК) деп аталған ұйымның алғашқы форумында Хельсинкидің қорытынды актісі қабылданды. Яғни, Хельсинки диалогы мемлекеттердің арасындағы қатынастардың принциптерін айқындап берді. Сондай-ақ бұл құжат бірқатар салаларда ынтымақтастықты дамытудың нақты қадамдарын белгіледі. Ал 1994 жылғы Будапешт Саммитінде аталған ұйым Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҮ) деп атауын өзгертіп, жаңа мәртебеге ие болды.

1992 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға тәдрақты мұше болып енді. Содан бергі кезеңде Қазақстан Ұйымның қатысушысы ғана емес, сонымен бірге белсенді бастама көтерушісі ретінде танылып келеді. Әлемді бейбітшілікке шақырудағы Қазақ елінің бастамалары мен ұсыныстары ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер тарапьшан үнемі қолдау тапты.

Еліміз жыл сайын өзінің беделін арттыра түсті.

ЕҚЫҰ–ның кұрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпы еуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін калыпқа келтіруді реттеудің басты кұралы ретінде кұрылған.

Ұйым кару-жаракка бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам кұқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымымен айналысады.

ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді уғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді.

ЕҚЫҰ құрылымы

Жоғары деңгейдегі кездесулер - ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердін Мемлекет және үкімет Басшылары ЕҚЫҰ өңіріндегі жағдайға бағалау жүргізеді және кызметтің жаңа негізгі бағыттарын әзірлейді. Соңғы кездесу 1999 жылы Стамбулда өтті.

Сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) - аса маңызды мәселелерді қарайтын және тиісті шешімдерді қабылдайтын орталық директивалық және басшылық етуші орган болып табылады. СІМК кездесулері жылына кемінде бір рет әрбір Төрағаның өкілеттік мерзімінің аяқталуына таяу өткізіледі.

Тұрақты Кеңес (ТК) - ЕҚЫҰ-ның күнделікті жедел қызметі ұшін жауап береді. Оның жұмысына іс жүргізуші төрағаның өкілі басшылық етеді. ТК мүшелері, қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдері апта сайын (бейсенбі күндері) Венадағы Хофбург сарайында жиналады Тұрақты Кеңес ЕҚЫҰ-ға қатысты барлық мәселелер бойынша консультациялар өткізеді және шешімдер қабылдайды. Арнайы жағдайлар бойынша да шақырыла алады.

Қауіпсіздік саласындағы ынтымактастық форумы (ҚЫФ) - ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер делегацияларының тұрақты өкілдерінен қүрылған және Венадағы ЕҚЫҰ штаб-пәтерінде апта сайын ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың нақты шаралары бойынша келіссөздер мен консультацияларға арналған отырыстар өткізеді. Сондай-ақ Форум міндетіне қару-жараққа бакылау жасау, қарусыздану мен сенім шаралары, жанжалдың туындау қаупін азайту жөніндегі келіссөздерді; қауіпсіздік мәселелері бойынша тұрақты консультацияларды; сенім және қауіпсіздік шараларын орындауды бағалау жөніндегі жылсайынғы отырыстарды; әскери доктриналар бойынша семинарларды ұйымдастыру кіреді.

Парламенттік Ассамблея (ПА) - 1991 жылы қүрылған. Хатшылық Копенгагенде орналасқан. ЕҚЫҰ ПА-ның 2007 жылғы шілдеде Астанада өткен сессиясында Португалия өкілі Ж.Соареш бір жыл мерзімге Президент болып сайланды.

1с жүргізуші төраға (ІТ) - жедел кызметке жалпы басшылықты жүзеге асырады, ол ЕҚЫҰ-да төрағалық етуші мемлекеттің сыртқы істер миинистрі. 2009 жылы ЕҚЫҰ-ның іс жүргізуші төрағасы Грекия сыртқы істер министрі Дора Бакоянни болып табылады. Төраға бір жылға тағайындалады және өз қызметінде:

кұрамына алдыңғы, казіргі және келесі төрағалар кіретін Үштіктің (2009 ж. Үштікті Финляндия, Грекия және Қазақстан кұрайды);

Қосымша көмек көрсету үшін, атап айтқанда, жанжалдардың алдын алу және дағдарыстарды реттеу саласында қүрылуы мүмкін арнайы топтардың;

ІТ нақты мандатпен тағайындайтын жеке өкілдердің көмегіне сүйенеді.

Бас Хатшы - СІМК үш жыл мерзімге тағайындайды, іс жүргізуші төрағаның өкілі және Ұйымның бас әкімшілік лауазым иесі ретінде әрекет етеді. БХ-ның міндетіне ЕҚЫҰ құрылымдарына және операцияларына басшылық жасау кіреді. 2005 жылдан бастап бұл лауазымда Марк Перрен де Бришамбо (Франция) отыр.

Хатшылық - Бас Хатшының басшылығымен жұмыс істейді және мынадай бөлімшелерден құралады: Бас Хатшының офисі; Жанжалдардың алдын алу орталығы; Стратегиялық полициялық мәселелер бөлімі; ЕҚЫҰ-ның антитеррорлық бөлімшесі;

Адам саудасына қарсы күрес жәніндегі Арнайы өкіл мен үйлестірушінің бюросы; ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және экологиялық кызметін үйлестірушісінің бюросы; Басқару және қаржы департаменті; Прагадағы бөлімше (ЕҚЫҰ-ның мұрағаттары мен оның кұжаттамасын тарату).

Демократиялық институттар мен адам кұдықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) - адам құкықтарын қамтамасыз ету, демократияның дамуын және заң үстемдігін орнықтыруды қамтамасыз ету мәселелеріне жәрдемдесу үшін жауап береді. Штаб-пәтері Варшавада орналасқан. 2008 жылдан бастап ДИАҚБ-ның Басшысы Елші Лнеш Ленарчич (Словения) болып табылады.

Желтоқсанның алғашқы күндері бүкіл әлемнің назарын Астанаға аудартқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстанның төбебилігі жағдайында жаһандық мәселелерді талқылап шешуге жиналған жоғары деңгейдегі жетінші саммиті өз жұмысын табысты аяқтады. Қазақстан өз тәуелсіздігінің 19 жылдығын ЕҚЫҰ-ға төрағасы және осынау халықаралық беделді ұйымның саммитін 11 жылдан кейін өткізу қүрметіне ие болған ел ретінде қарсы алып отыр. Қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында әлемдік кауымдастықтың назарын дэл мұндай жогары деңгейде аудартқан емес. Бұл ең алдымен ата-бабамыздың гасырлар бойғы күресі мен аңсаған арманы - Тэуелсіздіктің жеңісі. Қазақ елінің тэуелсіздік жылдарында әлеуметтік-экономикалық және демократиялық дамуда қол жеткізген тамаша табыстарының, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітсүйгіш, адам құндылықтарын жоғары қоятын азаматтық қоғам құруға бағытталған саясатының халықаралық қоғамдастық тарапынан орынды мойындалуы, Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулыққа, экономикалық өрлеуге сенім білдіруі. ТМД кеңістігінде, тіпті Азия елдері арасында мәртебесі мен абыройы биік халықаралық ұйымға тұңғыш рет төраға болып отырған Қазақстан осынау аса жауапты міндетін абыройлы атқарып келеді. Төрағалық барысында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның арқа сүйерлік қағидаттары мен құндылықтарын, сондай-ак өзі мәлім еткен стратегиялық көзқарас пен көкейкесті басымдықтарды қатаң ұстанып, Сенім, Дәстүр, Ашықтық Төзімділік деп жариялаған ұранына толық сай болуға тырысты. Ұйымға мүше барлық елдердің пікірлері пен мүдделерін ескере отырып Қазақстан ЕҚЫҰ-ның үш өлшемінің үйлесімділігін қамтамасыз етті. Қазақстан Ұйымның жақсы дәстүрлерін нығайтып, дамытуға үмтылды. Мүше мемлекеттердің барлығының Қорфу үдерісі бойынша сындарлы өзара іс-қимылы Ұйым жұмысына тың тыныс қосып, оның қауіпсіздік мәселелері бойынша түйінді үнқатысу алаңы ретіндегі маңызын калпына келтіруге мүмкіндік берді. Бұл орайда өз төрағалығы барысында Қазақстанның атқарған рөлін ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо жоғары бағалады. Қазақстанның маңызды жетістігі - оның Қорфу үдерісін алға жылжытуы, ортақ жетістіктердің қорытындысын шығаруға бағытталған еуропалық қауіпсіздік жөніндегі ашық үнқатысуды қолдау, ЕҚЫҰ қағидаттарын қатаң ұстанатынын нықтау және бұрынғы, жаңа қатерлермен күрестің тетіктерін қалпына келтіру сияқты істерден танылды. Қазақстанның осы бағытта жұмсап жаткан күш-жігерін бағалаймыз. Қазақстан төрағалығының басқа бір маңызды жетістігі -Ұйым Саммитін 2010 жылдың желтоқсанында Астанада шақыру жөніндегі ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің бірауызды шешімге келуі. Бұл жай шешім күйінде-ақ ірі жетістік, мен төраға ел мен қатысушы мемлекеттер бұл мүмкіндікті толық пайдалана алады деп үміт етемін, - деп атап өтті бас хатшы биік мінберден.

2010 жылдың ішінде созылмалы қақтығыстар жөніндегі келіссөз пішінінің аясында атқарылған жұмыс, проблемалардын соншалықты күрделілігіне және үзақ мерзімдік сипатына қарамастан, абайлап үміт етуге негіз болады. Қырғызстандағы қанды қырғын алдағы кезде де осы елдің тұрақтылығына және үдайы дамуына бейілді бола беретін ЕҚЫҰ-ның қажеттілігін нақтылап көрсетті.

Төраға елдің еуразиялық құрлықтық транзит пен көлік дәліздерін жылжытуға, экологиялық мәселелерге салмақ салған басымдықтары Ұйымның экономикалық-экологиялық өлшемі бойынша атқаратын жұмысын жандандыра түсті. Гуманитарлық өлшем бойынша Қазақстан азаматтық қоғам мен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға барынша септесті және үкіметтік емес ұйымдардың Ұйым қызметіне, саммит қарсаңында және оның аясындағы көптеген іс-шараларға кеңінен қатысуын қамтамасыз етті.

Ресми Астана қазақстандық төрағалықты аймағымыздағы түйткілді мәселелерге, тауқымет-таксіреттерге халықаралық қауымдастықтың назарын аударту үшін пайдаланды. Ұйым аясында біздің еліміз көтерген үлкен мәселенің бірі - Аралдың жағдайы. Біз оны тек экологиялық жағынан ғана емес, қауіпсіздік тұрғысынан қарастыру керектігін жарияладық. Осы орайда ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінде үлкен баяндама жасалды. Қазақстандық төрағалықтың қатысуымен Венада, Еуропарламентте осы мәселеге арналған жиындар өтті. Германияда семинарлар ұйымдастырылды. Алда ЕҚЫҰ сарапшыларының қатысуымен Алматыда 9 желтоқсанда Донорлық конференция өткізіледі. Яғни ЕҚЫҰ платформасын пайдалану арқылы осындай күрмеулі мәселелер донорлық ұйымдардың назарына ұсынылады. Яғни ғасыр түйткілі болған бұл мәселені ЕҚЫҰ аясында көтеруіміздің арқасында Арал аймағындағы халыққа көмегі тиер жобалар пайда боларына сенім бар. Әлемде бейбітшілікті нығайтып, адам құқықтарын қорғау, жаһандық қауіп-қатерге қарсы күресте беделді халықаралық ұйымдардың атқарар рөлі ерекше. Ол Қырғызстандағы қайғылы оқиғалар кезінде айрықша байқалды. БҰҰ, ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ өзара келісе отырып, ондағы саяси жағдайды тұрақтандырды. Қазақстан Ұйым төрағасы ретінде Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті. Осы орайда Саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйлеген БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан Президенті Н. Назарбаевқа алғысын жеткізе отырып, Астанада жүзеге асып отырған тарихи Саммиттің маңыздылығына токталып өтті. Қазақстан бүгінгі танда өзара байланыстың жаңа дәуірлік жолын салуға жәрдем беріп отыр. Мен үшін он жылдан астам уақыттан кейін жүзеге аскан бұндай тарихи Саммитке қатысу зор құрмет. Жалпы алғанда, БҰҰ мен ЕҚЫҰ жұмысы ортақ қағидаттар мен құндылықтарға бағытталады. Біз қауіпсіздіктің тар ауқымдағы тұжырымдамада болмауы керектігі туралы ұстанымды қолдаймыз. Біз бұл проблеманы барлық өлшемдер бойынша шешуге тиіспіз, - деді Пан Ги Мун. Сондай-ақ бүгінде өзекті проблеманың бірі - климат ауытқушылығына алаңдаушылық білдірген бас хатшы экологиялық мәселелерге де тоқталды. Жаппай қырып-жоятын қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу туралы шарттың аса маңызды екендігіне тоқталып өткен ол ядролық каруы бар елдерді осы шартты тездетіп ратификациялауға шақырды. Биыл мен бұрынғы Семей ядролық полигонында болдым, - деді БҰҰ бас хатшысы. -Қазақстан Президенті Нұрсүлтан Назарбаевтың орнықты саясатының арқасында кезінде ядролық жарылыстың эпицентрі болған полигон бүгінде ядросыз әлемнің орталығына айналған. Қазақстаннан өзге елдер үлгі алуы кажет.

Саммиттің биік мінберінен сөз алған мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Президент Н. Назарбаевтың бастауымен Қазақстанның 2010 жылға төраға боламыз деген ниеті мен оның сайлануы, одан кейінгі Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу туралы шешім де Ұйымға жаңа леп бергендігін және оның көтеретін мәселелеріне деген қызығушылықты күрт арттырғанын атап өтті. Қауіпсіздіктің Ванкуверден Владивостокка дейінгі біртекті, үзақ мерзімге арналған кеңістігін жасауға жиналған мемлекет басшылары Астанада тарихымыздын, жаңа бетін ашу мүмкіндігіне ие болды. Астана саммиті Ұйымның негізгі қағидаттарының орындалуы бойынша жаңа шешімдер қабылдау арқылы, атап айтқанда, Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздікті сақтау ісіне жаңа серпін бере отырып, терендете түсер негіз жасады. Иә, мәртебелі жиында айтылғандай, Ұйымның кикілжіңдерді реттеу мүмкіндігі оның іргесін мықтау арқылы көтерілмек. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы - 56 елдің арасындағы өзара үнқатысудың жетілдірілген форумы. Сондай-ақ ол әлемнің басқа түкпірлеріндегі әріптестерімен де ынтымақтастық орната алады. Оның Ұлттық азшылық мәселелері жөніндегі Жоғарғы комиссар, Адам құқын сақтау мен демократия, БАҚ бостандығын бақылау жөніндегі бөлімдер сияқты институттары әлемнің өзге еш жерінде кездеспейтін бірегей қызметтер. Сонымен бірге, оның 18 далалық операциялары да сол аймақтардағы қауіпсіздікті сақтау ісі бойынша өзін ештеңеге теңгермейтін қызметтер екені даусыз. Бірақ ЕҚЫҰ-ның тиімді жұмыс істеуі осы қызметтердің бірлесе қабылдаған шешімдеріне тәуелді. Осы орайда қатысушылар ҮІІ саммитте қабылданатын құжат Ұйымға жаңа леп беріп, оның нақты стратегиялық бағдарын анықтайтындығына сенімді. Ұйымға қатысушы ел басшылары бас қосқан мәртебелі жиын төрінен Қазақстан төрағалығының күшімен Ұйым жұмысына жаңа, соны серпін берілгендігі айтылып, Ұйымның Бас хатшылығы мен атқарушы институттарының, халықаралық ұйымдардың атынан Қазақстан төрағалығына табысты қызметі үшін ризашылық білдіріліп, алғыс айтылды. Қазақстан төрағалығының барысында атқарылған ауқымды шаралардың қорытындысындай болған ЕҚЫҮ-ның жаңа мыңжылдықтағы алғашқы саммитінің Еуразияның жүрегінде, тәуелсіз қазақ елінің астанасы - Елордамызда өткізілуі айта қаларлық оқиға болды. Бұл сөз жоқ қазақ елінің тамаша табысы мен үлкен жетістігі, төрткүл дүниенің елімізді бүрынғыдан да жақын және жақсы тани түсуі үшін керемет мүмкіндік. Саммиттің қорытындысы бойынша қол қойылған декларацияның келісім деп аталуы да тектен-тек емес. Өйткені казіргі күні ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығы қарулы қақтығыстарды болдырмау үшін құрылған бөлу сызықтарының келмеске кетуі керек екенін мойындайды, адамдардың барлығы, олардың кай жерде өмір сүріп отырғанына қарамастан, қауіпсіздік үшін бірдей құқығы бар. Әртүрлі әскери блоктарға кіретін кез келген мемлекет өзінің сол блоктағы іс-қимылының осы топқа кірмейтін басқа бір мемлекеттің мүддесіне нұксан келтірмейтініне кепілдік беруі қажет. Сондықтан Астана саммиті қабылдаған бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жайлы
Халықаралық Ұйымдар және Қазақтар
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
Қазақстан және ЕҚЫҰ
ОБСЕ ұйымының 1975-2010 дамуы және қызметі
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан
Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар
Курстық жобаның жұмыстың құрылымы
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және БАҚ-тағы көрінісі
Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы
Пәндер