ХІХ және ХХ ғасырларда марксистік педагогиканың пайда болуы және дамуы



1 Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің тәрбие жөніндегі ілімі.
2 Тәрбиенің таптық сипаты. Буржуазиялық қоғам тәрбиесін сынау.
3 Адамды жан.жақты жетілдіру
Марксизм пролетариаттың идеялогиясы ретінде ,сол пролетариаттың
мұң-мұқтажы мен талаптарын білдіретін көзқарас ретінде ХІХ ғасырдың 40-жылдары жарыққа шықты.
Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгелстің (1820-1895) еңбектерінде қоғамдың дамуында нағыз прогрессившіл және революцияшыл күш болып саналатын жұмысшы табының түбірлі мақсаттары мен мұқтаждары ғылыми шешім тапты.
Маркстың ұлылығы мынада:ол тарихи дамудың бүкіл барысында күн тәртібіне қойған мәселелерге жауап берді. Маркс пен Фридрих адамзаттың қоғамдық санасында ең үлкен тоңкеріс жасап ,тарихи даму заңдарын дұрыс бейнелейтін пролетариаттың дүниеге ғылыми көзқарасын белгілеп берді.Олар социализмді утопиядан ғылымғм айналдырып,капитализмдің құрып-бітуі және коммунизмнің салтанат құруы даусыз екендігін дәлелдеді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ХІХ және ХХ ғасырларда марксистік педагогиканың пайда болуы және
дамуы.

Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің тәрбие жөніндегі ілімі.
Марксизм пролетариаттың идеялогиясы ретінде ,сол пролетариаттың
мұң-мұқтажы мен талаптарын білдіретін көзқарас ретінде ХІХ ғасырдың
40-жылдары жарыққа шықты.
Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгелстің (1820-1895)
еңбектерінде қоғамдың дамуында нағыз прогрессившіл және революцияшыл
күш болып саналатын жұмысшы табының түбірлі мақсаттары мен мұқтаждары
ғылыми шешім тапты.
Маркстың ұлылығы мынада:ол тарихи дамудың бүкіл барысында күн
тәртібіне қойған мәселелерге жауап берді. Маркс пен Фридрих адамзаттың
қоғамдық санасында ең үлкен тоңкеріс жасап ,тарихи даму заңдарын дұрыс
бейнелейтін пролетариаттың дүниеге ғылыми көзқарасын белгілеп
берді.Олар социализмді утопиядан ғылымғм айналдырып,капитализмдің құрып-
бітуі және коммунизмнің салтанат құруы даусыз екендігін дәлелдеді.
Маркстің ілімі –ең күшті ілім ,өйткені ол дұрыс ілім.Ол ілім адамдарға
жоққа сенудің қандайымен болсада реакцияның қандайымен болса да
,буржуазиялық езгіні қорғаудың қандайымен болса да ымыраласпайтын
тұтас көзқарас беретін толық және жүйелі ілім -деді В .И Ленин.
Маркс пен Энгельстің тәрбие мен білім жөніндегі ілімі ғылми
коммунизм теориясының бөлінбейтін бөлігі.
Марксизмдің жарыққа шығуы бүкіл қоғамдық ғылымдар саласында ірі өзгеріс
жасаумен бірге , педагогикада да жаңа дәуір ашты.Олай дейтінімі ,ең
алдымен Маркс пен Энгельс тарихта алғаш рет тәрбие мәселелерін алдыңғы
қатарлы қоғамдық тап- пролетариаттың қанауды толық жою,коммунизм орнату
жолындағы революцияшыл күресімен байланыстырады.
Екіншіден,Маркс пе Энгельс өз заманындағы педагогикадағы метафикалық
көзқарастармен келіспес күрес жүргізе отырып,тәрбиенің қоғам өміріндегі
және адамды қалыптастырудағы маңызын дұрыс анықтады.Маркстың қоғамдық
сананың қоғамдық болмысқа тәуелділігі жөніндегі ойлары тәрбиенің
әлеуметтік сипатта болатындығын түсінуге мүмкіндік берді.Осыдан келіп
,әр дәуірде тәрбиенің үстем қоғамдық қатынастарға ,қоғамдың материалдық
өмір жағдайларына тәуелді болатындығы анықталды.
Үшіншіден,Маркс пе Энгельс тәрбие ұғымы туралы диалектикалық
әдісті қолдана отырып ,тәрбиені тарихи ерекшелікте екндігін көрсетті ,осы
ойларымен олар тәрбие өзгермейтін ,мәңгілік категория деп есептеген
идеалистик педагогикалық теорияларға күйрете соққы берді. Коммунистік
партия манифестінде Марк пен Энгельс буржуазия идеологтарының тәрбие
қоғамдан тыс, жалпы адамгершілік бағытта болады деген жалған дәлелдерін
әшкеріледі.Олар былай деп жазды:Ал сіздердің тәрбиелеріңізді ... .
өздеріңіз тәрбие жүргізіп отырған қоғамдық қатынастарыңыз
белгілемей ме , мектеп арқылы тура немесе жанама араласып,қоғам
белгілеп отырмай ма ? Коммунистер қоғамдың тәрбиеге жасайтын ықпалын
ойдан шығармайды;олар тек қана тәрбиенің сипатын өзгертеді ,оны үстем
таптың ықпалынан шығарады .
Төртіншіден.Маркс пен Энгельс капиталистік қоғам жағдайындағы
алдыңғы қатарлы идеяларды ту етіп ұстаушы пролетариат санасында
социалистік идеялар мен қасиеттерді тәрбиелеудің және ғылыми
теориямен қаруланудың қажеттілігін көрсетті,себебі алдыңғы қатарлы
идеялар пролетариаттың жаңа қоғамдық құрылыс орнату күрестеріне керек
еді.
Теория бұқараны меңгерісімен-ақ материалдық күшке айналады,-дейді
Маркс.
Бесіншіден, Маркс пен Энгелс пролетариаттың революция жеңгенден
кейін де бұқараның жоғары саналы болу мәселесі социалистік қоғам
құрылысының маңызды шартына айналатындығын анықтады.Олардың үйретуінше
,жаңа экономикалық жағдайда жүргізілетін және нағыз алдыңғы қатарлы
ғылыми теориға негізделген коммунистік тәрбие жаңа қоғам құруда зор
күшке айналды.
Міне ,Маркс пен тЭнгель осы әр слалы және толық жүйелі
көзқарастарымен ,табанды түрде жүргізген күрестерімен педагогикалық
теория негіздерін анықтады,педагогикада жаңа дәуір ашты,педагогиканың
шын ғылыми теория ретінде дамуына жол салды.
Марксизмдің диалектикалық және тарихи материализм мәселелерін
зерттей отырып ,қоғамдық құбылыстар ретінде саналатын тәрбие тәрбие
теориясымен тікелей айналысты.

Тәрбиенің таптық сипаты.Буржуазиялық қоғам тәрбиесін сынау.
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы үшін Маркс пен Энгельстің
тәрбиенің таптық сипатын ашуының зор мәні болды.Олар алдымен тәрбиенің
өзгермейтін категория еместігін ,тәрбие тарихи сипатта болатындығын,
осыған байланысты тәрбие мекемелері, олардың жүйесі және педагогикалық
теориялар қоғам дамуына сәйкес өзгеріп отыратынғынын
дәлелдеді.Марксизм негізін салушылар тәрбиенің сол кездегі үстем
қоғамдық қатынастарға байланыстылығын,оны түбінде материалдық байлықты
өндіру әдісі белгілейтіндігін анықтады.Маркс пет Энгель с сонымен қатар
таптық қоғамдың шығу кезінен бастап ,қанаушы таптар тәрбиені
еңбекшіліерді қанау құралына ,өздерінің таптық үстемдігін күшейту
құралына айналдырғанын дәлелдеді.Олар таптық қоғам жағдайында тәрбие
таптық сипатта болады деп тұжырымдады.
Марксизм негізін салушылардың тәрбиеның тарихи және таптық
сипаттарын ашуы олар,а буржуазиялық қоғам тәрбисінің қатаң және
дәлелді әшкерелеуге және сол тәрбиенің терең қайшылықтарын көрсетуге
мүмкіндік берді.
Сол дәуірдегі ең ірі капиталистік ел -Англияны мысалға ала отырып
,орасан көп деректі материалдар арқылы Маркс Капиталында Энгельс
Англияда жұмысшы табының жағдайы деген еңбегінде ағылшын
буржуазиясының ағарту ісінде жүргізген әділетсіздіктерін
әшкеріледі.Еңбекшілер балаларына арналған бастауыш мектептерінде оқу
жұмысының дұрыс еместігі ,оқушылардың тек элементарлық сауатын ғана
ашып,негізгі көңіл жастарға діни уағыздар мен буржуазиялық моральдың
ережелерін үйрететіндігін көрсетті.
Маркс шығармаларында капиталистік өндірісте жұмыс істейтін жжас
өспірімдер еңбегінің аяусыз қаналатындығын сүреттейтін деректер де
жеткілікті.
Маркс өзінің Капиталында денсаулыққа аса зиянды болып
саналатын Англияның сіріңке өндірісіндегі жұмысшылардың жартысынан
астамы 13 жасқа дейінгі жас балалар екендігін ,олардың жұмыс күні 12
–ден 15 сағатқа дейін созылатындығын мысалға келтірді.
Ірі өндірістің дамуы обьективтік жағынан отбасы тәрбиесінен
қоғамдық тәрбиеге көшуге қажетті жағдайларды тұғызады.Отбасы тәрбиесінің
қоғамдық тәрбие көшуі даму болып табылады.Бірақ буржуазия әр түрлі
сылтаулармен бұл талаптардың іске асуына кедергі келтірді.Коммунистер
қоғамдық тәрбиені талап ету арқылы отбасыны ,осының нәтижесінде ата-
анамен балалар арасындағы сүйіспеншілік қатынастарды жояды,-деп екі
жүзділікпен даурықпа дәлелдер таратты.
Маркс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси психологияның негізгі тарихи кезеңдері
Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Ежелгі атеизм
Грек тарихнамасы
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
Экономика ұғымы және түрлері
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Марксистік философия
Пәндер