Құқықтық статистикадан дәрістер


Іріктелген бақылау және оны құқықтық статистикада қолдану.
(1 сағат)
Жоспар:1. Іріктелген бақылаудың статистикадағы қажеттілігі
2. Іріктелген бақылаудың статистикадағы маңызы
Лекцияның мәтіні:
Статистикалық бақылаудың бұл түрінің жеке тақырып түрінде қарастырылу және кейінгі тақырыптарда қарастырылу себебі, ол бақылаудың осы түрі сипаттамасының көлемді болуына, соған сәйкес жеке қарастыруды қажет етуіне байланысты. Іріктелген бақылаудың жалпы түсінігі статистикалық бақылау тарауына қарастырылды. Бірақ, іріктелген бақылаудың ол тақырыпта емес, жеке тақырып түрінде және орта шамалардан кейін қарастырылу себебі, ол іріктелген бақылауды жүргізуде және оның көрсеткіштерін есептеп анықтауда, орта шамаларды есептеу тәсілдерінің қолданылуына байланысты болып табылады. Іріктелген бақылаудың қорытынды көрсеткіштерін анықтау үшін орта шамаларды анықтау тәсілдері қолданылатын болғандықтан, орта шаманы білмей тұрып, іріктелген бақылаудың көрсеткіштерін есептеу қиындық тудырады.
Іріктелген бақылау-зерттеуге жататын жиынтықты толық көлемде емес, оның аз бөлігін бақылауға алу арқылы, сол жиынтықтың сандық шағындағы заңдылықтарды, обьективтік шындықты ашып беруді көздейді. Әдетте статистикалық зерттеулердің мәліметтері жаппай бақылаудың нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйенеді, бірақ зерттеушіде жеткілікті мүмкіндіктер болмағанда немесе уақыт, қаражат тапшылығы болғанда іріктелген бақылауды өткізе отырып, оның мәліметтеріне сүйенуге қажеттілік туындайды. Демек, іріктелген бақылау бас (генеральный) жиынтықты толық зерттеуді, толық қамтуды көздемейді.
Іріктелген бақылауды қолданудың бастр себебі, ол анықталуға жататын мәлімет бойынша ресми статистикалық мәліметтің арнайы дайындалмауы болып табылады. Мұндай жағдай құқықтық статистикада да кездеседі. Құқық қорғау немесе әділет органдарының құқықтық мағынадағы құбылыстарға есеп жүргізуі және соның нәтижесінде мәліметтер дайындауы, жиынтықтың барлық белгілері бойынша жүргізіле себепші болады. Демек, іріктелген бақылау дегеніміз, статистикалық зерттеуге жиынтықтың барлық бірліктерін қамтымай, оның белгілі бір бөліктерін ғана қойылатын талаптарға сай таңдап алып, соның нәтижесінде бас жиынтықтың көрсеткішіне сәйкес келетін мәліметті анықтау болып табылады.
Іріктелген бақылауды жүргізу, ол жеке адамдардың ғылыми жұмыстарда зерттеуді дәлелдеуі, негіздеуі үшін ғана емес, сонымен бірге бақылаудың бұл түрі салалардағы қызметтерде де, тұтастай мекеме жұмыстарында қолданылады.
Іріктелген бақылаудың ең қарапайым түрлері өндірістік бақылауда кездеседі. Мысалы, шығарылған өнімнің тұтынушыларға жарамыдылығын анықтау үшін шыққан өнімнің барлығын емес, оның тек ішінара кейбір бөліктерін тексеру жеткілікті. Осы тәріздес статистикалық қызметпен арнайы айналысатын орган дар үнемі бақылауды қажет етпейтін немесе толық бақылау жүргізу қиындық туғызатын құбылыстарға немесе оның белгілі бір белгілеріне, статистикада белгіленген қажетті талаптарды ескером отырып іріктелген бақылау өткізу арқылы қажетті мәліметті анықтауға мүмкіншілігі бар. Іріктелген бақылауды жеке адамдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарда да қолдануға мүмкіншілігі бар. Мысалы, қажетті жиынтық туралы арнайы мәлімет дайындалмаса немесе жиынтықтың белгілі бір белгілері бойынша арнайы статистикалық көрсеткіштер болмағанда, жеке зерттеушілер іріктелген бақылауды өз бетінше жүргізе алады.
Іріктелген бақылауда негізгі жиынтықтың қаншалықты бөлігі қамтылып отырғаны белгілі бола бермеуі де мүмкін. Егер бастапқы жиынтыққа арнайы статистикалық бақылау жүргізілген болса, онда зерттеуші жиынтықтың қанша бөлігін қамтып отырғанын біле алады. Ал егер құбылыстың сандық мәліметі тез өзгеретін сапаға жатса (мысалы, көші-қон статистиканың мәліметтері тез өзгеріп отырады), онда бастапқы жиынтықтың саны зерттеушіге толық, дәл белгілі бола бермейді. Іріктелген бақылауды жүргізу үшін, бастапқы жиынтықты білдіретін сандық мәліметтің болуы, барлық кезде міндетті емес.
Іріктелген бақылауды қолданудың басты себептерінің бірі зерттеушіде ресми дайындалмаған арнайы статистикалық мәліметтің тапшылығы болса, бұл бақылау түрін қолданудың келесі себептеріне, қаражат пен кошті үнемді жұмсау арқылы статистикалық мәліметпен қамтамасыз ету болып табылады. Келесі себебі, құқықтық реттелуге жататын құбылыстар статистикалық мәліметтерінің құрылымы, өткен уақыттарына, басқа да ұқсас жиынтықтармен сандық ар қатынасын анықтайтын мәліметтердің дұрыстығын тексеру болып табылады. Яғни, іріктелген бақылау - жаппай бақылау нәтижесінде алынған мәліметтердің сандық көрсеткішін тексеру, олардың дұрыстығын, сапалылығын анықтау мақсатында да қолданылады.
Іріктелген бақылауда бастапқы жиынтықтың негізгі бөлігінен де аз бөлігіне, яғни 5- 10% шамасындағы бөлігіне зерттеу жасалады. Егер жиынтық бірліктерінің саны жүз мыңдап, миллиондап кездесетін болса, онда іріктелген бақылауға бұл шамадан да аз бөлік алына алады. Мұндай кезде қойылатын бастр талап, ол іріктеп алынған жиынтық бірліктерінің саны көп сандар заңы талабына сәйкес келетіндей шамада болуы керек. Бақылаудың бұл түрін қолдануда іріктелген жиынтық бөлігінің көлемі қандай шамада болуы керек деген сұрақ қоюға болмайды. Жиынтықтың бөлігі әр зерттеушінің жеке мүмкіншілігіне қарай әртүрлі көлемде қамтылып жату мүмкін.
Іріктелген бақылаудың мәліметтері ресми статистикалық мәліметтерде (мысалы, статистикалық жинақтарда, статистикалық шолу т. б. журналдарда) кездесе бермейді. Себебі, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері ресми есеп беру құжаттарының негізінде бері леді. Зерттеудің мақсаты халықты немесе тиісті адамдарды статистикалық мәліметпен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдық құбылыстардың сандық жағындағы заңдылықтарды ашу туралы болғанда немесе құбылысты есепке алу кезінде бақыланбаған кейбір белгілердің мәліметін анықтау керек болғанда, кез келген статистикалық ақпараттық орган мәлімтті іріктелген бақылау жүргізу арқылы беруге құқылы.
Іріктелген бақылаудың негізгі міндеті, статистикалық жаппай бақылаудың нәтижесінде шығатын шындыққа сай көрсеткішті, толық қамтымай, тек оның бір бөлігін бақылауға алу арқылы анықтау болып табылады. Іріктелген бақылауда осы міндетті іске асыру үшін, белгілі бір талап тар сақталуы керек. Бұл бөлімде әңгіме осы талап тар және қате қорытынды шығуы мүмкін жағдайлар туралы болады.
Тақырып ХХІІІ.
Іріктелген бақылаудың қатесін және іріктеуге жататын жиынтықтың көлемін анықтау
(1 сағат)
Жоспар:1. Іріктелген бақылаудың қатесін анықтау
2. Іріктеуге жататын жиынтықтың көлемін анықтау
Лекцияның мәтіні:
Іріктелген бақылауда бас жиынтықтың белгілі бір бөлігі ғана бақылауға алынып, осы бөліктің көлемі арқылы бас жиынтықтың сандық жағындағы заңдылықтар анықталады. Яғни, іріктелген бақылаудың мәліметтері репрезентативті болуы керек. Мәліметтің репрезентативтілігі дегеніміз, іріктелген бақылауды қолдану арқылы дұрыс, жеткілікті деңгейде бас жиынтықтың сипаттамасын беру болып табылады. Алайда іріктелген бақылауда бас жиынтықтың бір бөлігі ғана зерттеуге алынатындықтан, онда қате болуы мүмкін. Орта шамалардың есептеу тәсілдерін пайдалана отырып, ол қателердің шамасын дәл анықтауға болады. Бас жиынтық пен іріктелген бақылау мәліметтерінің арасындағы айырмашылық, репрезентативтік қате немесе іріктиелген бақылаудың қатесі.
Бас жиынтықтың мәліметі белгілі болғанда іріктелген бақылаудың қатесін мынандай қарапайым жолмен анықтауға болады. Мысалы, қылмыскерлердің жалпы саны, яғни бас жиынтық 800. Олардың ішінде ұрлық қылымысын жасағандардың үлес салмағы 58%. Ал іріктелген бақылауға осы бас жиынтықтың ішінен 100 қылмыскер алынды. Бұлардың ішінде үрлық қылмысын жасағандардың үлес салмағы 53% құрайды. Демек, іріктелген бақылаудың қатесі 58%-53%=5% (0, 5) . Бұл мысалда сапалық белгіні қолданып оытырмыз, сандық белгіні қолданғанда да осы тәсілді қолдануға болады. Мысалы, бір түзеу мекемсінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқандардың орташа жаза мөлшері 4, 5 жыл. Ал іріктелген бақылау бойынша 5, 2 жыл болып анықталады. Іріктелген бақылаудың қатесі 5, 2-4, 5= 0, 7 жыл. Сандық белгі бойынша іріктелген бақылаудың қатесін анықтағанда, алдымен орта шаманы анықтап алу керек.
Іріктелген бақылаудың қатесі екі түрлі болуы мүмкін: үнемі (немесе тенденциялық) және кездейсоқ.
Тенденциялық қате - зерттеушінің жиынтық бірліктерін таңдауда дұрыс таңдай ережесін сақтамауы нәтижесінде болады. Яғни, іріктелген бақылауда бірліктердің арасындағы нақты бір тенденцияларды ескермеу, жоғары немесе төмен көрсеткіш беретін бірліктерді таңдауға соқтырады. Сол сияқты, зерттеудің қорытындысында екі балама жауаптың бірін ғана беру керек болса, тенденциядан қателесу нәтижесінде жауаптың қате түрі анықталады. Демек, тенденция - бұл ықтималдығы жоғары белгілерді немесе коректі жиынтық бірліктерін ескермеуді білдіреді.
Осы тәріздес жағдайларға байланысты іріктлген бақылау жүргізгенде бас жиынтықтың бірліктерін барынша көп қамту міндетті емес. Іріктелген бақылаудың қатесін барынша азайту-зерттеу снадық белгі бойынша жүргізілгенде мүмкін болады. Іріктелген бақылауда жиынтық бірліктері қаншалықты көп қамтылса, соншалықты деңгейде қатенің көлемі азаяды деген қағиданы сондықтан сандық белгіге байланысты қолданған жөн. Тенденциялық қате көбінесе белгілі бір құбылыстың туындауына, мазмұнына байланысты кездесетіндіктен, он анықтау мүмкін болғанмен, бірақ шатені өлшеу мүмкін емес, яғни қате сөз түрінде анықталады. Тенденциялық қатені болдыртпау үшін, жиынтық бірліктерін кездейсоқ таңдау керек. Ал кездейсоқ қатені өлшеуге болады және ол тек қате міндетті түрде барлық іріктелген бақылауда болады. Тек бұл қате түрін жиынтық бірліктерін барынша көбірек қамту арқыл азайтуға болады.
Зерттеушіде іроіктелген бақылауды қолданар кезінде, оған қанша жиынтық бірлігін қамту керек екендігін анықтау туралы мәселе туындайды. Артық бірліктерді қамту, әрине артық күш жұмсауды білдіреді, ал қажетті көлемнен жиынтық бірліктерін аз қамту қатенің көлемін ұлғайтып жібереді. Статистикада іріктелген бақылау сандық немесе сапалық белгілерге қарай жүргізілетіндігіне байланысты, іріктелген жиынтық көлемін есептеп шығарудың арнайы формулалары анықталған.
Іріктелген бақылау сапалық белгіге қарай жүргізілгенде мына формуламен қажетті көлем анықталады.
n= p(1-p)
w 2
Ал сандық белгіге қарай жүргізілгенде қажетті көлем мынандай формуламен есептеліп анықталуы қажет n= Q 2 Мұнда n - іріктеп алынатын жиынтықтың көлемі. W 2
Өткен параграфта келтірілген екі мысалды қолданып, іріктелген бақылау бірліктерінің қажеті көлемін анықтайық. Пайдақорлық ниетпен жасалған қылмыстар 25% құрайды - Р. Қатенің көлемін (W) + 5% немесе 0, 05 тен аспайтын етіп алайық.
Демек, n= 0. 025(1-0. 25) =75 қылмыстық істі іріктеп алуымыз керек
0. 0025
Егер қатенің көлемін + 3% немесе 0, 03 асырмай алғымыз келсе, онда 0, 03x0, 03=0, 0009. Демек, n= 0. 25(1-0. 25) =208 істі алуымыз керек.
0. 0009
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz