Эмоция және сезімдер



1. Эмоция және сезім туралы түсініктемелер
2. Эмоция: пайдасы мен зияны
Сезімнің түрлері
3. Эмоциялық күйлер
4. Эмоциялар және сезімдердің дамуы және қалыптасуы.
Эмоция және сезім - бұл адамның айналадығы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым – қатынасы.
Сезімдер мен эмоциялар бейнеленетін заттарды ң ерекшеліктеріне тәуелді.
Сезімдер мен эмоциялар адамның таным және іс – әрекетінен тыс болмайды. Олар іс – әрекет барысында пайда болады және оның жүзге асуына әсер етіп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келдуі – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түріе, сезім деп атайды.
Сезімдер өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым - қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады.
Сезімдерден эмоцияны дұрыс айыра білу қажет.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы. Эмоция және сезімдер
Жоспар:
1. Эмоция және сезім туралы түсініктемелер
2. Эмоция: пайдасы мен зияны
Сезімнің түрлері
3. Эмоциялық күйлер
4. Эмоциялар және сезімдердің дамуы және қалыптасуы.

1. Эмоция және сезім туралы түсініктемелер
Эмоция және сезім - бұл адамның айналадығы өмір шындығына және өз
басына деген өзіндік қарым – қатынасы.
Сезімдер мен эмоциялар бейнеленетін заттарды ң ерекшеліктеріне
тәуелді.
Сезімдер мен эмоциялар адамның таным және іс – әрекетінен тыс
болмайды. Олар іс – әрекет барысында пайда болады және оның жүзге асуына
әсер етіп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес
келдуі – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің
түріе, сезім деп атайды.
Сезімдер өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның
тіршілік қажетіне, өзара қарым - қатынасына байланысты сан алуан формаларда
көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады.
Сезімдерден эмоцияны дұрыс айыра білу қажет.
Біздің сезімдеріміз екі - реттеуші және сигналдық қызмет атқарады.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдар көбінесе қолайсыз
эмоциялар туғызады. Адамның осылайша шамадан тыс зарлауын психологияда
стресс (стресс – ағ. сөзі шамадан тыс зарлану деген мағынаны береді) деген
терминмен белгіленеді.

2. Эмоция: пайдасы мен зияны
Қуаныш, қайғы, ашу- ыза, қорқыныш дегеніміз не? Олар қалай пайда
болады және олардың осындай күшке ие болатыны неліктен?
Бүкіл осындай күрделі психикалық құбылыстардың, өзіндік ерекшелігі
бар сезімдік толғаныстардың, жинақталған сезімдік реакциялардың бәрі
бірігіп эмоциялар деп аталады.
Эмоция терминінің сөзбе- сөз аудармасы- толғандырамын,
күйзелтемін деген сөз. Эмоциялар- адамның психикалық қызметінің мейлінше
айқын көрінуі.
Адамның сезімінен ең алдымен оның өзіне, өзінің жақындарына, достары
мен қастарына, өз Отанына деген барлық көзқарасы айқын аңғарылады.
Эмоциялар бейне бір адамның интеллектін, мүдделерін, ізденістерін
сәулелендіретін, әрлендіретін секілді.
Күшіне, адамдардың белсенділігіне ықпал етуіне қарай эмоциялар
стеникалық (стенос- грекше күштілікті білдіреді) және астеникалық (әлсіз)
болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар- қоздыратын, жандандыратын (қуаныш,
ашу) эмоциялар, ал астеникалық эмоциялар керісінше, белсенділікті басып,
еңсені езе (қорқыныш, сағыныш) әсер етеді. Сондай- ақ жағымды (қуаныш) және
жағымсыз (қорқыныш, ашу- ыза) эмоциялар болып та бөлінеді, өйткені сезім-
күйі ретінде бұларға ең алдымен қарама- қарсы сипаттамалар (жағымды,
жағымсыз) тән.
Аффект- көңіл толқытатын жағдай нәтижесінде туатын бейне бір
эмоциялық жарылыс болып табылады. Бұл- басқаруға көне бермейтін сезім
толқуы.
Көңіл-күй дегеніміз керісінше- онша айқын болмағанмен, ұзаққа
созылатын эмоциялық сезім, эмоциялық күй. Оған айтарлықтай ұзақ уақыт
бойына салыстырмалы тұрақтылық тән. Психопатология, яғни психикалық саланың
сырқатты жағдайын зерттеу тұрғысынан алғанда физиологиялық және
патологиялық эмоциялық құбылыс болып та бөлінеді. Алғашқысы өзінің
көрінісі және ағымына қарай оны тудыратын себептерге толық сәйкес келеді
(мыс, адам қайғырып жылайды), екіншісі шектен тыс, артық, әрі оның көріну
сипаты оны тудырған себепке сәйкес келмей, қалыптағы ақылға сыймайтын
әрекеттерге әкеп соқтыруы мүмкін (мыс, өзін- өзі өлтірумен аяқталатын
эмоциялық реакция). Адамда хайуанаттармен ортақ эмоциялармен қатар жоғары
деп аталатын эмоциялар да бар. Олар: эстетикалық, интеллектуальды,
адамгершілік сезімдер деп аталады.
Эстетикалық сезім барлық әсемдікті қабылдаған кезде пайда болады.
Интеллектуальдық сезім таным, творчество процесімен қатар жүреді.
Адамгершілік сезім біздің басқа адамдарға, қоғамға, Отанға
көзқарасымыз жөніндегі қызметімізді сипаттайды.
Адам бойындағы жоғары эмоциялық сезімдер әдетте төмен эмоцияларға
үстемдік етеді және қажет болғанда басып тастап отырады. Мыс: өз парызын
ұғу сезімі қажетті сәтте қорқыныш эмоциясын басып тастай алады, сөйтіп,
адам, егер жағдай талап етсе, өлімге де бас тіге алады.
Эмоциялық дәреже өзгеріп, жастық шақта барынша күшейіп, ал содан соң
біртіндеп әлсірей бастайды. Жасөспірімдерде туатын күйзелістер үлкендерге
қарағанда едәуір ұзағырақ болады әрі неғұрлым тереңірек із қалдырады. Мұны
жастар тәрбиесіне қатыстылар есте ұстауы қажет. Адам ересек жаста эмоциядан
гөрі ақыл- ойға көбірек орын береді.
Әрбір адамның жалпы эмоциялық дәрежесі өз алдына бөлек болатынын
ескеру керек. Ал мұның өзі неге байланысты? И.П.Павлов өзінің
зерттеулерінде адамдардың жоғары жүйке қызметін көркем және ойшыл типтерге
бөлуге болатынын байқады. Көркем типке жататындарда образды ойлау басым
болады, олар өте сезімтал келеді, ал ойшыл типтің өкілдеріне абстракты
ойлау басым болады, оларда эмоциялық өмір бәсең келеді. Алғашқылары
әсіресе актерлердің, суретшілердің, музыканттардың, екіншілері-
математиктердің, физиктердің және басқа ғылыми мамандықтар өкілдерінің
арасында жиі кездеседі.
Сол секілді көркемдік және ойшылдық компоненттері бір деңгейлес
орташа типтің де бар екенін айта кетуге болады.
Мұндай бөлудің негізінде, И.П.Павловтың айтуынша, ми қабығы мен
қабықшаларының қызметіндегі арақатынас жатыр. Мидың эмоциялық орталықтары
орналасқан қабықшаларының жетерліктей жоғары белсенділігі кезінде адамдарда
образды ойнауы басым болып, жоғары эмоциялық сезім байқалады. Ал ми
қабықшалары жеткіліксіз жұмыс істегенде, оны ми қабықтары едәуір қысып
тастаған кезде адамдардың психикалық қызметіндегі эмоциялық жағы әлсіз
естіледі. Түрлі адамдардың эмоциялық белгілеріндегі мұндай көп
айырмашылықтардың құпиясы міне, осында. Қазіргі адамдардың эмоциялық
дәрежесін биологиялық (туа біткен) ерекшеліктер ғана анықтамайды, көп
жағдайларда ол әлеуметтік жағдайларға да: адам өсетін орта, белгілі бір
тарихи кезеңге, белгілі бір халыққа немесе тайпаға тән талаптар мен
әдеттерге де байланысты.
Біздің аса маңызды міндетіміз- жас ұрпақта эмоцияны қамқорлықпен
қалыптастыру және жетілдіру. Сезім тәрбиесінсіз жоғары адамгершілікке
тәрбиелеу мүмкін емес екенін есте ұстау керек, өйткені терең сезімнің адамы
ешуақытта моральға жат әрекеттерге бармайды.
Сондықтан балаларымызды музыка, бейнелеу өнерін түсіндіруге үйретуіміз
керек, олардың кітап оқуға құмартуына дұрыс бағыт беру керек. Олардың
табиғатты, жан- жануарларды жақсы көріп өсетін болуына ұмтылу керек.

3. Сезім түрлері
Сезімдер өздерінің мазмұны және мәні жағынан әртүрлі және сан қырлы
болады.
Психологияда сезімді – моральдық (адамгершілік), интелектуальды
(танымдық) эстетикалық сезімдер болып бөлінеді.
Моральдық сезімдер. Моральдық сезімдер дегеніміз – жеке адамның
адамдардың өзінің мінез құлқын деген эмоциялық қатынасы. Өршіл сезімдер
арасынан моральдық сезім ерекше орын алады. Интелектуальды сезімдер. Ақыл
ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді интелектуалды сезім деп
атабйды.
Эстетикалық сезімдер – адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасауы
барысында туады және сұлулықты қабылдай отырып, адам көз қызықтырып,
сүйсіне тамашалап, қарау ынтасын тудыратын, өзіне тартқан үстіне тарта
түсетін эстетикалық әсемдік сезімін бастан кешіреді.
Жеке адам өмірінде эмоциялық күйлердің үлкен мәні бар. Эмоциялық
күйлер өтіп жатқан психикалық әрекет сипатына ғана тәуелді болып қана
қоймай, оған өзі де орасан зор әсе етеді. Эмоциялыцқ күйлердің бәрі де
өткінші сипатта болады.
Көңіл – күй бұл адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекетіне өң
беретін біршама ұзақ эмоциялық күй.
Аффект – бұл қысқа мерзімді, бұрқ етпе өте күшті эмоциялық реакция.
Аффекті күй эмоцияның бірте – бірте күшеюінен көрінеді. Аффект жағдайда
сана таралады, ол көңіл күймен байланысты қабылдайтын заттар мен
түсініктердің шағын шоғырына бағытталады.
Фрустрация. Тұрақты жағымсыз эмоціиялық күйге душар ететін, шектен
асқан қанағаттанбаушылық фрустрациясының, яғни сана мен әрекеттің
бұзылуының негізі болады. Фрустрация кезінде адам өте күшті жүйкелік -
психикалық күйзеліске түседі. Фрустрадцдияның өту ерекшелігі шиеленіскен
жағдайдың шашілуіне байланысты болады.
Фрустрация әлсіреуі, тыным табуды немесе күшеюі мүмкін. Егер шиеленіс
шешімін таппаса, онда фрустрация басқа кереғар жағдайда басталады.

Сезім жөнінде түсінік.

Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да
бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап – қуантса,
екіншісі – қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан – алуан.
Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттерімен сапаларының өзі де адамның
белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз,
дәмі татымсыз т. б. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек
сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану,
қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиіркену – мұндай сезім түрлерін шексіз
келтіруге болады. Сезім- бұл адамның қоршаған болмыс заттары және
құбылыстарымен қатыннас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін
тоғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет.
Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә. Науаи Сезімсіз адам – кесек,
махаббатсыз адам - есек, - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар.
Егер сол сезімдер қандайда себептермен болмай қалса, адам эмоциялық
ашырқауға келіп оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер
көріп не қым – қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен
айналысуда. 18-19 ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас
пайымдалды, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл
бағыт мәні – адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық
құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың
ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл
теорияға орай сезім – елестер арасындағы байланыстарға сай қарама-
қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы, дүниеден өткен адамның
бейнесін тітілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп
ырықсыз көп жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет – қылыққа
себепші болады.
Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары
эклективті, яғни әртүрлі психологиялық қарама- қарсы көзқарастарды қалай
болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция- бұл
алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның
ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал
органикалық процестер – эмоцияның салдары ғана.
Эоцияның қазіргі тарихы У. Джемстің 1884 ж. Жарияланған Эмоция деген
не ? атты мақаласынан бастаоды. У. Джемс және бұған байланыссыз Г. Ланге
пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі – сыртқы ырықты
қозғалыстар, сонымен қатар, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын
адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адамәсерлернің
бәрі – эмоциялық күйді танытады. Біздің қайғыруымыз – жылағанымыздан,
қорқуымыз – қалтырауымыздан, қуанышымыз күлгенімізден (У. Джемс). Сонымен
эмоция салдары болған дене шетіндегі органикалық өзгерістер, ғалымдар
ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің
қарадүрсін түсініктемесі беріледі: мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді
әдейі жасаумен қажетболмаған қасірет сезімін басуға болады – мыс.
Джеймс – Ланге тұжырымы бірнеше қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі
сын айтқан У. Кеннон: әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-
біріне өте ұқсас, сондықтан олар адамның сан алуан эмоциялық қасиеттеріне
сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне қарай басын изейді, ал
болгар шайқайды, африканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне
түкіретін көрінеді, ал қазаққа бүйтіп көр... Сонымен бірге адамның әдейі
істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл күйді бере алмайды. Кейде мысалы,
жағдайға орай молдамыз шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай, күліп
жіберетініміз осыдан.
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып,
дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн
көрді. Мұндай түсінік Ч. Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық
әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары
жауын қорқыту үшін керек, немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың
бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан
қалдығы. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің
маймыл тектес бабаларымызға қауіптер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік
ұстауға жәрдемін тигізген.Кейін бұл теорияны Э. Клапаред жалғастырды. Ол
қандай да бір сезімнің туындауы – адамның кезіккен жағдайға икемделе
алмауынан. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне
түспейді, - деп жазады.
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл-ой
мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердің сана
үйлесімсіздігі теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні: адам бір нысан
жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете
алмай күйзеліс эмоциясына түседі, яғни санадағы білімдер
үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттің нақты
нәтижесі мен көзделген өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады. Ақыл-
ой үйлесімсіздігінен құтылудың екі жолы бар:
1) өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту;
2) ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру.
Сонымен, когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет,
қылықтарының негізгі себепшісі ретінде қарастырады.

Сезім ерекшеліктері
Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда
бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға
ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі. Аш адам мен тоқ адамның бір тамаққа
болған әр түұрлі қатынасы осыдан. Еске түскен заттар не оқиғалардың да
бағамының бірдей болмауы да осы себеппен түсіндіріледі: әдетте, қуанышты
жағдайларда араласқан обьектер (адам, зат, оқиға) жылы сезіммен еске
алынады. Әрқандай сезім жеке тұлғаның мәнді сипатын білдіреді.
Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын білдіріп қоймастан, ол
жөніндегі ақпарат көзі де болып табылады. Бұл тұрғыдан нысан бейнесі
эмоцияның танымдық тарапы болады да, ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің
субьектив элементін танытады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты. Субьекті қажеттілігі
және сол қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай
сезімдер екі ірі топқа бөлінеді. Біріншісі – қажет заттардың обьектив
мазмұнына жаңа, айрықша мән қосып, оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп-
түрткісіне айналдырушы сезімдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса
қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек. Көңіл-күй серпінісі
қажеттікпен үйлесе келе іс-әрекеттің бастауын береді, оған ынталандырады,
және бағыт- бағдарлы жетекшісіне айналады. Осылайша, мұндай іс-әрекетпен
сәйкестікке түседі. Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталған.
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына – жетекші ниет, яғни басталған ішкі
не сыртқы іс-әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді. Бұлар сол
әрекеттердің орындалуына тиімді не кедергі болған жағдайларға (үміт, ыза),
жетіскен нәтижелерге (қуаныш, өкініш), немесе қалыптасқан не мүмкін болар
ситуацияларға (қатерлену, сенімді болу), субьектінің қатынасын сипаттайды.
Мұндай сезімдік тоғаныстар жетекші ниеттерге негізделгеніне әдейі немесе
ырықты деп аталады. Осыдан көзделген мақсатқа жетуде алда шыққан кедергі
бір түрлі сезім туындатса, енді сол кедергі жаудан құтылуда пайдалы
болуымен екінші бір сезім пайда етеді, яғни ырықты сезімдер нақты жағдайға,
сол сәттегі өмірлік маңыздылыққа орай мән алады.
Сонымен, сезім екі себептен пайда болады, біріншісі-адамның обьектіге
қатынасын айқындайтын қажеттіліктер; екіншісі-адамның осы нысанның тиісті
қасиеттерін түсініп, оны санада бейнелеу қабілеті. Обьектив және субьектив
жағдайлардың өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы баға
беруімен қатар жеке эмоционал көзқарасының себептері ашыпады.
Сезімдердің өзіндік ерекшеліктері олардың қарама – қарсылықты
сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерленуге де (рахаттану,
қысылу), сондай-ақ күрделі толғаныстарға да (ұнату- жек көру, қуаныш- мұң,
көңілді -қайғылы, т.б.) тән.
Сезімдерге ғана тән аса маңызды сипат – олардың бірігімді (интегралды)
келуі. Сезім бүкіл денені билеп, адам кейпін ерекше әсерге бөлейді. Барша
дене қызметтерінің басын бір сәтте біріктірумен сезім өздігінен организмге
пайдалы не зиян әсердің хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал әсер
орны мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жетуі мүмкін.
Сезімдердің және бір маңызды ерекшелігі – олардың денедегі тіршілік
әрекеттермен тікелей байланыста болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән
қызметі өзгеріске түседі: қан айналымы, дем алыс, асқорыту, ішкі және
сыртқы секреция бездері. Шектен тыс ұзақ уақыт және қарқынды болған көңіл-
күй толғаныстары организмді сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш-жүрек
ауруларына соқтырып, ашу-бауырды, жабырқау мен мұң – асқазанды бұзады.
Сезімдер тарихи-әлеуметтік негізге ие. Олар әр түрлі халықтарда, әр
түрлі кезеңдерде мән-мағынасымен көріну формасын қарастырып отырған. Қоғам
дамуымен сезімдер де өзгеріп барады. Түрлі дәуірде өмір сүрген адамдардың
ұқсас, тіпті бір текті заттың өзіне жасаған қатынасы бірін бірі
қайталамайды. Сезім ұдайы қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы
элнменттердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір
жағынан-бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу, өрбу,
шыңына жету, сөну, екінші жағынан - әр түрлі толғаныстар түйдегінен
түзелген ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айыруға болады. Барша сезімдер
жүйесінің өлшемі бір – біріне қайшы келген екі бағытта беріледі: сүйсіну-
жеркену, қозу-тыншу, көңілдену-мұңаю.
Егер сүйсіну не жеккөру сезімі көп жағдайда заттың өзіндік
ерекшеліктеріне, олардың адам өміріндегі маңызына немесе нақты бір ситуация
мәніне орай туындаса, одан болатын қозудың дәрежесі сол сезімнің өзімен
шарттас келеді. Мысалы, қаһар-дүлей қызбалық формасында көрініс берсе,
керісінше, қанағаттану-адамның сабырлы, байсалды күйінен білінеді.
Көп түрлілігі мен күрделі болуынан сезімдерді жете танып, қалтқысыз
басқару мүмкін емес. Бұл жағдай өз сезіміңді суреттеп, айтып беру үшін сөз
жеткізе алмауда байқалады: қолданған сөздердің мәні бұлыңғыр, көңіл-күй
қалпына сәйкес болмай шығады.

Сезім қасиеттері
Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына
байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді атқаратын болды.
Сезімнің бейнелеу қызметі оқиғаларға жалпыланған баға беруде көрінеді.
Көңіл-күйдің бүкіл ағзаны билеуінен, сезім арқылы қандай да әсердің пайдалы
не зиянды екенін оның салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей тұрып ақ
байқап, жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Мысалы жолды кесіп, өтіп бара
жатқан жолаушы көшедегі көлік қозғалысын барластырумен әртүрлі деңгейдегі
қорқыныш сезімінде болуы мүмкін. Оқиғалардың эмоционалдық бағамы адамның
дара толғаныс қабілетінің негізінде берілуі ықтимал, бірақ мұндай сезімдік
нәтиже көбіне өнер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Адамның сезімдік сферасының дамуы
Сезім мен эмоция жайлы
Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту
Эмоция функцияларының түрлері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМ МЕН ЭМОЦИЯСЫН ДАМЫТУ
Эмоция және сізім
Сезім мен эмоция туралы
Таным процестер және олардың жас маманның жетілдірудегі рөлі
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Пәндер