Халықтың денсаулығының негізі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Халықтың денсаулығыНЫҢ НЕГІЗІ

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетіп, бұрынғы кеңес кеңістігіндегі республикалардың алдына шықты. Қазіргі уақытта Елбасымыз әлемдегі 50 дамыған елдердің қатарына қосылуға талап қойып отыр.

Жалпы, БҰҰ мемлекеттің даму деңгейін анықтағанда, алдымен адамның даму факторына көңіл аударады. Сол себепті де адамның даму индексінің көрсеткіші дайындалып, қашанда назарда болады. Ол көрсеткішке сол мемлекеттегі халықтың денсаулығы, білімі және жалақы деңгейі кіреді. Әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін қоғам денсаулығын жақсарту - осы талаптардың біреуі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоғам денсаулығын нығайту үшін адамның өмір сүру сапасын жақсарту керек деп есептейді. Адамның өмір сапасына қоршаған ортаның тазалығы, таза су, құнарлы тағам, салауатты өмір сүру және мемлекеттің әлеуметтік қорғау кепілдіктері жатады. ДДҰ-ы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысынан (сапалы медициналық көмектен) халық денсаулығының көрсеткіші тек 7-10 пайызға жоғарылауы мүмкін. Қалған 90 пайызы қоғам денсаулығының көрсеткіші болса ол, Үкіметтің басқа секторларының жұмысымен тығыз байланысты (қоршаған орта, әлеуметтік қорғау жүйесі, дене шынықтыру, құқық қорғау жүйесі және т. б. ) .

Біріншіден, қоршаған ортаның ластануынан туындайтын ауруларды тек емдеумен ғана шектелсе, олардың даму көрсеткіші төмендемейді. Ол үшін қоршаған ортаны қорғау жүйесі аурудың алдын алу шараларын жүргізуі, суды, ауаны, яғни, қоршаған ортаны адам өміріне зиянды заттардан тазартуы қажет. Ондай дерттердің қатарына тыныс, қатерлі ісік және басқа да көптеген аурулар жатады.

Екіншіден, адам организмі керекті құнарлы және таза тағаммен қамтамасыз етілмеген жағдайда пайда болатын аурулар да тек емдеу жолымен ғана азаймайды. Оның да алдын алу жолдарымен күрескенде ғана ол аурулардың даму көрсеткішін төмендетуге болады. Ол үшін халықтың тамақтану мәдениетімен бірге, жалақы деңгейін де көтеру керек. Бұл - әлеуметтік қорғау жүйесінің жұмысы. Ол ауруларға асқазан, ішек, қант диабеті және басқа да көптеген аурулар жатады.

Үшіншіден, кейбір топтағы адамдардың (нашақорлар, маскүнемдер, жезөкшелер) жағымсыз тәртібінің арқасында жыныс қатынасы арқылы таралатын аурулардың саны көбейіп, халық денсаулығының көрсеткіші күрт төмендеп отыр. Ол ауруларды да тек анықтаумен және емдеумен ғана шектелсе, оның да көрсеткіші төмендемейді. Оларды салауатты өмір сүруге құқық қорғау органымен бірлесіп қана бейімдеуге болады.

Сол сияқты, халық арасында тез таралып бара жатқан жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеумен ғана шектелсек, одан бұл дерттің көрсеткіші азаймайды. Дене шынықтыру жүйесі ол аурулардың алдын алу үшін кең насихат таратып, гиподинамиямен күрес жүгізуі керек.

Бесіншіден, кейінгі кезде елімізде кең таралып отырған әлеуметтік аурулар тобына жатқызылатын туберкулез дерті де айқындаумен және емдеумен ғана шектеліп, оның себеп-салдарына мән берілмесе, оның да дамып, таралу көрсеткішіне белгілі түрде әсер ете алмаймыз. Туберкулездің таралу көрсеткішін немесе азаюын әлеуметтік қорғау жүйесімен бірігіп қана шешуге болады.

Қорыта айтқанда, дәл қазіргі жағдайда қоғам денсаулығы көрсеткішінің жақсаруын тек қана Денсаулық сақтау министрлігіне артып отыра беруге болмайды. Әрине, Денсаулық сақтау министрлігі халыққа сапалы көмек көрсету үшін нақтылы шараларды іске асыруда. Медициналық көмектің сапасын бақылау үшін арнайы Комитет құрылса, дәрігерлердің білім деңгейін көтеру үшін реформа жүргізуде, сонымен бірге денсаулық сақтау жүйесін қайта қалыптастыруда. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі жүргізіп жатқан шаралардың барлығы жалпы халық денсаулығы көрсеткішін 7-10 пайызға ғана жақсарта алады.

Қоғам денсаулығының көрсеткішін Үкіметтің оған қатысты барлық жүйелері бірігіп, тығыз байланыста жұмыс жасағанда ғана (қоршаған орта, әлеуметтік қорғау жүйесі, дене шынықтыру, құқық қорғау органы және т. б. ) жоғарылатуға болады. Ауруды алдын алу ауруды емдегеннен әрқашан да тиімді және мемлекетке арзанға түседі.

Орынды жерде айтқан жөн, аурудың алдын алу тәжірибесі бұрынғы Кеңес Одағында жүйелі дамыған еді. Сол прогрессивтік идеяны сақтап қалып, сонымен бірге алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесін дамыта отырып, денсаулық сақтау жүйесіне Қазақстан өз даму моделін ұсынбақ. Сол себепті Үкіметтің қоғам денсаулығы көрсеткішіне қатысы бар барлық жүйенің жұмысын біріктіріп, бағдарлама дайындайтын және оның жұмысын қадағалайтын қоғамдық денсаулық сақтау орталығы ашылcа екен деген ұсыныс айтқым келеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшылығымен және мүшелерімен жұмыс кеңесін өткізді, онда Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Президент бүгінде Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталғанын атап өтті. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2004 жылдан бері шамамен 2, 5 есеге өсіп, 2007 жылы 310 миллиард теңгені құрады, жан басына шаққандағы шығын 2, 3 есеге дейін көбейді, медицина қызметкерлерінің еңбекақысы екі есеге артты. Соңғы екі жылда 156 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді, оның 144 ауылды жерлерде салынды. 3200 бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына жөндеу жүргізілді.
- Алайда, айтарлықтай оң нәтижелер жоқ, - деп атап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент денсаулық сақтау мен білім саласын қаржыландыру ел экономикасының өсуіне тікелей ықпал ететінін, нақты айтқанда мемлекет болашағына салынған инвестиция болып табылатынын атап өтті.
- Халық денсаулығы - елдің басты байлығы, және де ол стратегиялық маңызды мәселелер қатарына жатады, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.
Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой осы кезең аралығында Қазақстанның денсаулық сақтау саласында едәуір реформалардың жүргізілгені жөнінде әңгімеледі. Екінші кезеңде, яғни 2008 жылдан 2010 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесін реформалау алғашқы буынды, ауруханалық секторды жақсартуға, кадрлық және ғылыми әлеуетті күшейтуге, фармацевтикалық секторды кезең-кезеңмен халықаралық стандарттарға көшіруге, көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға, саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіруге бағытталатын болады.
Ел тұрғындарына жоғары технологиялық көмек көрсету үшін Астана қаласында медицина кластерінің алғашқы нысандары - Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы мен Республикалық балаларды оңалту орталығы пайдалануға берілді. Таяуда медициналық кластердің басқа да нысандары халық игілігіне берілмек.
Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі кодексінің жобасы әзірленді, медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын дифференциалдық жүйе бойынша төлеу енгізілді, медицина кадрлары шет елдерде білім алуда.
- Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес аурулардың алдын алу және оларды болдырмауға көшу жүзеге асырылуда. Министрліктің таяу жылдарға межелеген міндеті бүгінде 23 пайызды құрайтын стационарлық көмек шығындарын қысқартып, бұл қаржыны алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бөлу болып табылады, - деді А. Дерновой.
Қазақстанда өлімнің 77 пайызының себебі жүрек-қан-тамыр, ісік аурулары мен тыныс алу жолдарының ауруларына байланысты болғандықтан, Елбасы қаржыны оңды-солды шығындағаннан гөрі, нақ осы аурулардың алдын алуға бағыттау қажеттігіне баса назар аударды.
Мемлекет басшысы Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жекелеген кемшін тұстарын атап өтті. Аталаған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда қол жеткізген оң нәтижелермен қатар, бірқатар маңызды шаралар толық іске аспай отыр. Туберкулез, онкология тәрізді әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмей келеді. Ана мен бала өлімін болдырмау жөніндегі шаралар толық көлемде жүзеге асырылмай отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалануды жандандыруды тапсырды, бұл өз кезегінде қаржылық ресурстар тартумен қатар, жеке сектордың білімі мен тәжірибесін кеңінен пайдалануға, қаражатты тиімді жұмсауды қамтамасыз етеді.
Адам денсаулығы 50 пайызға оның өмір салтына байланысты екендігін атап көрсеткен Президент, бүгінгі күнде тиісті деңгейде жүргізілмей отырған салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауды күшейтуді тапсырды. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке және әкімдерге Темекі шегуді шектеу туралы заң нормаларының жүзеге асырылуына тиімді бақылауды қамтамасыз етуді, қоғамдық орындарда, мектептер мен басқа да оқу орындарының аумағында темекі шегуге тыйым салуды, аталған ұйымдар басшыларының осы мәселеге әкімшілік жауапкершілігін күшейту, кешкі және түнгі уақыттарды алкоголь өнімдерін сатуға заңды негізде шектеу қоюды тапсырды. Сонымен қатар, бұқаралық және балалар спортын дамытуға, дене шынықтыруға тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлу тапсырылды.
Содан кейін Президент Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың есебін тыңдады, министр Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарласының бірінші кезеңінің жүзеге асыру қорытындысы және 2009-2010 жылдарға арналған негізгі жұмыс бағыттары туралы әңгімеледі.
Мәселен, 2004 жылмен салыстырғанда, балалар бақшасының саны 422-ге, оларға баратын балалар саны 71-ге артқан. 36, 5 мың балаға арналған 1427 кішігірім орталықтар ашылған. Жалпы білім беретін мектептер жүйесі дамуда, бүгінде олардың саны - 7879. 230 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, соның арқасында оқушылық орынға деген сұраныс 40 мың бірлікке қысқарып отыр.
Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанның дарынды балаларын қолдау үшін халықаралық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дені саудың - жаны сау туралы
Валеология -денсаулық ғылымы
Валеология – денсаулық туралы ғылым туралы ақпарат
Салауатты өмір салтын ұстанайық, жастар
Денсаулық сақтау мәселелері
Халық денсаулығының негізі
Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Телеарнадағы денсаулық бағдарламалары
Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz