Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы туралы жалпы мағлұмат


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
: 3
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1
МАЗМҰНЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ
: 5
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасындағы маңызы және рөлі
: 5
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму тарихына шолу
: 12
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Шетелде шағын және орта кәсіпорындарды дамыту іс шаралары
: 16
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2
МАЗМҰНЫ: ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС - ЭКОНОМИКА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
: 18
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті дамыту стратегиясының бағыттары
: 18
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Шығыс Қазақстан облысында шағын кәсіпорындарды дамытудағы ел банктерінің рөлі
: 23
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: 2005 - 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының және Шығыс Қазақстан облысының шағын кәсіпорындарының даму жағдайына талдау
: 25
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 30
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
: 32
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОСЫМША
:
:
МАЗМҰНЫ:
:

КІРІСПЕ

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ол - кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.

Сөз жоқ, шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. Мәселен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде шағын және орта кәсіпорындарға тиесілі ІЖӨ үлесінің айтарлықтай өсуіне мақсатты бюджеттік субсидиялар мен салық салудағы айтарлықтай жеңілдіктер арқылы қол жеткізілді. Оның сыртында көптеген басқа да елдердегі сияқты Венгрияда да қолданыстағы заңдарға өзгертулер енгізген кезде ол өзгерістердің шағын және орта кәсіпкерлікке қалай әсер ететіні туралы қорытынды жасау міндетті болып табылады.

Біздің елімізде де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген.

Елде қазірдің өзінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін негіз қалыптасқанын мойындау қажет. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны жылдан жылға өсіп келеді. Мәселен, соңғы 5 жылда олардың саны 2 есе артты. Жұмыс істеп тұрған бүкіл шаруашылық субъектілері құрылымындағы олардың үлесінің 91, 4 пайыз құрауы да осыны нақты айғақтайды. Қазіргі таңда елде 106 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді. Шағын және орта кәсіпкерлік өндірген өнімдер мен қызметтер елдің ІЖӨ құрылымында қазірдің өзінде 30 пайыздан асады.

Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіпорындармен жұмыс істетуді көздейтін жалпыұлттық институттар құрылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры құрылып, табысты жұмыс жүргізуде.

Дамушы мемлекет экономикасының негiзгi дiңгегi - шағын және орта бизнес. Қазақстанда шағын және орта бизнестiң даму деңгейi.

Осыған байланысты курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын, болашақта даму бағыттарына талдау жасау. Осы айтылғандардан курстық жұмыстың міндеттері төмендегідей анықталады:

  • Орта және шағын бизнес субъектілерін дамыту үшін қалыпты жағдайлар жасау
  • Бизнесті жүргізу саласында кеңестік және қызмет түрінде көмек көрсету және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау
  • Жеке сектордың экономикалық дамуы және кәсіпкерлікті жылжыту
  • Кәсіпкерлерді ақпараттандыру үшін басылымдардың шығарылуы
  • Шаруашылық субъектілерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеуін жүзеге асыруға көмек көрсету
  • Тауарлар мен қызметтердің рыногына мониторинг
  • Шағын және орта бизнестің инфроқұрылымдарын дамыту және қалыптастыру
  • Шығыс Қазақстан облысындағы шағын кәсіпорындардың дамуына талдау жасау

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

1. 1 Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасындағы маңызы
және рөлі

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ол - кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.

“Атамекен” жалпыұлттық одағының бағдарламасын жүзеге асыру шағын және орта өнеркәсіп кәсіпорындарын технологиялық жаңалықтарға тезірек бейімдеуге бағытталған, бизнестегі инновациялық саясатқа да дәл осындай көзқарас қарастырылуда. Бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістердің бизнестің неғұрлым жоғары сатысында тұрғаны және әлдеқайда артық мүмкіндіктерге ие екені еш құпия емес. Соның бір көрінісіндей, жаңа технологиялық кәсіпорындар құрылып, университеттер мен өнеркәсіп секторы арасындағы байланыстарды нығайту қарастырылуда.

Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруды көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарылды. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдарламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілді.

Бизнесті құру жолындағы көптеген бюрократтық кедергілер біртіндеп алынып тасталуда. Соңғы жылдардың өзінде ғана лицензияланатын 350-ге тарта сан-алуан қызмет түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру ісі өңірлік деңгейге ауыстырылып, процедуралар айтарлықтай оңайлатылды.

Қордың құрылуына Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 4 шілдедегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңы және:

  • 1992 ж. 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 1992-1994 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы»;
  • 1994 ж. 10 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 1994-1996 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» ҚР Президентінің бірқатар қаулылары себеп болды.

Бірінші кезең - 1997-2001 жж.

Бірінші кезең 1997ж. Қордың құрылуымен байланысты. Осы жылдары мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бірқатар заңдарды, жарлықтар мен қаулыларды қабылдаған.

  • 1997 - Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді және оны дамытуды күшейту шаралары туралы» № 3398 Жарлығы
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» № 665 Қаулысы
  • Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» № 131-1 Заңы
  • Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» № 135-1 Заңы
  • - Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 1999-2000 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» №4189 Жарлығы;
  • - Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі 2001-2002 жж. арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» №597 Жарлығы;

Бұл мерзім Қордың отандық тауарөндірушілерді қолдау бойынша шаралар Бағдарламасы жөніндегі мемлекеттік бюджет қаражатын, сондай-ақ

  • ЕБРР;
  • АБР-ң кредит желілерін пайдалануды есепке алу және оны бақылау агенттігінің функциясын орындауымен суреттеледі.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредит желісі - Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде экономикалық өзгертулерге жәрдемдесу мақсатында, 1991 жылы халықаралық шарт негізінде құрылған. ЕБРР бірден бір мейлінше табысты жобаларының бірі 1998 жылдан бері Қормен бірлесе жүргізіліп отырған Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы болып табылады.

ЕБРР мен жобалар бастамашысы болып танылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ортақ мақсаттарына сәйкес, Қазақстанның шағын бизнес Бағдарламасының басты міндеті елдегі барлық шағын бизнестің қаржы ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажетті институционалдық құрылымдар мен кредиттеу әдісін енгізуді дамыту арқылы болып отыр.

Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту Бағдарламасы бойынша ЕБРР-мен 10 жыл мерзімге 77 500 000 АҚШ долларына заем туралы келісім жасалды. Аталған Бағдарлама бойынша кредиттеу заемшыларға кредит беру шарттарын өздігінше анықтайтын және де экономика саласының барлық кәсіпорындары қаржыландырылатын уәкілетті екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның басты міндеті кезінде ресми қаржыландыру көздеріне кол жеткізе алмаған кәсіпорындарды кредиттеу болып табылады.

1998 ж. мамыр айынан 2007ж. мамыр айына дейінгі мерзімде қатысушы банктер жалпы сомасы 2 216, 10 млн. АҚШ долл. барлығы 237 000 жобаны., оның 25, 63% - микрокредиттер (568, 09 млн. АҚШ долл. 180 253 жоба) және 74, 37% - шағын кредиттер (1 648, 01 млн. АҚШ долл. 56 747 жоба) .

Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде IPC (Internationale Projekt Consult) халықаралық фирма консультанттарының қатысуымен шағын кәсіпорындарға берілетін қомақты кредит санын банктер жедел түрде қарастыруы үшін арнайы әзірленген әдіс бойынша жұмыс жасайтын шағын бизнесті кредиттеу жөніндегі секторлар құрылған.

Oтандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы

Отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Бағдарламасы бойынша Қор екінші деңгейдегі 6 банкке 22 716, 1 мың АҚШ долл. мөлшерінде ақша аударды.

Аталған Бағдарлама бойынша трактор, цемент, тыңайтқыш, мақта және күнбағыс майын, сүт өнімдерін, буып-түйетін материалдар және т. б. шығаратын ірі жобаларға қолдау көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық тауарөндірушілердің 14 инвестициялық жобасын қаржыландыруды мақұлдады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында 5 537 жұмыс орны құрылды.

Атаған Бағдарламаны Қор дайындады, ал заемшылар қайтарған қаражат келешекте Қор ШКС тікелей кредиттеуге пайдаланатын қаражат Қордың жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған.

Азия даму банкінің ауылшаруашылығы секторы үшін бағдарламалық заемның екінші траншы

Азия даму банкі (АДБ) бағдарламалық заемдарының қаражаты ауылшаруашылық өнімдерін, машина-технологиялық стансалар үшін ауылшаруашылық техникасын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жабдықтарды сатып алуды кредиттеу, ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін көзделген азық-түлік көтерме базары мен базардың өзге инфрақұрылымдарын құру үшін, сонымен қатар қажетті айналым қаражаттарын қаржыландыру үшін тағайындалған.

Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, кредит қаражаты екінші деңгейдегі уәкілетті банктер арқылы соңғы заемшыға ұсынылды. АДБ заемының екінші траншы қаражатын меңгеруге екінші деңгейдегі 12 банк және «Семей-Финанс» АҚ қатысты.

2004 ж. желтоқсан айында ҚР Қаржы министрлігі мен Қор арасында кредит келісіміне қол қойылған, осыған сәйкес Қор жобаларды Бағдарламалық заемдардың екінші траншы қаражаты есебінен өз бетінше кредиттеуге құқығы бар.

Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бастап, 2007ж. 1 қазанға шаққанда Қор тарапынан жалпы сомасы 54 675, 4 мың АҚШ долларына 95 жоба қаржыландырылды. Бағдарлама бойынша 4 719 жұмыс орны құрылып, құпталды.

Екінші кезең - 2002-2004 жж.

2001 - 2002 жж. ел экономикасының жоғары қарқынмен өсуі және Қазақстанның ІЖӨ ортажылдық өсімінің 11, 6% -ға дейін, 2003-2004 жж. 9, 3% өсуі Қазақстан Үкіметіне шағын кәсіпкерлікке үлкен қолдау көрсетуге мүмкіншілік берді.

Осы жылдары бірқатар жарлықтар шықты:

2003 - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 17 мамырдағы «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» № 1096 Жарлығы.

2004 - Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы «Қазақстан Респуб-ликасындағы шағын кәсіпкерлікті 2004-2006 жж. дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік Бағдарлама туралы» № 1268 Жарлығы.

Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының 2003 ж. бекітілуіне байланысты жаңа шабытқа ие болды.

Стратегияның басты міндеттерінің бірі - жеке секторды қолдайтын және бәсекелі артықшылықты жетілдіретін, нақты өндірістерде қосымша құн элементтерін меңгеретін, ғылыми және жоғарғы технологиялы экспортқа бағытталған өндірістерді құруды ынталандыратын, елдің экспорттық әлеуетін тауар мен қызмет көрсету пайдасына әртараптандыратын, әлемдік сапа стандартын енгізетін, ықпалдастықты әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу жолымен әлемдік экономика деңгейіне ұштастыратын кәсіпкерлік климат орнату және қоғамдық институттар құрылымын құру болып табылады.

Осы мерзімде Қор барлық филиал желісін құрған еді. Енді кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау тек облыстық маңызы бар қалаларда ғана емес, және де ауылдық жерлерде де мүмкін болады.

2002 ж. бастап, Қор шағын бизнесті өз қаражаты есебінен жылдығы 12% -бен 5 жылға кредиттеуді, 2004 ж. маусым айынан бастап, проценттік ставка жылдығы 10% -ға дейін төмендеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері кредиттерін қаржыландыру сол кезде екінші деңгейдегі банктер арқылы және тікелей өз меншігі есебінен жүзеге асырылды.

Жаңа бағдарламалар:

  • ШКС-ті республикалық бюджет есебінен кредиттеу Бағдарламасы;
  • Шағын қалаларды 2004-2006 жж. дамыту Бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін) Қазақстан Республикасы бюджеті есебінен кредиттеу Бағдарламасы

Аталған бағдарламаның мақсаты ШКС-тің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, оның ішінде Қазақстан экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарына сүйене отырып, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, шағын кәсіпкерлік және жеке жұмысбастылық саласында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу.

ШКС (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін) республикалық бюджет қаражаты есебінен кредиттеу Бағдарламасының басында табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі мен Қор кредит қаражаты лимиттерін барлық облыстарға бөлуді әзірлеп, бекітті. Кредит берілетін жобалар үшін приоритетті бағыттар тізбесі белгіленді. .

Бағдарламаны жүзеге асыру 2002 ж. маусым айында басталған, ол 2008 жылы аяқталуы тиіс. 2007 жылғы 1 қазанға шаққанда Қор республикалық бюджеттен жалпы сомасы 793, 8 млн. теңгеге 301 жоба (оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі бойынша 250, 2 млн. теңгеге 97 жоба) қаржыландырды. Осы бағдарлама бойынша 2 000 жуық жұмыс орны құрылып, мақұлданды.

Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша қаржыландыру қайтарылатын қаражат есебінен жүргізіледі.

Қазақстанда халық саны 50 мың адамнан аспайтын 60 шағын қала бар. Оның ішінде 41 шағын қала шағын қалалар санының 68% және ауылдық аудандар санының 25% құрайтын тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады.

Шағын қалалардағы өнеркәсіпті өндіріс бір-екі саладағы көрсетілген мамандандырумен сипатталады. Өзге салалар шамалы дамыған немесе өнеркәсіпті кәсіпорындары мүлде жоқ. . Өндіріс көлемінің төмендеуі немесе қала құрылысымен айналысатын кәсіпорындардың тоқтап қалуы қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы құлдырауына алып келеді.

Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдайлар жасау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шағын қалаларды 2004-2006 жж. дамыту Бағдарламасы қа-былданды, оның міндеті шағын қалаларды олардың функционалдық топологисына сәйкес дамы-тудың негізгі бағыттарын анықтау, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды да-мыту, шағын қалалардағы халықты жұмыспен қамтамасыз етуді күшейту болып табылады.

Шағын қалалардағы инвестициялық жобаларды кредиттеу және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жарғылық капиталды толықтыруға республикалық бюджеттен Қорға 1 500 млн. теңге бөлінген.

Қор Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында, ШКС үшін бағдарламада

белгіленген барлық қалаларда ақпаратты-консультациялық семинарлар өткізді. Бұл шараға

шағын қалалар әкімдіктері үлкен көмек көрсетті. 2007 ж. 1 қаңтарға шаққанда, осы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1 484, 4 млн. теңгеге 281 жоба қаржыландырылды. 2 935 жұмыс орындары ашылып, мақұлданды. 2006 ж. бағдарлама толықтай орындалып, жұмысын аяқтады.

Кезең Қор қызметіне елеулі ықпал еткен заңдар, жарлықтар мен қаулылар қабылдануымен сипатталады.

2005 - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 ж. 12 мамырдағы «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті 2005-2007 жж. дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» № 450 қаулысы

2006 - Қазақстан Республикасының 2006 ж. 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы туралы»

№ 124-III Заңы

2006 - Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жж. тұрақты даму кезеңіне өту концепциясы туралы» Жарлығы

2005 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті 2005-2007 жж. дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралар Бағдарламасын» қабылдаған. Жеделдетілген шаралар Бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы заңды жетілдіруді, өмірге бейімді инфрақұрылымдық жүйені құруды, Қор рөлін шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жүйеқұрушы элементі ретінде күшейтуді, ШКС кредиттеу мөлшерін ұлғайтуды және т. б. қарастырады.

Осы бағдарламаға сәйкес, 2005-2007 жж. аралығында республикалық бюджеттен Қорға шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін 29 млрд. теңге мөлшерінде капитализациялауға қаражат бөлінген.

Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, мемлекет тарапынан Қор қызметін қолдаудың өсуі, Қордың ШКС-ті қаржылай қолдау бойынша жинақтаған тәжірибесі, жұмысқа төселген кадрлық және техникалық әлеует, республикамыздың барлық өңірлерінде ашылған Қор филиалдарының желісі Қорды еліміздегі шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік институт ретінде нығайтуға объективті негіз болды және де ШКС-ті қаржылай қолдау жөніндегі жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруға түрткі болды:

  • Жобалық қаржыландыру және лизинг;
  • Қазақстанда микрокредиттеу жүйесін дамыту Бағдарламасы;
  • Екінші деңгейдегі банктерден алатын ШКС кредиттеріне кепілдік беру;
  • Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы ШКС оқыту-әдістемелік, ақпаратты-аналитикалық және консалтингтік қолдау көрсету.

Жобалық қаржыландыру және лизинг

Жобалық қаржыландыру Қордың шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі бірден-бір негізгі бағдарламаларының бірі болып табылады. Оның мақсаты шағын бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың артықшылықты бағыттары бойынша ШКС жобаларын қаржылай қолдау, сонымен қатар банк секторы әлсіз қамтылған аймақтардағы кредит ресурстарына ШКС-ң қол жеткізушілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қор тәуекелін азайту және ШКС-ті заем қаражаттарын басқару дағдысына оқыту үшін жүзеге асырылатын жобаның құрама элементтерін кезеңмен (транштық - алдыңғы соманы табысты меңгеру нәтижесі бойынша) қаржыландыру енгізілді; бизнес-жоспарды әзірлеу және жобаны жүзеге асыру барысында тегін консультация беру.

ШКС үшін республикамыздың шалғай жатқан елді-мекендері мен шағын қалаларынан, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жаңадаң бастаушы қатысушылар үшін және кепілдік қамтамасыздығының жетіспеушілігі салдарынан өндіріс саласында проблемаларға, ЕДБ пайыздық ставкаларының жоғары болуына, ШКС активтерінің төмен құнына және бастапқы бизнесті банктердің кредиттеуге ниетінің жоқтығына кездескен жобалары бар өзге ШКС үшін, Қордың жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі бойынша көрсеткен қызметі олардың жобаларын, әсіресе, өндірістік бағыттағы жобаларын жүзеге асыру үшін жалғыз жол болып табылады.

ШКС-ті кредиттеу мақсатында Қордың жарғылық капиталын өсіруге республикалық бюджеттен бөлінген қомақты көлемдегі қаражаттың арқасында, 2007ж. 1 қазанға шаққанда, Қор өз қаражаты есебінен жобалық қаржыландыру және лизинг бойынша жалпы сомасы 21 800, 0 млн. теңгеден асатын 2000-нан аса жобаны қаржыландырды. 20 мыңнан аса жұмыс орны мақұлданып, құрылды

Оның ішінде жобалық қаржыландыру бойынша 19 000, 0 млн. теңгемен 1 700-ден аса жоба, қаржы лизингі бойынша 2 500, 0 млн. теңгеден асатын сомаға 200 жоба қаржыландырылды.

Қор 2004 жылдан бастап қаржы лизингі бойынша Бағдарламаны жүзеге асыра бастады. ШКС жобаларын қаржы лизингі бойынша қаржыландырудың басты мақсаты жоғарытехнологиялы және бәсекелесті жаңа өндіріске негізделген еліміздің өнеркәсіп базасын дамыту, ШКС қазіргі заманғы жабдықтарды, жаңа технологияларды сатып алу, шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оперативті шығындарды төмендету үшін нақтылы мүмкіншілік беру болып табылады.

Қордың осы қызмет түрінің актуальдылығы ірі лизинг компаниялардың бастапқы бизнестің кішігірім жобаларын қаржыландырмайтындығы туралы фактіні күшейте түсті. Лизинг көмегімен шағын бизнес кәсіпорындарының бірден бір негізгі проблемалары - кепілдік қамтамасыздығының жетіспеушілігі немесе болмауы жөніндегі проблемалар шешілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
ТОО- Техремонт Мекемесі
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерлік қызметтің ғылыми негіздері
Баспа бизнесін жоспарлау ерекшеліктері
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz