Ұлы отан соғысы ардагері


Ахметов Мәулен
1920 жылы туылған. Әскер қатарына 1942 жылы алынған. Калининград майданында 206-мерген атқыштар полкінің құрамында жаумен жайқасқан.
Алғы шептегі кескілескен ұрыстардың бірінде басынан жараланады. 1943 жылы денсаулығына байланысты елге оралады. Жауынгерлік ерліктері үшін бірнеше медальдармен марапатталған.
Мал дәрігері болып жұмыс істеген. П-топтағы соғыс мүгедегі. 3 үл, 4 қыз тәрбиелеп өсірген.
Жайықбаев Әлмен
1922 жылы туылған. 1942 жылы әскер қатарына алынған. Жаумен шайқасты Калинин облысы аумағында бастап Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысады, Жеңіс жолымен Берлинге дейін жетеді. 1945 жылдың 1 мамыры күні Рейхстаг түбінде басынан жараланып, №2021 госпитальда емделіп сапқа қосылады. П-дөрежелі «Даңқ» орденімен жөне 10 медальмен наградталған.
1946 жылы елге оралып 9 айдай «Қызыл Түркістан» газеті редакциясында жұмыс істеген. Содан соң білім беру саласында қызмет етті. Бүгінде 45-тен аса немере-шөберенің атасы.
Бабаев Субхон
1922 жылы туылған. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы 2 наурызда Түркістан әскери комиссариатынан аттанады.
Смоленск облысының Духавшина қаласындағы жаумен шайқаста ерекше козге түсіп, «Ерлігі үшін» медалімен наградталады.
1944 жылы ауыр жараланып, сол жылдың ақпанында 2-топтағы мүгедек болып елге оралады. 1980 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін колхозда, совхозда жұмыс істеді. Кезінде колхозды да басқарды. 4 ұл, 4 қыз тәрбиелеп, осірген.
Имамалиев Мавлан
1918 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Соғысқа дейін Ескіиқан ауылында тракторшы болып жүмыс істеген. Әскер қатарына 1939 жылы алынады. Үлы Отан соғысына Белоруссия майданында жау жағадан алған сәттен араласады. Мәскеу түбіндегі шайқастарға, Литваны азат етуге қатысқан. І-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және 10 медальмен наградталған.
Жеңіспен елге оралғаннан кейін Түркістан қаласында өртүрлі салада жұмыс істеді, 1959 жылдан зейнет демалысына шыққанға дейін Ескі Иқан ауылында ағаш үстасы болды. 4 үл, 7 қыз тәрбиелеп, өсірген.
Абдураимов Ибадулла
1922 жылы туылған. 1942 жылы қаңтар айында соғысқа Белоруссияның Бородинко селосы маңында кіріседі. Сол жылдың мамыр айында тұтқындалып, Польшада концлагерьде болады. 1944 жылы маусымда босап, 1944-1946 жыл аралығында Кеңес Армиясы қатарында Эстонияда борышын жалғастырып, елге оралады.
Ауылда шөп бригадирі, мақта бригадирі болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты.
«Еңбек Қызыл Ту», ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен наградталған. Отбасында 2 үл, 7 қыз тәрбиелеп өсірген.
Аубакиров Тореш
1922 жылы туылған. Әскер қатарына 1942 жылы шақырылған. Соғысқа Калинин майданында байланысшы болып қатысқан. 1943 жылы қаңтарда жараланып, госпитальда емделіп, соғысқа қайта кірген. 1943 жылы 27-ші шілдеде Орел-Курск майданында екінші рет қатты жараланып, сол жылы қазанда - туған ауылына оралған. Колхозда есепші, ферма меңгерушісі, қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген, 1976 жылы Үлы Отан соғысының мүгедегі болғандықтан зейнеткерлікке шыққан. Үлы Отан соғысының І-дөрежелі ордені және «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған. 5 үл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген.
Ахметов Рашит
1920 жылы туылған. 1940 жылы әскерге шақырылған. Әскерде I қызмет атқарып жүргенде соғыс басталып, Мәскеу маңайындағы Можайскіде жаумен бетпе-бет соғысады. 47-танк полкіндеі пулеметші болды. 1942 жылы жарадар болып, емделеді. Соғысты Ленинградта жарадар болумен аяқтайды. Елге 1942 жылы келіп, көп жылдар тракторшы болып жұмыс істейді. 1980 жылы зейнеткерлікке шығады. 4 үл, 3 қыздан немере сүйіп отыр.
Ибрагимов Абзал
1924 жылы дүниеге келген. Майданға 1942 жылы аттанып, Украина майданында соғысқа қатысқан. Елге 1950 жылы оралып, Кентау қаласындағы «Ачполиметалл» комбинатында жабдықтаушы болып жұмыс істеген.
Бұл күндері Оранғай елді мекенінде ұлы Махмұт, келіні Бахыткүл жөне 4 немересімен бірге тұрады.
Кадиров Махмуд
1924 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы алынған. Елге оралғаннан соң «Қүшата» орта мектебінде тарих пәнінің мүғалімі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.
Бүгінде Бостандық елді мекенінде ұлы Сабыр, келіні Тоты және 4 немересімен бірге тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz