ХХ ғасырдағы ағартушылардың дүниетанымын, шығармаларының өзектілігі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

I тарау. Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниетанымдық мәселелері.

1. 1 Шәкәрімнің рухани дүниетанымы . . . 4

II тарау. ХХ ғ. әдеби сарындағы ағартушылардың философиялық көзқарасы.

2. 1 Мұхтар Әуезовтың философиялық ой тұжырымдары . . . 9

2. 2 М. Дулатов пен С. Торайғыровтың қазақ ағарту ісінде алатын орны мен дүниетаным мәселелері . . . 13

2. 3 А. Байтұрсыновтың әдеби шығармашылығындағы дүниетанымдық көзқарастары . . . 19

Қорытынды . . . 23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 24

Кіріспе

Қазақтың ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушыларының бірсыпырасы елімізде капиталистік қарым-қатынастың өркендеуі нәтижесінде, соның прогресшіл әсерімен оянды. Бірсыпырасы елімізде жалпы демократтық қозғалыстың күшеюі, соғыстар, төңкерістер нәтижесінде, солардың әсерімен оянды.

Алдыңғы топ ақын-жазушылар діни көзқараста болды. Солай бола тұрып адамгершілікті, оянушылықты, ағартушылықты ұран етті. Феодалдық тәртіпке, діни қараңғылыққа, надандыққа, ескі оқуға - хадимге қарсы шықты. Аты оқуды, халықты әйтеуір оқытуды, оятуды арман етті. Жаңа оқуды - жәдитті жақтады, ел арасына жайды. Замандағы жақсыны, жаңаны жақтады, солар үшін күресті, еңбек етті. Нағыз мағынасында гуманист, ағартушы болды.

Бірақ олар кейінгі, жаңа жағдай: Жалпы демократиялық қозғалыстар, соғыстар, төңкерістер дәуірі дәрежесіне көтеріле алмады. Бұл дәуірде олар тоқырап қалды. «Олардың кейбіреуі бірді-екілі шығармаларында уайымшылдық, либералдық үн байқатты. Екінші топ ақын-жазушылар әлеумет қайраткері, ақын жазушы ретінде 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық демократтық, асылында халықтық революцияның елімізде сонан кейінгі болған саяси әлеуметік жағдайлардың нәтижесінде келді. Осыдан бұл ақын-жазушылар шығармаларында қазақ арасындағы барлық ескілік қалдығын, дінді, теңсіздікті, патша үкіметінің отаршылыдық саясатын, бектік-феодалдық, капиталистік қанауды сынады; халықты оятуға, саяси мәдени, шаруашылық жақтан жетілуге, еңбек өнеркәсіпке, өнер ғылым үйренуге, отаршылдыққа, қала болуға үгіттеді; халықтың бостандығын, теңдігін, бақытты өмірін, әйелдің бас бостандығын, теңдігін аңсады және сол жолда қызмет етті»[1] .

Жалпы алғанда, олар төңкерістер дәуіріндегі көптеген шығармаларында заман қазақ халқының сол замандағы әлеуметтік өмірі алдарына көлденең тартқан күрделі мәселелерді қозғады, жырлады. Оларды еңбекші бұқараның мүддесі тұрғысынан сөз қылды; еңбекші бұқараның үміт - арманы, ой қиялын жырлады.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты - ХХ ғасырдағы ағартушылардың дүниетанымын, шығармаларының өзектілігін түсіндіру, және қазіргі заманда олардың алатын орнын айқындап көрсете білу және саралау.

ХХ ғасырдың ағартушылары Шәкәрім Құдайбердіұлы, М. Әуезов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді ойышлдарымыздың шығармаларындағы өзекті мәселе қазақтардың білім алуы мен халықтың әлеуметтік жағадайына келіп тірелген. Өйткені, олар қазақтардың білімсіздігі, әл-ауқатының жоқ болуы, теңсіздіктің жоқтығы, үстем таптың белең алуымен күресуде болды., өкінді. Бұл мәселелерді халыққа өздерінің шумақ өлеңдерімен, жырларымен жеткізуге тырысты.

I тарау. Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниетанымдық мәселелері.

1. 1 Шәкәрімнің рухани дүниетанымы

Қазақ қауымы ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Осы Шәкәрім бабамыздың жаңғырып келе жатқан туындыларын әрі қарай жалғастырып, ол жайында зерттеп ізденіп жатқан жазушыларымыз да аз емес.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) . Оның шығарма- шылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:

«Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

Сол тілге аударылған барлық білім.

Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

Жарқырап қараңғыда туып күнім.

Оятқан мені ерте - шығыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен,

Надандықтың тазартып кетті кірі» [2] .

Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты - туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ - түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңір, нұр, күн, табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

Шәкәрімнің қазақ рухани өміріндегі жаңаша болмысы оның дінге деген көзқарасынан айқын танылады. Әлбетте, Шәкәрім - өз заманының перзенті. Ұғым, наным, түсінік шектеулі шеңберде. Алайда ақын бас ұрған ақиқат, ождан, шын иман, - адаспайтын айқын жол»» - адамдық, кісілік. «Атақ, пайда іздемей, - Ойында мақтан жоқ болса, - Қиянатты көздемей, - Қанағатқа тоқ болса», - пұтқа табынған мәжусидің өзі әулиемен тең. Дүние қуып, пайда іздеген, алдау-арбаумен күн өткізген молда, «сешітте мың жыл отырса» да, бейіштің есігінен сығалай алмақ емес. Ақын ұғымында бар кінә иманын малға айырбастаған молдада ғана жатқан жоқ [3] Бұл күнде алланың аяты да, пайғамбардың хадисі де бұзылған. Бұзған бірді-екілі адам емес, бүкіл қауым. Және дін бұзған, ізгі уағыз, қасиетті кітап жолынан ауған жалғыз Мұхамед үмбеті ғана емес. «Таурат» теріс түсіндіріледі, Зәрдһөштің өсиеті ұмытылған, Будданың ілімі жаңсақ ұғылып, Айсаның айтқандары бұрмаланған.

Бұл күнде дұрыс иман жоқ,

Шатақ дін нәпсі тыйған жоқ,

Ақылы саудың ойына

Алдамшы діндер сыйған жоқ.

Сонда қандай жолды таңдауымыз керек? Ақиқат жолы! [4] - дейді ақын. Бұл - бәріміз құмарланып, бәріміз мұрат тұтатын шын асыл жар, айнымас серік, адастырмас жолбасшы. Ал ақиқатқа жетудің амалы - осы заманғы оқу-өнерді игеру. Жоқтың орнын толтыратын, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды бақытқа бөлейтін - ғылым-білім ғана. Шәкәрім қазақ қоғамындағы кемшіліктерді, қазақ халқының басындағы ауыр халді ең алдымен осы Еуропа өнер-ғылымынан кенде қалу нәтижесі деп есептейді.

Ағасы сияқты Шәкәрім де негізінен өз бетімен оқып, білімдар болған адам. Оның өлеңдерінен алғашқы кездегі философиялық көзқарастарына Абайдың зор ықпал еткені байқалады. Этикалық-эстетикалық ой толғауларында да Абай ықпалының ізі жатыр. Ол тіпті, Абайға ұқсап әкім болсам халқыма көбірек пайдам тиетін шығар деген оймен 25 жасында болыс таболып көрген екен. Алайда халық ағарту ісінде болыстықтың пайдасы тиеді деген үміттің алдамшы екенін тез ұғады. Бұл мақсатқа ғылым мен білімнің тезірек жеткізетінін пайымдайды.

Шәкәрімнің «Үш анық» деген атпен 1991 жылы жарық көрген еңбегі 28 жыл бойы жүргізген философиялық зерттеу жұмысының нәтижесі екен. Бұл еңбегі арқылы Шәкәрімнің философиялық дүиетанымы ұзақ эволюциялық дамудан соң, аңғал материалистік сарыннан діни-идеалистік бағытқа ойысқанын көреміз. Бұл орайда, көзге ұрып тұрған нәрсе Шәкәрімнің Шоқан, Абайларға қарағанда философия тарихын түбегейлі зерттеп, кәсіпқой философ дәрежесіне көтерілгенін және де өзінің ақиқат туралы діни-идеалистік көзқарасына саналы түрде келгенін пайымдаймыз.

Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі. Әль-Фараби мен Қ. А. Ясауи, Абай мен Мағжан, жалпы шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әсіресе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі - Нұр. Оған адамның жәй ақылы жетпейді, оны аңғарту, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (пәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқанда бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. «Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бат болса, тұрған денесі орын алуға жарамаған соң, денеден шыққанда бір жола жо, алып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді». Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол жаңа замандағы қазақ кәсіби философиясының алғашқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм және идеализм тәрізді екі анық пен Шәкәрім шектелмейді, өз жолы - үшінші анықты ұсынады:

« Еңбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, қайнар өмір

Ар ілімі оқылса» [5] .

Яғни, басты мәселе - ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі - ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғарылауына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ождан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянатқылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса, нанбай, ождан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек[6] .

Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ождан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін еш бір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ождан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе, жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы - ождан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегеніміз осы».

Жалпы, Шәкәрім қай салада жазылған кітаптарды оқымасын, ол адам және әлем сырын білмекке ұмтылған. Жан не? Дін не? Барша ғалам қалай жаралған? Міне осы сұрақтарға жауап іздеген. Және соның бәрін ол «ноқтасыз оймен тексердім» дейді. Осы оймен Меккеге барғанын да айтады. Шәкәрімнің дінмен жұлдызы жараса бермегенін дәл осы арада айта кетуіміз керек. Рас, құдайға сенген. Бірақ «талай дінді тексердім, ешбірі миға сиған жоқ» дейтін де Шәкәрім. Тегінде тереңірек ой жіберіп қарайтын болсақ, ақынның дүниеге көзқарасы жағынан деизмге ойысатындай. Өйткені, «әлемде жоғалған ешбір зат жоқ, өзгеріп түрленеді ойла, шырақ», - деп ешбір қосу - алусыз ой қозғайтын да Шәкәрім ғой.

«Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз» - деген Абай қағидасын берік ұстаған Шәкәрім, діннің соқыр сенімін мансұқ етіп, дін иелерінің азғындығын әшкерелейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да тлғаусыз табына бермейді, өз ақылына жүгініп, сыншыл ой көзімен қарап оқиды.

Философ сөзін оқыдым,

Талайын ойға тоқыдым.

Кітабын да көргемін

Әулие мен сопының,

Бәрін де сынға салғанмын.

Керектісін алғанмын . . . -[2] дейді.

Шәкәрім Меккеге барғанда, Шариғаттың мұсылмандарға міндет еткен бес парызының бірі - қажылық борышын өтеп және «қажы» деген оймен бармаған.

Анығы «Шәкәрім тіршілік, тағдыр туралы сауалдарына жауап іздейді. Оқу іздеу аймағын кеңейте түседі. Дін тану емес, ел тану, жер көру мақсатында қажыға барып қайтады.

Бұл сапар оның ой өрісін кеңейтеді, ақын қазақ халқы дін қуған мұсылманшылдық жолы емес, ғылым-білім қуған Еуропа халықтарының жолын таңдауы керек деген ойға беки түседі.

Негізігі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай кітапханалары бар Париж, Стамбул қалалары болған. Әдейілеп іздеп барғанда, ақын өзіне керегін сол қалалардан тапқан.

Шәкәрім дін мәселесіне айтылған, фанатик емес, ол схоластик, дінді тіпті мойындамаған, діни соқыр сезімнен мүлдем аулақ, сыншыл еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда «ноқтасыз ойдың», «сау ақылдың» адамы».

Ақылмен таппай иман жоқ,

Ойлаудан ақыл тиған жоқ.

Талайдан дінді тексердім,

Ешбірі ойға сиған жоқ, - дейді ақын[2] .

Шәкәрім патриархалдық пен кертартпалыққа қарсы күресте орыс мәдениетінен шабыт пен күш-қуат алды, өзге халықтардың мәдениеті мен тарихына аса зор құрметпен қараған. Бұл оның өміртанымындағы өзгеше бір сипат еді.

Мен ұлтшыл емеспін,

Жақыным мынау демеспін, -

деп тұжырымдайды ол бұл жөніндегі өз ұғымын. Ол бұл арада адамдар арасындағы шынайы қарама-қатынастан бастау алатын халықтар достығы мен туыстығы идеясы тұрғысынан әбден нақты ой-толғам жасаған. Сондықтан да оның жан-жүрегімен айтқан сөздері біздің бүгінгі күнімізбен толық үндесіп жатқандай.

Ақынның осы ғасырдың басында-ақ бүкіл адамзат қамын ойлап, жер бетінде бейбітшілік сақтау керектігі туралы жыр толғағын тиісінше бағалаған жөн. Ол өзінің «Адам туралы» деген философиялық өлеңінде адамдар бойында ар-ұят сезімін шақырады[7] .

«Қару-әскер тас-таудың жөні келмес,

Неге десең біріне - бірі сенбес,

Тәмәм адам періште болмай тұрып,

«Ал түзелуші» дегенге ешкім көнбес» [5] .

Рас, Шәкәрімнің дүниеге нанымы күшті болған. Дүниедегі кемшіліктің көбі діннің бұзылуынан деп ұққан. Бірақ бұл тарапта белсенді үгіт-насихат жүргізбеген, ол ешқашан дінге берілген фанатик, өмір-қуаныш рахатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын скептик, көзқарасымен өмір бағытында реакционер болған емес. Оның көптеген шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниге көзқарасында Шәкәрім көбіне реакционизмге, деизмге бейім. Ол өз дәуірін нәзік сезінген, қоғамдық санада тынымсыз ізденісте болып, рухани өмірге құлшына араласып, төл философиямызға елеулі із қалдырған Шоқан, Ыбырай сияқты ірі тұлғалардың орнықтырған дәстүрі мен рухани мұраларын, философиялық ойларын әрі қарай өнімді жалғастырушы ірі ақын, философ, әрі өз заманының, қазақ халқының адал перзенті, қазақ кәсіби философиясының негізін салушы.

Сонымен, тұжырымдап айтарымыз, Шәкәрімнің философиялық, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық ойлары XIXғ. аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы осы бір күрделі кезеңнің барлық күшті және нашар жақтарын бейнелеген көрсеткіші және сол кездегі мәдениеттің жалпы дүниежүзілік мәдениеттің синтезі болып табылады.

Шәкәрім шын мәніндегі өзінің ұстазы Абайдың дүниеге деген көзқарастарын, ойларын, жалпы дүниетанымын алға апарушы болды. Шәкәрім көп мәселелер тұрғысында теология мен мистика шеңберінен шыға алмағанымен өміршең философиялық ойды ағартушылық бағытта ары қарай дамытқан нағыз қазақ ойшылы болды.

Шәкәрімнің ойлары, ілімі сол кездегі кең таралған діни догмаға қарсы күресте үлкен соққы болып тиді.

Шәкәрім өмір бойы ақылдың туын жоғары көтеріп өтті. Рационалды әдісті (адамның танымдық қасиеттеріне негізделген) жақтады. Ғылыми ойды діннің әсерінен босатуға, қорғауға, философиялық мәсілелерді теологиядан бөліп алуға, философия мен жаратылыстану арасында тығыз байланыс орнатуға тырысты. Ол бүкіл адамзат қауымы жете алатын бақытқа барар жолмен тәсілдерін іздестірді[6] .

Олай болса, Шәкәрім шығармашылығы әсіресе этикалық, эстетикалық философиялық ойлары Қазақстандағы қоғамдық, кәсіби философиялық ойдың дамуына, оның қалыптасуына зор үлес қосты деп айта аламыз.

Шәкәрім қалыптастырған төл кәсіби философия дәстүрі Шәкәрімнен кейін де жалғаса түсіп, өз үндестігін тауып отыр. Оның ізбасарлары, яғни Қазақстан философтарының биік кәсіби ғылыми дәрежедегі жоғарыдан көрініп, ұлттық философиямыздың дәстүрлі ерекшелігін сақтай отырып әрі қарай дамуына үлкен зерделі ізденістер жасау әрекетінде. Бұл бастама өз қолдауын табады деген ойдамын.

II тарау. XX ғ. әдеби сарындағы ағартушылардың философиялық көзқарасы.

2. 1 Мұхтар Әуезовтың философиялық ой тұжырымдары

М. Әуезов - қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салалрында жарқырап жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. Олар тұтас алғанда бүкіл әлемдік мәдениетке күшті ықпал жасайды. Қайта өрлеу дәуірінің биік міндеттері оларды әрі қоғам қайраткері, әрі жазушысы, әрі ғалымы, әрі ұстазы болуға ұмтылдырды. М. Әуезов - тұңғыш кәсіпқой драматург, театрдың тұңғыш режиссері, әрі ұйымдастырушысы, ол тұңғыш жырналистер мен прозашылар санында тұңғыш әдебиеттанушы, Абайтанушы, Республика Ғылым Академиясының толық мүшесі болған тұңғыш жазушы.

Академик Әлкей Марғұланның деректеріне қарағанда М. Әуезовтың қауым алдында, әдебиет жүзінде көрініс бастауы 1917 жылы басталды. Әсіресе, оның атын көпшілікке әйгілі еткен сол кездегі «Абай журналы» болды. Журнал ұйымдастырушысының бірі де оның негізгі мақалаларын жазған М. Әуезовтың өзі. Журналдың әр санында шыққан М. Әуезов мақалаларының «Ғылым», «Ғылым тілі», «Қазақ ішіндегі партия неден?», «Мәдениетке қай кәсіп жуық?», «Мәдениет және ұлт», «Философия жайында» т. б. болып аталуының өзі-ақ осы тұстағы жас Мұхтардың терең таным-талғамынан біраз мағлұмат беріп тұрғандай.

М. Әуезовтың біздің көзімізге түскен ең бірінші шығармасы «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласы 1917 жылы Ташкентте шығатын «Алаш» газетінің 30 наурызындағы 16 санында жарияланған. Ал келесі «Адамшылық негізі - әйел», «Қасысын қолданамыз?» деген мақалалары осы жылдардағы Семейде шығып тұрған Сарыарқа газетінің 5 қыркүйек, 19 қазандағы сандарында басылған. Ол бұл мақалаларында үлкен әлеуметтік мәні бар, сол кездегі қоғам өмірінің қазақ тұрмысының көкейтесті мәселелерін көтеріп, соларды ғылыми тұрғыдан шешуге талпынған. Айталық, «Қазақтың өзгеше мінездер» атты мақаласында автор халық тұрмысының өсу, даму жағдайларын қозғап, парақорлық, партия, әділетсіз билік, әйелдің жолы жіңішке деген сияқты түрлі кемшіліктерді сынап, сол кемшіліктерден құтылудың жолын іздестіреді, жұртшылықты соған шақырады[8] .

Сол заман тұрғысынан қарағанда жас Мұхтардың мәдениет мәселесі төңірегіндегі пікірлері де өте құнды. «Мәдениет - деп адамның дүниеге алғаш келгенінен осы күнге шейін тапқан білімді, һәм сол білімге сүйеніп істеп отырған өнерін айтамыз» деп жазды ол өзінің «Мәдениет және ұлт» деген еңбегінде. Әрі қарай ұлттың гүлденіп дамуы, оның өсіп-өрбуі мәдениет, ғылым дәрежесіне тікелей байланысты, өйткені, «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр» [9] дейді.

М. Әуезовтің түсінуінше, ұлттың даму, оның жалпы мәдени өркендеуі өскен ортаға, тұрмыс-тіршілігіне, ұстанған жолдарына тікелей байланысты және мемлекет ұстанған экономикалық, әлеуметтік саясат осы мәселелерді шешудің негізгі тұтқасы болып табылады.

М. Әуезовтің «Абай» журналының екі санында жарияланған, жұртшылыққа Жапонияның екі ғасырлық даму жолынан нақтылы - тарихи мәліметтер беретін келесі бір мақаласы «Жапонияны» кең көлемде жазылған әлеуметтік бағыттағы очерк десе де болғандай. Мақалада сол кездегі Азиялық мемлекеттердің ішінде нарықтық дамудың біркелкі жоғары сатысынан орын алған Жапонияның саяси, әлеуметтік - экономикалық және мәдени-рухани өсу жолдары тарихи тұрғыдан талданады. Оның кемшіліктерін ашық сынап, жетістігін үлгі етіп сынады. Мәселен, ол бұрынғы Жапон патшалықтарының батыл саяси өзгеріс жасаудағы жасқаншақтығын, жаңалықты тез қабылдауға деген енжарлық сияқты осал жақтарын сынай келіп, олардың жеме-жемге келгенде «Өз халқының жетілуіне зияндары тигенін, оны тежегенін» тілге тиек етеді. Айлалы, азулы жауға өзінің ұстап келген қаруларындай қару ұстап, өзінің сүйенген тәртібіндей тәртіпке сүйенбесе басқа лаж болмайтынын да ескертеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
XVIII ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы Сыр өңірі ишандары мен пірлері және олардың ағартушылық қызметі
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Екатерина ІІ-нің жеке тұлғалық ерекшелігі
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
XX-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялылары
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
Қазақ ағартушылығы Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс жолындағы мықты қозғалыс беруші күші
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Қазақ гуманитаристикасы және ұлт тарихын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz