Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Жайлыбаев Жандос Көбейұлы
Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы - Құқықтану - 5В030100 (050301)
Алматы 2012
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Д. А. Қонаев атындағы университеті
«Қорғауға жіберілді»
Қылмыстық құқық криминалистика
және құқық қорғау қызметі
кафедра меңгерушісі
з. ғ. д. проф. Б. А. Абдрахманов
«» 2012 ж.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау»
Мамандығы - Құқықтану - 5В030100 (050301)
Орындаған: Жайлыбаев Ж. К. Қолы, күні, айы, жылы
Ғылыми жетекшісі Қарагубенов К. Д.
м. ғ. к., проф Қолы, күні, айы, жылы
Нормоконтроль Торғауытова Б. А.
з. ғ. к. Қолы, күні, айы, жылы
Алматы 2012
Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
Заң факультеті
Мамандығы - Құқықтану - 5В030100 (050301)
Қылмыстық құқық, криминалистика және қылмыстық
құқық қызметі кафедрасы
Диплом жұмысын орындау үшін
ТАПСЫРМА
студентке
Жұмыстың тақырыбы:
2011ж. «14» қазан №103 жоғары оқу орнының бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі: 20 сәуір 2012ж.
Жұмыстың жобасына берілген негізгі мәліметтер немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны
Диплом жұмысының және диплом жобасын жетілдіруге қатысты сұрақтардың қысқаша мазмұны:
а)
ә)
б)
Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
Диплом жобасы бойынша берілетін кеңес
Орындау
мерзімі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ
КЕСТЕСІ
Тараулардың атауы,
өндірілетін сұрақтардың тізімі
Ғылыми
жетекшіге ұсыну
мерзімдері
Тапсырма берілген күн: 20 қазан 2011ж.
Кафедра меңгерушісі Терликбаев К. Т.
қолы
Жобаның жетекшісі Қарагубенов К. Д.
қолы
Тапсырманы орындауға
қабылдаған студент Ж. Жайлыбаев
қолы
Күні: 20 қазан 2011 ж.
Д. А. Қонаев атындағы Университетінің «Заңтану» мамандығының
Сырттай оқу бөлімінің 4 курс студенті Ж. Жайлыбаевтың
«Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау»
тақырыбы бойынша дипломдық жұмысына
Пікір
Адам өз құқықтарын жүзеге асырғанда өзінің қоғам алдындағы міндеттерін естен шығармағаны жөн. Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (сот, прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) болып табылады. Бұл мемлекеттік органдардың қызметтері бір бірімен өзара байланысты болғанымен, олардың іс жүргізу кезіндегі өкілеттіктері бірдей емес. Мәселен, алдын ала тергеу органы бұрын болған қылмыстың мән-жайларын толық ашып, айыпталушыны қылмыстық жауапқа тартатын болса да, оның кінәлілігі жөнінде мәселені шешпейді. Осыған байланысты алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң тергеуші қылмыстық істің материалдарын заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жібереді. Прокурор алдын ала тергеу заңды түрде және толық жүргізілген деп санайтын болса, онда ол бұл қылмыстық істі тиісті соттың қарауына береді.
Адамды айыптаушы ретінде жауапқа тарту алдын -ала тергеп тексеру сатысында орталық әрекет болып табылады, өйткені бұл кезеңде бастапқы ресми айыптау қалыптасып, тағылады, яғни нақты адам - тең іс жүргізу құқытары бар айыпталушы пайда болады.
Дипломдық жұмыста ғылыми зерттеу негізінде және ғалымдардың әр түрлі көзқарастарымен ҚР ҚІЖК-нің жеке құқықтық нормаларын салыстыруда қылмыстық процестің жеке сатыларының түсінігі, мазмұны және қызметі - сот талқылауын тағайындау және оның маңызы; басты сот талқылау сатысының мәні және оны жүргізудің жалпы шарттары анықталады.
Сол себепті Ғ. Доскинаның таңдаған тақырыбы аса өзекті мәселеге арналған.
Дипломдық жұмыс жоғарғы деңгейде орындалып, Ж. Жайлыбаевтың дипломдық жұмысында көптеген тәжірибелік материалды қолданғандықтан дипломдық жұмыс оң бағаға лайық деп есептеймін.
Ғылыми жетекші, Қылмыстық құқық,
криминалистика және құқық қорғау қызметі
кафедрасының профессоры м. ғ. к Қарагубенов К. Д.
Д. А. Қонаев атындағы Университетінің «Заңтану» мамандығының
Сырттай оқу бөлімінің 4 курс студенті Ж. Жайлыбаевтың
«Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарау»
тақырыбы бойынша дипломдық жұмысына
Сын пікір
Заңда адамның кінәлілігі шүбәсіз дәлелденген жағдайда айып тағу талабы жазылған болса, терген тексеру органдары өте қиын жағдайда тап болар еді. Олар бұдан кейін негіз болса да бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі болмағандықтан, көптеген істер бойынша тергеп тексерудің соңында айып тағуға мәжбүр болар еді, өйткені жалпы ереже бойынша бұлтартпау шарасы тек айыпталушыға ерекше жағдайларда сезікті адамға ғана қолданылады.
Мұндай жағдайды болдырмау үшін, бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы лауазымды тұлғаларда бұл жөнінде терең білім болуы қажет, өз кезегінде заң мәжбүрлеу шараларын қолданғанда арнаулы процессуалдық кепілдіктерді көрсетеді. Яғни Ж. Жайлыбаевтың жұмысы аса өзекті тақырыпқа арналған.
Дегенмен де бұл жұмыстың кемшіліктері жоқ емес, олар төмендегідей:
- Дипломдық жұмыс орындаушы, жұмысты жазу барысында тәжірибелік материалдарды аз қолданған.
- Дипломдық жұмыста айыпталушыға қолданылатын бұлтартпау шаралары толық қарастырылмаған.
Бірақ, жоғарыда көрсетілген сын ескертпелер жұмыстың құндылығын төмендетпейді және дипломдық жұмыс жоғарғы бағаға лайық деп есептеймін.
Заместитель начальника
ОРППЛЕУ ДВД
г. Алматы капитан полковник Мусабаев И. М.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1 СОТТЫЛЫҚ ЖАЙЫ. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖӘНЕ СОТ ОТЫРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТЕР
- Қылмыстық істердің соттылығы . . . 10
- Басты сот талқылауын тағайындау сатысының түсінігі, атқаратын қызметі және процессуалдық тәртібі . . . 14
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНДА ҚАРАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Басты сот талқылауының мәні мен мағынасы және тәртібі . . . 26
2. 2 Басты сот талқылауының дайындық бөлімі және оның істі дұрыс шешудегі маңыздылығы . . . 31
2. 3 Соттың дәлелдемедерді зерттеуі. Дәлелдемелерді зерттеуді шектеу, сот тергеуінің аяқталуы . . . 40
2. 4 Қылмыстық процеске қатысушылардың дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесін шығаруы және басты сот талқылауының аяқталуы . . . 56
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ТӘРТІПТЕ ҚАРАУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ПРОЦЕСІНІҢ ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫНЫҢ ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙЫНЫҢ БІРІ
3. 1 Қылмыстық істі қысқартылған тәртіпке қарау мәселелері . . . 73
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 80
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда шешімін толықтай таппай, соның салдарынан біраз түсініспеушіліктің, заңсыздықтың туындауына әкеліп отырған мәселелердің бірі - қылмыстық істердің сотта қаралуы, оның тәртібі. Тақырыпты таңдауымыздың себебі - бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істің қаралу жағдайын көрсету.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы, мемлекетіміз өз алдына даму бағытын ұстанып, жаңа құқықтық реформаны қалыптастыра бастады.
Құқықтық реформаны жүргізу барысында және ұлттық заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкестендіруді жүргізу барысында құқықтың барлық салаларына байланысты заңдар қабылданды, нақтырақ айтсақ: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу кодекстері, сонымен қатар, қоғамның әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық-саяси өмірін құқықтық реттеуге бағытталған басқа да көптеген құқықтық нормативтік актілер.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы әділеттілік тек әділ сот арқылы ғана жүзеге асады. Әділетті сотқа жіберу мемлекеттік істің негізгі формасы болып табылады. Сот тек қана азаматтардың құқықтық қорғанысын және мемлекетті ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар қоғамдағы демократияны (cөз бостандыңы), сот және заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін, заң негізінде әрекет етеді. Соттың үкімінсіз немесе заңсыз ешкім де біздің мемлекеттік конституциямызда қылмыстық жазаға тартылып, негізсіз айыпталмауға тиіс.
Алға қойылған міндеттерді бұлжытпай орындау үшін қабылданған заңдар мен сот органдарының заңдары қолданудағы, сот тәжірибесінде қолданылатын қылмыстық іс жүргізу нормаларының арасындағы кемшіліктер мен олқылықтарды, құқық бұзушылықтарды болдырмау қажет.
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің даму тұжырымдамасында елімізде жүзеге асырылатын сот жүйесінің даму кезеңдері, қазіргі сот жүйесінің жай- күйі, сот құрылысын одан әрі жетілдіру қажеттілігі сотта іс жүргізу, олардың қызметін үйлестіру, ұйымдастыруға аса ерекше мән берілген.
Осыған орай, қазіргі уақытта, азаматтардың сот әділдігіне толық сенім білдірулері артуда. Сол ісін жүргізуде туындайтын қарама-қайшылықтар мен кемшіліктерді жою аса маңызды және ол біздің заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы қылмыстық іс жүргізу нормаларын жан-жақты талдау арқылы қылмыстық істердің бірінші сатыдағы аудандық және оған теңестірілген соттарда қаралу тәртібінің құқықтық реттелуінің кемшіліктерін анықтау.
Дипломдық жұмыста ғылыми зерттеу негізінде және ғалымдардың әр түрлі көзқарастарымен ҚР ҚІЖК-нің жеке құқықтық нормаларын салыстыруда қылмыстық процестің жеке сатыларының түсінігі, мазмұны және қызметі - сот талқылауын тағайындау және оның маңызы; басты сот талқылау сатысының мәні және оны жүргізудің жалпы шарттары анықталады.
Сонымен қатар жұмыста басты сот талқылауын тағайындауға қылмыстық іс жүргізу заңының кедергі келтіретін ережелері айқындалады және қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте қарау мәселелері қарастырылады.
Тақырыптың зерттеу дәрежесі. Заң әдебиеттерінде сот мәжілісіне қатысты мәселелер Н. С. Алексеев, Л. Е. Ароцкер, Б. Я Арсеньев, Р. С. Белькин, А. Д. Бойков, А. С. Кобликов, В. М. Савицский, В. Л. Случаевский, М. С. Строгович, В. Т. Томин, И. Я. Фойницский, А. Л. Цыпкин, М. А. Чельцова-Бебутов, Г. А. Воробьев, Х. Ц. Рустамов, Р. Д. Рахунов, И. Л. Петрухин, П. А. Лупинская, Н. В. Радутная сияқты заңгер ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Кеңес дәуірінде сот талқылауы тақырыбы (1985. ж) Г. И. Загорскийдің судьяларға арналған оқу әдістмелік пособиесінде қарастырылған. Кеңестік қылмыстық процестегі сот тергеуі мәселелері (1955. ж), сот талқылауына дайындық бөлімі (1956. ж), сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі (1957. ж) туралы И. Д. Перлованың бірқатар еңбектері қазіргі заманның заң әдебиеттерінің бағалы қайнар көзі болып табылады.
Сонымен қатар, конституциялық заңдылықтың сақталуы мен сот билігі туралы мәселелерді кешенді зерттеуде қазақстандық докторлық (Т. К. Айтмухамбетов, К. А. Мами, К. Х. Халиков) кандидаттық (К. К. Абдымомунов, Л. Ш. Берсугурова, Н. А. Ережепов, А. А. Касимов, А. С. Нуралиева, Г. Ж. Сулейменова, Ш. М. Шарипов), диссертациялар, монографиялар мен ғылыми мақалаларда (А. Ф. Аубакиров, А. Н. Ахпанов, Б. Ж. Абраимов, К. А. Бегалиев, Е. О. Алауханов, С. Ф. Бычкова, Л. Я. Гинзбург, Е. Г. Жакишев, С. З. Зиманов, А. А. Исаев, М. Ч. Когамов, С. Е. Еркенов, Ю. Д. Лившиц, М. С. Нарикбаев, Б. М. Нургалиев, Н. И. Рогов, Г. Сапаргалиев, Б. Х. Толеубекова, Р. М. Жамиева, С. Т. Тынбеков, Д. С. Чукмаитов) жұмыстарында талқыланған. Осы аталған және басқа да авторлардың еңбектерінің ғылыми және практикалық маңызы зор.
Зерттеу объектісі. Бірінші сатыдағы аудандық және оған теңестірілген соттарда қылмыстық істі қарау тәртібі.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты болып, Қазақстан Республикасындағы бірінші сатыдағы аудандық және оған теңестірілген соттарда қылмыстық істерді қарауда құқықтық тәртіпті сақтауға, қылмыстық талқылауын жүргізуде туындайтын қиыншылықтар мен жеңілдіктер мәселелеріне байланысты ғылыми негізделген ұсыныстар енгізу.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:
- Қылмыстық істің соттылығын анықтау;
- Басты сот талқылауында тағайындау сатысының мәнін, мағынасын және функциясын анықтау, оның түрлерінің процессуалдық тәртібінің маңыздылығын ашу;
- Басты сот талқылауы сатысының мәні мен оның мағынасын анықтау;
- Басты сот талқылауының дайындық бөлімі және оның істі дұрыс шешудегі маңыздылығын анықтау;
- Дәлелдемелерді зерттеуді жоспарлауда және қылмыстық іс материалдарын зерттеуде ұсыныстар жасау, жеке тергеу әрекеті өндірісінің ерекшеліктерін зерттеу;
- Сот жарыссөзінің мәнін анықтау және оның мазмұнын қалыптастыру, сотталуышының соңғы сөзінде оның құқықтарын қорғау мақсатында проуцессуалдық кепілдіктерін анықтау;
- Сот талқылауының қысқартылған тәртіпте жүргізілуінің тәртібі мен шартын анықтау;
Зерттеудің пәні. Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып қылмыстық істер бойынша бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; басты сот талқылауы сатысының теориялық және практикалық аспектісі; айыптау және қорғау тарабының ұсынған дәлелдемелерінің зерттеу мәселелері; сот талқылауының қысқартылған тәртіпте жүргізілуінің қиындықтары мен жеңілдіктері; ; сот жарыссөзінің түсінігі мен мазмұны, сотталушының соңғы сөзі және іс бойынша нәтиже шығару.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Қазақстан Республикасындағы бірінші сатыда аудандық және оған теңестірілген сотта қылмыстық істі қарау, оның оның ішінде қылмыстық істі алдын ала тыңдау, басты сот талқылау сатысына қатысты қылмыстық іс - жүргізудің құқықтық реттелуін кешенді зерттеуге негіз болады.
Жұмыстың ғылыми - тәжірибелік құндылығы: бірқатар ғылыми зерттеулер, әдебиеттер, заңгер ғалымдардың еңбектері бар. Олардың қазіргі таңда теориялық және тәжірибелік қажеттілігімен ерекшеленеді. Атап айтсақ, сот тәжірибесіне қаралған қылмыстық істі қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүргізілгендігін, жүргізілу ерекшеліктерін, тәртібін ашып көрсету. Жалпылама теория мен практиканың өзара байланысын арттыру. Осыған байланысты республикамыздың жоғару оқу орындарында қылмыстық істер жүргізу құқығы пәні бойынша дәріс және семинар сабақтарын жүргізуде. Профессорлық - оқытушы құрам мәліметтік және әдістемелік материалдар ретінде қолдана алады.
Зерттеудің әдістемелері мен әдістері. Дипломдық жұмыстың негізі бірінші сатыдағы аудандық және оған теңестірілген сотта істі қарау тәртібінің ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беріліп, оған теориялық тұрғыдан зерттеу қажеттілігіне бағытталған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында автор зерттеулердің жеке - ғылыми әдістерін: талдау мен синтез әдістерін, тарихи, жүйелі - құрылымдық және жүйелі - функционалдық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және өзге де 22актілерді қолдану тәжірибесін зерделеуде салыстырмалы - құқықтық әдіс қолданылды.
Жұмыстық теориялық негізін отандық және ресейлік заңгерлердің еңбектері құрайды. Жұмыс тақырыбының құқықтық сипаты бойынша бірінші сатыда аудандық және оған теңестірілген соттарда істерді қарау тәртібінебайланысты отандық заңи әдебиеттерге негізделген. Бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарауды қылмыстық іс жүргізушілік құқықтық тұрғыда зерттеуде автор мемлекеттік заңдарға, оқулықтар, монографиялар және доктринаға сүйенеді.
1 СОТТЫЛЫҚ ЖАЙЫ. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖӘНЕ СОТ ОТЫРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТЕР
1. 1Қылмыстық істердің соттылығы
Аудандық және оған теңестірілген сот бірінші сатыдағы соттар ретінде іс-қимыл жасайды.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестіріген соттың соттауына жатады.
Бұрынғы одақта да, қазіргі Қазақстан Республикасында да сот органдарының жүйесін мемлекетіміздің Негізгі заңы анықтайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы сот билігі заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республикасының жергілікті және басқада соттарына берілген. Қандай да бір атаумен арналуы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот әділдігін анықтайтын сот органдарының жүйес мынадай: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты; облыстық және оған теңестірілген соттар; аудандық және оған теңестірілген соттар.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады [1б. ] . заңға сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды.
Қылмыстық істер жөніндегі сот әділдігі азаматтардың нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, нанымына байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (Конституция 14-бап) . Соттардың барлығы сот әділдігін жүзеге асырауда 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап заңды күшіне енген Қылмыстық іс жүргізу кодексін (ҚІЖК) қолданады, соның баптарын басшылыққа ла отырып, қылмыстық іс бойынша заңда көрсетілген міндеттерді орындайды.
Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де қандай қылмыстық іс қай соттың соттауына жататындығы көрстетілген. Мысалы, 290-бапта аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын, 291-1-бапта кәмелетке толмағандардың істері жөнідегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына жатқызылатын қылмыстық істер, 291-бапта облыстық және оған теңестірілген соттың қарауына жататын қылмыстық істер, 292-бапта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттауына жататын қылмыстық істер, 293-бапта қылмыстық істердің әскери соттардың қаралуына жатуы көрсетілген. Сонымен қатар заңда істі бір соттан екінші сотқа беру тәртібі анықталған [2б. ] .
Қылмыстық істерді қарауда сот мемлекеттік органдардан, мекеме мен ұйымдардан, лауазымды адамдардан, азаматтардан заңды қатал сақтауларын талап етеді. Сонымен бірге соттың өзі заң қолдануда, онда көрсетілген тәртіпті дұрыс орындап үлгі көрсетуі қажет.
Сонымен қылмыстық істердің соттылығын және қай сотта қаралуға жататындығын анықтайтын құқықтық нормалар заңнын қатал сақталуын қамтамасыз етеді, сол заңда көрсетілген тәртіп бойынша жұмыс жасап, заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ететін құрал болып саналады; бұл қылмыспен ойдағыдай күресуді қамтамасыз ететін құрал, қылмыспен күресудің саны мен сапасын нығайту құралы болып саналады. Мысалы, ауыр қылмыстар - қасақана адам өлтіру, геноцид, мемлекетке опасыздық тағыда басқа қылмыстар облыстық және оған теңестірілген сотта қаралады.
Егер іс қылмыс болған жердің ауданның сотына қаралатын болса, сол жерде тұратын азаматтар ашық сот мәжілісіне қатысуға құқылы және де сот істі қалай қарап жатыр, қылмысқа, қылмыскерге қандай баға берді, іс қалай шешілді деген сауалдарға тікелей жауап алады. Мұның өзі қылмыстың алдын алуға, қылмысты болдырмауға себін тигізеді. Сот мәжілісі залында отырған азаматтарға, солар арқылы басқаларға заңды қатал сақтау әрбір адамның міндеті деп көрсетіп, оларға тәрбиелік әсер етеді.
Жекелеген жағдайларда, істі мейлінше тез, жан-жақты және объективті қарау мақсатында ол тараптардың өтініші немесе келісімі бойынша бір соттан сол деңгейдегі басқа соттың қарауына берілуі мүмкін. Бұл ретте істі беруге оның сот отырысында қаралуына дейін ғана жол беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz