Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру

  1. Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік жедел жаңаруында Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы бағытына сәйкес әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тәрбиенің шешуші факторы болуы заңдылық.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (1999 ж., 2007 ж. ) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыратын қазіргі балалар үйі - толық мемлекеттің қарамағындағы ұйым. Балалар үйінде негізінен жетім балалар, жалғызбасты аналардың баласы, жағдайы төмен отбасы балалары немесе денсаулығы нашар, кемтар балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетіні айтылса, «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы №1738 қаулысының жалпы бөлімінде: «Мемлекет сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды олардың білім алу кезінде ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету: тұруды, тамақтандыруды, киім-кешектерді, медициналық көмектер алуын, оқулықтармен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтиды» деп көрсетілген.

Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани байлығы дамыған, ғылым мен практика жетістіктерінен хабары бар ертеңгі азаматты тәрбиелеу - балалар үйінің және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері екені баршаға аян. Бұл жөнінде «Балалар үйінің жарғысының» 21-ші тармағында: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар үйі тәрбиеленушілері өмірінің және денсаулығының сақталуын, балалар денесінің дұрыс жетілуін, оларда мәдени-гигиеналық дағдылардың болуын, сөйлеу тілінің дұрыс дамуын және балалардың мектепке оқуына әзірлігін қамтамасыз етеді» - деп атап көрсетілген.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан Республикасы бойынша 18 мыңнан астам ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен тастанды балалар тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілердің 80% қазақ балалары. Олардың 4% ғана әртүрлі тағдыр тауқыметтерімен ата-анасынан айырылғандар болса, 96% ата-анасынан тірідей айырылғандар, яғни әлеуметтік жетімдер (әке-шешелерінің ішімдікке салынуынан, өз балаларын перзентханаларға немесе өзге орындарға тастап кетулеріне байланысты сәбилер үйі мен балалар үйлеріне қабылданғандар) . Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 78% - нан астамында физиологиялық, педагогикалық, психологиялық жағынан дамуында ауытқушылықтар байқалады. Оған себеп ата-ана өлімі, отбасының ұрыс-керістері, күнделікті күн тәртібінің балалар үйіне келгенге дейінгі уақытта дұрыс болмауының әсерінен болады. Мұның барлығы балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен жүйелі де, бірізді жылы қарым-қатынасты жағдай жасауды талап етеді. Себебі, аналарының ақ уыз сүтін бір тойып еме алмаған, ананың аяулы алақаны, әкенің жүрек жылуын сезіне алмаған, төңіректеріне тосырқап қарайтын, жандары жабырқау, көкіректері шерменде қаракөз бүлдіршіндердің тағдырын ел болып бір жақты реттейтін уақыт келген сияқты. Тарихқа көз жүгіртсек, бала тағдырын ұлт тағдыры деп қарап, келешек ұрпағының тексіз, түпсіз өсуіне жол бермеген, жесірлерін жерге қаратпаған, жетімдерін жылатпаған елдік дәстүрлер болған. Алайда, бүгінгі қозғап отырған мәселеде Отанымыздың келешек белсенді мүшелері - нәрестелерімізді қорғап, ұлттық тәрбиені ата-баба дәстүрлерінің озық үлгілерін баланың санасына орнықтырып, сәби кезінен бойына сіңіріп, ойына ұялату бүгінгі таңдағы ең басты мәселе ретінде қарастырылады. Сондықтан өмірге келген сәтінен бастап, ұлттық қасиеттерді сәбидің бойына ұялата білсек, сонда ғана біз өз ұлтын сүйетін, рухы дамыған, еліміздің гүлденуіне өз үлесін қоса алатын балалар үйінде нағыз қазақ азаматын тәрбиелеп өсіре аламыз.

Бүгінгі ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, атамекен, ана тіліне сүйіспеншілік, әдеп-иба, қайырымдылық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау мен құрметтеу қасиетін дарыту - олардың өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді, әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз қажет.

Қай заманда болмасын, жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі, үлгі алатыны тарихи жеке тұлғалар екені белгілі. Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари секілді ғұламалар еңбектерінің, кемеңгерлік сөздерінің балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда мәні ерекше.

Ұлттық тәлім-тәрбие арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда қазақ халқының ағартушы ғалымдары Ж. Аймауытов, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, тағы басқалардың еңбектерінің орны ерекше.

Дамыған қоғамдағы тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімділігі, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас өздігінен қалыптаспайтындығын кеңес дәуіріндегі педагогтар П. П. Блонский, Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, К. Д. Ушинский т. б өз зерттеулерінде дәлелдеп берді.

Қазақстандық белгілі психолог-ғалымдар Ә. Алдамұратов, Қ. Б. Жарықбаев, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, А. Темірбеков, Г. А. Урунтаева, Х. Т. Шерьязданова зерттеулерінде оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті мен қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктері туралы құнды ой-пікірлер айтылған.

Ресейлік психолог-ғалымдар Л. С. Выготский, А. Г. Ковалев, А. Н. Леонтьев, К. К. Платонов С. Л. Рубинштейн т. б. жеке тұлғаның психологиялық іс-әрекетінің қалыптасу теориясы мен ұстанымдары туралы ой-пікірлер түйіндеген. Ал, мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық ерекшеліктері туралы белгілі психологтар Е. Е. Кравцова, А. А. Люблинская, В. С. Мухина тұжырымдары зерттеуімізге негіз болды.

Тұлғаны қалыптастыру - өте күрделі үдеріс. Бұл шет ел ғалымдары Х. Дейкер, Г. Н. Нойнер, З. Фрейд, Э. Эриксон еңбектерінде көрініс тауып, теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттелген.

Халық педагогикасы мен қазақтың тәлім-тәрбиесі туралы ежелгі ойшылдардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде жалғасып келеді. Соңғы жылдары арнайы халық педагогикасын ТМД елдер ғалымдарынан зерттегендер Г. Н. Волков (Чувашия), А. Ш. Гашимов (Әзірбайжан), А. Э. Измайлов (Қырғызстан), Е. Н. Ханбиков (Татарстан) және т. б. зерттеулерінің нысанасы ретінде қарастырды.

Халық педагогикасын зерттеуде елеулі үлес қосқан қазақстандық көрнекті ғалымдар З. Әбілова, Ш. Әлібеков, С. Ғаббасов, С. Қалиев, К. Қожахметова, А. Мұхамбаева, Ж. Наурызбай, Н. Сәрсенбаев, К. Сейсенбаев, Р. Сқақова, Ә. Табылдиев, Р. Төлеубекова, С. Ұзақбаева және т. б. еңбектерінде бала тәрбиесіндегі ұлттық тәлім-тәрбиенің маңызы кеңінен қарастырылады.

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойынша тарихи-әдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар А. С. Әмірова, Б. Б. Баймұратова, С. Ғ. Бәтібаева, Ф. Н. Жұмабекова, С. Н. Жиенбаева, Т. Иманбеков, Т. А. Левченко, А. Е. Манкеш, А. К. Меңжанова, М. С. Сәтімбекова, М. Т. Тұрыскелдина және тағы басқа да зерттеушілер мектепке дейінгі кезеңнің алуан түрлі мәселелерін жан-жақты қарастырып, балаларға мен білім беру тәрбиелеу мазмұнын, тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, қағидаларын тұжырымдаған.

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен оқу-тәрбие жүйесіндегі қарым-қатынастар мәселесін зерттеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғалымдары: Т. А. Баласанян, А. А. Виноградова, Е. В. Виноградова, Т. М. Землянухина, А. А. Лобанов, О. Д. Мукаева, Л. И. Рюмшина, Т. И. Тарабарина, С. П. Юняева, А. А. Ярулов өз еңбектерінде балаларды жан-жақты қалыптастырып тәрбиелеу мәселелерін зерттеп, ғылыми-әдістемелік жолдарын ұсынған.

Қазақстандағы арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалардың дамуы мен тарихын Л. Г. Акжаркенова, Ж. И. Намазбаева, А. К. Сатова, М. Ж. Смайловалар арнаулы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда білім беру мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін дамытуға өз үлестерін қосты.

Соңғы жылдары мектепке дейінгі тәрбие беретін балалар үйі саласында бірқатар еңбектер жазылғанымен, оларда тек жан-жақты дамыту және тәрбиелеу әдістері мен мәселелері қарастырылады, тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері туралы мәселе көтерілмейді.

Қоғам мен тұлға бір-бірімен тығыз байланысты. Сол себепті, жеке тұлға өзінің көздеген міндетін іске асыру арқылы қоғамдық мүддені шешеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік құбылыстардың барлығы адамдардың тікелей қатысуы арқылы пайда болады. Бұдан Қазақстан тәуелсіздігінің кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру жолдарының анықталмауы, мектепке дейінгі жастағы балалар үйінде оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнын жаңарту қажеттігі, мемлекеттік тілде дайындалған арнайы балалар үйіне арналған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығы, халық педагогикасы материалдарының жеткіліксіз қолданылатындығы, жеке тұлғаны қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің нақтыланбағандығы мен педагогика ғылымында айтылған мәселенің толықтай жүйелі түрде зерттелмеуі арасындағы қарама-қайшылық анық көрінеді. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу мәселесін айқындап, тақырыпты «Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибе арқылы тексеру.

Зерттеудің нысаны: Балалар үйінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің пәні: Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделсе, олардың психологиялық ерекшеліктері айқындалса, оқыту мен тәрбие берудің мазмұны халық педагогикасы негізінде жаңартылса, тиімді әдіс-тәсілдер жүйеленіп нақтыланса, қазіргі заманға сай бағдарлама және әдістемелік құралдар дайындалып, тәжірибелік байқаудан өткізілсе, онда тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруға болады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Халық педагогикасы арқылы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу.

2. Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау және «тұлға» ұғымының мәнін нақтылау.

3. Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау және моделін жасау.

4. Балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: Халық педагогикасының озық идеяларын бүгінгі таңда балалар үйінің оқу-тәрбие үдерісінде шығармашылықпен пайдалану тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Тәрбиеленуші тұлғасын қалыптастырудың әлеуметтік мәні, ерекшелігі мен жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық әрекеті және тұлғалық қатынас туралы қазіргі философиялық, психологиялық, педагогикалық қағидалар; балалар үйі, табиғат, қоғам, адамдар мен балалар арасындағы өзара байланыс пен диалектикалық бірлігі туралы ілімдерді қамтып көрсететін таным теориясы; этнопедагогика мен этнопсихологияның балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру мен тәрбиелеу туралы қағидалары жатады.

Зерттеудің көздері: Философия, психология, педагогика ғылымдарының дүниетаным, білім, даму туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, «Неке және отбасы туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы, Бала құқықтарын қорғау туралы конвенция, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы-қарарлары, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық, алыс, жақын шет елдік философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, автордың әдіскерлік іс-тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік зерттеулерге және мектеп жасына дейінгі балалар үйіндегі тәрбие бағдарламаларын талдау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, балалар үйіндегі тәжірибелік-педагогикалық эксперимент, диагностикалау, математикалық тұрғыда өңдеу, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді жинақтап, қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2002-2003 жылдар) тақырып анықталып, зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып, мектепалды тобындағы тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері айқындалды. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі және моделі ұсынылып, өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері белгіленді.

Екінші кезеңде (2003-2005 жылдар) балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауы тәжірибелік эксперименттен өткізілді.

Үшінші кезеңде (2005-2007 жылдар) балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруға байланысты тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі қорытындыланды, осының негізінде әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің базасы: тәжірибелік эксперимент жұмысы Астана қаласындағы «Гүлдер» балалар үйінде, Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінде, Өскемен қаласындағы мектепке дейінгі арнаулы балалар үйінде өткізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- халық педагогикасы арқылы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделді;

- тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі анықталып және «тұлға» ұғымының мәні нақтыланды;

- тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері анықталып, моделі жасалды;

- балалар үйіндегі оқу-тәрбие үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету эксперимент арқылы тексерілді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: диссертациядағы теориялық тұжырымдар, зерттеу нәтижелері мен қорытындылары, біріншіден, осы мәселе бойынша келешекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз болады; екіншіден, ұсынылып отырған халық педагогикасы негізінде жасалған «Балалар үйінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістемесі» атты әдістемелік нұсқауы тәжірибелік байқаудан өткізілді. Зерттеу материалдарын балалар үйi iс-тәжірибесiнде және орта арнаулы және жоғары педагогикалық оқу орындарында, педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі әдіснамалық және ғылыми-теориялық негіздерге сүйеніп айқындалуымен, теориялық және тәжірибелік материалдар нәтижелерінің үйлесімділігімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкес келуі, алынған нәтижелер мен тұжырымдардың балалар үйінің оқу-тәрбие үдерісінде қолданылуы арқылы зерттеу нәтижелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Халық педагогикасы арқылы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың теориялық тұрғыдан негізделуі.

2. Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздемесі және «тұлға» ұғымы мәнінің нақтылануы.

3. Тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері және моделі.

4. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру бойынша жүргізілген эксперименттің нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибеге енгізу.

Ғылыми-зерттеу мазмұны «Қазақстандағы және онымен шектес аумақтардағы инновациялық білім беру мен әлеуметтік-мәдени саясат: тәжірибе, мәселелер мен перспективалар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Астана, 2005 ж. ), «Абай мұрасы - тілдік өрістің негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Астана, 2005 ж. ), «Университеттік білім: сапа, технологиялар, элитарлық» тақырыбындағы VI ғылыми-әдістемелік конференцияда (Астана, 2005 ж. ), «Қазақстан мен Қырғызстан жас ғалымдарының этнопсихология мен этнопедагогика саласындағы ізденістері» тақырыбындағы II мемлекетаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2006 ж. ), «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2006 ж. ) талқыланды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу кезеңдері мен базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, зерттеудің көздері, зерттеудің практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі, диссертация құрылымы баяндалды.

«Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың ғылыми теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімінде философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектерге талдау жасай келе, мәселенің ғылыми-теориялық негіздері анықталды. Балалар үйінде тәрбиеленетін мектепалды тобындағы тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудағы, олардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне сипаттама жасалынып, оларды тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасына талдау жұмысы жүргізіліп, халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері, моделі анықталып, мектеп жасына дейінгі балалар үйіндегі тәрбиенің жаңартылған мазмұнын қалыптастыруға арналған бағдарлама ұсынылды.

«Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың тәжірибесі» атты екінші бөлімінде халық педагогикасы материалдарын оқу-тәрбие жүйесіне енгізген жағдайдағы тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері және тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының жүргізілуі мен нәтижесі сарапталып, халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудың диагностикасы беріліп, тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастырудағы тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруға байланысты эксперименттік жұмыстардың барысы қарастырылды.

Қорытындыда ғылыми-теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен мәселенің болашағын айқындайтын ұсыныстар берілді.

Қосымшада «Балалар үйінде оқыту және тәрбиелеу» бағдарламасы мен оның мазмұны негізінде жүргізілген сабақ жоспарлары ұсынылды.

Негізгі бөлім

Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы бар әлеуметтік сұраныс негізі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Оның бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, белсенді іс-әрекеті мен ғылыми саналы көзқарасын қалыптастыру, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - балалар үйі педагогтарының, Үкіметтің және барша халықтың міндеті.

Бала бойындағы қабілет нышандарын дамытып, оны қоғамның белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.

Балалар үйі - мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы тәрбиеленушілерді қоғам талабына сай тәрбиеленуін жүзеге асыратын ұйым, ол демократиялық қоғамның тұлғаларын даярлайды. Балалар үйі ұйымдарының өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше түрлері бар. Мұндай балалар үйінің негізгі түрлері:

  • мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бөбекжайлар (туғаннан - 3 жасқа дейінгі) ;

- аралас балалар үйі (мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған) ;

- арнаулы балалар үйі (денсаулығы нашар, кемтар балаларға арналған) ;

- жалғызбасты аналардың балаларына арналған «Үміт» балалар үйі.

Бұл арнаулы ұйымдар - тәрбиеленушілердің дағдыларын қалыптастырып, әлеуметтік тұрғыда бейімделуін қамтамасыз етеді.

Бұл мәселе бала құқықтарын қорғау туралы конвенцияның 20-бабында: «Мемлекет отбасынан айырылған балаға әлеуметтік қорғау көрсетуге міндетті. Сондай-ақ мемлекет мұндай жағдайда балаға альтернативті, яғни «балама» отбасылық қамқорлық көрсетуі, болмаса тиісті ұйымдарға орналастыру қарастырылуы қажет. Мұндай әрекеттер баланың тәлім-тәрбие сабақтастығын және оның этникалық шығу тегі, дінге, мәдениетке қатысы және ана тілі ескерілуі тиіс» - деп тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық құқықтарының қорғалуы нақты тұжырымдалған.

Қазіргі қоғамның тарихи даму тәжірибесі бала тәрбиесінде жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерінен туындауда. Осыған орай, бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы көзделініп отыр.

Жеке тұлғаның қалыптасуына ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлер айтқан орта ғасыр ғұламалары: әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген классик ақындар мен ағартушылар: Абай, Шоқан, Ыбырай және қазақ зиялылары: Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, т. б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

Ұлттық тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөлген педагог М. Жұмабаевтың артына қалдырған тәлім-тәрбиелік мұраларының негізгі тақырыптарының бірі де - бала тәрбиесі мен тұлға мәселесі. Осыған орай, педагог «түзу адам», «жетілген адам» туралы айта келіп, бұл оның пішін-келбетінен, жүріс-тұрысынан, нақты ісінен байқалады, бұл айтылғандар тұлғаның қандай мінезді екенін білуге мүмкіндік береді. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей, жалпы адамзатты сүюі шарт. Таза жүректі, халқын сүйген, ел мұқтажын ойлайтын, әділет пен адалдықты жақтаған адам ғана тұлға бола алады. Тұлға - сан қырлы, мазмұны да, табиғаты да күрделі, құпиясы мол әлеуметтік ұғым. Адам өсу, дамып жетілу үдерісінде біртіндеп тұлға, кісі деген атқа ие болады, деп тұжырымдаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
Жетім балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Мектеп жасына дейiнгi жетім балалардың психологиялық ерекшелiктерi
Жетім балаларды әлеуметтік қорғау
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мәселесі
Тастанды балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік сипаттама
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Жетім балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау - әлеуметтену құралы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz