Дизартрия, классификациясы, түзету жұмыстарының негізгі бағыттары



1 Дизартрияның басты көріністері
2 Дизартрияның түрлері.
3 Фонематикалық түйсігін жетілдіру.
4 Афазия
Дизартрия дегеніміз- сөйлеу мүшелерінің интервациясының жеткіліксіздігінен байланысты сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері . дизартрия гректің артрон – мүшелену және дис –бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айтқанда сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары , дауыстың пайда болуындағы кемістіктер,сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады.
Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі нерв жүйелерінің зақымдануының түрліше қисынданып жинақталуына кемістіктердің ауырлығына , ақаулықтардың пайда болған уақытына болған уақытына байланысты әр түрлі дәрежеде көрінеді.
Клиникалық, психиалық логопедиялық тексерудің нәтижесі дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасының қимылдарының бұзылулары жағынан әр алуан екенін көрсетті.Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әр түрлі келеңсіз жайттардың тигізетін зиянының нәтижесінде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануынан болады.
Бұл көбінесе толғақ қызуының келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзаққа созылған қатты инфекцияның , оттектің жетіспеушілігінің , интоксикацияның , екіқабат кезіндегі токсикоздың және басқада бірқатар жәйттердің нәтижесіндегі құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай жағдайда көбінде бала туылған кезде асфексия пайда болады және шала туады.
Дизартрия резус фактордың қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы кездеріндегі нерв жүйесінің инфексиялық ауруға шалдығуының әсерінен дизартрия біршама сирегірек пайда болады .
Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларды жиі пайда болады. Е.М Мастюкованың айтуынша сал ауруына шалдыққан балалардың 65-85-індейі дизартрия болады екен.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дизартрия, классификациясы, түзету жұмыстарының негізгі бағыттары.
Дизартрия дегеніміз- сөйлеу мүшелерінің интервациясының жеткіліксіздігінен байланысты сөйлеу тіл дыбыстардың айтылу кемістіктері . дизартрия гректің артрон – мүшелену және дис –бұзылу сөздерінен шыққан. Анықтап айтқанда сөйлеудің бұзылуы деген мағынаны білдіреді.
Дизартрияның басты көріністеріне сөйлеу тіл дыбыстарының бұзылыстары , дауыстың пайда болуындағы кемістіктер,сонымен бірге сөйлеу тілінің шапшаңдығы, сарынындағы өзгерістер жатады.
Аталған кемістіктер орталық немесе шеткі нерв жүйелерінің зақымдануының түрліше қисынданып жинақталуына кемістіктердің ауырлығына , ақаулықтардың пайда болған уақытына болған уақытына байланысты әр түрлі дәрежеде көрінеді.
Клиникалық, психиалық логопедиялық тексерудің нәтижесі дизартриясы бар балалар сөйлеу тілінің, психикасының қимылдарының бұзылулары жағынан әр алуан екенін көрсетті.Дизартрияның шығу себебі баланың құрсақтағы және жас кезіндегі жетіліп келе жатқан миына әр түрлі келеңсіз жайттардың тигізетін зиянының нәтижесінде орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануынан болады. 
Бұл көбінесе толғақ қызуының келеңсіз жағдайларына мүмкіндік жасайтын ұзаққа созылған қатты инфекцияның , оттектің жетіспеушілігінің , интоксикацияның , екіқабат кезіндегі токсикоздың және басқада бірқатар жәйттердің нәтижесіндегі құрсақтағы зақымданудан болады. Бұндай жағдайда көбінде бала туылған кезде асфексия пайда болады және шала туады.
Дизартрия резус фактордың қосылмаушылығынан пайда болуы мүмкін. Өмірінің алғашқы кездеріндегі нерв жүйесінің инфексиялық ауруға шалдығуының әсерінен дизартрия біршама сирегірек пайда болады .
Дизартрия сал ауруына шалдыққан балаларды жиі пайда болады. Е.М Мастюкованың айтуынша сал ауруына шалдыққан балалардың 65-85-індейі дизартрия болады екен.
Дизартрияның клиникалық түрінің классификациясы зақцымданудың мидың әртүрлі бөлшегінде орналасуына негізделген .Дизартрия балалар бір-бірімен дыбыстарды айтуындағы ақаулықтарының , денсаулықтарының , сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелерінің ерекшеліктерімен ажыратылады. 
Дизартрияның түрлері.
Сопақша ми дизартриясы – артқы мидың құрамына кіретін сопақша мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде пайда болады. Сонымен сопақша миға орналасқан бассүйек пен миға қатысты қимылдатушы тіл асты , тіл жұтқыншақ кейде үшжақты , кезбе нервтің ядролары бұзылады.
Сопақша ми дизартриясы жұтқыншақ , көмекейдің , тілдің жұмсақ таңдайдың бұлшықеттенінің сал болып немесе әлсізденіп қалуымен сипатталады. Бұл сияқты ақаулығы бар баланың қою және сұйық тамақты жұтуы қиындайды. Дауыстың жатықтығының және жұмсақ таңдайдың ширақтығының жетімсіздігінен ерекше болып бұзылады да әлсізденіп ыңылдап естіледі.Сөйлеу тілінде ұяң дыбыстар айтылмайды.Жұмсақ таңдайдың әлсізденуі салдарынан іштен шыққан ауаның ағыны мұрын жолы арқылы ьеркін өтеді де айтылатын барлық дыбыстар мұрыннан ыңылдап естілетін болады. Міңгірлеп өте түсініксіз және көмескі сөйлейді. Сопақша ми дизакртриясы бар балалардың бет әлпеті келіссіз келеді. 
Ми қыртысы асты дизартриясы бас ми қыртысының астындағы тораптардың зақымдануынан пайда болады. Ми қыртысы асты дизартриясы бұлшықеттер күш қуатының ширығуының әсер етуінен және гиперкинезімен сипатталады. Гиперкинез дегеніміз баланыңбақылаусыз сөйлеу тілі мүшелерндегі және мимикалық бұлшықеттерінің еріксіз күшпен қимылдауы.Бұндай қимылдар тыныш тұрған жағдайда байқалады. , бірақ әдетте бұл қимылдар сөйлеген кезде күшейеді.
Бұлшықеттердің өзгеріп тұратын ерекшелігі мен гиперкинездің бар болуы сөйлеу тіл мүшелеріндегі және дыбыстардың айтылуындағы кемістіктердің өзгешелігімен байланысты.Бала ойнау барысында , жақындарымен немесе көңіл күйінің басқа жағдайда әсерленіп тұрғандағы әңгімелесу кезіндегі жеке дыбыстарды қысқа сөйлемдерді дұрыс айтуы мүмкін, бірақ ізінше сол дыбыстарды біреуінде айта алмай қалатын жағдайға ұшырайды. Сөйлеу мүшелері құрысады , тілі тартылады дауысы үзілмелі болады. Кейде еріксіз айқайлап дыбыстардың көмейді бұзып жарып шығатыны байқалады.Балалар сөзді ,сөйлемді жылдамдатып тез –тез сөйлейді немесе керісінше сөздерін бөліп-бөліп айтады.
Ми қыртыс асты дизартриясының ерекшелігі сөйлеу тілінің шапшаңдығы , ырғағы , сарыны жағынан ұйқастығының бұзылуымен сипатталады.Кейде ми асты дизартриясы бар баланың сөйлеу тіліндегіақаулықтарының асқынып кетуіне себеп болатын есту қабілетінің нашарлауы.
Мишық дизартриясы қысқа қайырылатын келте сөздермен , кейде жеке дыбыстардың шаңқылдап қатты естілуімен сипатталады.Мишық дизапртриясының таза түрі балалардыа сирек кездеседі.
Ми қыртысы дизартриясы басқаларынан ажыратып тану және бөліп алу өте қиын ақаулық.Ми қыртысы дизартриясында сөйлеу мүшелерінің айтылу кезіндегі еркін қозғалу бұзылады. Ми қыртысы дизартриясының дыбыстарының айтылуындағы көріністер бойынша қозғауш алалияға ұқсастығы бар , себебі ең алдымен сөздің буындвқ дыбыстық айтылуы бұзылады. Балалардың бір дыбыстан екінші дыбысқа , сөйлеу тіл мүшелерінің бір қалыптығы түрінен екінші қозғалып қимылдау қиындайды. Балалардың дыбыстарды жеке тұрғанда анық айтуға қабілеті бар, ал сөйлегенде сөздерінің құрамындағы сол дыбыстарды орнын алмастырып шатастырып , әсіресе тіркесіп келген дауыссыз қатары бұзылып , жылдамдатып тез-тез сөйлегенде тұтықпаға ұқсап кекештеніп қалады.Бірақ ми асты дизартриясының қозғаушы алалиядан айырмашылығы сол сөйлеу тілінің лексико- грамматикалық құрлысының дамуында бұзылатындығы байқалады. 
Жалған ми дизартриясы – балаларда ең жиі кездесетін ақаулықтардың түрі. Жалған сопақша ми дизартриясы баланың жзас кезіндегі , босанып жатқан уақытта немесе құрсақтағы кезеңіндегі энцефалит , құрсақ зақымы , ісік , интоксикация тағы басқа ауруларға шалдығулардың салдарынан мидың органикалық зақымдануының нәтижесінде пайда болады.Баланың бас ми қыртысынан тіл жұтқыншақ ядросына , кезбе және тіл асты нервткріне баратын өткізгіш жолдарының зақымдануына байланысты жалған сопақша мидың сал болып қалуы немесе әлсіреуі пайда болады. Ол ымдау және сөйлеу тіліндегі дыбыстар шығаратын мүшелердің тұсындағы бұлшықеттердің бұзылуының клиникалық көріністері бойынша сопақша ми дизартриясына ұқсас. Дегенмен жалған сопақша ми дизартриясындағы түзету және сөйлеу тілінің айтылуындағы дыбыстарды толық меңгеру мүмкіншілігі әлде қайда жоғары.
Жалған сопақша мидың сал болып қалуының нәтижесінде баланың жалпы сөйлеу тілінің қозғаушы мүшелері бұзылады.Нәресте нашар емеді , шашалады, қақалады, нашар жұтады.Ауызынан сілекей ағады , беттің бұлщшықеттері бұзылады. Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл, орташа ,ауыр деп шартты түрде үш дәрежеге бөлуге болады.
Жалған сопақша ми дизартриясының жеңіл дәрежесі сөйлеу тіл мүшелерінің қозғалыс қимылында өрескел бұзылуларының болмайтынымен сипатталады.Сөйлеу тіл мүшелерінің кездесетін кемістік тілі мен еріндері салбырап жай қимылдайды және бағытын дұрыс ұстай алмайды.Шайнай алмайтындығы мен жұтына алмайтындығы оның сирек шашалатындығынан анық білінбейді.Сөйлеу тілі мүшелеріндегі күрделі ж,ш,р,ц,ч дыбыстарының айтылуында жиі қиналады. Дыбыстардың айтылуындағы кемістіктер фонематикасының дамуына кедергі жасайды. Дизартрияның жеңіл дәрежесіндегі балалардың көпшілігі дыбыстық талдауда біраз қиындықтар көреді. Олардың жазуында т-д,ч-ц дыбыстарын алмастыратын қателіктерінің ерекшеліктері кездеседі.
Жалған сопақша ми дизартриясының орташа дәрежесіндегі балалардың толып жатқан топтары бар. Осылардың кемістіктерінің ерекшеліктері беттерінің бұлшықеттері қимылдамайды.Бала ұртын ауаға толтырып бұртита алмайды , еріндерін алға сүйрелей созып және жымқырып қыса алмайды. Тілі ашар дамиды. Бала тілінің ұшын жоғары көтере алмайды , оңға солға бұра алмайды. Сөйлеу тілінің мүшелерінің бұзылулрының салдарынн тілінің ақаулығы ауыр болады, әдетте балалардың сөйлеу тілі өте түсініксіз , көмескі жай естілетін болады. Еріндерінің нашар қимылдауынан , сөйлеу тіл мүшелеріндегң дауысты дыбыстардың мұрыннан қатты естілмейтіндіктерін анық айта аламайды,а және у дыбыстарының анықтығы жеткіліксіз , и және ы дыбыстары алмастырылады.П,т,м.н,к,х дауысссыз дыбыстары көбінесе сақталады. Н мен ц ,р мен л дауысссыздары шылпылдаған дыбыспен мұрыннан шыфғып бір-бірінен айырғысыз ұқсас айтады.Бұл сияқты кемістіктері бар балалар жалпы білім беретін мектептерде үлгеріп оқи алмайды.
Жалған сопақша ми дизартриясының анартрия деп аталатын ең ауыр үшінші дәрежесі бұлшықеттерінң қатты зақымдануы мен сөйлеу тілі мүшелерінің мүлдем жұмыс істемейтіндігімен сипатталады.Анартрияға шалдыққан баланың бет әлпеті өлі бейнеге ұқсас болады, астыңғы иегі салбырап тұрады, аузы әрқашан ашық жүреді.Тілі ауыздың ішінде жалпағынан созылып , қимылсыз жатады,еріндері болар болмас қимылдайды.Шайнауы мен жұтуы мүлдем қиын. Сөйлеу тілі мүлдем жоқ..Ақыл-ойы жақсы жетілген анартриялық балалар да сөйлеу тілі қатты бұзылған арнайы мектепте оқи алады. 
Жалған сопақша ми дизартриясына шалдыққан балалардың барлығына тән қасиет сөздің құрамындағы дыбыстарды айтылуында алмастырғанмен буындардың реттік санын және екпінін сақтайды.
Баланың сөйлеу тілінің сөздік құрамында қосарланып келген дауыссыз дыбыстардың айтылуы қиындық тудырады. Бала мұндай сөдерді айтқанда бір дауыссыз алтын-атыннемесе екі дауыссызда семсер-сер түсіп қалады. 
Дизартрияға шалдыққан балалардың жазуындағы қателіктердің көпшілігі дыбыстарды алмастырудан болады.
Мектеп жасына дейінгі дизартрияға шалдыққан балалар мақсатқа бағытталған сөйлеу тілінің фонетикалық және лексико-грамматикалық құрлысын қалыптастыратын логопедиялық оқу жұмысын қажет етеді.
Дизартрияға шалдыққан балаларды тексеру.
Дизартрияға шалдыққан балаларды оқытудың алдында сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалуын , дыбыстардың айтылуын және жалпы сөйлеу тілін егжей-тегжейлі мұқият тексереді. 
Логопед оқушылардың сөйлеу мүшелерінің және ымдау бұлшықеттерінің жансыздану дәрежесімен таныс болу керек, себебі сөйлеу тілі мүшелеріндегі тиісті дыбыстардың бұзылуы осымен анықталады.
Тексеруді мимикалық бұлшықеттердің тыныштық қалпында тұрғандағы жағдайын бақылаудан бастайды.Бұндай кезде құрамы еріндерінің құрылымы және олардың бір қалыпты орналасуы , еріндерінің жиектерінің сипаты мен олардың біртұтас жымқырылып қабысатыны анық көрінеді, мимикалық бұлшықеттерінің күштеп қимылдауының гиперкинезі бар жоқтығы анықталады. Баланың аузын жауып тұруына , алдымен екі көзін бірдей , сосын кезек кезек қысуына , қасын жиыруына шамасының қаншалықты жететіндігін тексереді, біріккен қимылдардың пайда болуын белгілейді.
Сөйлеу мүшелерінің қозғалуын тексеруге кіріспес бұрын оның құрлысының ерекшеліктерін және ақаулықтарының анатомиялық сипатын белгілеу қажеті.
Еріндері үстінгі еріннің жарылуы, хирургиялық емдеуден кейінгі тыртығы.
Тістері дұрыс тістенбеуі және тістердің орналасуы.
Тіл добал және тіласты сіңірлерінің қысқалығы, тілі үлкен жіңішке
Қатты таңдай тар, дөңес қатты таңдайдың жарылуы.
Жұмсақ таңдай қысқа жұмсақ таңдай кішкентай тілдің айырылуы оның болмауы .
Логопед содан кейін сөйлеу мүшелерінің қозғалуын тексереді.
Астыңғы жақтың қимылдауы ауызды ашу және жабу.
Еріндердің қимылдары қабысу керілу алға созылуы.
Тілдің қимылдары алға артқа , жоғары –төмен , оңға –солға тілді жалпайту , сүйірлей шығару.
Мектеп жасындағы балалардың дыбыстық талдаудағы дағдылануын анықтайды. Оқушыларға мынандай тапсырмалар беріледі:
Сөздің басынан екпінді дауысты дыьбысты бөліп алу 
Тексерілетін дыбысы бар сөзді табу.
Тексерілетін дыбыстан басталатын сөздерді іріктеп алу.
Аты тексерілетін дыбыстан басталатын бейнелі суреттерді іріктеп алу. 
Дыбыстардың сөздің ішінде қолданылатын ретін және олардың әрқайсысының орнын анықтау.
Түзету жұмысының негізгі бағыты.
Дизартрия балалармен логопедиялық жұмысты дизартрия түрлеріндегі сөйлеу тілінің ақаулықтарының және сөйлеу тілінің іс- қимыл қозғалыстарының бұзылу механизмін балалардың жеке басының ерекшеліктерін негізге алып жүргізеді.
Дизартрияға шалдыққан балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі мақсаттары:
Дыбыстардың айтылуын түзету яғни сөйлеу мүшелерінің қозғалуын , сөйлегенде тыныс алуын , сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуын жетілдіру.
Фонематикалық түйсігін жетілдіру.
Сөйлеу тілінің өзара үйлестігін тұрақтандыру, сөйлеу ырғағының бұзылуын жою.
Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауының көрінісін түзету.
Дизартрия балалардың тілін түзетудің алғашқы мақсаты : анық сөйлеу. Сөйлеуіндегі кемістіктің басты себебі сөйлеу мүшелері аппаратының толық немесе жартылай қимылдамауы. Логопедтің негізгі мақсаты сөйлеу мүшелері аппаратының қимыолдауын жетілдіруге бағытталуы тиіс. Беттің бұлшықеттерінің , нервтерінің қозуы мен ымсыздануын және сөйлеу мүшелері аппаратының нашар қимылдауын жою үшін екі ұртын алақанмен жеңіл шапалақтайды, астыңғы жақтың сыртқы қырын ,тіласты таңдай бұлшықеттерін саусақпен жеңіл ғана сипай шымшылап бетті уқалайды , сонымен бірге беттің терісін тегістеп сипалауды да қолданады.
Сонымен қатты еріндерді үнемі үздіксіз уқалайды , еріндерді бір-бірімен үйлестіріп қимылдатады, қысып тұрып жеңіл ғана шымшылап сипайды, езуінен бастап ерінін айналдыра сипап шығады.
Жұмсақ таңдайды басбармақтың немесе сұқсаусақтың ішкі жағы мен түпке қарай 2 минут уақыттай сипап уқалайды.
Баланың сөйлеу мүшелеріндегі еріксіз қимылдау кемістігін тоқтату үшін қимылдарды басқару жолымен үздіксіз қайталап бекітеді. Бала сөйлеу мүшелерінің қимылдарын айнаға және логопедке қарап бақылайды, дыбыстың ыңылдаған , жөткірінген үнін тыңдайды. Қимылды алдымен логопедпен бірге жасайды, сосын көсеткеннен кейін қайталайды. Осыдан кейін өздігінен орындауды қамтамасыз етеді.Енжар гимнастиа ми қыртысы асты дизартриясы мен жаклған сопақша ми дизартриясы бар балалар үшін ең тиімді тәсіл. Сөйлеуң мүшелеріне енжар гимнастикасын жасаған кезде логопедтің қолының , арнайы тіл түзету құралының және қалақшаның жәрдемін пайдаланады. Айнаның алдында тұрып баланың қолымен жаттығу жұмысын жүргізуге болады.Қимылдарды ақырындап , бір қалыпты ырғақпен теңселу ,арасын біртіндеп ұлғайта отырып ,орындау керек . Мысалы бала оң қолын мұқият тазартылып жуылған бас бармағымен астыңғы тістерін басып , ал қалған саусақтарымен иегін ұстап ауызын кең ашады.
Келесі кезең сөйлеу мүшелері аппаратының белсенді гимнастикасы Берілетін жаттығу түрлері 
Астыңғы жақ үшін – тістерін сақылдатып аузын ашып жабады. Ауызын ашық күйінде ұстап тұрады. Бұл жаттығулардың барысында ауыздың орташа бағытпен жабылуын қадағалау керек. Қолымен төбесіме және иектің астынан жеңіл ғана басу сияқты механикалық жәрдемді қолдануға болады. 
еріндердің қимылдарын шынықтыру үшін 
а) тістерін ақситу, еріндерін сүйрелей созу , еріндерін сүйрелей созған кезде сылпылдатып сүюді қолданады. Еріндерін сүірлеген кезде саусағын немесе мұз кәмпитті сұғып сорып , сосын тартып шығарады.мұз кәмпиттің көлемі кішірейген сайын еріндердің бұлшықеттері ширығып қатаяды.
б) бұл жаттығулардан кейін әр түрлі көлемдегі түтіктерді немесе түзету құралын еріндермен қысып ұстап тұру жаттығуларына көшеді. Мысалы логопед түтікті суырып алуға әрекет жасағанда бала қысып жібермейді.
в) жағын ашып еріндерін алға созып ,сосын ыржиып кереді.
с) тілін үстіңгі ерінің үстіне қойып алға қарай екеуін бірге созады.
г) үстіңгі тістерімен астыңғы ерінін тістейді.
д)астыңғы ерінін үстінгі ерініне көтеріп созалды. 
е)еріндерін сүйірлей алға созады да айналдырады.
Тілдің ширақтылығын жетілдіруге бағытталған жаттығуларды күрделі болған жағдайда еріксіз рефлекторлық деңгейден бастайды.
Тілді жалаңдатып еріндерінің жақтауларын жалаңдыратындайқимылға келтіру үшін баланың ауызына кәмпитті жақындатып әкеледі немесе астыңғы ерінге шырын сіркесін жағады .
Тілдің қимылын шынықтыру үшін ұртына бір түйір қантты тығып қояды , тілдің ұшын жоғары көтеру үшін үстіңгі ерініне тигізу пайдалы.
Логопед сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қою жұмысымен айналысқан кезде олардың ең болмағанда айтылуына жуықтатуға тырысу керек. Алғашқы кезде баланың дыбысқа ұқсас ұсқынын меңгеруінің өзі оны айыра білу үшін өте маңызды.
Сөйлеу тілін жетілдіру жұмысымен дыбыстардың фонематикалық түйсігін тәрбиелеу жұмысын байланыстырудың нәтижесінде дизартрия балалардың жуықтап айту негізінде жазуын толық меңгеруіне фонематикалық дайындық жасалынады. Ерте және дұрыс ұйымдастырылған логопедиялық жәрдем , соған лайықты сөйлеу тіліндегі қарма қайшылықты жоюын , баланың компенсаторлық мүмкіншілігін , оның ынтасын белсендірушілігін тәрбиелеу шараларымен байланыстыру дизартрия балалардың едәуір бөлігін жалпы білім беру мектебінің бағдарламасын меңгеруіне мүмкіншілік береді.
Дизартрия балалардың қолдарының саусақтары мен білектерінің қимылдары едәуір бұзылғандығы жиі байқалады.Сондықтан қолдарының саусақтары мен білектерінің әртүрлі қимылдарын қалыптастыруға жәрдем ететін жаттығуларды мүмкіндігінше жүйелі түрде жиі жасап тұру қажет. Саусақтары мен білектеріне жасалынатын жаттығулар баланың әртүрлі қимылдарымен жүргізілетін ойындармен және айналасындағы күнделікті тіршіліктермен байланысты болу керек. Үйлестіру жұмыстары , алдымен ірі сосын ұсақ заттармен дамиды.
Саусақтардың қимылдарын жетілдіруге жүйелі түрде уақытымен басталған жұмыс жазу шеберлігін ойдавғыдай меңгеруіне дайындайды.
Дизартрия балалардың ата-аналары , баланың сөйлеу тілінің қарқынды дамуы оның үлкендермен қарым –қатынасына , олармен сөйлесудегі сөздердің ерекшеліктеріне байланысты екенін ескеру қажет. Үй ішіндегілердің , баланың жетілуіне ықпал жасап белсенді түрде арласуы сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуына қажетті алғышарт жасалынады. Ата-ананың баланың оқуына күнделікті қатысуы логопед жұмысының мерзімін едәуір қысқартады.
Афазия
Афазияның пайда болу себебі мидың қан айналымының бұзылуынан ишемия, геморрогия закымданудан, ісіктің, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының аневризм кеңейіп жарылуының тамарлардағы канның уйюынан тромбоэмболий бітеліп калуының, жүректің бұлшк еттерінін ревматизм шаншып құрысып кеселденуінің порок және бас сұйегі мен мидың закымдануынын нәтижесіиде афазия жасөспірімдер мен жастарда да жиі байкалады.
Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі буаналған жағдайда пайда болада және көбінесе козғаушы жоғары фазисы жиі байкалады.. Бадалардың фазисы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануынын, ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі патологияның салдарынан ғана болады.
Афазия дегеніміз мидың өте тез зақамдануынының зардабыған сөйлеу тілі кұрамының барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған жағдайы.
Афазиядағы сөйлеу тілі бұзылуының күрделілігі зақымның орнына мысалы, ми қыртысы астындағы бөлігіне қан құйылған кезде болған зақым ошағы орналаскан жері сөйлеу тілінің өз еркімен калыптасуына үміттенугөмүмкіндік береді зақым ошағының көлеміне, сөйлеу тілі кызметінің сақталған элементтерінің қалдықтарының және функционалды ерекшеліктеріне байланысты.
Афазияның кез келген түрінің негізінде сөйлеу тілін түсінуінің, жазуының, оқуының, есептеуінің өзіне төн өзгеше жүйелікпен бұзылуына әкеп соғатын динамикалык немесе конструкциялык машыққан немесе әдеттенген қимылдарды өте дұрыс, бұлжытпай орындауынын праксиса, фонематикалык есіту кабілетінің, артикуляциялық аппаратының мақсатты бағытта қимылдау апраксия қабілетінің нейрофизиологиялық және нейропсихологиялық кайсы бірінің бастапкы бұзылуы жатады. Афазияның кезінде ауыз екі сөйлеу тілі, сөзді сөзінде жақтауы, фонематикалык есіту кабілеті, сөзді түсінуі, жазуы, оқуы есептеуі сияқты сөйлеу тілі әрекетіндегі көріністердің әр түрлі дөнгейдегі орындалуы ерекше жүйелілікпөн бұзылады. Афазияның кезіндегі сөйлеу тілін, бұзылуын анықтауға нейрофизиология калай үлкен үлес қосса, нейропсихология мен лиигвистика да сондай үлес қосады.
1861 жылы француздың П.Брока деген дәрігері афазиямен ауырған адамның бас миының үшінші маңдай катпарының арткы бөлімін қамтитын сол жақ орта тұсындағы ми күре тамырын жұмсартып көңейгенін көрсетті. Брока мандай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу тілінің жинақталған орталығы барын дәлелдедім деп есептейді. 1874 жылы Вернике 10 ауру адамның бас ми қабығының сол жағындағы самай бөлімінің зақымдануынан сөйлеу тілін түсінуінің бұзылуын және сөйлеу тілі мәнерлілігінің, оқуы мен жазуының өзгеше болып бұзылуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизартрия
Балалар церебральды салы
Логопедия өзіндік ғылым
Мектеп логопедінің жұмысын ұйымдастыру
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Сөйлеу мен мектеп дағдыларының спецификалық бұзылыстары
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар туралы
Сөйлеу - күрделі функционалды жүйе
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Пәндер