Зиянды әдеттер және олардың алдын алу



1 Темекі құрамындағы ең қауіпті зат
2 Алкоголь деген не?
3 Алкоголъге тәуелді болу жайлары
4 Есірткі заттар туралы ақпарат
5 Есірткі заттарды қолданудың кейбір белгілері
6 Жасөспірімдер және есірткі заттар
Біздің қоғамда темекі шегу өлімнің бірден-бір себепкері болып табылады. Шылым шегушілер шекпейтіндерге карағанда жүрек ауруларына жиі шалдығады. Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруынан 170 000 адам көз жұмады. Өкпе, кеңірдек, қуық қатерлі ісігі, панкреатит және бүйрек қатерлі ісігі темекі шегушілер арасында жоғары көрсеткіште. Қатерлі ісіктен өлгендердің 30 пайызы (жыл сайын 130 000) темекі шегуге байланысты. Эмфизема, созылмалы бронхит сияқты өкпенің созылмалы ауруы темекі шегушілер арасында темекі шекпейтіндерге қарағанда 10 есе көп.
Әйелдер жүкті кезінде темекі шексе, ауыр халге душар болып, үлкен қауіпке ұшырайды. Ойластырылмай жасаған аборт, сәбиді айы-күні жетпей туу, сол сияқты жаңа туылған сәби салмағының төмендігі көбінесе темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін әйелдерде жиірек кездеседі. Сигарет шегу барысында құрамында 4 000-дай әр түрлі химиялық заттар бар түтін ішке енеді, онын, кейбіреуі канцерогенді болады. Темекі құрамындағы басқа да токсиндер мен қоздырғыштар кезді, мұрынды және тамақты тітіркендіреді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу
Біздің қоғамда темекі шегу өлімнің бірден-бір себепкері болып табылады. Шылым шегушілер шекпейтіндерге карағанда жүрек ауруларына жиі шалдығады. Жыл сайын темекі шегуге байланысты туындаған жүрек ауруынан 170 000 адам көз жұмады. Өкпе, кеңірдек, қуық қатерлі ісігі, панкреатит және бүйрек қатерлі ісігі темекі шегушілер арасында жоғары көрсеткіште. Қатерлі ісіктен өлгендердің 30 пайызы (жыл сайын 130 000) темекі шегуге байланысты. Эмфизема, созылмалы бронхит сияқты өкпенің созылмалы ауруы темекі шегушілер арасында темекі шекпейтіндерге қарағанда 10 есе көп.
Әйелдер жүкті кезінде темекі шексе, ауыр халге душар болып, үлкен қауіпке ұшырайды. Ойластырылмай жасаған аборт, сәбиді айы-күні жетпей туу, сол сияқты жаңа туылған сәби салмағының төмендігі көбінесе темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін әйелдерде жиірек кездеседі. Сигарет шегу барысында құрамында 4 000-дай әр түрлі химиялық заттар бар түтін ішке енеді, онын, кейбіреуі канцерогенді болады. Темекі құрамындағы басқа да токсиндер мен қоздырғыштар кезді, мұрынды және тамақты тітіркендіреді. Темекінің басқа компоненті - моксидті карбон кандағы гемоглобинмен косылып, карбоксигемоглобин түзеді. Бұл зат ағзанын көмірсутегін алуына және оны қолдануына кедергі тудырады.
Темекі құрамындағы ең қауіпті зат - никотин. Ол адам ағзасында жүрек ауруы мен қатерлі ісіктің өршуіне ықпал етіп қана қоймай, ең қауіптісі - оның темекі шегуге деген ынтасын арттырады. Никотинге тез үйір болған соң темекіні тастау қиынға соғады.
Темекі шегудің зиянды салдарын біліп, шылым шегуді тастаған адамдар өздерінің темекі шегу салдарынан төмендеген денсаулығын едәуір түзетеді.
Темекі шегушілер үшін күніне тартқан 1 қорап темекі 10 жыл өткен соң жүрек ауруына шалдығу қаупін тудырады. Сондай-ақ темекі шегу салдарынан болған өкпе қатерлі ісіктің қаупі темекі шегуді тоқтатқанда біршама төмендеуі ықтимал.
Темекі шегудің жақын арада тигізтін кері әсері:
- қан тамырлары мен бастағы ми тамырларыныц қысылып қалуы;
- қан қысымының жоғарылауы;
- жүрек соғуының жиілігі;
- темекі түтінімен мұрын-тамақ қуысының тітіркенуі;
- қанға улы газдың қосылуы;
- өкпеде темекі қойырпағының шегуі;
-ауаның улануы.
Темекі шегудің ұзақ уақыт өткеннен кейін тигізетін кері әсері:
- инфекция кіретін қақпаға айналған тістердін, еріннің, тілдің, таңдайдың, тамақ-кеңірдек тканьдерінін бұзылуы;
- дәм татудың, иіс сезудін жоғалуы;
- бетке әжімнің ерте түсуі және оның қалындауы;
- тіс түсінің өзгеруі, ауыздан сасық иістің шығуы;
- ағзаның қарсыласу күшініңтөмендеуі;
- темекі шегетіндердің созылмалы бронхиті;
- өкпе эмфиземасы;
- жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы;
- асқазан-ішек трактының ауруы;
- ерін, ауыз қуысы, өкпе, асқазан, кеңірдек, тамақ, қуық қатерлі ісігі;
- рейно (гангрена) ауруы.
Алкоголь деген не?
Алкоголь - бұл қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ол шарапта, сырада болатын масандататын элементтен тұрады. Әр түрлі сусындар үшін түрлі мөлшердегі стақан пайдаланатындықтан, 1 бокал шараптағы немесе 1 кружка сырадағы алкогольдің мөлшері 1 стакан арақтағы немесе 1 стакан коньяктағы алкогольмен тең - 12,5 куб. см..
Алкоголь - күллі әлемге таралған ертеден келе жаткан есірткі. Біздің коғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Бірақ ол қалыпты ма?
Алкоголь әдетте қанға араласады, одан ары миға шабады. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Ол уды тазартқанда адам бауырына зор күш түседі. Бір стакан спиртті тазартқанға шамамен жарым сағат уақыт кетеді. Алкоголь адам өмірінде туындаған проблеманы уақытша ғана шешеді. Адам қаншалықты көп ішсе, соншалықты болып жатканды бағалауы және өз әрекетін бақылауы төмен болады. Адам сақтықты ұмытып және "күшейе" бастайды. Спиртті ішімдік адамның бақытсыздыққа ұшырау мүмкіндігін жоғарылатып, мас болуға әкеліп соқтырады. Алкоголь адамның қабылдауы мен айналасына әсеріне кедергі келтіреді. Осындай себептермен адам мас күйінде көлік жүргізуі төтенше қауіпті.
Адам спирттік ішімдікті шамадан тыс ішкен кезде гастрит, жүрек аурулары, витамин жетіспеушілік және бауыр циррозы күрт асқынуы мүмкін. Алкоголь сонымен қатар ми клеткаларын, ойлау қабілетін бұзады. Алкоголь белсіздікке ұрындырады.
Жас ағзаның өсіп, жетіліп келе жаткан кезеңінде алкогольді ішумен байланысты қауіпке ұрынуға бейім тұрады. Алкоголь жеке тұлғаны жойып қана қоймайды, сонымен қатар оның айналасындағы адамдарға - отбасына, достарына әсер етеді. Алкоголь салынып ішуге ұрындырады. Спирттік ішімдікке тәуелді болудың физикалық және психологиялық жақтары бар.
Ағза белгілі бір уақыттан соң алкогольге үйір болғаны соншалықты - онсыз жүре алмайды. Бұл - дене тәуелділігі. Егер адамның мас күйіндегі өмірі соншалықты үйреншікті болса, есірткі көмегінсіз өзін жақсы сезіне алмаса, адам психологиялық тәуелділікке ұшырайды. Оның бүкіл іс-әрекетін алкоголь басқарады. Алкогольсіз өмір мағынасыз болады. Мұндай күйде адамның өзін тоқтатуы өте қиынға соғады.
Алкоголизм - бұл алкогольді ішімдіктерді үнемі қолданумен, оны көтере алмаудың біртіндеп көтерілуімен, ал егер алкоголь ішімдіктерін ішуді бірден тоқтатқанда адам ағзасы қызметінің бұзылуы мен аурудың біртіндеп терендеуімен сипатталатын ауру.
Барлық еуропалық аймақтардағы елдерде алкогольмен улану және бауыр циррозынан өлгендер саны 25 пайызды құрайды.
Алкоголъге тәуелді болу мына жайларға соқтырады:
- спиртті ішімдіктерді шамадан тыс ішетін адамдар жасынын ұзақтығы халықтың орташа жас мөлшерінен 15-20 жасқа төмен;
- алкогольді шамадан тыс ішу - қылмысты әрекетке барудың жиі себебі;
- тері ауруларын жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйдегі жағдайда болады;
- балалар ақыл-ойы кемістігінің 40-60 пайызы ата-аналарының ішімдікке бой ұруының салдары;
- алкоголь орталық жүйке жүйесіне қатты қысымшылық көрсетеді, адам миының жұмысын бәсеңдетеді және есте сақтау үдерісін тежейді;
- алкоголь қозғалыс үйлесімін бұзады және тез реакцияны төмендетеді;
- алкогольді көп мөлшерде немесе бір рет қана ішудің өзі адам миын қайталанбас күйге душар етеді.
Ішімдікке салыну (алкоголизм) алкогольді ішімдіктің кез келгенін, тіпті сыраны да ішудің нәтижесінде болуы мүмкін.
Ішімдікке тәуелділік - бұл біртіндеп туындайтын және алкогольді адам өмірінде лоталық орынды иеленгенін куәлендіретін белгілер кешені.
Ішімдікке салынудың белгілері:
- спирттік ішімдікке тәбетінің тартып тұруы;
- сандық сапаны жоғалту;
- "бас жазу" синдромы немесе абстинентті синдром (ағза алкогольсіз дұрыс қызмет ете алмайтындықтан ішкісі келіп тұру);
- алкогольге деген тұрақтылық (толеранттық);
- есте сақтаудың мүлдем құруы;
-алкогольді жүйелі түрде қолдану сипаты.
Ішімдікке тәуелділік - әлеуметтік, отбасылық проблемасы, ең алдымен спирттік сусындарды ішкіш адамның жақындары мен туыстары қайғырады. Олардың көпшілігінің үйі, отбасы, жұмысы, достары бар. Тек ішкіштердің 3-5 пайызы ғана тұрақты мекен-жайы жоқтар (бомждар) мен қаңғыбастар.
Ішімдікке тәуелділік - өмірлік сырқат. Сырқаттың жалғыз ғана емі - ішуден бас тарту,
Кез келген алкогольді 18 жаска дейін ішу адам ағзасына қауіпті.
Есірткі заттар туралы ақпарат
Амфетаминдер - синтетикалық қоздырғыш зат, оның түрі лайлы ақ немесе сары кристалл ұнтақ секілді, дәмі ащы. Жасырын әзірлеген амфетаминдер қызғылт, сары, қоңыр, қызыл немесе қара түске боялған таблетка немесе капсула түрінде болады. Амфетаминдерді көбіне жұтады немесе иіскейді, оларды инъекция түрінде де қолданады. Егер ол инъекция болса, онда ЖҚТҚАҚТҚ (ВИЧ-ті) немесе басқа да инфекцияларды бұрын пайдаланылған немесе тазартылмаған шприцтерді қолдану арқылы жұқтыру қаупі туады.
Амфетаминдер - орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш. Оны қолданғаннан соң адам өзін ұқыпты, жылдам, сөйлесуге дайын, өзіне-өзі сенімді, шаршағанды сезбейтін және қарны ашқанын байқамайтындай болып көрінеді. Жүрек қағысының және тыныс алуының жылдамырақ соғуы, көз қарашағының үлкеюі байқалады. Бір рет қолданған мөлшердің әсері 3-4сағат мерзімге дейін сақталады. Жағымсыз ықпалы жүйкенің қозуына, тамырдың қалыпсыз соғуына, ұрыс шығаруға, сасқалақтауға, көңіл-күйінің шамадан тыс түсуіне, тұрақтап отыра алмауға, бас ауруына әкеледі. Мөлшерден тыс артық ішу галлюцинацияның пайда болуына, біреулердің өзін аңдып жүргендей сезім мен қорқынышка жетелейді. Соңынан пайда болатын шаршап-шалдығу, өмірден безу және үнемі ашығып тұру күйіне әкеледі. Амфетаминдер тәуелді болуға жетелейді.
Көп мөлшерде ұзак уақыт бойы үзбей қолдану ағзаның ауруға деген қарсыласуын бәсеңдетеді, тамақ ішпегендіктен және ұйықтамағандықтан адам ағзасының әлсізденуіне, сонымен қатар жүректің тоқтап қалуына соқтыратын қан тамырларын зақымдайды. Жүрек ауруы және психикасының бұзылуы байқалған адамдарға ішімдік ішу өте қауіпті.
Амфетамин сульфатын басқа заттармен -глюкоза, ұн, кофеин, балаларға арналған құрғақсүт немесе парацетамолмен жиі шатастырады. Бұл жайт инъекция еккен шақта едәуір қауіп төндіреді, себебі бұл заттар қан тамырын бөгеп тастауы мүмкін.
Анаболикалық стероидтар - бұл біздің денеміздегі табиғи гормондар тобы. Ерлер гормоны тестостерон - олардың ішіндегі ең күштісі, ол ер адамдарға тән қасиеттердің дамуына ықпал етеді.
Гормондар бұлшық еттердің қатаюына, атлетикамен айналысатындарға бұлшық етін тез шынықтыруға және қайтып қалпына келтіруге жылдам әсер етеді.
Адамдар анаболикалық стероидтарды әр түрлі себептермен бұлшық еттерін күшейтуге, сыртқы түрін, "дене мүсінін" жақсартуға, күшінің басымырақ болуы үшін қолданады. Сонымен қатар стероидтар шаштың түсуіне, қан қысымының көтерілуіне, бауырдың және жүректің сырқаттануына, ерлердің көкірек бездерінің үлкеюіне, белсіздік пен мінез-кұлқының өзгеруіне соқтырады. Ал әйелдерде дауыстың жуандауына, емшек бездерінің кішіреюіне, беттерінде қылшықтардың пайда болуына, еттеккір циклынын бұзылуына әкеледі. Бұл өзгерістер қайтып қалпына келмейді. Сонымен қатар стероидтар жас адамдардың өсуін тежейді.
Стероидтар инъекциясын еккен кезде бір инені пайдалануға болмайды. Ол ЖҚТҚАҚТҚ (ВИЧ) және гепатит инфекциясының таралуына әкеледі. Осылайша күре тамырдың қызметін бұзып, жүйкенің жұмысына кері әсер етеді.
Анаболикалық стероидтардың адамдар қолданатын басқа да зиянды заттардан айырмашылығы - оларды қолдану сәтінде адамның көңіл-күйі өзгермейді.
Барбитураттар адамның кеудесін жаншып, ми және орталық жүйке жүйесінің жұмысын әлсіретіп, ауырғанды басуға негізделген. Бұл иіссіз ақ ұнтақ және дәмі ащы, таблетка немесе капсула түрінде шығарылады.
Медицинада оны тыныштандыру мақсатында, ұйықтай алмаудан зардап шегетін адамдардың ұйқысын жаксарту немесе қояншық ауруы ұстағанда адамды бақылауға алу үшін қолданылады. Ретсіз қолданғанда ол да қауіпті болуы ықтимал. Барбитураттардың мөлшерін, әсіресе оларды алкогольмен немесе басқа да зиянды заттармен араластырғанда, оңай-ақ көбейтуге болады.
Барбитураттар орталық жүйке жүйесін алкоголь секілді зақымдайды. Оның ағзаға әсер ету уақыты 3-6 сағат мөлшерінде. Қолданған кезде ағза босаңсиды және оны еш нәрсе мазаламайды, ақыл-ойын жинақтау қабілетін тежейді. Мөлшерден тыс қолданған сәтте уланған секілді құсқысы келіп, басы айналады, ес-түстен айрылып, өліп қалғанға ұқсайды. Егер ретімен жайлап қабылдаса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті
ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН КАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
Денсаулық математикасы жобасының бөлімдері
Математика және салауатты өмір салты
Зиянды әдеттерге жастардың көзқарасы
Денсаулық бұзатын факторлар
Зиынды заттардың профилактикасы
Салауатты өмір салтын насихаттаудағы мейіргерлік процесс
Зиянды әдеттер
Қазақстанда аса қауіпті, әлеуметтік мағыналы аурулар
Пәндер