Қазақстан Ұжымдастыру жылдарында. Ұжымдастырудың практикалық салдарлары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Ұжымдастыру жылдарында. Ұжымдастырудың практикалық салдарлары

1917ж. 24 қазанда (6 қараша) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшылар, солдаттар мен матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертен әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады.

Қазан қарулы көтерілісінің Петроградтағы жеңісінің және Орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен іргелесе ірі қалалар - Ташкентте, Омскіде, Орынборда, Астраханда кеңес өкіметі орнауының Қазақстанда бүкіл өкімет билігінің Кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызы болды. Алайда Қазақстанда кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917ж. аяғынан 1918ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс - өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табымен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болғандығынан, ұлтаралық қатынастардың күрделігінен туған қиыншылықтар себебінен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің өлкеде жеңіске жетуінде солдат депутаттары Кеңестеріне біріккен жергілікті гарнизондардың солдаттары, және ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған әрі барынша қолдаған көңіл күйдегі, өздеріне - бейбітшілік, ал шаруаларға - жер беруге уәде жасаған өкіметтің болуына жеке мүдделі бұрынғы майдангерлер шешуші рөл атқарды.

Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері деп аталатындардың табанды қарсыласуымен, сондай-ақ Қазақстанның әр түрлі қалаларында (әсіресе Оралда) орталық аудандардан қашқан бұрынғы құлатылған Уақытша үкімет жақтастарының шоғырлануымен қиыншылықты жағдай одан бетер күшейе түсті.

Сырдария, Ақмола облысының және Бөкей Ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер шешуші бас мықты болғандықтан да Уақытша үкіметтің жақтаушылары оларға қарулы қарсылық көрсете алмады, сөйтіп кеңес өкіметі бейбіт жолмен-жұмысшылар мен кедей шаруалардың Кеңестерде мықты көпшілікке ие бола алуы жолымен жеңіп шықты.

Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және ішінара Жетісу облыстарында істің барысы басқаша өрбіді. Көптеген жерлерде, соның ішінде облысорталықтары мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті гарнизондардың большевикшіл солдаттарының күштерімен қарулы көтерілістер жасап, Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының және олардың одақтастарының қарсыласушы күштерін басып-жаншу жолымен орнатылды.

1917ж. қазан айының соңынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен Қазақстанның басқа да ірі елді мекендерінде орнап бітті. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату процесі. Азамат соғысы басталғанға дейін созылды. Қазақстанда кеңес өкіметін орнату ісіне Ә. Т. Жангелдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішев, А. Асылбеков, Б. Серікбаев, Ә. Майкөтов, И. Дубинин, К. А. Шугаев, Я. В. Ушанов, С. М. Цвиллинг, А. Иманов, Т. Рысқұлов, П. М. Виноградов, Т. Бокин, Л. П. Емелов, Т. Өтепов, А. Розыбакиев және басқалар неғұрлым белсенді қатысты.

Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде экономика мен мәдениетті қайта құру шаралары қолға алына бастады: өнеркәсіп кәсіпорындарында (Спасск зауытында, Қарағанды шахталарында, Успенск руднигінде, Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде ж. т. б. ) бақылау енгізілді, бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен банктер мемлекет меншігіне айналдырылды. Кеңестердің ІІ съезінде қабылданған жер туралы Декретті жүзеге асыру жөніндегі алғашқы қадамдар жасала бастады. В. И. Лениннің қолдаумен Петроград жұмысшылары Шығыс Қазақстанда үш коммуна «Дихан» коммунистердің бірінші Ресейлік қоғамын, «Дихан» коммунистердің екінші Ресейлік қоғамын» және «Солнечная» коммунасын ұйымдастырды.

Кеңес органдарының, Кеңестердің облыстық және уездік съездерінің қаулыларында жер туралы Декрет жергілікті жағжайларжәне шаруалардың өздерінің бастамашылдығын ескере отырып одан әрі нақтыландырылды және дамытылды

Қазақстандағы ұжымдастыру

Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты

Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтығаназамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916-1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. Ал 1921- 1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік биліккүйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы 1923 жылы 17-22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е. Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасарыА. Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.

Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде «ұстамдылыққа» шакырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар мәселесінде ымырашылдыққа жол бермеуге, қазақ кедейлерінің «әлі оянбаган таптық түйсігін» шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл қазақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0, 5%-ға да жетпейтін) байлар табына және олардың меншігіне «қызыл гвардиялық шабуылға» өтуге жасалған даярлықтың көрінісі еді.

Орталық пен оның Қазақстандағы өкілдерінің мұндай ұстанымына ашық қарсылық көрсеткен жеке қазақ басшылары аз болған жоқ. Солардың бірі - Смағұл Сәдуақасов қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтармен тым әуестенушіліктің жағымды нәтиже бермейтіндігін, қазақ шаруаларының сол тарихи кезеңде таптық қанаудан емес, жұмыссыздықтан, шаруашылығын жандандыруға қажет қаржының жоқтығынан азап шегіп отырғандықтарына, яғни ендігі уақытта елдің революциялық сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж екенін түрлі дәреже-деңгейде дәлелдеуге тырысты.

Сондай-ақ С. Сәдуакасов қазақ байларымен күресті төтенше революциялық шаралар арқылы емес, бейбіт әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуді ұсынды. С. Сәдуақасов, Н. Нұрмақов, Ы. Мұстанбаев, Ж. Мыңбаев, С. Қожанов сияқты қазақ саяси қайраткерлерінің бұл ортак ұстанымын большевиктік басшылық социалистік құрылысқа қарсы көрсетілген жергілікті ұлтшылдардың қарсылығы ретінде қабылдады. Ал ұлт қайраткерлері болса ендігі уақытта мұндай ұстанымдарының ұлтшылдық пиғылдан емес, жергілікті өмір ерекшеліктерінен туындап отырғандығын, соған байланысты өздерінің шынайы интернационализм ұстанымынан ауытқымағандықтарын ылғи да дәлелдеп отыруға мәжбүр болды.

«Кіші Қазан» курсы

1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Жаңа астанада 15-19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланыпқырғыз» аталғанын ескеріп, халыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы аталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының аты (бұрынғы Перовск) Қызылорда болып өзгертілді.

Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық билік республикадағы саяси тәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті. 1925 жылдың 29 мамырында И. В. Сталин партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро мүшелеріне «Ақ жол» газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын жолдады. Онда И. Сталин өзінің «Ақ жол» газеті материалдарымен танысып, жарияланған материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай мақалаларымен сабақтас, жақын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді.

И. Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын саяси және идеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды.

И. Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек таптық тегіне қарап тарту кең етек алды. Сонымен бірге бұқара арасынан іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты жіктеу орын ала бастады.

1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф. Голощекин, И. Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, калың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф. Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И. Сталиннің толық қолдауын алды.

Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С. Қожанов, С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев, Н. Нұрмақов, т. б. ) Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О. Исаев, І. Құрамысов, Ғ. Тоғжанов, т. б. ) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.

Ф. Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті.

Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады.

«Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды.

Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу

1927 жылы ақпанда БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Бұл Н. Нұрмақов, Ж. Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің заңды қарсылығын тудырды. Сол 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы- қазақтық партия конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927 жылы 12 желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады.

Бұл қаулыны іске асыру барысында басымдылық қоныс аударушыларға берілді. Ал көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қожалықтарын отырықшы тұрмысқа аудару мынадай қарқында жүргізілді: 1930 жылы - 87 136, 1931 жылы - 77 508, 1932 жылы - 77 674 және 1933 жылы - 242 208 қожалықтар арнайы белгіленген жерлерге орналастырылды. Қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару оларды мемлекет тарапынан материалдық және қаржылай қолдаусыз, құр науқаншылық шаралар арқылы жүргізілді.

Бұл зор ауқымды шараларды қауырт түрде іске асыру идеясы, авторларының көздеген басты мақсаттарының бірі - қоныс аударушыларға молырақ қазақ жерлерін босатып беру болды. БОАК-тың 1928 жылғы 29 наурыздағы қаулысында қазақтардың белгіленген мөлшерден артық жерлерін кесіп алу көрсетілді. Осылайша Кеңес үкіметі қазақ жерін отарлау ісіне жаңа қарқын берді. Бұдан кейін қабылданған шешімдер мен қаулылар патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының қайта тіріліп, кеңестік заманда жаңа бағытта жүргенін байқатады.

1927 жылы желтоқсан айында тәркілеу туралы заң дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал келесі 1928 жылы 27 тамызда «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» және 13 қыркүйекте «Тәркілеуге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы» деп аталған екі қаулы қабылданды. 700 ірі шаруашылыктың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса бау-бақша, ауыл шаруашылығы құралдары - соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы көшірілді. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының колымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды өзара араздастыру саясаты тереңдей түсті.

«Қазақ ұлтшылдарын» жазалау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері
Қазақстандыинду стрияландырудың ерекшеліктері
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары жайында
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы ашаршылық
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz