Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру


ӘОЖ 378. 02:37. 6. 013. 41 Қолжазба құқығында
САДУОВА ЖАНАР НҰРӘЛІҚЫЗЫ
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
13. 00. 08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазқ-түрік университетінде орындалған
Ғылыми жетекшілері педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Керимов Л. К.
педагогика ғылымдарының докторы,
доцент Беркімбаев К. М.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Кенжебеков Б. Т.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Сарбасова Қ. А.
Жетекші ұйым: Евразиялық гуманитарлық институт
Қорғау 2008 жылы «___»сағат Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.
Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.
Автореферат 2008 жылы «___»таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы Беркімбаев К. М.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; оқытушылардың кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогикалық мұғалімдерді жаңа технологиялар негізінде көтеру. Мұндай үдеріс әлемнің түрлі елдерде өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп алатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өздігінше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметі жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
ЖОО-да білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, болашақ мұғалімнің кәсіби мәнді сапаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалық іс-әрекеттің дидактикалық негіздерін айқындау, ЖОО-да оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар- А. П. Сейтешов, Н. Д. Хмель, С. А. Ұзақбаева, Л. К. Керимов, Б. Р. Айтмамбетова, Б. Әдікәрімұлы, М. А. Құдайқұлов, А. Е. Әбілқасымова, Ғ. К. Ділімбетова, В. В. Егоров, М. Ж. Жадрина, А. А. Калюжный, М. С. Молдабекова, З. А. Исаева, Б. К. Момынбаев, Г. Ж. Меңлібекова, Г. К. Нұрғалиева, С. А. Жолдасбекова, М. Н. Сарыбеков, Қ. Сарбасова, Ә. Абуов, Б. С. Имандосова және т. б. еңбектерінде қарастырған.
Болашақ түрлі сала мамандарының кәсіби бағыттағы даярлығын екі қырынан қалыптастыру бойынша ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Олар: С. Ж. Пірәлиев, Л. А. Шкутина, С. Ә. Әбдіманапов, К. М. Беркімбаев, Ж. К. Оңалбек т. б. болашақ мұғалімдерді кәсіби дярлау; Б. Кенжебеков, Б. А. Оспанова, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігі мен креативтілігі туралы еңбектері бар.
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технология-ларды ұсынған Н. П. Гузиктің, В. М. Монаховтың, В. Ф. Шаталовтың, Т. Галиевтың, Л. Бектұрғановалардың еңбектері және т. б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.
Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В. П. Беспалько, Ж. А. Қараев, Ш. Т. Таубаева, Б. Т. Барсай, Д. М. Жүсібалиева, М. В. Кларин, Қ. Ө. Қариева, С. А. Көшімбетова, Қ. Қабдықайырұлы, А. А. Саипов, Г. К. Селевко, Б. К. Төлбасова, Л. А. Шкутина және т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.
Біз жоғарыда аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үдерісінде пайдалану мәселесінің ғылыми- теориялық тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын анықтадық.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығына бүгінгі өркениетті қоғамның сұранысы мен оларды жоғары оқу орындарында даярлауда жаңа технологияларды пайдаланып теориялық және практикалық білім беруді жетілдіруде әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар бар екені анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: Болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орнында кәсіби даярлық үдерісі.
Зерттеудің пәні : Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби - бағыттылығын қалыптастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен мазмұны теориялық тұрғыдан айқындалып, моделі жасалса және педагогикалық жүйе ұсынылып тәжірибеге ендірілсе, онда бүгінгі қоғамға қызмет ететін білікті және бәсекеге қабілетті мұғалім мамандары даярланады, өйткені бұл қазіргі білім беру саласындағы қоғамдық сұраныс.
Зерттеудің міндеттері:
- болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудағы жаңа педагогикалық технологиялардың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу.
- болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделін жасау, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау.
- болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы педагогикалық практикалардың мүмкіндіктерін айқындау.
- жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жүйесін құру.
- ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесін тәжірибелік-экспериментте тексеру және тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыт-тылығын қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану қазіргі заман талабына сай білікті мамандардың даярлығын жетілдіре түседі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Тұтас педагогикалық үрдісінде технологиялар бойынша тұжырымдар, жеке тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялық, психологиялық қағидалар, жеке тұлғалық - бағдарлы білім беру теориясы, ғылым мен практиканы кіріктіру теориясын құрайды.
Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы (1999), «Қазақстанның-2030» даму стратегиялық бағдарламасы; «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы» (2004) ; Отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың зерттеліп отырған мәселе бағытындағы еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары, заңдары, қаулы-қарарлары, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, автордың өзінің жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары және арнайы оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
1. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімнің кәсіби бағыттылығының қалыптасуына теориялық тұрғыдан талдау жасалынды.
2. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштер мен деңгейлері нақтыланды.
3. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы педагогикалық практикалардың мүмкіндіктерін айқындау.
4. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыратын жүйесі құрылды.
5. Ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесін тәжірибелік-экспериментте тексеріліп және тәжірибелік-экспериментте дәлелденді.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу орнының студенттеріне арналған жаңа педагогикалық технология-лардың мазмұндық сипаттамасы, болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі мен педагогикалық жүйесі, «Мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері» және «Қазіргі педагогикалық технологиялар» атты арнайы курс бағдарламалары болашақ ұстаздардың кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орындарының тәжірибесіне ендірілді.
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындарындағы мұғалім мамандарын даярлауда және Республикалық, аймақтық мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Жаңа педагогикалық технологиялардың ғылыми-теориялық мазмұны болашақ мұғалім мамандарының педагогикалық білімдерін жетілдіріп қана қоймайды, ол кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың жетекші құралы болып табылады, өйткені, ол оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырып білікті, шығармашыл, белсенді мұғалімдерді даярлауға септігін тигізеді.
2. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттері бірлігінде байқалады және нақты өлшемдер мен көрсеткіштер және деңгейлер арқылы сипатталады.
3. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудағы педагогикалық практикалардың мүмкіндіктерін айқындау.
4. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыратын жүйесі.
5. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі «Мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері» және «Қазіргі педагогикалық технологиялар» атты арнайы курс бағдарламалары, «Педагогика», «Жалпы психология және педагогика негіздері», «Студенттердің педагогикалық практикасы», «Жас ерекшелік және педагогикалық психология», «Психология мамандығына кіріспе» пәндері және педагогикалық практика және арнайы курстар арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу үш кезеңге сәйкес жүргізілді.
Алғашқы кезеңде (2002-2004 ж. ж. ) зерттеудің теориялық негіздері анықталды, философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми-әдіс-темелік зерттеулер мен педагогикалық технологиялар бойынша әдебиеттер терең меңгеріліп, теориялық тұрғыдан талданды, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңде (2004-2006 ж. ж. ) ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, қазіргі ғылым мен техниканың даму жағдайындағы, психологиялық және педагогикалық бағыттағы пәндердің мазмұнын жетілдірудегі басты идеяларға, жоғары оқу орындарында психология және педагогиканы оқытудағы алдыңғы қатарлы озат тәжірибелер мен әдістерге сүйене отырып, қазіргі педагогикалық технология, мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негізі курс-тарының мазмұны анықталып, бағдарлама құрастырылды; оқытушыларға және студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындалды, экспериментке қатысушылардың әр түлі топтары үшін тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар-дың бағдарламасы мен әдістемесі жасақталып, анықтау және қалыптастыру, бақылау эксперименттері жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2006-2007 ж. ж. ) Жоғары оқу орындарында «Қазіргі педагогикалық технологиялар», «Мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педа-гогикалық негізі» атты арнайы курстары жасалынып тәжірибелік тексеруден өткізіліп, алынған нәтижелер психологиялық және педагогикалық бағыттағы пәндердің құрамды бөліктері бойынша эксперименттік және бақылау топтарының оларды игеру деңгейлерін салыстыру әдісімен өңделді; теориялық және тәжірибелік тексеру жұмыстарының нәтижелері жүйеленіп, тұтас зерттеу бойынша қорытындылар шығарылды және әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеу базасы . Тәжірибелік-зерттеу жұмыстары Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан орталығы және Кентау институтында, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерін талқылау және ендіру. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Халықаралық (Шымкент, 2004, 2007, Қарағанда, 2005, Көкшетау, 2005, 2007, Кентау, 2006, Тараз, 2007, Семей, 2007, Отырар, 2007, Алматы, 2007), республикалық (Шымкент, 2004, 2005) ғылыми-практикалық және ғылыми-теориялық конференцияларда, республикалық педагогикалық оқуларда (Шымкент, Түркістан, Кентау 2002-2007) және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жыл сайынғы өтетін конференцияларда, ғылыми-әдістемелік семинарларда, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облыстық, аймақтық, қалалық білім беру басқармаларында баяндалды, мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда, жинақтарда, бағдарламаларда, әдістемелік нұсқауларда, оқу-әдістемелік құралдарда, электронды оқулықтарда көрініс тапты. Жалпы саны -29.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері, зерттеу көздері, әдістері мен кезеңдері беріледі және ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалар мазмұндалады.
«Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде Отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектеріне талдау жасай отырып, «инновация», «технология», «жаңа технология» және т. б. ұғымдардың мазмұны мен мәніне ғылыми-теориялық тұрғыдан мазмұндық сипаттама жасалып, теориялық негізі анықталды. Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі ұсынылады.
«Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру әдістемесі» атты екінші бөлімде болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылы-ғын қалыптастыратын жаңа технологиялардың педагогикалық жүйесі жасалып оның тиімділігін айқындау мақсатында әдістемлік нұсқаулар, арнайы курс бағдарламалары ұсынылады, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының әрбір кезеңдеріндегі нәтижелері мазмұндалды, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі және қарастырылып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.
Қосымшада зерттеу жұмыстарында қолданылған ақпараттық техно-логиялар бойынша, зерттеу нәтижелерін оқу орындарында ендіру анықта-малары келтіріледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғаюы, мектептегі білім беру мазмұнын және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта құрылуының бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда кез-келген оқу орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т. б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг және т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен білім алушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үдерістерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл үрдісті оқыту үдерісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдерінің даярлығын жоғары оқу орнының қабырғасында жетілдіру оқу үдерісін жобалау арқылы іске асырылады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың жаңа технологияларын жасауды көздейді (Кесте 1) .
Кесте 1 Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және мазмұндық нобайы
Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы-ның даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.
Жаңа парадигманың маңызды компоненті - тұлғаның өзіндік даму тұжырымдамасы болып табылады. Өзіндік даму - бұл ішкі және сыртқы әлеммен байланысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның әртүрлі саладағы икемділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі әрбір студентке ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік жасау қажеттігін дәлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ мамандарды дәстүрлі формада даярлаумен қатар жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.
Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, студенттерді тұлғалы-бағдарлы оқытуды модельдеу білім беру жүйесінің үш функциясын көрсетеді:
- орнын толтыру, яғни тұлғаның базалық біліміндегі ақтаңдақтарды жою;
- бейімдеу, яғни пәндік және функциональдық жағынан неғұрлым жаңа білім, талаптар ұсыну;
- дамыту, яғни тұлғаның шығармашылық тұғыдан өсуіне ықпал ету және оның әр түрлі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Кәсіби тұлғаны дайындау үшін нағыз педагогикалық, білімді-педагогикалық бір бүтін болу керек және педагогикалық квадраттың барлық мазмұнына ие болу қажет. Яғни, білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту болып саналады. Бұл тек қана білім беру мекемесінің талабына тиісті емес, сонымен қатар әрбір оқу тобының, циклының, факультеттің, кафедраның, оқытушыны, студенттің, тыңдаушының іс-әрекетіне қатысты.
Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесі психологиялық-педагогикалық талаптарды ұстанған жағдайда болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы талапқа сай қалыптасады. Оларға:
1. Білім беру мекемесінің іс-әрекеті толығымен оның басты мақсатына жетуге тәуелді. Ал басты мақсат кәсіби тұлға дайындау, олардың өздерін өмірде қалыптастыра алу қабілетін мәдениетті, демократиялық, гуманды, құқықтық және қарқынды дамушы азаматтық қоғамның құрылу қажеттігіне сәйкес ұйымдастыру. Білім беру мекемесін басқару егер бірбүтін жұмысқа және оның нәтижесіне, нәтижеге жету кепілділігі қамтамасыз етілген болса, ол эффективті болмақ. Керек бағытта жұмыс жасап, студенттерді «керек болады» деген принциппен оқыту маңызды емес, әрбір түлектің барлық педагогикалық және психологиялық құрамдар негізінде қажетті білімділікке қол жеткізу маңызды. Бұл нәрсе бар болғанымен, жалпы практикада қажетті нақтылық және қатаң тәртіппен аз жағдайда жасалады.
2. Білім беру үдерісінің студенттерге тұлға және болашақ маман ретінде бағытталуы. Барлық білім беру мекемесі онда оқитындар үшін болады. Білім беру мекемесінің басты мақсаты- жоғары білімді тұлға мамандарды дайындау. Басты оптималды нәтиже- жоғары білімді тұлға маман. Әрбір педагогикалық жүйе элементінің басшылықтың, оқытушының, студенттің, білім берудегі жаңашыл тәсілдер студенттерді өз ісінің маманы етіп дайындаудағы беретін білімдеріне байланысты болып келеді. Осыған жұмыс істемейтіндердің барлығы аяусыз және жылдам шешіммен шектелуі қажет.
Бұлардың барлығы білім берудің модернизациясында, білім беруде, оқытуды, педагогикалық ықпалдастықта, ортада жүзеге асуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz