Қазақстанның экологиялық аймақтары



1. Экологиялық апат аймақтары
2. Каспий және Арал теңіздерінің экологиялық мәселелері
3. Семей және Түркістан қалаларының экологиялық мәселелері.
Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.
Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда.
Арал өңірі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен) әсіресе әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫ

ЖОСПАРЫ:

1. Экологиялық апат аймақтары
2. Каспий және Арал теңіздерінің экологиялық мәселелері
3. Семей және Түркістан қалаларының экологиялық мәселелері.

Мақсаты: Еліміздегі экологиялық жағдайларды жақсарту, жастарға
экологиялық мәселелерді насихаттау, қала мен ауылды, теңіздерді таза
ұстау, адам денсаулығына зиянды заттарды жою және отанымыздың гүлденуіне
үлес қосу.

Экологиялық апат аймақтары
Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын
алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына
елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары
болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне
нақтылы қатер болып табылады.
Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың
халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан
айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және
ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда.
Арал өңірі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді
мекен) әсіресе әйелдер және балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан
аздығы, балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі
байқалуда.
Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат
аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
жағдайын кешенді талдау жөнінде іс-шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен
қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу және
аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де
факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарларын
ескере отырып, сауықтыру-оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға
дейін Халықтың ішкі көші-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын
шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзірленуі қажет.
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын және Арал өңірінің проблемаларын
кешенді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө Өкімімен құрылған
ведомствоаралық жұмыс тобы жүзеге асырады.

Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының
көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының
шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш
өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ
түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз
қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек.
Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының
және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары
мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы
көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі
өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды
балықшылардың тілімен айтсақ Балық батағалары дейтін.
1925 жылдан бастап Каспий теңізінің суы тартылып, барған сайын азайды. 1930
жылы бұл су арналары, шығанақтар сусыз қалды. Біртіндеп тартылған теңіз суы
100 километрге қашықтаса, кейіннен ол одан екі есеге жуық қашықтап кетті.
Балық батағалары жабылды. Аудандағы кеңестік кезеңде құрылған балық
колхоздарының балықшылары теңізге балық аулауға шығатын кеме-қайықтарын
Астрахань облысы аумағына қарасты теңіз жағасындағы Тұмақ аралына күзде
тастап, көктемде сол жерден жарақтанып теңізге шығатын болды.
Бұрынғы теңіз ротасындағы Белужий, Трешкин, Дементьев, Қарабөлек,
Ленкоса, Комсомольск, Бесшифер, Жаркөсе, Әбу аралдары қара жерге жалғасты.
Бұл аралдар соңғы 30-40 жылдар бойы Атырау облысы мал шаруашылықты
колхоздарының мал азығын дайындайтын учаскелерге, малшылардың қыстақтарына
айналды.
Қиғаш өзенінен Забурын елді мекеніне дейігі 200 километрге жуық
жердегі халықтың байырғы қонысы сусыз қалды. Оншақты колхоздар тұрақты тұра
алмағандықтан Қиғаш, Шарон өзендерініңбойына қоныс аударды. Бірақ бұл сусыз
қалған мыңдаған гектар жерді малшылардың қонысына, жайылымға айналдырар
бағдарламасы ел алдына қойылды. 1946 жылы Шортанбай балық зауытының қасынан
Қиғаш өзенінен басын алатын Қиғаш-Кобяков каналы, одан басын алатын Көкарна-
Белужий-Трешкин, кейін Кобяков-Жанбай каналдары, мал су ішетін Кобяков-
Мальцев каналы, сонан кйін Ганюшкиннен Забурынға жететін жоғары жақпен
Сурхан каналының желісі іске қосылды. Бұл каналдардың тұщы ағынды суы
түгелдей каналдың төменгі желісімен бұрынғы арналар ізімен теңізге құятын
болды және осы арналар ізімен суды теңізге жеткізетін Ленкоса, Мальцев,
Жанбай-Дементьев каналдары да қазылды. Мысылы Белужий арнасы атына сай
Белуга (қортпа балығы) балығының ішкі суға кіретін, уылдырық шашатын
бұрынғы терең арна болатын.     Бұл каналдар бойындағы жайылымдық жерлерге,
малшыларға Еділдің тұшы суын жеткізіп қана қоймай, бұрынғы теңіз суы
жайылатын көлдерге құйып, теңіз балықтарының көктемде уылдырық шашып,
көбеюіне мыңдаған суды мекендейтін құстардың көбеюіне мыңдаған жол ашты.
Мұның бәрі кешегі өткен кеңістік кезеңдегі теңіз жағасын мекендеген
Құрманғазы ауданы жерінің келбеті еді. Теңіз жағасының қазіргі жағдайы
мүлде өзгерді. Аудандағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты өндіріс
орындарының көбі жабылды. Аудан экономикасы төмендеді. Табиғаты қорғалмай,
экологиясы бұзылды.Өткен 30 жыл ішінде каналдар бір де бір рет
аршылмағасын, арналары бітелді. Қамыс, қоға, су балдырлары қаптап кетті,
көпшілігін су жүрмейтін болып, құм басты. Теңізбен байланыс үзілді.
Көлдерде тұрып қалған су бұзылып, мыс купросының ерітіндісіне айналды,
зәрленді. Ауру таратудың көзіне айналды. Мыңдаған гектар шабындық,
жайылымдық жер шөпшықпай, пайдаланудан қалды. Ауданға қарайтын батыстан-
шығысқа ұзындығы 200км, терістіктен-түстікке150 километрге созылатын теңіз
жағалауын нар қамыс, қоға басты, су арналары жойылды. Өзен суы теңізге
жетпейді. Бірнеше жылғы ну орман болып шыққан қамыс, қоға, жыңғылдар 1974
жылдан бері өртелмегендіктен қурап, үйінді-шөгіндіге айналды, су
балдырларымен қопаға айналып шіріді. Қопа үстінен қайталап шыққан биік
қамыс-қоғалар жыртқыш қасқыр, қарсақ, түлкі, қамыс мысықтарының, борсықтын,
күзен, жанат, қабандардың және кемірушілер-егеуқұйрық, тышқан,
атжалмандардың тұрақты мекеніне айналды. Жылма-жыл олардың санының ұлғаюына
сай жұқпалы да, қатерлі аурулар туу қаупі өсті.
Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстары
теңізге қауіп төндіре ме? Әрине. Әлемнің әр түкпірінде болып жатқан
экологиялық апаттардың ащы сабағынан оң қорытынды шығармасақ, Каспийдің
келешегіне де қауіп төнеді. Қазір мұнда тек іздестіру шаралары ғана
жүргізілуде. Осындай геологиялық жұмыстардың барысында-ақ бірнеше оқыс
оқиғалар орын алды. Алдымен итбалықтардың, соңынан құстардың жаппай
қырғынға ұшырауы теңіздің қазақстандық бөлігінде дабыл қағылар жағдайдың
қазір-ақ қалыптасып келе жатқанын аңғарды. Ең сорақысы – сол апаттардцың
аяғы анықталмай, себебі сараланбай қалғандай. Аджип компаниясы азды-көпті
айыппұл төлесе, бұл осымен іс тыңды деген сөз емес. Бізге “қара алтын”
игеру жолында табиғатты құрбандыққа шалмау, қоршаған ортаны таза күйіде
сақтау жолындағы шараларды қолға алатын кез жетті. Жалпы, адам мен
табиғаттың байланысы ықылым замандарда қалыптасқан. Адамзат өзінің өмірлік
қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде
қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы
уақытта да сақталса, мұнығ арты табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға
апарып соқтырады. Бұл – табиғаты күрделі аймақта орналасқан Атырау облысы
үшін үлкен қауіп.
Күн тәртібінде Каспий теңізінің су алып, су басып кеткен
аймақтарындағы ұңғымаларды жою проблемасы тұр. Ұңғымаларды жою жөнінде
шұғыл шаралар Каспий теңізінің акваториясы үшін жағымсыз салдарларға әкеп
соқтыруы мүмкін.
Аймақта үш басты экологиялық проблемасын атап өтуге болады:
1.    Қошқар-Ата қалдық сақтау қоймасының проблемасы, онда 105 млн
тонна улы және радиоктивті қалдықтар сақталады. СКЗ және ХГМЗ
зауыттарының толық тоқтап тұруына байланысты 1988 жылдан бастап ағынды
сулар ағызылып жіберілмейді. Сұық фазаның деңгейі төмендеуде. Қазіргі
уақытта жалпы көлемі 77км жер тазартылып, көлемі 30км жағажайлар пайда
болды. Қалдық сақтау қоймасы жөніндегі проблемалық мәселелерді шешу
үшін миллиондаған қаражат қажет.
2.    БН-350 реакторлық зауытының істен шығуы, оны радиациялық
қауіпсіз жағдайға келтіру.
3.    Каспий теңізінің Солтүстік теңіз қайраңында мұнай операцияларын
жүргізу және Каспий теңізінің теңіз қайраңын игеру кезінде қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешудегі негізгі проблемалардың
бірі – толыққанды экологиялық мониторингтің болмауы. Қазақстан
Республикасының оны жүзеге асыру үшін тиісті база жасақталмаған.
Аймақтың тағы да бір проблемасы қоршаған ортаны қорғау компоненттеріне
жасалған толыққанды мемлекеттік мониторингтің жоқтығы болып табылады.
Теңіз көлігінің көтеріңкі қарқынды қозғалысы нәтижесінде теңіз
ортасына, оның флорасы мен фаунасына әсері өрши түседі, ол жағалаудағы
аймақтарға және сулы ортаға экологиялық мониторинг жүргізуді талап
етеді. Каспий теңізі жағалауының 1350 км бақылаусыз қалып отыр.
Қазіргі уақытта құрғақ жүктерден басқа жылына 5 млн мұнады тасу жүзеге
асырылатын теңіз портының жұмысына тұрақты бақылау жетіспейді.
Зертханалар мен инспекторлық құрамның көптігінен теңіз портының
акваториында, сондай-ақ Каспий теңізінің қалған аумағындағы теңіз
суының сапалы құрамына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын жағдай
жоқ.
Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай өндіру мәселесі қатты қолға алынып
жатыр. Мол байлық бірнеше шет ел алпауыттарын дедектетіп біздің
республикамызға алып келгеніне де бірнеше жыл болды. Олар қазір ақ тер, көк
тер болып теңізге мұнай соратын қондырғыларды орнатып жатыр.
Пиғылы белгілі – оларға мұнай керек. Және көп мұнай керек. Айталық,
ана жылы итбалықтар қырылды, балықтар да өлді.
Қысқасы, қазір теңіз тіршілігіне қатер төнуде. Балық қоры мүлдем
азайды. Оны броконьерлерден көреді. Олар бір-бір ұшқыр моторларға мініп
алып, балық сақшыларын маңайлатпай кетеді дейді. Балық инспекторларының
тікұшақтар алуына да мүмкіншіліктері де бар. Осы тұрғыдан алғанда қызыл
балықтарды броконьерлер тауысып жатыр деген пікір – алдамшы сөз. Жоқ, оның
бір ғана себебі бар, ол – Батыс, Шығыс Қашағанды қазу кезіндегі теңізге
жіберілген лай су, ыссы фонтан, жер астынан атылған инертті газ.
Нәтижесінде теңіз тіршілігі қырғынға ұшырауда. Оны басшылар көрсе де
көрмеген, білсе де білмеген болады. Әрине, мұнай керек, бірақ теңіз
табиғаты құрыса, ол байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық апат
Экотуризмды дамыту жолдары
«Экологиялық қолайсыз аймақтардың құқықтық режимі»
Казақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
Есіл өзеннің казіргі көрінісі
Қазақстанның шөлді аймақтары туралы
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы. Жалпы ережелер
Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Қазақстанның шөлді аймақтары
Пәндер