Испания мемлекеті туралы мағлұмат


Кіріспе
Испания (Espana), Испания Корольдігі - Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көл. 505, 9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қ-лары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39, 2 млн. (1999) . Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн. ), баскилер (2 млн-нан астам), т. б. Қала халқы 76, 79%. Ресми тілі - испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т. б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы - Мадрид қаласы (5 млн. ) . Бұған қоса Барселона (1, 8 млн. ), Валенсия (1 млн. ), Севилия (750 млн. ), т. б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан - Испан ұлты күні (Х. Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні) . Ұлттық ақшасы - песета
Испания жерінде ежелгі адамдар палеолит дәуірінде-ақ (б. з. б. 10-мыңжылдыққа дейін) тіршілік ете бастаған. И. жерінде құрылған ең ежелгі мемлекет - Тартесс (б. з. б. 1 мыңжылдықтың бас кезінде болған) . Ел территориясына б. з. б. 7 ғасырда финикиялықтар мен гректер келіп қоныстана бастады. Б. з. б. 5 - 3 ғасырларда Пиреней арқылы кельттер келді. Б. з. б. 3 ғасырдың аяғында Испания жерінің көпшілігі Карфаген мемлекетіне бағынды. Б. з. б. 2 ғасырда Карфагенді Рим империясы ығыстырып, б. з. б. 21 - 19 жылы қазіргі Испания аумағын түгелімен бағындырды. Рим империясы үстемдігі кезінде елде испан-рим ақсүйектері пайда болды. Кейін Испанияға вандалдар, аландар, свевтер басып кіріп, Солтүстік-батыста Свев корольдігі құрылды. Аландар мен вандалдар оңтүстікке, ал 429 жылы Солтүстік Африкаға қоныс аударды. 5 ғасырдың 2-жартысында вестготтар королі Эйрих (466 - 84) Пиреней түбегін түгелімен басып алды. 585 жылы вестготтар Свев корольдігін толығымен бағындырды. 711 - 18 жылы Пиреней түбегін арабтар (мавр деген ортақ атпен белгілі болған араб және бербер тайпалары) жаулап алып, Омейя әулетіне бағынышты әмірлік құрды. 756 жылы омейялықтар тәуелсіз Кордова әмірлігін, 929 жылы Кордова халифатын құрды (қ. Кордова халифаты) . 1031 жылы Кордова халифаты көптеген ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. 11 ғасырда түбектің Солтүстік мен шығысындағы ұсақ христиан иеліктері біртіндеп біріге бастады. Сөйтіп, солтүстікте Кастилия, оңтүстікте Арагон корольдіктері құрылды. Олар біртіндеп Испаниядан арабтарды ығыстыра бастады. 13 ғасырдың ортасында елде тек Гранада әмірлігі ғана қалды. 1479 жылы Леон-Кастиль және Арагон-Каталон корольдіктері әулеттік неке негізінде бір мемлекетке бірікті. 1492 жылы 12 қазанда 10 жылға созылған соғыстан кейін Гранада әмірлігі жаулап алынды. Бұл күн Х. Колумбтың Американы ашып, ұлы жаңалықтар дәуірінің басталуымен тура келді. 16 ғасырдың 1-жартысында испандар Мексиканы, Перуді, Боливияны, Чилиді, т. б. Оңтүстік Америка жерлерін басып алды. Еуропада Испания құрамына Нидерландия қосылды (1516) . Испан королі Карл Қ 1519 жылы Қасиетті Рим империясының императоры тағына отырып, Испандар әлемдегі ең ірі мемлекетке айналды. Мануфактуралар құрылып, испан қалалары жібек тоқитын, былғары шығаратын, қару-жарақ жасайтын ірі орталықтарға айналды. Елде монархия орнады. 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап Испания әлсірей бастады. Революция нәтижесінде Нидерландия Испандардан 1581 жылы бөлініп шықты, 1588 жылы атышулы испан флоты - “Жеңілмейтін армада” Англиядан күйрей жеңілді. 17 ғасырда ел экономикасы онан сайын құлдырап кетті. 18 ғасырда бұрынғы испан иеліктері Англия, Франция, Австрия, т. б. мемлекеттердің өзара күресі нысанына айналды. Испан мұрагерлігі үшін күрес (1701 - 14) француз королі Людовик XҚV-нің немересі Филипп V-нің Испандар тағына отыруымен аяқталды. 18 ғасырдың аяғында Францияда революция басталғаннан кейін, Испания билеушілері 1793 жылы Франциямен соғыс бастады. Бірақ жеңіліске ұшырап, өздері француздардың ықпалына көшті. И. енді Франция жағында Англия мен Португалияға қарсы соғысты. Бұл Испандардың Америкадағы отарларымен байланысын нашарлатып жіберді. Үкімет елге француз әскерлерінің кіруіне рұқсат беріп, өзіне халықтың наразылығын туғызды. Бірінші испан революциясы (1808 - 14) елден француздарды қуу және либералдық реформалар жүргізу мақсатын көздеді. Конституция қабылданып (1812), ұлт-азаттық күрес және революция нәтижесінде ел 1814 жылы 18 мамырда толық азат етілді. Бірақ елге оралған король Фердинанд VҚҚ конституцияның күшін жойып, Америкадағы испан отарларындағы көтерілістерді басу үшін әскер жіберді. Екінші испан революциясы (1820 - 23) кезінде Фердинанд VҚҚ көтерілісшілердің талабын орындап, 1812 жылғы конституцияны қалпына келтірді. Конституцияға сәйкес 1820 жылы 9 шілдеде ашылған кортестер (парламент) көптеген прогресшіл заңдар қабылдады. Бұл революция Қасиетті одақтың шешімі бойынша француз интервенттері қолымен (1823 жылы сәуір - қыркүйек) басылды. Елде абсолюттік монархия қалпына келтірілді. Осы кезде испан армиясы Америкада жеңіліске ұшырап, Куба мен Пуэрто-Рикодан басқа барлық отарларынан айырылды. 1833 жылы Испандарда азамат соғысы басталып, ол Үшінші испан революциясына (1834 - 43) ұласты. Революция кезінде барлық ортағасырлық сарқыншақтар (инквизиция, майорат, т. б. ) толығымен жойылып, елде конституциялық монархия орнады. 1840 жылдан бастап өнеркәсіп төңкерісі басталды: металлургия, машина жасау з-ттары, т. ж-дар салына бастады. Төртінші (1854 - 56) және бесінші (1868 - 74) испан революцияларын республикашыл күштер жасады. Тұңғыш республика құрылғанымен (1873 - 74), ол ұзақ өмір сүре алмады. 1874 жылғы төңкерістен кейін үкімет басына қайтадан Бурбондар әулеті келді. 20 ғасырдың басында Испандарда ірі өнеркәсіп монополиялары пайда болды. Елге шет ел капиталы көптеп келе бастады. Республикашылар күресті тоқтатқан жоқ. 1931 жылы 14 сәуірде елде республика орнап, алтыншы испан революциясы (1931 - 39) басталды. 1931 жылы сәуір - 1933 жылы күз аралығында елді республикашыл-социалистер блогы басқарды. Олар а. ш-нда реформа жүргізді, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, т. б. шаралар жасады. Оған қарсы оңшыл күштер 1933 - 35 жылы фашистік блокқа бірігіп, елде 32 айға созылған азамат соғысы басталды (қ. Испаниядағы азамат соғысы) . Испандарда генерал Франконың диктатурасы орнап, саяси партияларға тыйым салынды. 2-дүниежүз. соғыс кезінде генерал Франко Германия мен Италияға көмектесіп, соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ-пен тығыз байланыс орнатты. 1947 жылы ел корольдік болып жарияланды. генерал Франко өлгеннен кейін (1975), Испандарда конституциялық монархия құрылды. Саяси тұтқындар түрмелерден босатылып, саяси партиялардың қызметіне рұқсат етілді. 1977 жылы 15 маусымда тұңғыш рет демокр. парламент сайлауы өтіп, Конституция қабылданды. 1979 жылы сәуірде алғашқы заңды үкімет жасақталды. 1981 жылы ақпанда әскерилердің мемл. төңкеріс ұйымдастыру әрекеті жүзеге аспай қалды. 1982 жылы қазанда өткен сайлауда Ф. Гонсалес бастаған социалистер жеңіске жетіп, өз үкіметін құрды. Олар 1983, 1986, 1993 жылдары өткен сайлауда да жеңіске жетті. Тек 1996 жылы өткен сайлауда ғана консервативтік Халық партиясы (Х. М. Аспар) жеңіске жетті.
Испания мемлекетінің саяси жүйесі
Жалпы мәлімет
Испания- Еуропаның оңтүстік-батысында, Пиреней түбегінде орналасқан мемлекет. Батыста- Португалиямен, солтүстікте- Франция және Андоррамен, оңтүстікте- Гибралтармен шектеседі. Шығысында және оңтүстікте- Жерорта теңізімен шайқалып жатыр, ал батыста- Атлант мұхитымен, солтүстікте- Бискай шығанағымен. Испанияға Балеар және Канар аралдары, сонымен қатар, Марокко жағалауындағы 5 суверенді жерлер жатады. Жалпы территориялық аумағы- 504. 750км шақырым.
Халқының саны- 39. 800 мың адам (2001ж. ) . Этникалық құрамында испандықтар(73%), каталондықтар(16%), галисиийлер(8%) және басктер(3%) . Мемлекеттік тілі- испан тілі.
Испания- БҰҰ-ға, ЕО, НАТО-ға мүше елдердің бірі болып табылады. Испания- конституциялық монархиялық ел. Басшы- король болғанымен, негізгі атқарушы билік- үкіметті басқаратын премьер- министрге жүктелген. Заң билігі- екі палаталы парламенттен, жоғарғы және төменгі палатадан тұрады. Мемлекет 50 провинцияны біріктіретін 19 автономды областардан (Андалусия, Арагон, Бальнеар, Леон, Кастилья -Ламанча, Каталония, Сеута, Эстремадура, Галиция, Мадрид, Мелилья, Мурше, Наварра, Рьоха және Валенсия ) тұрады. Астанасы- Мадрид (5100 мың адам) . Ірі қалалары: Барселона (2000 мың адам), Валенсия (900 мың), Севилья (800 мың), Сарагоса (650 мың), Бильбао (400 мың ), Малага (300 мың ) .
Мемлекеттің негізгі порттары: Альхесирас, Аликанте, Альмерия, Барселона, Виго, кадис, Картахена, Ла-Корунья, Малага, Сантандер және Валенсия.
Саяси жүйесі және мемлекеттік құрылымы
Жалпы, Испания- әлеуметтік, демократиялық мемлекет, саяси құрылымы- парламенттік монархия. 1978 жылғы 6 желтоқсандағы референдумда қабылданып, 1978 жылдың 29 желтоқсанында өз күшіне енген конституциясы әлі де өз күшінде.
Мемлекет басшысы- король, 1975 жылы 22 қарашасынан -Хуан Карлос болып табылады. Ол испан мемлекетінің жоғары өкілі бола отыра, жоғарғы басшылық жасайды, және Қорғаныс бойынша Жоғарғы Кеңестің басшысы. Король парламентпен бірлесе шешім қабылдап, әрекет етеді. Король үкімет басшыларын (премьер- министрді) тағайындайды және премьер- министрдің ұсынысымен Министрлер Кеңесі кабинетінің мүшелерін тағайындайды.
Атқарушы биліктің басшысы болып, үкімет басшысы, яғни Депутатар кеңесінен тиісінше көп дауысты иеленген партия лидері бола алады. 1996 жылдан бұл орынды- Хосе Мария Аснар Лопес иеленіп отыр. Үкіметтің Жоғарғы консультативтік органы болып, 29 адамнан тұратын Мемлекеттік Кеңес табылады. Заңнамалық және бақылаушы функцияларды парламент жүзеге асырады. Парламент екі палатадан тұрады деп айтып кеттік. Онда құзіреттердің көп бөлігі Төменгі палатаға, яғни Депутаттар Конгресіне (350 орын) берілген. Ал олармен қабылданатын заң жобаларын қарастыратын Жоғары палата, яғни - Сенат (259 депутат ) .
Парламентті ашық немесе жабық түрде, Испанияның әр 18 жасқа толған азаматы 4 жылға сайлайды. Депутаттар конгресін пропорционалды негізде, партиялық тізім бойынша сайласа, сенаторларды- территориялық үкіметтердің негізінде сайлайды. 208 сенаторлар- пропорционалды жүйеде әр автономды қоғамдастықтан және әр провинциядан сайлайды. 51 cенатор-автономды қоғамдастықтардың өз парламеттерінен алынады.
1979 жылы қазандағы референдумда қабылданған статусқа байланысты, әр автономды қоғамдастықтың өзінің парламенті ( заңнамалық ассамблея), президенті бар, олардың жерді иелену, құрылыс, транспорт және қоғамдық жұмыстар, экономикалық даму, туризм, мәдениет, денсаулық сақтау және білім мәселелері бойынша өзі аймақтық деңгейде құзіреттеріне ие үкіметі болады. Парламент президенті- мемлекеттік деңгейде аймақтың жоғарғы өкілі болып табылады. Автономды қоғамдастықтардың парламенті де 4 жылға, партиялық тізім бойынша және пропорционалды жүйеде сайланады. Әр 50 провинция өзінің жергілікті кеңесіне ие.
Сот жүйесі
Сот жүйесіне- Жоғарғы Сот ( Жоғарғы трибунал ) кіреді. Оларға 20 адам мүше, жіне олар корольмен 5 жылға сайланады. Сонымен қатар, территориялдық жоғарғы сот, жергілікті сот және арнайы сот жүйелері қызмет істейді. Корольмен 9 жылға сайланатын және 12 мүшеден тұратын Конституциялық сот та қызмет етеді, олар конституцияның орындалуын бақылайды.
Көрнекті саяси қайраткерлері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz