Қазақ хандары мен билері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ресей мемлекеті жоңғарлармен елшілік байланыс орнатып, оларды қару-жарақпен жасақтап отырды. Сонымен бірге бірнешетайпаларына Еділ бойынан жер бөліп берді. Қазақ даласы жоңғар-қалмақтың ортасында қалып қойды. Ыстықкөл үшін болған алғашқышайқаста қазақ қолын Есім ханның өзі басқарды. Жоңғар-қалмақтыңтегеурінін сезген Есім қырғыздармен және батысындағы ноғайлармен ынтымағын күшейте түсті.

Шығыс Түркістанмен саяси байланысын жақсартты. Сол кездің өзінде Қазақ хандығы 300-400 мыңға жуық атты әскер шығарған.

Есім сыртқы саясатта ғана емес, ішкі ел басқару ісінде деқайраткерлігін көрсетті. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатынережелер жинағы ХІХ-ХХ ғасырлардың ортасына дейін сақталып келді. Есім хан Түркістан қаласында жерленген.

САЛҚАМ ЖӘҢГІР ХАН

(1608 - 1680)

Жәңгір хан - батыр, қолбасы, Есім ханның баласы. 1645-1652жылдары хандық құрды. Бұл кезең қазақ тарихында қазақ-жоңғарсоғысының аумалы-төкпелі кезі еді. Бұл соғыс, әсіресе қазақтарға өтеауыр тиді. 1635 жылы Жәңгір ханның еліне қалмақтар шабуыл жасап, Жәңгір айналасындағы адамдармен қолға түсіп қалады. Жеті жылдайтұтқында болады. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан игереді. Кейін біраз серіктерімен еліне оралып, Қазақ хандығының билігін өзқолына алады. 1643 жылы Жәңгір хан әскери шеберлігінің арқасында600 қолымен Батыр қонтайшының 50 мың әскерін талқандайды. Бұлсоғыста бір жағынан жиырма мың қолымен Самарқанд билеушісіЖалаңтөс бәһәдүр көмекке келеді. Шайқас тарихта «Орбұлақ шайқасы»деген атпен белгілі. Осы шайқаста Жәңгір хан Цецен ханның ұлыҒалдамамен жекпе-жекке шығады. Жәңгір жарақат алады. Бұл соғыстакүйрей жеңілген жоңғарлар көпке дейін қайта бас көтере алмады. Осыдан кейін Жәңгір хан жиырма жылдай сал болып жатып қалады. Еліүшін істеген осындай ерлігіне сүйсінген халық оны «Салқам Жәңгір»деп атап кеткен. 1652 жылы болған қазақ-жоңғар арасындағы соғыста жоңғарларқазақтарды ойсырата жеңеді. Өйткені жоңғарлар отты қаруменжарақтанған еді. Жоңғарларға қару-жарақты Ресей патшалығы Сібірарқылы сатып отырған. Ресейдің мақсаты екі ел қайта тұтату болатын. Жәңгір хан осы соғыста қазатабады. Жәңгір ханның елін, жерін қорғаудағы асқан ерліктері, елбасқарудағы саяси қайраткерлігі халық есінен шықпай келеді.

67

Г. Әріпбекова

ТӘУКЕ ХАН

(т. ж. б. - 1718)

Ел аузында әз Тәуке деп те аталған Тәуке - Қазақ хандығына1680-1718 жылдары билік құрған хан. Тәуке хан билік жүргізіп тұрғанкезеңде мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты көптеген өзгерістеренгізіліп, жаңа заңдар жасалды. Алғаш рет мемлекеттік мәселелердішешетін хан кеңесін құрды. Хан кеңесіне барлық қазақ руларыныңбилері мен әскербасыларын тартты. Бұрынғы заңдарды жетілдіреотырып, «Жеті жарғы» деп аталған тарихи мәні зор жаңа заң жүйесінжасады. Бұл шараларды жүзеге асыруда Тәуке хан дала ақсүйектерініңөкілі - билерге арқа сүйеді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді үшжүздің үш биіне басқару тұтқасын берді. Түрлі дау-дамайды шешудебилер сотының беделін көтерді. Түркістан қаласы осы Тәуке ханныңтұсында қазақ хандығының астанасы болып бекітілді. Көрші елдермендипломатиялық қатынас орнатуда да Тәуке хан айтарлықтай табыстарғақол жеткізе алды. Орыс-қазақ қарым-қатынасын күшейту, бейбіт түрдетүйінді мәселелерді шешу мақсатында 1686-1693 жылдары Сібірге беселшілік жіберген. Ол Ташкент қаласын қазақ иелігіне қалдыруда да зореңбек сіңірді және Сырдария бойындағы тағы 32 қаланы өзіне қаратыпалды. Қазақ заңнама тарихында Тәуке хан заңдары аса маңызды құжатболып табылады. Тәуке хан заңдарының басты ерекшелігі шариғатқағидасымен боялмай, халықтық сипаты басым көрініс табады. «Қасымханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталған бұрынғызаңдар толықтырылып, Тәуке хан тұсында «жер дауы, құн дауы» дегентараулар қосылып жасалған. «Жеті жарғы» заңы халық мойындағанбилердің жүргізуіне тапсырылады. Ал қазақ халқы бағынуға тиісті«заң» болғандықтан, «Жеті жарғының» аясы кеңейіп, міндетітарамданып, күнделікті тұрмыста, адамдар арасындағы қарым-қатынасты сақтауға тиісті ереже болып қалған.

Қ. Алпысбаев

ТӨЛЕ БИ

(1663 - 1756)

Төле би - қазақ тарихында аса маңызды іс- атақты шешен, ірі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақхалқының бірлігін қалыптастырып, нығайтуға зор үлес қосқан әйгілі үшбидің бірі. Он бес жасынан ел билігіне араласқан, ақыл-парасаттылығы,

68

әділ шешімі, шешендік өнерімен ерекше көзге түскен. Атақты Қаздауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауғақатысады. Үш жүздің ұлықтарын бір орталыққа бағындыруға, бірегейқазақ хандығын нығайтуға атсалысады. Жоңғар шапқыншылығынақарсы туыстас қазақ, қарақалпақ және өзбек одағын құруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруғабелсене араласады. Әсіресе Қазыбек би, Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болыптабылатын «Жеті жарғының» қабылдануына атсалысуы ұлттық заңнаматарихымыздағы аса маңызды шаралардың бірі болып қалды. Қазақтарихында ең бір ауыр кезеңде ел басшысы болған, екі жағындағы алыпимпериялар Ресей, Қытай секілді алпауыт мемлекеттермен өз халқыүшін оңтайлы саясат жүргізген Абылай ханды тәрбиелеп, азаматқатарына қосуда Төле би зор еңбек сіңірген. Ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанған Төле бидің әділ, шыншыл, даналығы мол, ойлы тұлға екендігі жөнінде көп әңгімелер елішіне кең тарап, сақталған. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда бұған кінәлі болған өзтуысы Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып алып, оған керуеншығынын жұрт көзінше төлеттіреді. Тағы бір мысал, 1748 жылыӘбілқайыр хан қаза тапқанда оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнындаулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшінЖеті жарғы заңына сәйкес айыпкерлер жеті құн төлеуі керек дегеншешім шығарады. Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамныңқұнын кескенде де, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс саудакеруенінің шығынына екі мың жылқы төлеуге шешім шығарғанда даелдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныштығын, тұтастығын сақтауды көздейді. Оның артына қалдырған көптеген өсиетсөздері ұрпаққа адаспайтын жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін тереңойлы мағынаға толы. Шешендігі мен даналығы, әділдігі мен парасаттылығы ұштасқанТөле бидің «Көпті қорлаған көмусіз қалады», «Хан азса халқын сатады, халық азса хандыққа таласады» т. б. осы тәріздес өсиет сөздеріндебүгінгі күнде де басшылыққа алатын, көңілге түйетін мәні зор ойларжатқаны айқын көрініп тұр. Төле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» дегенатпен де танымал. Бұлай аталуы туралы да аңыз сақталған. Құрманғазысекілді Төле бидің сүйегі де өзге мемлекетте Өзбекстан астанасындажатыр. ХІХ ғасырдың 20-жылдарына дейін Ташкент қазақтың жеріболғаны белгілі. Ұлы би өмірінің соңғы жылдарында Ташкентте тұрып, ел басқарған.

Қ. Алпысбаев

69

ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ

(1665 - 1765)

Қазаққа ғана емес, жоңғар мен қалмаққа да, қытай мен орысқа дааты мәлім, ел мүддесі жолындағы күресте айтулы еңбегі сіңгенқайраткер - Қазыбек Келдібекұлы. Жастайынан шешендігімен орындытөрелік жасай білгендігінен Бала би аталып, кейін қаздың қаңқылынаүндес қоңыр дауысына қарай Қаз дауысты Қазыбек би атанған. Тәуке хан тұсында Орта жүздің биі болып, иісі қазаққа ортақ заңғаайналған «Жеті жарғыны» жасасқан. Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылайхандар тұсында да тура жолдан таймай, әділдікті ту еткен жоңғар-қазақсоғысында тұтастай Отан соғысын ұйымдастыруда іскерлікпенбасшылық ісіне араласқан, аса қабілетті, айбынды кісі болған. Руаралық, жүзаралық хан-сұлтандар тартысы һәм халықаралықмаңызды шиеленістер мен келісімдер Қазыбек бидің кесіміне тіреліпотырған. 1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралыФрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында:«Өйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі - Қаракесек ұлысы. Оныңбарлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде еңбасты би болып табылады. Оған Әбілмәмбет ханның өзі, сондай-ақАбылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары жылсайын келіп, әртүрлі кеңестер алады, тіпті Қазыбек бидің келісімінсізОрта жүзде бірде-бір маңызды мәселе шешілмейді екен», - депжазылған («Абылай хан» Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар менматериалдар. Астана баспасы - 2005. 350 бет) . Ел аузында, халық әдебиетінде Қаз дауысы Қазыбек бидіңшешендік сөздері мен билік кесімдері кең таралған. Жазба әдебиеткетүскен сөздері де мол. Тарихи мұрағаттық құжаттарда, Қытай, Ресейжазбаларында көп деректер сақталған.

С. Шүкірұлы

ЕСЕТ БАТЫР

(1667 - 1749)

Есет Көкіұлы - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсыкүресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі - кіші жүз жетірудың ішіндегі тама руынан. Әбілқайыр хан Ресейгеқосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, кіші жүз бен ортажүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақтыкіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы.

70

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың атақты билері
Қазақ хандығының ойраттармен қақтығысы
Жоңғар.Жоңғар шапқыншылығы
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
Жоңғар Шапқыншылығы
Кіші жүз ханы - Әбілхайыр
Жоңғар-қазақ соғыстары
Қазақтар жазуда араб әліп - биін тұтынды
Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығы
Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі (XVІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz