Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша квалификациялау


§2. Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша квалификациялау
Қылмысқа қатысушылар түрлерінің, яғни қылмыстың ұйымдасты-рушысы, азғырушысы, көмектесушісі және орындаушысының әрекеттерін квалификациялау тәртібін жеке түрде емес, оны қылмысқа қаты-сушылықтың нысандары бойынша қарастырған жөн. Себебі қылмысқа қатысушылар түрлерінің іс-әрекеттерін квалификациялау тәртібі қылмысқа қатысу нысандарында бір келкі шешіле бермейді. Сондықтан бұл мәселені бірден қылмысқа қатысудың нысандары бойынша қарас-тырған тиімді.
1 Ковалев М. И. Соучастие в преступлений. Ч. 2. Свердловск, 1962. С. 218.
Қылмысқа қатысудың нысандары ҚК 31 бабына сәйкес, алдын ала келісімсіз адамдар тобымен жасалған қылмыс, алдын ала келісімментоп адамдардың жасаған қылмысы, ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) нысандарында анықталған және бұл нысандардың анықтамасы осы бапта келтірілген. Ал қылмысқа қатысу нысандарының жалпы түсінігі, яғни қылмысқа қатысудың нысандары нені білдіреді деген сұрақ қылмыстық құқық теориясында жете зерт-телмеген және даулы мәселе болып табылады. Солардың ішінде осы мәселеге берген түсінігінде П. Ф. Тельнов: "Қылмысқа қатысушылық ны-саны - бұл екі және одан көп адамдардың қасақана әрекеттері қандай жолдармен біртұтас қылмысқа қосылатынын көрсететін, кінәлілердің өзара әрекеттері әдістерінің сыртқы жағы", - дейді. 1 Ал Н. Г. Иванов қылымстық заңда қылмысқа қатысушылық нысанының түсінігін бекіту қажеттігін айта келіп: "Қылмысқа қатысушылық нысаны-алдын-ала ке-лісіммен және алдын-ала келісімсіз құрылған топ, банда, ұйым ретінде көрінетін топ болып табылады", - дейді. 2 Ресейден шыққан оқулық эде-биеттерден мынадай да анықтама кездестіруге болады. «Қылмысқа қаты-су нысаны - бұл өзара әрекеттерінің тәсілдері және келісім дәрежесі бойынша ажыратылатын бірнеше адамдардың қылмыс жасау кезіндегі бірлескен әрекеттерінің түрлері». 3
Қылмысқа қатысу нысандарының жалпы түсінігін беруге арналған анықтамалардың көптігінің өзі, бұл мәселенің қылмыстық құқықта даулы екендігін білдіреді. Бұл анықтамалардың дұрыстығы, ол қылмысқа қатысу нысандарын бөлу немесе топтастыру негізі ретінде алған белгінің түріне байланысты. Себебі қылмысқа қатысу нысандарының арналуын, негізгі мағынасын көрсететін осы белгі болып табылады және жоғарыда келтірілген анықтамаларда «өз ара әрекеттерінің тәсілдері» немесе «келісім дәрежесі» деген белгілер бөлу критерийі ретінде қол-данылған.
2
Иванов Н. Г. Понятие и формы соучастия в советском уголовном праве. -Саратов: Изд. Саратовского ун-та, 1991. С. 122.
Учебник уголовного права. Ч. Общая /под ред. В. Н. Кудрявцева, А. В. Наумова. -Москва: Спарк, 1997. С. 197.
Негізінде қылмысқа қатысушылықтың нысандары деген ү_ғым, бір неше адамдардың бірлесіп қылмыстық ниетін қылмысқа қаты-сушылық түрінде іске асыру тәсілдерін білдіреді. Яғни адамдар қылмыстық ниетін іске асыру тәсілі ретінде бір неше тәсілдерді қолдана алады: олар топ адам болып қылмысты орындау, роль бөліп қылмысқа қатысу, ү-йымдасқан топ және қауымдастық қү_ру. Қылмыстық ниетін мұндай бірлесіп іске асырудың тәсілдері қылмыстық құқықта қылмысқа қатысу нысандары деп аталады, себебі бұл тәсілдер нысан категориясы сияқты негізінен бір-бірінен объективтік, ішін-ара субъективтік белгілері бойынша ажыратылады. Сондықтан қылмысқа қатысушылықтың нысандары дегеніміз, екі немесе одан көп адамдардың қасақана бірлескен әрекеттеріне сай келетін, бірақ қылмыстық ниетін іске асыру тәсілі бойынша және өзара субъек-тивтік және объективтік белгілеріне қарай ерекшеліктері бар қылмысқа қатысушылықтардың сыртқы көрінісі болып табылады. Қылмысқа қатысушылар бірлесіп қылмыс жасағанда, оны іске асыру тәсілі ретінде, бір жағдайларда топ түрінде қылмыс жасауды қол-данса, ал келесі бір жағдайларда әртүрлі рольдерді орындау түрінде жасауы мүмкін, сол сияқты бірлесіп қылмыс жасаудың тағы бір тәсілдері ретінде ұйымдасқан тұрақты топты немесе қылмыстық қауымдастықты құру және сол арқылы өздерінің қылмыстық ниетіне жетуді көздеуі мүмкін.
Қылмысқа қатысушылықтың нысандары деген ұғыммен қатар, қылмысқа қатысушылықтың түрлері деген түсінікті де келтіруге болады. Қылмысқа қатысудың нысандарын оның түсінігін бергенмен, ҚК Ерек-ше бөлімінде қарасырылатын, табиғатынан қылмысқа қатысушылық тән болып табылатын бандитизм сияқты қылмыстар қылмысқа қатысудың нысандарын білдірмей ме деген сұрақ туындауы мүмкін. ҚК Ерекше бөлімінде екі немесе одан көп адамдардың қатысуы тән болып табылатын бандитизм, қарулы бүлік, жаппай тәртіпсіздік, теңіз қарақшылығы, заңсыз эскерилендірілген құраманы құру сияқты қылмыс түрлері көптеп кездеседі. Мұндай Ерекше бөлімде қарастырылған қылмыстар, тек 235 баптағы ұйымдасқан топты, қылмыстық қауымдастықты құру және оған қатысу әрекеттерін қоспағанда қылмысқа қатысудың нысандарын білдірмейді. Бұл Ерекше бөлімдегі табиғатынан немесе міндетті белгісінің бірі қылмысқа қатысу тән болып келетін бандитизм сияқты қылмыстар қылмысқа қатысудың түрлерін білдіреді. Қылмысқа қатысу нысандары мен түрлері бір-бірімен байланысты ұғымдар болып табылады. Себебі ҚК Ерекше бөлімінде қылмысқа қатысушылық арқылы жасалатын қанша қылмыс түрі болса, соның бәрі қылмысқа қатысудың түрлерін білдіреді. Ал бұл қылмыс түрлері ҚК 31 бабындағы 4 нысан-ның біріне негізгі белгілері бойынша сәйкес келуі керек. Мысалы бандитизм қылмысы тұрақты топ болуына және ауыр қылмыстың түріне жататындығына байланысты 31 баптағы қылмыстық қауымдастықтың немесе қылмыстық ұйымның бір көрінісін білдіреді. Зерттеушілердің арасында бандитизм қылмысын қылмыстық қауымдастық емес, ұйым-дасқан топтың бір көрінісі деп бағалайтын көз-қараста кездеседі. Не-гізінде осы бағытты дұрыс деп бағалауға болады, себебі 31 баптың 4 бөліміндегі ұйымдасқан топтың ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды жасау мақсатында құрылуының қылмыстық қауымдастықты білдіруі күмэнді. Өйткені ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды жасау-бұл қылмыстық қауымдастыққа ғана емес, жалпы қылмыстылықққа тән болып табылады, мысалы жеке да адам аса ауыр қылмысты өзі-ақ жасай ала-ды немесе 96 баптың 2 бөліміндегі кісі өлтірудің түрлері аса ауырлататын кісі өлтірудің түрлерін білдіреді. Бұл айтылып отырғандар 31 бап-тың сапасына қатысты жағдайларды білдіреді.
Сонымен қылмысқа қатысудың түрлері деген ұғымға қарағанда оның нысандары деген ұғым жалпы түсінік болып есептеледі және мағынасы кез-келген қылмысқа қатысушылықпен жасалған қылмыстар қылмысқа қатысу нысандарының біріне міндетті түрде белгілері бойынша сәйкес келуі керек дегенді білдіреді. Бұлардың қатарына қылмысқа қатысу тән болып саналмағанмен, кінәнің қасақаналық нысанымен анықтала-тынына байланысты қылмысқа қатысушылық кездесе алатын топ адам-дармен немесе ұйымдасқан топпен жасалған ұрлық, кісі өлтіру, адам ұрлау сияқты қылмыстар да жатады. Егер қандай да бір қатысушылық-пен жасалған қылмыс 31 баптағы нысандардың біріне сәйкес келмесе, онда 31 баптағы нысандар сапасыз деп саналады.
Ұйымдастырушы, көмектесуші, орындаушы тәрізді қылмысқа қаты-сушылардың іс-әрекеттері қылмысқа қатысу нысандарының түсінігіне, олардың қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты қойылатын талап-тар бойынша квалификацияланады.
Қылмысқа қатысушылықтың алғашқы нысаны алдын ала келісімсіз топ адамдардың жасаған қылмысы болып табылады және қылмыстық құқық бойынша бұл нысан қылмысты бірге орындаушылардың әрекеттерін білдіреді. Яғни алдын ала келісімсіз түрдегі қылмысқа қатысу-шылықта әр түрлі рольдерді бөліп орындау немесе күрделі қылмысқа қатысушылық мүмкін емес дегенді білдіреді. Зерттеушілердің бір пікірге келген бағалауы бойынша қылмысты «топ» нысанында жасау-бұл бірге орындаушылық немесе қылмыстың объективтік жағы белгілерін толық немесе ішін-ара орындау болып табылады. Қ. К. 31 бабында топ адам-дар қылмысына жеткіліксіз түсінік берілген. Егер екі немесе одан көп орындаушы келісімсіз қатысса, ол топ адамдар жасаған қылмыс болып саналады. Келісімнің болуы немесе болмауымен, орындаушылық әрекеттердің мағынасы мен мазмұны ашылмайды. Заңдағы "орындаушы-лар" деген ұғымның өзі жеке түсіндіруді қажет етеді. Демек, екі немесе одан көп адамдардың қасақана, бірлескен түрде, қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішін-ара орындауы, топ адам-дардың жасаған қылмысы болып танылады.
Топ адамдар жасаған қылмыстарда алдын-ала келісім болуы да, болмауы да мүмкін.
Қылмысты "топ" нысанында жасау, Қылмыстық кодексте бірнеше құрамдарда көрсетілген. Мысалы, 233, 234, 238, 248 т. б. бабтардың тиісті бөлімдерінде кездеседі. Мұндай жағдайларда топ адамдардың қылмыс жасауы, осы қылмысты жасаушылардың қауіптілік сипатын көрсетеді. Ал қалған жағдайларда, яғни қылмысты топ адам болып жасауды ҚК Ерекше бөлімінің баптары жауаптылықты ауырлататын қү_рам түрінде келтірмесе, онда топ түрінде қасақана қылмыстарды жасау ҚК 54 бабына сәйкес, жауаптылықты ауырла-татын жағдай ретінде бағаланады және топ адамдардың іс-әрекеттері баптың негізгі бөлімімен квалификацияланады. Топ адам болып қылмыс жасау, жалпы табиғатынан қылмысқа қатысушылықтың бір көрінісі немесе жеке нысаны болып есептеледі.
1 Галиакбаров Р. Р. Квалификация групповых преступлений. -М. : Юр. Лит,
1980. С. 6.
Р. Р. Галиакбаров, топ адамдардың жасаған қылмыстарына, роль бөліп қылмысқа қатысушылықтан басқа барлық нысандарды жатқызады. 1 Бұл нысан «тұрақтылық» сияқты белгілерді иеленуіне байланысты, ұйым-дасқан топ тәрізді нысандарға айналу мүмкіндігіне ие. Топ адамдар қылмысының белгілері мыналар болып табылады: а) қылмысқа қаты-сушылардың бірнешеу болуы (екі немесе одан да көп адам), э) әр бір қатысушының белгілі бір қылмыстық құрамның объективтік жағын құрайтын әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) орындауға толық немесе ішін-ара қатысуы, б) қатысушылардың қылмыстың нәтижесіне бірлесіп, күш біріктірудің арқасында жетуі, немесе екі жақты субъективтік байланыс болуы, в) әр қатысушыда қасақаналықтың болуы. Мұндай үнемі болатын белгілерден басқа, топ адамдар қылмыстарында кей кездерде қосым-ша белгілерде бола алады. Мысалы алдын-ала келісім, тұрақтылық. Мұндай белгілер болған кездерде, топ адамдардың бірлескен әрекеттері басқа қылмыстық-құқықтық сапаға айналып, қылмыс басқаша квалификацияланады. Яғни қосымша белгілердің нәтижесінде ұйымдас-қан топ немесе қауымдастық тәрізді нысандарға айналады.
Бірінші белгі, яғни екі немесе одан көп адамдардың қатысуы сан-дық белгі болып табылады. Адамдар тобымен жасалған қылмыстарға қатысушылар қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі дұрыс адам-дар болуы керек. Алайда олардың ішінде абайсыздықта қылмыс жаса-ғандар, кәмелетке толмаған немесе есі дұрыс емес адамдар да болуы ықтимал. Қылмыстың субъектісі болып табылмайтын адамдар-дың қолымен қылмыс жасалып, қалған қатысушылар ұйымдас-тырушы, айдап салушы тәрізді ролдерді атқарғанымен, олардың әрекеттері топ адамдар жасаған қылмысы деп бағалануы керек. Себебі мүлдай жағдайда, қылмыстың субъектісі болып саналмай-тын адам, қылмыстың қү_ралы ретінде пайдаланылады. Роль бөліп қылмысқа қатысуда бір адам қылмыстың субъектісі бола алмайтын екінші адамды қылмыс істеуге айдап салса, мүлдай жағдайда қылмысқа қатысу жоқ деп танылады. Яғни сол айдап салушы адамның өзі сол қылмыстың орындаушысы болып табылады. Дәлірек айтқанда қылмысты біреу арқылы орындай-ды. Ал есі дү_рыс емес немесе жауаптылық жасына жетпеген бір адамды қылмыс жасауға бірнеше адамдар айдап салса қылмыс-тың орындаушысы бір ғана адам емес, сол бір тектес айдап салу-шылық әрекеттер жасаған адамдардың барлығы да орындаушы-лар болып табылады, яғни мүлдай жағдайларда топ адамдардың қылмыс жасауы болып есептеледі.
Қылмысты екі адам орындап, олардың бірі жауаптылық жасына жетпеуіне немесе есі дұрыс еместігіне байланысты қылмыстың субьектісі болып табылмағанда, қылмыс топ адамдармен жасалды деп бағалан-байды. Мысалы кісі өлтіру немесе ұрлық қылмысын бірлесіп орында-ған екі адамның бірі қылмыстың субьектісі болмауы мүмкін. Мұндай жағдайлардың топ түрінде жасалған қылмысқа жатқызылмау себебі, ол топ адамдар жасаған қылмыстардың өзі қылмысқа қатысушылықтың бір нысаны болып есептелетініне байланысты, яғни негізгі ұғым ретінде қылмысқа қатысушылық ережесі бойынша шешіледі.
Әрбір қылмысқа қатысушының қылмысты тікелей орындауға немесе қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішін ара орындауға қатысуында, қылмыскерлердің бірлескен әрекеттерінің көлемін еске-руіміз керек. Қылмысқа қатысушылардың орындаушылық әрекеттері, көлемі бойынша бөліне алады: Біріншісі, әрбір субъектінің қылмыстың объективтік белгілерін толық орындауы. Мұның мысалы, әрбір топ мүшесінің жасаған қылмыстық жыныстық қатынасы. Екінші түрінде, қылмысқа қатысушылардың бірлесіп жасаған қылмыстық әрекеттерін бір-бірінен бөліп алғанда, қылмыстық объективтік жағы белгілері то-лық құрылмайды. Яғни мұндай жағдайда қылмысты бірге орындаушы-лар әрекеттерді бөліп орындайды. Топ адамдардың осы тәрізді әрекеттермен қылмыс жасауына, қылмыс түрінің күрделілігі, көлемділігі әсер етеді. Демек, қылмыстың толық орындалуына немесе қылмыстың мақ-сатына жеткенге дейін, топ болып қылмысты орындаушылар бірнеше кезеңнен құралатын әрекеттерді орындайды. Мұның мысалы, Қ. К. 206 бабында қарастырылған жасанды ақшаларды немесе бағалы қағаздар-ды дайындау немесе өткізу, 259 бабтағы есірткі заттарды заңсыз дайын-дау, пайдалану, сақтау, тасу немесе өткізу тәрізді тағы басқа қылмыстар бола алады. Бірінші қылмыскер дайындайды, екінші қылмыскер өткізу-мен айналысады. Топ адамдардың жасаған мұндай қылмысты әрекеттерін квалификациялағанда «топ түрінде қылмысты орындау ауырлататын құрам ретінде келтірілсе, онда бірден сол бөліммен бағалануы керек. Мысалы 259 баптың 2 бөлімінің « а» пунктінде « алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса» деген құрам келтірілген. Ал қылмыстың объективтік жағы бір неше тізбектелген әрекеттерден құралып, бірақ топ адамдардың қылмысты орындауы ауырлататын құрам түрінде бапта келтірілмесе, онда әр түрлі әрекеттерді орындаған топ адамдардың қылмысы негізгі бөлімімен квалификацияланады. Мұндай жағдайда тек белгілі бір топ мүшесінің әрекеті баптың диспозициясында қарасты-рылған болуы жеткілікті.
Адамдар тобының қылмыс жасауының үшінші түрі, қылмысты орын-даушылықтың түсінігінде тікелей көрсетілген. Яғни мұндай жағдайда топ болып қылмыс жасаушылардың біріншілері қылмыстың объективтік жағының белгілерін түгел орындайды, ал екіншілері бір бөлігін ғана орындайды. Мысалы бірінші қылмыскер кісі өлтіру кезінде пышақ сал-са, екіншісі қолын ұстап тұрады.
Топ болып қылмыс жасауда, қылмысқа қатысушылардың әрекеттері бірлескен түрде болуы шартты. Қылмысқа қатысушылардың бірлесуі-бұл қылмыскерлердің әрекеттерінің бірлескен түрде орындалуын ғана емес, сонымен бірге олардың арасында қылмысқа деген ой немесе қаса-қаналығының да бірлескендігін көрсетеді. Қылмыстық ойдың немесе қасақаналықтың бір тектес болғандығы ішкі екі жақты байланыспен анықталады дедік. Қылмысқа қатысушылардың арасындағы екі жақты байланыс, топтың жасайтын қылмыс түрін білуімен, жасайтын іс-әрекеттің сипатын сезінуімен, осы әрекеттердің нәтижесінде туындайтын қоғамға қауіпті зардапты көре білуімен және қатысушының осындай бағыттардағы әрекеттерді саналы түрде жасауымен анықталады. Яғни топ болып қылмысқа қатысушылардың бірлесіп қылмысты орындауы, субъективтік жағынан ішкі екі жақты байланыстың болуымен анықта-лады. Н. Гальперин "қарақшылық қылмысын жасау туралы келісімге кірген, бірақ қылмыс жасау кезінде белсенді әрекет жасамаған, күш қолданбаған адамның әрекетін қалай бағалау керек"- дейді. 1 Қарақшы-лық сияқты қылмысты бірге орындауға келісім берген, бірақ қылмыс-ты жасау кезінде сол жерде болғанмен әрекетсіздік танытқан адам, әрине топ түрінде қылмыс жасаушының бірі деп бағаланады, себебі өзге топ мүшелері оның қатысуына есеп жасайды, келісім бергеннен кейін ол да қылмыстың орындалуына тілектес адам болып табылады немесе әрекетсіздік көрсеткенмен өзінің қатысуын қажет ететін сәтті күткен бо-луы да мүмкін.
Келесі айта кететін жәйт, топ адамдардың қылмыс жасауы келісім белгісіне қарай екі түрде көріне алатындығы жайында. Алдын-ала келісімсіз түрде қылмыс жасау қылмысқа қатысу нысандарының ішінде негізінен топ адамдар қылмысында жиі кездеседі. Алдын-ала келісімсіз топ болып қылмыс жасау бұзақылықта, жеке адамдардың басына ба-ғытталған қылмыстарда, т. б. жиі кездеседі.
Алдын ала келісімсіз топ адамдар қылмыстарының алдын-ала келі-сіммен жасалатын қылмыстармен ортақ және ажыратушы белгілері мы-налар болып табылады; ортақ белгілері: а) екі немесе одан да көп адам-дардың қатысуы, э) қылмыстың құрамының объективтік жағы белгілерін орындауға әрбір қылмыскердің қатысуы, б) қылмысты бірігіп, яғни күш біріктіріп жасауы, в) әрбір қатысушының қасақана түрде әрекет етуі. Ажыратушы белгісі: г) бірлесіп қылмыс жасау жөнінде күні бұрынғы немесе қылмыс орындалардан бұрын келісімнің болмауы.
Бір ескерте кететін жағдай, ол алдын ала келісімсіз түрде жасалған қылмыстарды тек топ адамдардың немесе бірге орындаушылардың жа-саған қылмыстар деп айта беруге болмайды. Өйткені сот-тергеу прак-тикасы материальдарына сүйенсек, онда әр түрлі рольдер орындау арқылы қылмысқа қатысушылықтың да алдын ала келісімсіз түрде орын алатынын келтіруге болады. Мысалы түнде Ш. және М. жаңа жылдық
Гальперин Н. Советская юстиция. -М., №7, 1987. С. 19.
түнді мерекелеп, таныс қыздары К. -ның үйінде арақ ішіп отырады. Түнгі сағат екілерде осы үйге осы ауданда тұратын А. келеді. Иығынан А-ның қағып кеткенін сылтау етіп, Ш. далаға шақырып алып А. -ны бұзақы-лық ниетпен ұра бастайды. А-да Ш-ке қарсы төбелесіп, оған жеңістік бермейді. Досының төбелесте жеңілетінін білген М. қалтасындағы пы-шағын алып Ш-ке береді. Ш. пышақты А. -ның іш құрылысына салып алады, нәтижесінде А. ұзамай осы жарақаттан қайтыс болады. 1
Бұл қылмыстың мазмұнынан кісі өлтіру қылмысына көмектесу ту-ралы алдын ала келісім болмағанын байқауға болады. М. қылмыстың жасалуын жеңілдету үшін қылмыстың орындаушысына қару беру ар-қылы көмектесушілік роль атқарды. Сондықтан М-нің әрекеті 96 бап-пен және 28 баптың 5 бөліміне сілтеме жасау арқылы, ал Ш-тің әрекеті 96 баппен квалификациялануға жатады. Демек, осындай материальда-рға сүйене отырып, топ адамдар болып қылмысты орындау және роль бөліп қылмысқа қатысушылық алдын ала келісімсіз түрде де бола ала-ды деуге болады.
Келісімнің болуымен, сөзсіз қылмысқа қатысушылардың арасында екі жақты байланыс орын алады. Бірақ екі жақты байланыс алдын-ала келісімде ғана емес, алдын-ала келісімсіз түрде жасалатын қылмыстарда да болады. А. Ф. Зелинский "Қатысушылардың арасында субъек-тивтік байланыс бір жақты болғанда келісімсіз қылмысты бірге орын-даушылықтың орын алуы мүмкін емес. Қатысушылардың арасында келісім қылмыс жасау алдында немесе қылмыс жасау кезінде пайда бола алады" - деген пікір келтірген. 2
ҚР Жоғарғы Сотының материалдары. № 2к-18/2-96.
Зелинский А. Ф. Соучастие в преступлений. Лекция. -Волгаград, 1971. С. 25.
Қатысушылардың арасындағы екі жақты байланыстың алдын-ала келісім болмайтын қылмысқа қатысушылықта болатынын мынандай мысалмен негіздеуге болады. Х. және Ф. түн уақытында көшеде отырып арақ ішеді. Бұлар таныс емес, көшеде кетіп бара жатқан П. -ны тоқтатып, "темекі" сұрап тиіседі. П. "темекі жоқ" дегенде Х. қолын-дағы бөтелкемен оның басынан ұрады. Жерге құлаған П-ны Х. қосы-лып Ф-та тепкілейді. Екеуі мұнан кейін жәбірленушінің киімін шешіп алып, оны көшенің арығына сүйреп әкеліп тастайды. П. сот-медицина-лық сараптамасы актісінің көрсетуі бойынша аса ауыр дене жарақаты-нан қайтыс болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz