Электротерапия



Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Төменгі жиілікті ток әдістері
2.2 Амплипульстерапия және оны медицинада қолдану
2.3 Диадинамотерапия және оны медицинада қолдану
2.4 Интерференцтерапия және оны медицинада қолдану
2.5 Гальванизацияның емдік әсері және қолданылуы
2.6 Электрофорез емдік әсері және қолданылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Электротерапия - электр тоғын, электр, магниттік немесе электрмагниттік өңірін организмге мөлшермен пайдалануға негізделген физиотерапия әдісі.
Электротерапия кезінде электр емдік мақсатпен қолданылады, ауруды басатын және тыныштандыратын әдіс ретінде келесі аурулар болғанда: невралгия, сіңір тартылу, сал ауруы, немесе бұлшық еттің семуі, буындардың, кейбір әйелдер аурулары, жүйке бұзылуы және басқа ауруларда. Электротерапияда электрэнергияның барлық түрлері қолданылады:төменгі жиілікті ток, гальваникалық ток, фарадикалық ток, жоғары кернеудегі және үлкен жилігі бар токтар, статикалық электрмен емдеу (франклинизация), дарсонвализация және рентген сәулелері.
Импульстік ток электротерапиясы (СМТ, ДДТ, TENS), УД және вакуумтерапиясымен бірге ауруды басу, әлсірету және гипотензиялық әсерін біршама тигізеді.
1. Медицинская биологичиская физика” А.Н.Ремизов; А.Г.Максина
2. Энциклопедический словарь медицинских терминов. — М.: Советская энциклопедия. — 1982—1984 гг.
3. Малая медицинская энциклопедия. — М.: Медицинская энциклопедия. 1991—96 гг.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Төменгі жиілікті ток әдістері
2.2 Амплипульстерапия және оны медицинада қолдану
2.3 Диадинамотерапия және оны медицинада қолдану
2.4 Интерференцтерапия және оны медицинада қолдану
2.5 Гальванизацияның емдік әсері және қолданылуы
2.6 Электрофорез емдік әсері және қолданылуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Электротерапия - электр тоғын, электр, магниттік немесе электрмагниттік өңірін организмге мөлшермен пайдалануға негізделген физиотерапия әдісі.
Электротерапия кезінде электр емдік мақсатпен қолданылады, ауруды басатын және тыныштандыратын әдіс ретінде келесі аурулар болғанда: невралгия, сіңір тартылу, сал ауруы, немесе бұлшық еттің семуі, буындардың, кейбір әйелдер аурулары, жүйке бұзылуы және басқа ауруларда. Электротерапияда электрэнергияның барлық түрлері қолданылады:төменгі жиілікті ток, гальваникалық ток, фарадикалық ток, жоғары кернеудегі және үлкен жилігі бар токтар, статикалық электрмен емдеу (франклинизация), дарсонвализация және рентген сәулелері.
Импульстік ток электротерапиясы (СМТ, ДДТ, TENS), УД және вакуумтерапиясымен бірге ауруды басу, әлсірету және гипотензиялық әсерін біршама тигізеді.

Төменгі жиілікті электр тоғы әдістері
- амплипульстерапия
- диадинамотерапия
- гальванизация
- дәрілік электрофорез
- электростимуляция
- флюктуоризация
- интерференцтерапия ж.б.
Амплипульстерапия
Амплипульстерапия - күші төмен айнымалы синусоидальды модульдік токтармен науқасқа әсер ететін электрмен емдеу әдісі. Олар жиілігі жоғары және төмен токтардың құндылықтарын өзіне жинап алған. Ми, жүйке мен бұлшық еттердің жұмыс істеу үрдісінде пайда болатын (10-нан 150-ге дейін Гц) организмдегі биотоктардың өзінің қалыпты ауытқуымен бірге істей отырып, олардың күшін синусоидальды модульдік токтармен ұлғайта отырып біз организм мен ұлпаның дұрыс функциясын қалпына келтіреміз. Қоздыру үрдісінде тартылатын адаптация көріністерін азайту, ұлпаның мөлшерін кеңейту үшін және де емдеудің тиімділігін жоғарылату үшін екі әр түрлі модульдік жиіліктерді алмастырып отырады. Бұл кезде біреуі өзгермейді- 150 гц, ал екіншісі ұзақтығы 10-150 гц шегінде реттеледі, ол 1-5 сек арасында жеке реттеліп отырады. Үзілістері бар модульдік, сонымен бірге модульдік және модульдік емес ауытқудың алмастыруы да қолданылады.
Амплипульстерапияның қолданылуы
Амплипульстерапияның қолданылуы: жүйке жүйесінің жарақаттары, жүйке жүйесінің аурулары; I-II дәр. гипертониялық ауыруы; ЖИА, қол-аяқ тамырларының аурулары, созылмалы гастрит, созылмалы лимфостаз; асқазан аурулары (созылмалы гастрит, асқазан мен ұлтабар ауруының асқыну кезеңінде, рефлюксэзофагит, тас болмаған кездегі өт жүру жолдар мен өт қабының гипотониялық және гипокинетикалық бұзылуы ж.б.); май алмасудың бұзылуы; қант диабеті; дем алу органдарының аурулары (созылмалы пневмония, созылмалы бронхит және асқыну кезеңінен сырт бронхоэктаздар, жеңіл және орташа ауыр кезеңіндегі бронхиалды астма); ревматикалық артрит, артроздар, периартриттер; әйелдер жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары;ер адамдардың импотенциясы; созылмалы простатиттер, цисталгия, балалардың түнгі зәрі тоқтамау ауруы, несеп тасы ауруы (несеп тамырдан тастарды шығару мақсатпен); көздің қабынуы. Синусоидальды модульдік токтардың жағымсыз әсер тигізбей және күйік бермей ұлпаға терең жету қабілетін ескере отырып, (диадинамотерапияға қарағанда) амплипульстерапияны бұлжыр қабыққа әсер ету үшін педиатриялық практикада ерекше қолданады.
Диадинамотерапия
Диадинамотерапия – жиілігі 50 және 100 Гц жартылай синусоидальды пішінді импульстерімен төменгі жиілікті токпен емдеу. Ток күшін арттырған кезде жүйке тамырлары мен бұлшық ет талшықтарының ырғақты қозуы шақырылады. Ол перифериялық қан айланымының, зат алмасуының активациялануына, әсер ету облысында ауыртудың азаюына, әкеледі, ол ең басты, перифериялық жүйке жүйесінің, тіреу және қозғалу органдарының ауруларында пайдаланылады. Ток күшін көбірек арттырғанда бұлшық еттердің тетаникалық қысқаруы шақырылады.
Диадинамотерапияны медицина қолдану
Диадинамотерапияны қолдануға көрсетілімдер аса көп санды. Оларға жатқызылатындар: жүйке жүйесінің перифериялық бөлімінің зақымдануы кезіндегі қатты ауыру синдромдары (омыртқаның остеохондрозының, невралгиялар, моно- және полинейропатия, ганглиониттер, плекситтердің неврологиялық байқалулары); тіреу-қозғалыс аппаратының аурулары мен зақымданулары (миозиттер, периартриттер, эпикондилиттер, артроздар, жарақаттар және операциялық араласулардан кейін буындардағы баяу қозғалымдылық және басқалар); ас қорыту (гастриттер, асқазан мен аш ішектің жарасы, колиттер, өт жолдарының дискинезиясы, панкреатит, демпинг-синдромы) және тыныс алу органдарының аурулары (созылған пневмония, демікпе); жатыр өсінділерінің созылмалы ісіп қызарған аурулары; альгодисменорея; несептің тоқтауы және тоқтамауы; бастың сақина ауруы мен аяқ-қолдардың қан тамырларының облитерлейтін ауруларының бастапқы сатысы; бас ауруы; Квинке ісінуі; ЛОР-органдарының аурулары (ларингиттер, құлақтың қабынулары, синуситтер, риниттер, дауыс желбезектерінің парезі); самай-төменгі жақ буынының артриті, пародонтоз; қышитын дерматоздар, келлоидты тыртықтар және басқалар.

Интерференцтерапия
Интерференцтерапия – жиілігі рәсім ішінде тұрақты болуы мүмкін немесе таңдалған шекте мерзімді өзгеретін төменгі жиілікті (1-100 Гц) соғуларының емдік қолдану. Орта жиілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физиотерапиялық емшаралардың түрлері
Балшықпен емдеу
Дисперістік жүйелердің электрокинетикалық қасиеті
Ерітінділер қасиеттері
Ерітінділер дисперсті жүйенің бір түрі
Инсульт ауруы
Адамда тұқымқуалайтын патологияға ортаның және тұқымқуалаушылықтың ролі
Курорттық іс пәні бойынша дәріс кешені
Медициналық техниканы жіктеу
Медико-биологиялық ақпаратты алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық сызба кестесі
Пәндер