Әл-Фарабидің теориялық танымы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Таным теориясы және ғылым әдіснамасы

Ақыл-ой тұжырымдамасы әл-Фарабидің таным теориясының негізі болып табылады және осы таным теориясы шығыс перипатетизмінің гносеологиялық алғышартының құрылуына себепші болды. Ал әл-Киндиде бұл аумақ шектеулі еді, себебі ол құдайшылдық аян басымдылығын мойындады. Бұл мәселе әл-Фарабидің ақыл-ой танымында ешқандай дау туғызбайды. Сезімдік таным төмен, бірак, қажетті саты деп жеткізетіндігі де өте маңызды. Алғашқы түйсікті мойындау өмірді түсінуге және ақыл-ой танымының түсіндірмелік немесе талдаулық сәйкестілігіне алып келеді. Яғни алғашқы тұйсікті мойындау аспан әлеміне қарағанда, интегралдық қызмет атқара отырып, жерлік әлемге жақын болып келеді. Ақиқатты қабылдауға тек логикалық амалдар арқылы, яғни толық адамның ғана қолынан келетін амалдармен қол жеткізу - ақыл-ой танымының соңғы мақсатына жетуі болып табылады. Арабтілді Шығыста теориялық танымның алға дамуында әл-Фараби ілімінің үлкен рөлге ие болғандығын бірден айтуға болады.

Әл-Фарабидің теориялық танымында материалистік және
идеалистік үрдістер өте көрнекті орын алады. Бір жағынан алып
қарағанда адамды, әлемді тануға алып келетін шығармашыл бастау иесі ретінде, ал екінші жағынан танымның алғашқы және
соңғы тірегі ретінде ол барлық маңыздылықты бірінші себеппен
қорытындылайды.

Сезім танымда үлкен рөл ойнайды немесе ол өмірді түсінудің басталған кезеңінен тұрады, материядан қол үзіп, абстракция мен ұғымның қалыптасуына алып келеді. Және де тұтас баршылық затына жақындап келіп, оның шыққан тегі мен түрін біріктіреді және нақтылайды.

Әл-Фараби өзінің «Бақытқа жету туралы» деп аталатын еңбегінде немесе трактатында таным процесін ерекше сипатта суреттейді. Бұл трактатында да ол басқа трактаттарындағындай білім алуды бақытқа жетумен теңестіреді. Ал бақытқа жету - адамның өмірлік мақсаты. Ал бұл мақсатқа жету үшін адам қоршаған ортасын, әлемін жетік меңгеруі және өмірлік бағыт беретін этикалық заңдылықтарды білуі қажет.

Танымның алғашқы кезеңінде адамның өмірмен сезім мүшелері арқылы байланыс жасауы сөз жоқ материалистік бағыт жолына жатады. Бұл эмпирикалық жаратылыстанудың дамуымен сәйкес келеді, бірақ эмпирикалық пен теориялықтың арасында байланыс орнату қиынға түсті, себебі әртүрлі идеялық түрдегі материалистікті баян ету қажеті туды. Оны абстракция ретінде, жорамал және интуиция ретінде қарауға болатын еді. Және бұл жерде тек ақылмен ұғынушылық немесе тек ақылды ұғынушылық ғана емес, сонымен қоса ерекше ақиқат ретінде үғымдар мен идеялардың сынаушы идеалдық және даналық жүйесі пайда болды.

Әл-Фараби таным процесінің тетігі туралы мынадай сұрақ қояды: «Жадыдағы алғашқы түйсік қалай және қандай жолмен пайда болады, оның ішінде не жатыр және ол шындығында қандай болады?». Және оған былай деп жауап береді: «Адамныңтүсінігі барлық қабылданған нәрселерінің ішіндегі заттардан тұрады. Кейіннен ақыл адам жанының түсінігі мен шындықтың ішінде өмір сүретінмен толық сәйкес келмейтінін өзінің ішкі жан дүниесінің формасында қалыптастырып және сақтап қояды. Адамның ой-өрісі барлық заттардың ішіндегі ең нәзігі және ол барлық формалардың да нәзігі екендігінен тұрады» 251 .

Әл-Фарабидің таным теориясында жоғары деп бағаланатын нәрсеге үлкен көңіл аударылып, номинализмге немесе нақтылыққа бас иеді, себебі жекелеген қабылданушы сезімдік заттар әрқашан жалпы ұғымға бағынады. Маркстің айтуы бойынша, ортағасырлық номинализм реализмге қарама-қарсы, себебі бұлар материализмнің шығуымен жалпы ұғымдырдың немесе әмбебаптылықтың шындығы және алғашқылығымен байланысты. Танылатын танымға дейін, ал сезімдік қабылдау қабылдауға дейін өмір сүреді, - деп айтады әл-Фараби 252 . Жекелеген субстанция болмысы әмбебаптық субстанциядан толығырақ. Ал бұл өз болмысының тәуелсіздігінен келіп шығады. Немесе субстанцияның жеке түрі өзінің болмысынан басқа еш нәрсеге тиісті де, мұқтаж да емес, бұл орында тұрмайды және ол туралы айтылмайды да 253 . Болмыстың тәрітібінде жеке заттар алғашқы болып табылады. Жекелікке жету әмбебаптылыққа үлкен мүмкіндік береді. Демек ақылдылыққа жету үшін жеке субстанциялар әмбебаптық субстанцияларға мұқтаж, ал әмбебаптық субстанциялар өмір сүруі үшін жеке субстанцияларға мұқтаж. Егер әмбебаптылық жанның құрамында болғанда, онда ол ойдан шығарылған және жалған болатын еді, ал бұл жерде жалған өмір сүрмейді.

Әл-Фараби бойынша теориялық білімнің мақсаты өмір сүретін заттарды меңгеру болып табылады. Теориялық білім қалай және қайдан шыққанын білмейтін заттық білімді іске қосады. Әл-Фараби оны алғашқы білімдер деп атайды. Басқа қалған «білімдердің барлығы да осы алғашқы білімнің ыкпалында және талдау, меңгеру, зерттеу, тану және оқып үйрену жолдарымен құралады» 254 .

Сонымен теориялық білім білімнің екі түрі: бірінші алғышарттардан және дәлелденген білімдерден тұрады.

Әл-Фараби теориялық білімді («теориялык ізгілік») этикалық қайырымдылықпен тығыз байланысты түрде қарастырады. Құлықты қайраткерлікке болмыстың мағынасы және игілігі теориялық білім түрінде өте қажетті. Бірақ теориялық білім оқшауланған түрде де өмір сүре алады, дегенмен өз-өзін қайырымдылық шарасымен қамтамасыз ете алмайды. «Тек ойлау қасиетін игерген адам игілікті, этикалық қайырымды бола алмайды»255. Бұл жерде әл-Фараби тек теориялық ойлауды жеткіліксіз деп есептейді. Практикалық іс-әрекет құнды және толықтырылған болып есептелінеді.

Әл-Фарбидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында ойлау күшін адамның ақылмен қабылданатын объектілерін игеретін күш ретінде бағалайды. Осы күш арқылы адам әдемілікті сүйкімсіздіктен ажыратады және өнермен ғылымды игере алады. Әл-Фарабидің айтуы бойынша ойлау күші жанның басқа барлық күштерін басқарады, бірақ жеке өзекті дағдыға айнала алмайды және өзекті дағдыға айналу үшін оған потенциалдықтан өзектіге айналдыра алатындай қасиет қажет. Ақылға жеткізетін объектілер ойлау күшінің құрамында болғанда ғана ол өзекті бола алады және ол ең соңында ақылдың арқасында өзекті мәселеге айнала алады.

Теориялық таным мен жай танымның арасында практикалыққа қарағанда жоғары дәрежедегі байланыс бар. Және теоретикалық таным практикалық өмірмен әрқашан байланысқа түсіп, шынайы өмірде белгілі бір орын алуы қажет. Сондықтанда біз әл-Фарабидің философиялық терминдерінің арасынан «ақылды практикалық жанның күші», «практикалық жанның күші», «кәсіби практикалық күш» деген терминдерді кездестіреміз.

«Жанның сезінетін және қиялдайтын күштері ақыл күшіне көмек береді және оны дайындайды. Сөйтіп ол адамды бақытқа жеткізуші іс-әрекетке жұмылдыруға арнайды. Содан кейін ғана адам толық игілікке жетеді. Сөйтіп еркіндіктің ықпалындағы игілік дүниге келеді» 256 .

Әл-Фараби еркіндіктің ықпалындағы игілік құрамын қалай түсінеді? Шындығына келетін болсақ, онда сезінуші, қиялдаушы және ақыл күштері жанның толық сәйкестігін құрайды. Ал бұл қасиеттерге адам өмірді түсіну, оны игеру арқылы жетеді. Және де адамның танымы құдайшылдық аян берумен емес, оның жеке еркіндігімен түсіндіріледі.

Әл-Фараби бойынша танымның сезінуші сатысы сыртқы әлемнің әсерімен адамның сезім мүшелерімен байланысты. Дерексіз ойлаудың қалыптасуында жетекші рөлді ақыл алады.

Жануарлардың өмірлік функцияларында олардың мүмкіншіліктері белгілеу кезеңін атқарады. Ал адамда, әл-Фарабидің айтуы бойынша, ерекше ақылдылық мүмкіншілігі бейнеленіледі. Философ жанды негізгі мынадай бес түрге бөледі: сезінетін, талпынатын, бейнелейтін, қолданатын және ақылдық 257 . Әл-Фараби организмнің функциялық кызметін атқаратын күшке бойдың күшін, ерекшелеуші, ұстап тұрушы, жеңуші, қысып тұрушы және қуушы күштерді жатқызады. Қолданушы күштің талдауына ерекше тоқталмаймыз, себебі бұл күштің мақсаты таным процесінің механизмін жалғастыру болып табылатын еді. Сезінуші және бейнелеуші күштердің функциясы танымның сезуші сатысын құрайды. Сезуші күш - ол ең үлкен жалпыға белгілі бес сезімді қабылдайды. Ал бейнелеуші күш сезу арқылы қабылданатын заттардың бейнелерін сақтайды, бірақ бұл бейнелер дәл осы сезу мүшелерімен екінші рет қабылданбайды. Ал талпынушы күштің әсерімен жануарларда бір нәрсеге деген ізденушілік, мұктаждықты жоғалтушылық, күштілік және қорқақтық, махаббат және жек көрушілік, қиналушылық, мықтылық және рахаттанушылық, қолдаушылық және жанның басқа да күштері қалыптасады 258 .

Әл-Фараби келесі бірі жерде «осы талпынушы» күш адамды бақытқа жеткізуші жолдарды іздестіруге көмек береді» дейді 259 .

Ойшыл ақыл күшіне ерекше мән береді. Және оны теориялық
және практикалық деп бөледі, ал соңғысын кәсіби және ойшылдық
деп бөледі. Кәсіби күш адамға өнерді иеленуге көмек береді, ал
ойшылдық күш адамды дұрыс шешім қабылдауға итермелейді. Әл-
Фарабидің күштерді «кәсіби» және «ойшылдық» деп ерекшелеуі
адамның қоршаған ортамен байланысынан туады. Бұл жерде адам
табиғаттың бастауы ретінде қарастырылады. Және өзінің еңбегінің
жемісі ретінде өзінің танымы арқылы шешім немесе жол тауып
береді.

Сезу арқылы қабылданатын заттарда жағымдылыққа және жағымсыздыққа жету қажеттіні қажетсізден, жаманды жақсыдан ажырата алмайды. Әл-Фараби бұл сөздерімен танымның сезуші формасын қажетті, деп біледі, бірақ шығуының төмен формасын жоғары формадан, танымның дерексіз даналық формасынан бөліп көрсетеді. Жанның мүмкіншілігін сезіне отырып және сыртқы заттың бейнесін қабылдай отырып, оны жанның елестетуші күшіне береді және сақтайды. Яғни оның ақиқаттылығын және жалғандығын бекітеді және объективті шындыққа қаншалықты сай екендігін тексереді. Жанның елестетуші бөлігі бейненің сапалы бағасын береді, қажетті және қажетсіз, жағымды және жағымсыз жақтарына жетеді. Бірақ оның қалыптасуына әсер етпейді. Демек елестету ақиқатты болуы мүмкін, бірақ өзінде жаман нәрсені бейнелесе және сол кезде жанның елестетуші бөлігі өз ішінде қалыптасуына әсер ете алмайды. Бұл ақыл күшінің алмастырушысы болады. Осының әсерімен жақсыны жаманнан ажыратады және нені істеуге болатындындығын, ал нені болмайтындығын түсіндіреді. Ақыл-ой күшінің данышпандылығы кей жағдайларда күштің сезінуінен және елестеуінен туындайды немесе сыртқы заттарға шолу жасамаса, онда ол данышпандылықсыз болар еді, бірақ ол одан жоғары болады және ол адамның іс-әрекетін қадағалаудан туындайтын болып табылады.

Таным процесі сыртқы сезімдермен жұмыс істеумен басталады. Бұл жұмыс субъект пен сыртқы әлемнің байланысынан туады. Алынған бейнелер қабылданушы күш формасы ретінде бейнеленеді және жадыда толық жинақталады. Қабылдаушы және қорғаушы күштер бастың алдыңғы бөлігінде орналасады. Ақыл-ой данышпандылығы заттардың формасын материядан түйсік түрінде жекелеуге алып барады. Ал бұл сатыны, яғни ақылға жетушілік және ақылға жеткізетін диалектикалық қасиеттер бейнеленілетін сатыны әл-Фараби, жоғарыда айтып өткеніміздей, маңызды және шынайы ақыл-ой деп атаған. Әл-Фарабидің пікірі бойынша, адамның жеке талпынушылығы әлемдік тәртіп және үйлесімділік ақыл-ой күші арқылы сенімнен мүмкін болатынға әкеледі. Әл-Ғазали білімді скептицизм ықпалымен төмендете отырып, діннің орнын көрсетеді. Әл-Ғазалидің мысалы бойынша ғылымның шарасыздығы әлемнің жаратылуына көмектеседі, бұл-тек субъект ретінде себеп-салдарлық байланыс арқылы ақыл-ойға жету. Медицинада тек тәжірибеге сүйеніп, бір нәрсенің себебін анықтау сенімсіздік туғызады, ал олардың барлығы да жеке жағдайларға байланысты. Астрономияда сирек кездесетін құбылыстармен жұмыстарды алып жүруге тура келеді және олардың байланысын қорытындылауға мүлдем себеп жоқ. Дегенмен де біз астрономия және медицина салаларында белгілі бір шешімдерді қабылдай аламыз, бірақ ол ғылымның да, ақыл-ойдың да, Құдайға деген сенімнің де әсерімен болуы екіталай. Әл-Ғазалидің дәлелдемесі Юмдікіне ұқсас болып келеді. Дәлелдеменің себебін ол субъективті психологиялық феномен ретінде ғана түсіндіріп береді. Егер әл-Ғазалидің пікірі бойынша, Әбу-Насырдың ең үлкен күнәсі пайғамбарлықты мойындамағаны және ақыл-ойды жариялағаны болса, онда осы идеяны жалғастырушы Ибн Рушд ақыл-ойды жокқа шығыруды себепті жоққа шығарумен тығыз байланыстырады. Яғни Ибн Рушд былай дейді: «Сезу арқылы қабылданатын заттардағы шын мәнінде өмір сүретін себептерді жоққа шығару - бұл софистика. Олар бір нәрсені ойлап, екінші нәрсені айтады немесе осы сұрақ талқыланған уақытта софистикалық жалған даналықтармен айналысады» 260 .

Әл-Киндиден кейін әл-Фараби ақыл-ой жанының практикалық және теориялық ақыл-ой мен танымның бастапқы принципін аксиомалық үйлесу арқылы байланыстырады немесе ақыл-ой күшпен қолайлы болады және «жалпы қажетті заттар ықпалымен» анық білімге қол жеткізеді дейді. Әл-Фараби «жалпы заттарды» білімнің бастауымен теңестіреді және адамды шетке шығарып, ары қарай жылжиды. Практикалық ақыл-ой үлкен тәжірибе және ұзақ күтуден кейін құрылады, ол адам мен жаратушыны үйлестіреді. «Осы арқылы ол нені ұлатуға болады, ал нені жоқ ете алады деген мақсатқа жетеді» 261 . Әл-Фараби бойынша брі ақыл-ойдың құнды жағдайын тәжірйбенің бар болуымен түсіндіреді. Ал тәжірибе әлі жоқ кезде, бұл ақыл-ой потенциалды жағдайда болады. Философ өзінің іліміне теориялық ақыл-ой күшін және теориялық ақыл-оймен қатар практикалық ақыл-ой күшін және практикалық ақыл-ойды кіргізеді. Теориялық ақыл-ой басымдылығы антикалық біржақтылықтан өзгешелігін бірте-бірте иеленіп келеді.

Әл-Фарабидің дәуірінде әртүрлі улкен кәсіптер дамуын табады және оларды әдетте «өнер» деп атайды. Осымен әл-Фарабидің практикалық жанның күшін кәсіби және ойшыл деп бөлүімен түсіндіруге болады. «Кәсіби немесе өнерлі күш деп - мамандықтың әсерімен құрылатын, мысалы шеберхана жұмысы, жер өңдеу, медицина, теңізде жүзу жұмысын атауға болады. Ал ойшылдық күш деп - істегіміз келетін, сол туралы білгіміз келетін, оны істеуге бола ма элде жоқ па, істеуге болатын болса, онда калай істеуге болады дейтін заттарды ойша көш алдымызға елестетуді айтамыз» 262 .

Әл-Фараби табиғат танымы аясындағы сұрақтарды, оның сатыларын қарастыра отырып, оны ғылыми зерттеулердің практикасымен байланыстырады. Ол жалпы әдіснамалық бағдарламаны жүйелі түрде жүргізеді. Және бұл туралы оның «Музыканың үлкен кітабы» атты ғажайып еңбегінде түсінікті түрде баян етіледі.

  1. Бұл тақырыптың толық қалыптасуы тарихын білу және оғанәр түрлі қырлардан сыни көзқарастағы баға беру керек.

2. Бұл теорияның принциптерін істеп шығару керек және қалған
теорияның орнының жоюылып кетпеуін бұлжытпай қадағалау керек.

3. Қарапайым тәжірибеде орын иеленбейтін принциптердін
нәтижесімен оны салыстыру қажет.

Үшінші бапта эксперимент туралы айтылады. Көрініп тұрғандай бұл жоба өз кезеңінде тамаша көрініс тапқан. Дедукция және эксперимент, тарихи және логикалықтар жобада бір-бірін толықтырады.

Әл-Фараби ғылымды және онымен айналысатын адамдарды өте жоғары бағалаған. Ғылыммен айналысуға таза жүректі, жоғары деңгейде ойланатын, менменшіліктен және ұсақ атақ құмарлықтан толық таза адамдар қажет. Ғылыми зерттеудің өрісінде адамның мәдениеті қалыптасады. Ол объективті көзқараста болуға және ақиқатқа бас июге итермелейді. Ол ғылымның мәселелерін орындамайтын адамдарды жаман көреді. «Ғылым майданына атсалысатындарға, ол шарасыз және қажетсіз болса, онда ол өзінің мәртебесін жоғалтып, қорланады» 263 . Ақиқат объективті болады, ол өзімшілдік пен субъектизмнен жоғары болуға мүмкіндік береді. «Ақиқатты іздеуші екі адам өз мақсатын түсінеді, біледі және көзқарастары бойынша ешқашан бөлінбейді» 264 .

Әл-Фарабидің табиғаттану пен математикаға қосқан табысы маңызды болып табылады. Оның зерттеуі Шығыста рационалдық ойлау жоқ немесе табиғат мистикасыз дамиды деген тұжырымдаманың жалған екендігін дәлелдеді.

Әл-Фарабидің әдебиеттегі де рөлі төмен емес, ол бұл ғылымның дамуына көп көңіл аударады. Бұл жерде А. Көбесовтің еңбектерін атауға болады 265 . Негізінен әл-Фарабиді көп жағдайда Аристотельдің ізін жалғастырушы ретінде қарастылатынын айтқан болатынбыз. Әл-Фарабидің жеке ғылым саласындағы жемісті зерттеулері, оның өзіндік философиясына қосымша қағида ретінде бағаланады. Және ол ғылыми ізденушілікпен тығыз байланысты. Орта ғасыр заманында да ғылым тура ежелгі замандағыдай философиямен тығыз байланыста дамығандығын айта кету керек.

Әл-Фараби философиясының ерекшелігі принциптік сұрақтарға ойды шоғырландыруда, синтез жасауда, білімдарлықта, жоғары мақсаттың жүйелілігі және түсініктілігінде. Және осы қасиеттер арқылы ол өзінің философиялық іліміне ұмтылады. Бұл ерекшеліктер өңделген, дифференциалды, құнды, энциклопедиялық ғылымда түйінделеді. Ол ғылымның классификациялық формасы ретінде жүзеге асырылады. Объективті логикамен әлемнің бір бүтін болып құрылуын қабылдатады. Және мұнда қарапайымнан күрделіге өтуші білімнің логикасы, жеке білімнің логикасы орын табады. Бұл классификацияға Ибн Сина және Роджер Бэкон жүгінді.

Әбу-Насырдың ғылыми жіктелімі туралы трактаты өз уақытында жалпы адамзат білімінің бет-бейнесі үшін бастаушы шығарма болды. Барлық танымал ғылымдарды ол бес бөлікке бөледі:

  1. Тіл білімі.
  2. Логика.
  3. Математика.
  4. Физика жэне метафизика.
  5. Азаматтық ғылым.

Әл-Фараби тіл туралы ғылымды бірінші орынға қояды. Тілді адамның бірінші кезекте алдынан шығатын және ғылыми ойлаудың шын мәнісінде өмір сүруші формасы ретінде қарастырады.

«Тіл туралы ғылым әрбір халықта жеті ірі бөлімдерден тұрады. Олар: қарапайым сөздер туралы ғылым және тұрақты сөз тіркестері туралы ғылым, қарапайым сөздердің заңдары туралы ғылым, тұрақты сөз тіркестерінің заңдары туралы ғылым, хаттың және орфоэпияның заңдары, өлең құрылысының тәртібі» 266 .

Әл-Фарабидің тіл зандары туралы пікірі жалпы тілдерде және араб тілінде, сонымен қатар тіл білімі тарихында белгілі бір орынға ие болуы керек. Қысқаша түрде оның қозғаған сұрақтарына тоқталайық. Олар: дыбыс және әріп, әріптердің түрлері, сөздердің құрылуы, сөздердің элементтері, тұрақты сөз тіркестері туралы пікірдің қалыптасуы мақсатындағы тәртіп, хаттың және оны оқудың заңдары. Поэтика тілдік зерттеудің логикалық кезеңін өзінде құрайды. Арнаулы ерекше тұрғыдан ол поэтикалық сөйлеу және өлеңдердің көлемі жағынан нақты айырмашылығына мінездеме береді және көркем әдеби сөздің теориялық және практикалық жағының мүмкіндіктеріне көңіл аудару керек дейді.

Логика грамматикамен тығыз байланысты. Керек десеңіз, ол өзінің атауын да сөйлеу деген сөзден алады. Басқа ғылымдармен қатынасында ол алғашқы орынды алады. Ол бастапқы жағдайларды, аксиомаларды қарастырады. Себебі олар ақиқаттың әр түрлі білімдері жеткізілетін, сонымен қатар ақиқатқа жеткізуші жолдарды және адасудан шығып кететін жолдарды көрсетеді. Естен кетпейтін дәлел логиканың қажетті екендігін жақтайды, себебі олар демократиялық гуманитарлық үрдістерге тән. Мұны әл-Фараби психология және этика саласында көрсетеді, яғни барлық адамдардың мүмкіншілігі жағынан тең екендігін дәлелдейді. Кімде-кім логиканы керек емес қанағатсыздық деп қарастырса, онда бастапқы ойлаудан келіп шығатыны адамның мұндай ақылында адасушылықтың барлық мүмкіншілігін білдіреді.

Әл-Фараби ары қарай математика туралы айта отырып, оның логикамен байланысты екендігін ерекше атап көрсетеді және бұл ғылымдарды абстракті бейне түрінде көрсетеді. Математиканың ішкі құрылысы ойдың абстрактіден нақтылыққа қарай өрлеуін көрсетеді.

Математика да тіл білімі сияқты жеті бөлімнен тұрады. Алғашқы екі бөлім - арифметика мен геометрия. Олар теориялық және қолданбалы бөлімді құрайды. Әл-Фарабидің көзқарасы бойынша арифметика сандар туралы дерексіз ғылым. Ол санмен теңестірілетін және басқа барлық заттардан бөлек қарастырылатын ғылым. «Олар сандар арқылы жұмыс жасайды, барлық нәрседен абстракцияланады, сезіммен қабылданатын заттарда есептелінеді және сезіммен қабылданатын, сонымен қатар сезіммен қабылданбайтын заттарға да тән» 267 .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ибн Синаның Аллаһ түсінігі
Әл-Фараби дүниетанымындағы болмыс пен тәңір
Философия және өнер
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Әбу-Насыр-Әл-Фараби туралы ақпарат
Абай мен Әл-Фарабидің тәңір түсінігіндегі сабақтастықтары
Әл – фараби тұжырымдары
Дін философиясы. Философия танымы
Ұлттық өнер және оның ерекшеліктері
Тарихи тұрғыдан түркі ислам философиясының қалыптасу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz