Халықаралық құқықты дамыту бағыттары



Кіріспе 3
Халықаралық құқықты дамыту бағыттары 4
БҰҰ.ның Жарғысы 6
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы 7
Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті 8
Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы 8
Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) 9
Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігі
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13
Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр түрлі. Бір елде - әдет-ғұрып, екінші елде - мораль, үшінші елде - құқық басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер бар. Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Сол арқылы әр елде өздерінің ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Сонымен бірге осы ұлттық құқық жүйелердің мазмұны мен нысандарында бір-біріне ұқсастық болады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі. Ал осы бірнеше жүйелердің жетілген және барлық елдерге құқы бірдей тең жүретін құқықты біздер халықаралық құқық дейміз.
Мемлекеттер мен әртүрлі мемлекеттік қайымдастықтар арасындағы түрлі құқықтық жағдайларды шешуде халықаралық құқық маңызды роль атқарады.
1.Шреплер Х.А., «Международные организации». Справочник, М., 1995;
2.Токаев К.К., «Под стягом независимости». Очерки о внешней политике
Казахстана, Алматы., 1997.
3. «Ұлттық Қазақстан энциклопедиясы».1999
4. Ғ. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері «Атамұра», 1998ж.
5. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж.
6. Дулатбеков Н. Амандықова С. Тұрлаев А. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы, 2001ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Халықаралық құқықты дамыту бағыттары 4
БҰҰ-ның Жарғысы 6
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 6
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы 7
Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті 8
Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы 8
Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері
жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) 9
Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты
өкілдігі 11
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13

Кіріспе

Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың
бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар
реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-
дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр
түрлі. Бір елде - әдет-ғұрып, екінші елде - мораль, үшінші елде - құқық
басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер
бар. Әр ел ол нормаларды өздерінің саяси, ұлттық, әлеуметтік
ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Сол арқылы әр елде өздерінің ұлттық құқық
жүйесі қалыптасады. Сонымен бірге осы ұлттық құқық жүйелердің мазмұны мен
нысандарында бір-біріне ұқсастық болады. Сол арқылы ұлттық құқық жүйелерін
жіктеп, топтастырып құқықтық жүйеге бөледі. Ал осы бірнеше жүйелердің
жетілген және барлық елдерге құқы бірдей тең жүретін құқықты біздер
халықаралық құқық дейміз.
Мемлекеттер мен әртүрлі мемлекеттік қайымдастықтар арасындағы түрлі
құқықтық жағдайларды шешуде халықаралық құқық маңызды роль атқарады.

Халықаралық құқықты дамыту бағыттары

Жалпы адамгершілік табиғи - құқық негізінде және халықаралық
нормалардың қағидаларына сәйкес қалыптасқан әлемдік-қоғамдық қатынастардың
жүйесін - әлемдік құқықтық тәртіп дейді. Әлемдік құқықтық тәртіпті дүние
жүзіндегі адамдардың, мемлекеттердің сан қырлы қатынастарының топтасып
қалыптасқан нақты шындық түрі деп түсіну керек. Бұл шындық қалыптасудың үш
объективтік түрлері бар:
1) адам — ел — планета — космос;
2) адам - ұжым - қоғам - әлемдік қоғамдастық;
3) адам - оның құқықтық статусы - қоғамның құқық жүйесі -халықаралық
құқық - әлемдік құқықтық тәртіп.
Әлемдік құқықтық тәртіпті қалыптастырудың негізгі себептері: 1)
экологиялық қауіпсіздікті қалыптастыру; 2) адамдардың өмірін қамтамасыз
ету; 3) ядролық соғысты болдырмау; 4) әлемдік кеңістіктің барлық
саласындағы қатынастарды біріктіріп ғаламдық жүйеге айналдыру.
Қазіргі заманда әлемдік құқықтық тәртіп шындыққа айналып отыр. Барлық
мемлекеттердің арасында саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, ғылыми-
техникалық қатынастар қалыптасып, дамуда. Осы бағытта халықаралық басқару
органдарының құрылуы. Олардың ішіндегі ең негізгісі — Біріккен Ұлттар Ұйымы
(БҰҰ)-24.10.1945 жылы құрылған. Оның 185 мемлекет мүшесі бар (1 қазан 1995
ж.). БҰҰ Жарғысы бойынша ұйымның негізгі мақсаттары:
- халықаралық қауіпсіздікті, бейбітшілікті қорғау-сақтау;
- халықтардың достығын, бірлігін, бостандығын, теңдігін қорғау;
- мемлекетаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік даму
процесін мүмкіндігінше біріктіру;
- осы мақсаттарды іс жүзіне асырудың ұйымдастырушы, басқарушы заңды
орталық органы болу.
Әлемдік құқықтық тәртіпті нығайтуға, сапалы болуына БҰҰ-нан басқа тағы
біраз дүниежүзілік ұйымдар маңызды үлес қосуда. Олар: халықаралық еңбек
ұйымы, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, дүниежүзілік интеллектік
меншіктің ұйымы, халықаралық азаматтық авиация ұйымы т.б. Халықаралық
құқықтық қатынастарды реттеп, басқаруда БҰҰ-ғы халықаралық соттың маңызы
өте зор. Әлемдік құқықтық тәртіптің негізгі белгі-нышандары:
1). Әлемдік құқықтық тәртіп (ӘҚТ) - әр түрлі мемлекеттердің,
халықаралық ұйымдардың, ұлттардың әлеуметтік топтардың арақатынасының
күрделі және өсіңкілік жүйесі.
2). ӘҚТ — мемлекеттердің, халықтардың өзара бірлігінің,
ынтымақтастыгының нақты шындық көрінісі. Бұл бірліктің негізгі деректі
құжаты — халықаралық шарт. Онда қатынастың субъектілерінің міндеттері мен
құқықтары толық көрсетіліп, өздерінің бақылауында болады.
3). ӘТҚ - әр саладағы халықаралық ынтымақтастықтың іс-әрекетінің
дұрыс, сапалы орындалуының кепілдігі деуге болады. Оның түрлері:
- қоршаған ортаны, табиғатты қорғау, жақсы дамуына тиісті мүмкіншілік
жасау;
- БҰҰ, дүниежүзілік сауда ұйымы, халықаралық даму банкі, халықаралық
валюталық фонд арқылы барлық мемлекеттердің өсіңкілік экономикалық дамуын
қамтамасыз ету;
- БҰҰ-ның ЮНЕСКО ұйымы арқылы барлық елдердің мәдениетін, білімін,
ғылымын дамытуға сапалы, маңызды үлес қосу;
- әлемдік көлемде қылмыспен күресті сапалы, нәтижелі жолға қою т.б.
Сонымен халықаралық құқықты дамыту және ғаламдық проблемаларды реттеп
шешу екі жақты байланысты процесс: бірінші - әр мемлекеттің ерікті түрде
осы бағытта сапалы іс-әрекет жасауы қажет; екінші — халықтардың,
мемлекеттердің бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауға ерікті түрде бет
бұруы қажет. Бұл процесте терең ұлттық, аймақтық, ғаламдық саяси-әлеуметтік
бірлік болуы қажет. Осы халықаралық қатынасты тиімді процеске айналдыру
әлемдік құқықтық тәртіптің ең шешуші шарты.
Ғаламдық проблема дегеніміз - дүние жүзіндегі барлық халықтардың мүдде-
мақсатын қамтитын мәселелер, оны мемлекеттер жеке-жеке орындауға ешқандай
мүмкіншіліктің жоқтығы. Ғаламдық проблемалардың белгі-нышандары:
- бұл проблемалар жер жүзіндегі барлық халықтың мүддесін қамтиды;
- проблемалардың шешілмегені барлық адамзатқа қауіп төндіріп,
болашақка кедергі болып отыр;
- бұл проблемаларды барлық халық, барлық мемлекет бірігіп қана орындай
алады.
Бұл ғаламдық проблемалар бірнеше топқа бөлінеді: 1) халықаралық
бірлік, бейбітшілікті күшейту; 2) адамдардың бостандығы мен құқықтарын
қамтамасыз ету; 3) әлемдік экологияны жақсарту; 4) әлемдік көлемде
демографияны теңестіру; 5) ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
дамушы елдердің экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеруге пайдалану; 6)
әлемдегі барлық халық, барлық мемлекет бірігіп, қылмыс пен қоғамға қарсы іс-
әрекеттерге күрес жүргізу.
Осы көрсетілген проблемалар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан
оларды жинақтап, топтастырып іске асыруды қажет етеді, оның негізгі
бағыттары:
1). Әлемдік ядролық апатты болдырмау, қару-жарақты жаппай шығаруды,
ядролық қаруға сынақ жүргізуді тоқтату;
2). Саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, экологиялық т.б. салаларда
халықаралық ынтымақтастықты және серіктестікті қалыптастыру;
3). Дамыған және дамушы елдердің арасындағы экономикалық алшақтықты
жою;
4). Энерго-шикізаттықты, азық-түлік, демографиялық дағдарысты жою
немесе бәсеңдету, экологияның талаптарын іске асыру, космос кеңістігінде
бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу;
5). Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін адамдардың денсаулық,
әлеуметтік, білім, мәдени, рухани жүйелеріндегі жұмысты жетілдіруге
пайдалану;
6). Терроризмге, наркобизнеске қарсы күресте халықаралық көлемде,
әлемдік кеңістікте жүргізу.
Жер планетасында өмір жасауды сақтау үшін, әлем кеңістігінде
адамзаттың мүдде-мақсатын іс-жүзіне асыру үшін ғалымдардың, мемлекеттік
және саяси қайраткерлерінің жаңаша ойлау қабілеттігін халықтардың
арасындағы қайшылықты, сенбеушілікті жоюға пайдалану қажет.

БҰҰ-ның Жарғысы

БҰҰ-ның негізгі документі ол - оның Жарғысы. Оның жобасы 1944 жылы
тамыз-қазан айларында Думбартон-Оксте (Вашингтон) КСРО, АҚШ, Ұлыбритания
және Қытай өкілдері қатысқан конференцияда жасалды. Жарғы Сан-Франциско
конференциясында дайындалып, 1945 жылы 26 маусымда оған 51 мемлекеттің
өкілдері қол қойды. Жарғы 1945 жылы 24 қазанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания,
Франция, Қытай және Сан-Франциско конференциясында қатысқан мемлекеттердің
көпшілігі ратификациялауына байланысты күшіне енді. БҰҰ-ның Жарғысы
кіріспеден және 19 тараудан тұрады. Жарғы бойынша БҰҰ өз міндетін орындауы
үшін оның мүшелері мына принциптерді басшылыққа алуы қажет: барлық барлық
мүшелердің дербестік теңдігі; ұлы державалардың бірауыздылығы; барлық
мүшелердің халықаралық талас мәселелерді бейбіт келіс сөз арқылы шешу; ұйым
мүшелерінің халықаралық қатынастарда күш көрсету саясатынан және қандай
елдің болмасын территориялық тәуелсіздігіне немесе саяси бостандығына қарсы
күш қолдану саясаттан бас тартуы; барлық мушелерді БҰҰ-ның Жарғысы бойынша
жүргізген іс-әрекетін, бейбітшілікке қауіп төнген, не ол бұзылған жағдайда
төтенше жүргізген шараларды қолдауы; басқа елдің ішкі ісіне БҰҰ-ның қол
сұқпауы. Жарғы бойынша БҰҰ мүшелігіне тек бейбітшілік сүйгіш дербес
мемлекеттер кіре алады. БҰҰ мүшелерінің Ұйымнан шығуына хақысы бар.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы

Ол БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы
тең құқылы түрде Бас ассамблеяны құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс
қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағлшын тіліндегі
ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес,
Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі
ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ, бүкіл мәселе
бойынша мүдделі мемлекттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар
жасауға өкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез
келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне
жолдай алады. Сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер
төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қатеріне салуға құқы бар (БҰҰ
Жарғысы, 11-, 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас ассамблея экономикалық-
әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы
халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын
жүзеге асыруға жәремдесу мақсатымен, сондай-ақ, халықаралық прогрессивті
даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы
ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал
шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның
басқа да органдарыныңжыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ
бюджетін қарап, бекітуге міндетті, сонымен қатар, мамандандырылған
мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас
Ассамблеяның Жарғының 18-бабында атап көрсетілген маңызды мәселелер боынша
шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің
басым көпшілігінің дауысымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі,
әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілігі басым көпшілік
дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Бас Ассамбпеяға БҰҰ-ның
барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын,
әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде кезекті және арнайы сессияларын
өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің
көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны
қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас хатшы
шақырады. Әр сессияда төраға және оның 21 орынбасары сайланады. Қауіпсіздік
Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағаларына сайлана алмайды.
Бұған қоса екі процедуралық комитет құралады, құрамына сессия төрағасы,
оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің төрағалары
енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын
мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық комитеттерінің
қызметін үйлестірумен, ал екінші комитет өкілеттіліктерітексерумен
айналысады. Бас Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің мынадай міндеттері бар:
Бірінші, комитет саяси мәселелермен және қарусыздандыруды қоса алғанда,
қауіпсіздік мәселелермен, Арнаулы саяси комитет Бірінші комитетке қатысты
мәселелермен; Екінші комитет экономикалық және қаржы мәселелермен; Үшінші
комитет әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші комитет
Қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын территорияларға жәрдемдесу
мәселелерімен, Алтыншы комитет құқықтық мәселелермен айналысады. Сонымен
қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер
жөніндегі Кеңесі және Жарналар жөніндегі комитетібар. Бас Ассамблея өзінің
қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша
органдарды құру мүмкіндігіне ие.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы

БҰҰ-ның Бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы, хатшысы
Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу
Мемлекет функциясының белгілері
Мемлекеттік қызметі
Мемлекет функциясы туралы
Мемлекеттің функциясы
Құқықтық саясат тұжырымдамасы
Мемлекет функциясы
Құқықтық мінез - құлықтағы тәрбиенің алатын орны
Пәндер