Өндірістегі кәсіптік аурулардан және жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру жолдары


Өндірістегі кәсіптік аурулардан және жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру
Жоспар:
1. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары мен мақсаттары.
2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жұмыс берушінің міндеттері.
2. Лекция мақсаты: Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түсінігімен бұл жүйеге қатысушы субъектілердің құқықтық статусымен таныстыру.
Лекция мәтіні.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдар алымын жинауды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер төлеудi жүргiзетiн заңды тұлға;
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кiрiстiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
1. еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;
2. асыраушысынан айрылған жағдай;
3 . жұмысынан айрылған жағдай.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;
2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;
3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
4) әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;
5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi
6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.
Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттармен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.
3 . Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдар
Жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтiк сақтандырылуға тиiс.
Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi
1. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның:
1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға;
2) еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге;
3) құжаттардың дұрыстығын тексеруге;
4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және жiберу жөнiндегi талаптарды белгiлеуге құқығы бар.
Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi:
1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының:
1) осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде Орталық пен оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға әлеуметтiк төлемдер тағайындау үшiн өтiнiш беруге;
2) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;
- төлеушiден, Орталықтан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң және аудару мен есептелуiнiң толықтығы және уақтылы болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен алу тәртiбi туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;
- әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен өзге де мемлекеттiк органдардың, Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Қордың осы Заңда белгiленген әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты iс-әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар.
2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы және алушы:
1) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етуге;
2) еңбек ету қабiлетiнен айрылған және (немесе) жұмысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алған кезеңде Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiне өзiмен мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге шарт жасасқан жинақтаушы зейнетақы қорының өзгергенi туралы хабарлауға;
3) қате төленген сомаларды қайтарып алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға мiндеттi. 1.
Жазатайым жағдай дегеніміз - сақтандырылған адамның денсаулығына залал келтірілген, мүгедек жасаған немесе ажалға алып келген сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсердің нәтижесінде болған адамның өз еркінен тыс оқыс, күтпеген, аз уақыттың ішінде болған оқиға. Жазатайым жағдайдан сақтандыру мынадай сыртқы факторлардың: жарылыс, күйік, үсу, суға бату, электр тоғының әсері, жай түсу, күн өту, қаскүнемдер мен жануарлардың шабуылы, жыланның, шағатын жәндіктердің шағуы, Сақтандырылушының өзінің немесе қандай да бір заттың оған құлауы, кенеттен тұншығу, тыныс алу органдарына бөтен денелердің кездейсоқ кіруі, улы өсімдіктермен, химиялық заттармен (өнеркәсіптік немесе тұрмыстық), дәрі-дәрмектермен, cапасыз тамақ өнімдерімен кездейсоқ қатты улану, сондай-ақ көлік құралдары жүріп бара жатқан не олар апатқа ұшыраған кезде, машиналарды, тетіктерді, қаруларды және әр түрлі құралдарды пайдалану кезінде алған жарақаттардың әсер етуі жазатайым жағдай болып табылады.
Еңбек міндеттерін атқару кезінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істер бойынша сот практикасын қорыту республика соттарының негізінен осы санаттағы істерді материалдық және іс жүргізу заңына сәйкес қарайтынын көрсетті
"Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі сақтандырылуы тиіс. Егер сақтандыру міндеті жүктелген жұмыс беруші оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актілерінде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, онда АК 808-бабында көзделгендей, сақтандыру жағдайы басталған кезде жұмыс беруші дұрыс сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады. АК 835-бабының 3-тармағына сәйкес, егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезінде білгендігі дәлелденбесе не бұл жөніндегі мәліметтердің сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемі міндеттеріне ықпал етпейтін болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту құқығын береді.
Жазатайым оқиғаның нәтижесінде қызметкерге келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігінің дәлелдемелері ретінде:
өндірісте еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкеліп соғуы- Н-1 нысандағы акт;
ауыр салдарға немесе қазаға ұшырау кезінде-Арнайы акт;
кәсіби ауру немесе улануға әкеліп соғуы - денсаулық сақтау орны берген Н-1 нысанды акт-танылады.
Қызметкерге:
жұмыс уақыты басталар немесе аяқталар кезде жұмыс орнын, өндіріс құралын, дербес қорғану затын және т. б. әзірлеу және ретке келтіру барысында;
жұмыс уақыты бойында жұмыс орнында немесе іссапарда болған, не жұмыс беруші немесе жұмысты ұйымдастырушының тапсырмасымен еңбек немесе басқа да міндеттерді орындауға қатысты басқа жерде (оның ішінде іссапар кезінде) болған кезде;
қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі нәтижесінде;
қызмет көрсету объектілерінің арасында қатынаумен байланысты қызметкер жұмыс берушінің тапсырмасымен жұмыс уақытында жұмыс орнына бара жатқанда;
жұмыс берушінің көлігінде болғанда;
жеке көлігін қызметтік сапарларға пайдалануға жұмыс берушінің жазбаша келісімі болса, жеке көлігінде болғанда;
жұмыс берушінің өкімімен өзінің немесе басқа кәсіпорынның аумағында болғанда, не жұмыс берушінің мүлкін қорғау үшін, не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамашылығымен басқа да әрекеттер жасағанда;
жұмыс орнында немесе іссапар кезінде қызметкердің денесіне жарақат салынғанда, не ол еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қасақана өлтірілген болса - салынған жарақаттар мен денсаулығына келтірілген өзгедей зақымдар өндірістік (кәсіби) деп ресімделуге жатады.
Сақтандыру шартында:
жұмыс беруші ұсынған көлікпен үйден қызметтік міндеттерін орындайтын жұмыс орнына дейін баратын және кері қайтатын жолдағы уақытты қоса алғанда, өндірістегі жазатайым жағдайдан сақтандыру;
өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым жағдайдан сақтандыру (тәулігіне 24 сағат) ;
тұрмыстағы жазатайым жағдайдан сақтандыру;
сапарда, демалыста болған кезде сақтандыру;
белгілі бір жұмысты орындау кезінде сақтандыру және басқалары көзделеді.
Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемі:
1. Сақтандырылушының жазатайым жағдайдың нәтижесінде еңбекке қабілеттілігінен уақытша айрылуы кезінде - еңбекке қабілетсіз болған әр күні үшін сақтандыру сомасының 0, 03 % мөлшерін, бірақ 90 (тоқсан) күннен аспайды;
2. Сақтандырылушыға мүгедектіктің:
I тобы белгіленген кезде - Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 100%;
II тобы белгіленген кезде - Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 75%;
III тобы белгіленген кезде - Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 50%;
3. Сақтандырылушы қайтыс болған кезде - Сақтандырылушының сақтандыру сомасының 100% мөлшерін құрайды.
Сақтандыру тарифі қызметтің немесе кәсіптің түріне байланысты 0, 2 %-дан 2, 0%-ға дейінгі аралықта белгіленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz