Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті


Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді жастардың ақыл-ой көрінісі - әр сөзді өз орнымен жұмсап, мағыналы сөйлей білуі заман талабы. Сондықтанда сөйлеу мәдениетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да қатты қастерлеген.
Бүгінгі қоғам талабы - егеменді елімізің әрбір азаматын тек дипломды маман ғана емес, іскер де сауатты, өз пікірін ашық та айқын жеткізе алатын тұлға етіп тәрбиелеу. Тіл - халықтың бомысын ашып көрсететеін, бар салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын болмысын айқындайтын белгі. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісі ал» демекші, адам болар кісі сөзінен танылады. Тіл мәдениетін дұрыс негіздеу үшін тек сөздерді байланыстыра білу жеткіліксіз. Сөз мағынасын толық түсініп, жеке ұғым қалыптастыру, асыл сөздің қыры мен сырына терең үңілу қажет.
Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, тыңдаушының ықыласына бөлейді, ол туралы жақсы пікірлердің қалыптасуына септігін тигізеді, тыңдаушының тіл мәдениетіне деген ықыласының артуына игі ықпал етеді.
Жұрттың бәрінің сөйлеу дағдысы, тіл пайдалану тәсілін бір өлшеммен өлшеуге, бір үлгімен пішіуге болмайды. Әр сөйлеуші адамның ақыл-ой, парасаты, білімі, мәдениеті, білімге қанықтығы, іс-әрекеті біркелкі емес. Әр түрлі әлеуметтік ортада өз орнымен сөйлеу үлкен мәдениеттелік. Үлкен жиындарда сөз ресми түрде болса, күнделікті қарым-қатынаста басқаша сөйленеді. Қанша ділмар шешен болса да, әр жатағы адамдармен өзінше қарым-қатынас тәртібін сақтау абзал.
Тілдік қатынас - адамдар қарым-қатынасының ерекше формасы, ой бөлісу түрі. Ғалым Ф. Оразбаева: «Тілдік қатынас-сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қарым-қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді», - деп анықтама бере келе: «Жалпы, адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі - тілдік қатынас, екіншісі - тілсіз қатынас», - деп адамдардың тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайтынын, қатынастың тағы бір түрі - тілсіз қатынас екенін атап өтті.
Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын өзіне аудара білу көптің алдына шыққан адамның бірінші міндеті. Тыңдаушыға сөз анық, дәл, айқын естілуі қажет. Дауыс булыға шықса, жігерсіз әрі бірқалыпты әуенмен айтылса, сөз қанша қызықты болғанмен тез жалықтырады. Тыңдаушы көңілін басқаға аударып кетеді. Көп алдына шыққан адамның сөзінен табандылық, сенім сезіліп тұрса, оны жұрт ұйып тыңдайды. Құр шаңқылдап айқайлап кету, болмаса мұрнының астынан міңгірлеп, күңкілдеп сөйлеген адам да тыңдаушысын жалықтырып, зейіні басқаға ауып кетеді.
Тілсіз қарым-қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс», -деп кеңес береді.
Көп алдына шыққан адам өз тыңдаушысын баурап алуда сөздің мағынасына, сөйлемнің мазмұнына сәйкес әртүрлі қол қимылдарын - қолды сермеу, қол бұлғау, бас шұлғу, бас изеу, бет-жүзді құбылту сияқты қосалқы құралдардың да пайдасы зор. Ол қимылдар айтар ойыңа сәйкес жұмсалса, сөзіңді жандандыра түседі. Айналадағы бір нүктеге қадалмай, алдыңда отырған жеке адамға не бірнеше адамға көз жүгіртіп, ретті жерінде сөзіңді қостайтындай қимыл жасау дұрыс. Мыалы, санамалап жеткізуде қолдың саусақтарын бүгі не ашу арқылы сөзіңдегі негізгі мәселеге бас назар аудартуға болады. Қасын керу, көзін бақырайту, қабағын түю сияқты қимылдар арқылы да тыңдаушыңды үйіре аласың. Көп алдына шығып алып, әрі-бері теңселіп жүрудің керегі жоқ. Қолды оңды-солды сермеу де дұрыс емес.
Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары: бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары - тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға коммуникативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.
Жұртты ұйытып, көңілдегі ойыңды дөп басып, әсерлі сөйлеген адамды тыңдай бергің келеді. Әсерлі сөйлеудің тілге тікелей қатысты шарты сөзді сазына келтіріп айту немесе дауыс мәнерінің жағымдылығы.
Сөз сазы дегеніміз - сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz