Шудың дыбыстың адам организіміне зиянды әсері және олармен күресу әдістері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Шудың дыбыстың адам организіміне зиянды әсері және олармен күресу әдістері.
Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.
Шу - үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы.
Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.
Адамның қоршаған ортаға әсері ғылыми - техникалық алға басудың салдары. Ғасыр басынан дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіптер 16 есе өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1, 5-3 есеге дейін өседі, бұл бұған дейінгі адамзат тарихындағы пайдаланылған шикізат шамасынан асады.
Шу мәселесі қазігі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.
Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.
Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті .
Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс.
Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады:
- қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.
- Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.
- Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады.
- Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады.
Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік - технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында, музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.
Қаладағы шу " симфониясы " көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен, құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.
Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.
Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.
Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.
Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.
Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы, тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.
Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына, жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т. б. жүйелерге кері әсер етеді. Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.
Шу - үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді. Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың - жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.
Шудың ( дыбыстың) адам организміне әсері
Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді.
Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениетпен техниканың айырылмас жолсерігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін.
Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті. Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді (19) .
Қаладағы шу негізінен темір жолмен жүрген пойыз, трамвай тарсылынан, ұшақтардың гүрілінен, автомашина, мотоцикл, тұрмыстық жабдықтармен құрылыс алаңында жұмыс жасайтын техниканың дыбысынан құралады. Барлық шудың 80 %-не жуығы автомашиналардан тарайды.
Адамдар үшін шу өте қауіпті. Оның қолайсыз әсері көп уақытқа дейін білінбей жүреді де, білінгеннен кейін кеш болады. Оның үстіне дәрігерлер нәтижелі емдеу жолдарын табалмай жүр.
Шу (дыбыс) деген не? Шу деп түрлі жиіліктегі және қуатты дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және нығыз толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан тұрады. Газды сұйық немесе нығыз орта болғанда ғана дыбыс адамдардың құлағына естіледі. Ауа жоқ жерде дыбыс толқындары таралмайды да, ешқандай дыбыс естілмейді. Мысалы: қоңырауды электр жүйесіне жалғап шыны қалпақпен жапсаң қоңырау сылдыры анық естіліп тұрады. Егер қалпақ астындағы ауаны насоспен біртіндеп сорса қоңырау сылдыры азая түседі де ауа біткен соң естілмейтін болады.
Шу ашушаңдықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді. Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша, шудың жоғарғы қысымы жүрек, қантамыры, асқазан, жүйке жүйесі ауруларын қоздырады.
Балалар невропотологі Светлана Михновец: «Тұрғын үйлердің төменгі қабатында немесе жанында орналасқан мейрамханалардан шығатын тұрақты шу жас сәбилер ғана емес, ересектердің де жүйкесіне үлкен әсерін тигізеді» - дейді. Жоғары жиіліктегі қатты дыбыстар балалардың қалыпты жүйке жүйесіне нұқсан келтіріп, қатты шаршатады. Кей жағдайда шудың әсерінен әлсіз балалар аяқ-қолы дірілдеп, талып қалады екен. Ал, би алаңдарындағы дыбыс ұлғайтқыш арқылы таралатын музыканың даусы, тіпті, зиян. Төменгі жиіліктегі инфрақызыл шудың зияны аз. Біз әдетте ультра дыбыстарды естімейміз. Қатты шудан бала дегбірсізденіп, қорқақ болып қалады. Жастар көбіне радиоқабылдағышты құлаққа салатын құрал арқылы тыңдайды. Оның да есту мүшелеріне пайдасынан гөрі зияны басым.
Инфрадыбыстардан болатын табиғат құбылыстары, яғни, жер сілкінісі, цунамидің әсерінен адамның генетикасы бұзылуы мүмкін. Мысалы, қатты жер сілкінісі немесе дауылдан қорыққан әйелдің құрсағындағы нәрестенің денсаулығына кері әсері болмай тұрмайды. Мұндайда сәби жүрегінде немесе жүйке жүйесінде ақауы бар болып туылады екен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz