«ТҰМАР» АТТЫ ПРЕД-О-ПОРТЕ СТИЛІНДЕГІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КИІМ ЖИЫНТЫҒЫН ЖОБАЛАУ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
ДАУЛЕТБЕКОВА АЙСҰЛУ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ
«ТҰМАР» атты ПРЕД-о-ПОРТЕ СТИЛІНДЕГІ қыз-келіншектерге арналған киім ЖИЫНТЫҒЫН жобалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5В042100 - «Дизайн (өндірістік) » мамандығы
Түркістан 2016
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Өнер» факультеті
«Бейнелеу өнері» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі,
п. ғ. к., доцент м. а Е. Ауелбеков
«»2016 ж
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Тұмар» атты прет-а-порте стиліндегі қыз-келіншектерге арналған киім жиынтығын жобалау
5В042100 - «Дизайн (өндірістік) » мамандығы
Орындаған: А. Даулетбекова
Ғылыми жетекшісі
Қ. Р Дизайнерлер одағының мүшесі
аға оқытушы Ұ. Нұрланова
Түркістан 2016
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1. «ТҰМАР»КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Тұмар» сән үлгілерінің шығу тарихы . . . 5
1. 2 «Тұмар» сән үлгілерінің қызметі. Стиль және сән бағыты 2016 ж . . . 16
1. 3 Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы . . . 19
1. 4 «Тұмар»сән үлгілерінің көркем бейнесін әзірлеу . . . 24
1. 5 «Тұмар» сән үлгілерінің техникалық эскизі, сырт түрінің сипаттамасы . . . 28
2. «ТҰМАР» сән үлгілерінің конструкциялау негіздері
2. 1 Конструкциялау әдістемесін таңдап негіздеу . . . 29
2. 2 «Тұмар» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтерді, қосымшаларды таңдап негіздеу . . . 31
2. 3 «Тұмар» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру . . . 38
2. 4 «Тұмар» сән үлгілерінің сызбасына модельдік ерекшеліктерін енгізу . . . 42
3. «ТҰМАР»сән үлгілерінің ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3. 1 «Тұмар» сән үлгілеріне өңдеу әдістерін және құрал-
жабдықтарды таңдау . . . 44 3. 2 «Тұмар» сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері . . . 47
3. 3 «Тұмар» сән үлгілерінің дайындаудың технологиялық бірізділігін әзірлеу . . . 50
3. 4 «Тұмар» сән үлгілеріне кеткен материал шығынын мөлшерлеу . . . 53
Қорытынды . . . 54
Пайдаланған әдебиеттер . . . 55
Қосымша . . . 57
КІРІСПЕ
Зерттеудің көйкестілігі. Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! - деді ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында[1] .
Елбасы Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму Жолдауында Қазақстанның жас азаматтарына былай деді: білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда. Қазақстандық білім мен ғылым жастардың қолында екендігін және интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы үнемі айтып келеді. Өйткені, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына ену тек білім мен ғылымға негізделу керек. Бұл - заман талабы. Демек, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы инновациялық жүйе мен адами капиталға байланысты екені тағы да бір дәлелденді. Осындай талаптар тұрғысынан алғанда, стратегиялық маңызды құжат республика жұртшылығына, оның ішінде, білім мен ғылым салаларындағы педагогтар қауымына айрықша серпін беріп, алдағы күндерге жігерлендіре түскені ақиқат [2] .
Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі ұлтық киімдерінің мән-мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениет мәдениетінде туындап жатқан объективті-әлеуметтік және субъективті-психологиялық қайшылықтар жағдайынан көрініс табады. Бұл мәселелердің барлығы да қазақ халқының бүгінгі рухани ахуалын жан-жақты, әрі қилы қысымға ұшырап отырғанын да дәлелдейді, ол қазіргі мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істерде, яғни рухани дербестікті қалпына келтіру, нығайту, дамыту секілді үлкен мәселе болып отыр. Өркениет жағдайынан туындайтын қайшылықтар, соның ішінде киім үлгілеу өнерінің сапалы белгілеріне ұлттың сана сезімін бүлдіретін бөтен үлгілерді талғамсыз, шатастырып пайдаланудан басталады деуге болады.
Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда. Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады [3] .
Республикамыздың өзiндік мәдени-рухани көне мұрасы болып табылатын ұлттық киімі дүниежүзілік мәдениеттер қатарынан көрсете білу, зерттей түсу қазіргі маңызды мiндеттердiң бiрi. Сондыктанда дипломдық жобамыздың тақырыбын «Тұмар» атты прет-а-порте киім үлгілерінің жиынтығын жобалау деп таңдауымызға негіз болды.
Диплом жұмысының мақсаты: Киім өнеріндегі қазақ халқының ою-өрнегін насихаттап, қазіргі заман талабына сай етіп қайта жаңарту, ұлттық элементтердің мәні мен маңызын ашу
Диплом жұмысының міндеті:
- Костюм жасау композициясының негіздерін анықтау.
- «Тұмар» сән үлгілерінің конструкциялау негіздерін анықтау.
- «Тұмар» сән үлгісін тігу технологиясын әзірлеу және көрсету.
Зерттеудің нысаны:
• Тігін өнеріндегі киім дизайны кешеніндегі жаңа туындылар.
•Киім дизайнында қазақ халқының өзгеріссіз сақтаған ою-өрнектердің үлгілері.
• Жақсы киім - жетілген қоғам белгісі.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сызбалар, эскизден, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
.
1. «ТҰМАР»КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Тұмар» сән үлгілерінің шығу тарихы
Жақсы киім - жетілген қоғам белгісі. Бұл - қоғамның, білім және мәдениет, этикет дәрежесіне қатысты екені түсінікті. Қазіргі өркениетті заманда ұлттық нышандарымызды айқындай түсетін егделерімізге де, жастарымызға да күнде - күн, той - думандарда киіп жүруге әбден жарасымды ұлттық киімдер етек алуда. Киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар үнемі өзгеріп отырады .
Енді міне тәуелсіз мемлекет атанып, көк аспанымызда көк байрағымыз желбіреп, алақанымызға төл теңгеміз түсіп, барлық мемлекеттермен тереземіз тең болып жатқан тұста ұлттық сана - сезіміміз өсіп, ұмытыла бастағанымызды іздеуге мүмкіндік туып, даңғыл жол ашылды. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны, кейінгі ұрпаққа қайтаратын кез жетті деп ойлаймын.
Қазақта «Ағаш жапырағымен, адам киімімен көрікті» деген сөз бар. Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып келе жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.
Қазақ ұлттық киімдерінің тарихы Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті [3] .
Өткен ел тарихына тұрмыс тіршілігін ой елігінен өткізер болсақ, халық өміріндегі әдеп-ғұрып, салт-санасынан ауысуы тарихи оқиғалардан кейін, заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын. Кейінгі ұрпақ үшін қасиеті мен қадірі, мәні мен мағынасы, берер тәлім-тәрбиесі мен ұлағаты ерекше асыл мұра - қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығы мен сәнімен сан ғасырлық тарихының иісін сақтаған, бедерін жеткізген. Қазақ халқы бар өмірін ат үстінде өткізген көшпенділер құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығында, салқын самалы мен аңызақ желіне қамсау болар ұлттық киімдердің түр - түрін ойлап тапқан. Қазақтың аса құрметті бұйымдарының бірі - киім тігу. Қазақы киім - көненің көзі. Ұлттық киім түрлерін нақты алғаш кімнің қолынан шыққанын, кімнің ойлап пішкенін, бізге беймәлім. Оның есесіне жылдар көші жылжыған сайын ұлттық киімдер дами түсіп, үнемі байытылып отырған.
Қазақтың қолөнер кәсіптерінің білгірі С. Қасиманов киімнің географиялық мекен атына қарай ерекше мәнер үлгіге бөлінетінін атап көрсеткен. Қазақ ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сәнімен сан ғасырлық тарихымен, сақталған ою-өрнек әуендерімен бүкіл жер бетіне танымды. Халқымыздың ұлттық киімі - мәдени мұрамыз. Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады. Ұлттық өнерімізді өнер туындысы деп қарасақ та болады. Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан байлығымыз. Әсіресе дәстүрлі қазақ ұлттық киімінің мазмұны, көркемдігі таң қалдырады.
Киімдегі ерекшеліктерді оған пайдаланылған материалдың құндылығынан, киім-кешектің әшекейінен, бірінің үстіне бірі киілетін бешпенттен, бас киімнің көлемінен ажыратуға болады. Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене құрылысын, бет әлпетін мұқият ескерген. Ертеден қалған киімдердің үлгі нұсқаларына қарағанда: киімді адам денесіне шақ етіп тігу беріректе, орыс халқымен аралас, қаламен қатынас көбейе түскен кезде қалыптаса бастаған. Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, біркиер болып төрт топқа бөлінеді. Іштіккиімдерге- көйлек, дамбал, желетке, камзол. Сырттық -шапан, күпі, тон. Сулық- шекпен, қаптал шекпен. Біркиер- қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға киетін киім. Сондай-ақ бойжеткендер, бозбалалар, белгілі бір топтар үйде де, түзде де күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Мәтел: «таныған жерде бай сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы».
Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім-кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу-нақышын сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейуаналар киетіндерін ажырата білген. Мысалға алсақ, қыздар белі қымтылған, етек-жеңіне желбезек салған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (оны нәзік белдік деп те атайды) буынады екен. Ал қайсыбір жерлерде етек-жеңіне екі-үш қатар бүктесін (оны Маңғыстау мен Атырауда қосетек деп те атайды) берген, арқасы немесе белі бүрілген көйлек сыртына қамзол киетін болған. Қазақстанның оңтүстігінде осындай көйлектің үстіне белдемше қаусырынады немесе шалғы орайды екен [4] .
«Тұмар» тақырыбындағы дипломдық жобаны зерттеуді бастауда көптеген тарихи деректерге сүйену қажет болады, өйткені киім жиынтығындағы кездесетін ою өрнектер ерте заманындағы дүниеге келген мәдениеті арқылы зерттелініп барып жобаланды. Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына.
Тұмар қазақ халқында киелі мағынаға ие болған құнды дүние. Тұмар зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар сөзінің этимологиясы көне түркі тума және йер тіркесінен "туған жер" мағынасын береді. Яғни, көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген. Ислам дінінің әсерімен, тұмарға туған жердің топырағын салу ығыстырылап, орнына Құранаяттары жазылған қағаз салу белең алған. Тұмарды әдетте діни ғұламаларға жаздырып алып, былғарымен қаптап, бойға тағып жүреді. Тұмар атауларыжасау барысында қолданылатын материалына, сәндікке тағуына және безендіру әшекейіне байланысты қалыптасқан және түрлеріне байланысты былай аталады:
- Жастық тұмар - төрт бұрышты түсті металдан жасалған көркемдік тұмар.
- Қиық тұмар - сәндікке мойынға тағылатын жалтырауық заттардан істелген тұмар.
- Лағыл тұмар - лағыл таспен безендірілген тұмар.
- Сіркелі қолтық тұмар - бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.
- Алтын тұмар - күміс бетіне сіркелеп алтын жалатылған тұмар.
- Тұмарша - асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейленген тұмар.
- Тіллә тұмар - алтынмен қапталған тұмардың бір түрі.
Әлемде әрбір халыққа тән тұмар тағу және оның күшіне сену дәстүрі бар. Қазіргі заманға сай сан алуан тұмар атаулары баршылық [5, 6] .
Күллі әлемнің барлық халықтарында амулет- талисман деп аталса, қазақ халқында тұмар деп атаған. Тұмар өзінің мағыналық сипаты жағынан көз тимеу үшін, әсемдік үшін және т. б. жағдайларда тағылады. Тұмар теріден тігілген қалта, магиялық мағынасы жекелену, оңашалану, өзін елден ерек ұстау, өзгеше болып көріну сияқты мағыналарға саяды.
«Тұмар» сөзінің мағынасы ежелгі дәуірден -ақ, қандай да бір тайпа, елде болмасын өзіндік тарихи мәні болғандығы тарихтан белгілі. Алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде өмір сүргендер тотемизм кезеңінде аңдардың азу тістерін, тұяқтарын тізіп, моншақ сияқты тағып, қоршаған ортаның тылсым күштерінен қорғану мақсатында айбатты жануарлардың күш-қайраты өздеріне беріледі деген наным-сенімдер болған. Сақ заманында түр жағынан барынша өзгерген және өңделген күйде болса да, анимизм, тотемизм және магия сияқты ең ежелгі діни ұғымдар да сақталған. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қабірлерден сақ дәуіріндегі моншақ тастар, ұлу қабыршақтары табылған. Ерте темір дәуірінде сақ тайпалары тастан жасалған моншақтар мен теңіз жағалауларында кездесетін ұлу қабыршақтар тізбесін тұмар ретінде таққандығын аңғарамыз. Сондай-ақ рудың немесе тайпаның қайсібір мифтік хайуан- тегінен шығу туралы ұғым жануарлардың металдан жасалған мүсіндерінде бейнеленген. Шайқастарда желеп-жебейді, деп оның бейнесі қаруға салынған, жауға мінетін атты сақтасын деп жүгенге шегелеген. Сақтарға жақсы таныс жабайы аңдар бейнесіндегі киелі хайуандар туралы, олардың шапшандығын, ептілігін және көбіне киелі күшін мадақтайтын аңыздар шығарылған. Ал ортағасырларда қолөнер ісі дами келе қасиетті саналатын құстардың, жан-жануарлардың бейнелерін ағаштан, сүйектен, металдан жасап тұмар ретінде таққан. Ортағасырлық Отырар қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында, ғалымдар құстың, жыланның басы, аққу, қаз және серке бейнеленген тұмарлар тапқан. Сонымен қатар малдың асығы, құстың сүйектері, қасқырдың азу тісі, киіктің бақайы табылған. Қазақ халқының діни сенімінде тотемистік сенім болды және олардың әдет-ғұрпының қалыптасуында, тұрмысында жан-жақты рөл атқарды деп ойлауға негіз бар. Мысалы, ескі жыл есебіндегі 12 жануардың атымен байланысты атаулар мен әрқайсының иесі бар деп, ат қойып айдар таққан: Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата және т. б. Жан-жануарларға байланысты аңыз-әңгімелер мен ертегілерде оларға байланысты көріністерді байқап, әр хайуанды ғажайып сиқырлы күші бар деп таныған тотемдік түсініктерді байқаймыз. Сонымен бірге, қазақ халқындағы тотемизмдік элементтерінің бір түрі «табу» болып табылады, яғни, бір нәрсеге тиым салу мағынасын білдіреді. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас туыстық қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табуда кейбір жануарлар мен өсімдіктер «қасиетті» деп ұғынылып, олардың өз атын атауға тыйым салынған. Егер өз атын атаса, зиян келтіреді деп түсінген. Мысалы қасқырдың атын қасқыр демей «ит-құс», «ұзынқұлақ» сияқты атаулар берген. Өмірде болатын түрлі жағымды-жағымсыз құбылыстардың бәрі де тылсым күштер әрекетінің нәтижесі деп түсінгендіктен, олардың киесіне ұшырамас үшін әр түрлі жол-жоралғылар, қағидалар, құрбан шалу, көпшілік болып түрлі ырымдарды орындау қалыптасқан. Қазақ арасында «Сақтансаң сақтаймын» деген сөздің төркіні де өте тереңде жатыр. Мүмкіндігінше адамның сақтануға тиісті құбылыс-нысаналары: жын, пері, шайтан, албасты, шешек, жалмауыз, тіл, сұқ, көз тию және т. б [7] .
Ғалым- этнограф А. Сейдімбек: «Тәңірлік наным-сенімдегі әрісі - түркілер, бергісі - көшпелі қазақ үшін - күн, көк, от, су сияқты жер де киелі. «Қара жер» киелі жер деген мағынада. Байырғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір шөкім топырағы болған. Тұмар сөзі байырғы түркі тілінде «тума иер» - «туған жер» деген сөздердің кірігуінен шыққан. Кейін ислам дінінің орнауына байланысты тұмардың ішіне дұға салып жазу дәстүрі қалыптасты», деген мәліметтер береді. VІІІ ғасырда Орта Азия және Қазақстанның оңтүстігіне ислам дінінің еніп, одан әрі тарауына байланысты дін басылары сырқаттанған адамдарды кітап ашатын молда, ишандарға барып қаралуын қатты қадағалады. Науқасқа емдейтін дұғаларды сиямен қағаз бетіне түсіріп, оны суға езіп ішуге немесе үшбұрыштап тігілген терінің, матаның ішіне салып бас киімге, кеудеге тұмар қылып тағып жүруге кеңес берді. Бұл кезде көпшілік тұмарды арабша дұға жазылып, үшбұрышқа келтіріп бүктелген қағаз деген түсінік болды. Ал кейінірек дұға үшбұрышты және дөңгелене темірден (алтын, күміс, мыс, ) жасалған қорапшаларға салынып, оны тұмар деп атаған. Бұдан қазақ даласында ислам дінінің кеңінен тарауы мен орнауына байланысты болжамды байқауға болады. Халық түсінігі бойынша, малдардың ауруы кей жағдайда көз тиюден болады деп есептелген. Көз тимеу үшін ботаға, түйеге, сиырға, жүйрік аттарға әр түрлі тұмарлар тағылған. Мысалға, ботаға үкі тағып, біраз уақыт жұрттан оңаша ұстап тұмар таққан. Ол тұмар - жіпке өткізілген қара дөңгелек тастар. Бөгде біреу ботаны көріп қалса «тіл-көзім тасқа» деп жерге түкірген. Егер олай етпесе үй иесі одан жаңағы сөзді айтып, жерге түкіруді талап еткен. Сүтті көп беретін сиырға да жеті қара тасты салып, үшбұрыштап тіккен тұмарлар тағып қою әдеті болған. Бұл қазіргі кездегі жиі қолданысқа ие «тіл-көзім тасқа», «тілім тасқа тисін», «көзім тасқа түссін» деген тіркестердің шығу төркіні ретінде қарауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz