Экономикалық дағдарыс жылдарындағы үкімет саясаты


1. Экономикалық дағдарыс жылдарындағы үкімет саясаты.
2. Парламент дағдарысы және фашизм қаупі.
3. Антифашистік қозғалыс. Халық майданы.
4. 1936 ж. сайлаудағы Халық майданының жеңісі.
5. Халық майданындағы қайшылықтар және оның құлдырауы
Экономикалық дағдарыс Францияда 30-ж. соңында басқа капиталистік елдерден кейін басталды. Өндіріс пен сауда соғыстан бұрынғы дәрежесіне дейін құлдырап, онжылдықтың аяғына дейін тоқырауда болды. Әсіресе дәстүрлі өндіріс салалары — шарап жасау мен жеңіл өнеркәсіп көп зиян шекті. Жұмыссыздық тұрақты сипат алды.
Дағдарыс ауыл шаруашылығына қатты соққы болып тиді. Ауылшаруашылық өнімдеріне, әсіресе шаруа өндірісінің дәстүрлі өнімдері ет, шарап, жеміс-жидектерге, көкөніс өнімдеріне баға күрт төмен түсті. Шаруалар өтпеген өнімдерін жоя бастады. Баға айырмашылықтары ұлғайып, шаруалардың банктерге қарызы күрт артты.
Қалаларда тек жұмысшылар мен қызметкерлердің ғана емес, сонымен бірге қолөнершілердің, ұсақ және орта кәсіпкерлердің де күнкөріс жағдайлары нашарлап кетті. Зейнеткерлердің, зиялы қауымның бір бөлігінің, жұмысқа қабілетті жастардың, бұрынғы майданшылардың, көп балалы отбасылардың тұрмыс жағдайлары өте нашарлады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 9 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Жоспар

1. Экономикалық дағдарыс жылдарындағы үкімет саясаты.
2. Парламент дағдарысы және фашизм қаупі.
3. Антифашистік қозғалыс. Халық майданы.
4. 1936 ж. сайлаудағы Халық майданының жеңісі.
5. Халық майданындағы қайшылықтар және оның құлдырауы.

Экономикалық дағдарыс жылдарындағы үкімет саясаты.

Экономикалық дағдарыс Францияда 30-ж. соңында басқа капиталистік
елдерден кейін басталды. Өндіріс пен сауда соғыстан бұрынғы дәрежесіне
дейін құлдырап, онжылдықтың аяғына дейін тоқырауда болды. Әсіресе дәстүрлі
өндіріс салалары — шарап жасау мен жеңіл өнеркәсіп көп зиян шекті.
Жұмыссыздық тұрақты сипат алды.
Дағдарыс ауыл шаруашылығына қатты соққы болып тиді. Ауылшаруашылық
өнімдеріне, әсіресе шаруа өндірісінің дәстүрлі өнімдері ет, шарап, жеміс-
жидектерге, көкөніс өнімдеріне баға күрт төмен түсті. Шаруалар өтпеген
өнімдерін жоя бастады. Баға айырмашылықтары ұлғайып, шаруалардың банктерге
қарызы күрт артты.
Қалаларда тек жұмысшылар мен қызметкерлердің ғана емес, сонымен бірге
қолөнершілердің, ұсақ және орта кәсіпкерлердің де күнкөріс жағдайлары
нашарлап кетті. Зейнеткерлердің, зиялы қауымның бір бөлігінің, жұмысқа
қабілетті жастардың, бұрынғы майданшылардың, көп балалы отбасылардың тұрмыс
жағдайлары өте нашарлады.
Елдегі саяси жағдай да тұрақсызданды. 1929 ж. мамырынан 1932 ж.
мамырына дейінгі аралықта оңшыл партиялар басқарған 8 үкімет ауысты. 1932
ж. мамырында болған кезекті парламент сайлауында социалистермен одақтасқан
радикалдар жеңіске жетті. Бұл Солшыл одақ идеясының жандануы еді. Жалпы
бағдарламада соғыс шығындарын қысқарту, әлеуметтік қамсыздандырудың
бірыңғай жүйесін құру, 40 сағаттық жұмыс аптасын енгізу, соғыс өнеркәсібін,
қамсыздандыру және теміржол компанияларын мемлекетке алу туралы пунктер
болды. Бірақ радикалдар үкіметтері де тұракты болмады, 1934 ж. каңтарына
дейін 6 кабинет ауысты.
Бағдарламаларына қарамастан, радикалдар бұрынғы үкіметтердің
экономикалық сяасатын жалғастыра берді. Мемлекеттік шығындарды қысқартты,
бюджет дефицитін жасады, жалақы мен зейнетақыны азайтып, салықтарды
көбейтті. Бұл бағыт дағдарысты тоқтата алмады.
Парламент дағдарысы және фашизм қаупі.

Әкономикалық дағдарыс пен Германияның қайта қарулануына байланысты
Версаль жүйесінің қайта қаралуы елдің идеялық-саяси жағдайына елеулі
өзгерістерге алып келді.
Әртүрлі буржуазиялық және социал-реформистік топтар коғамды қайта құру
жобаларын ұсынды. Олардың ішіндегі ең бастылары — экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігі (мұндай саясаты "дирижизм" деп атады) және
парламенттік жүйе мен 1875 ж. конституцияны кайта қарау болды (парламенттің
өкілдіктерін шектеу, президенттік билікті күшейту т. б.).
Парламентгік құрылыс пен демократиялық бостандықтар әсіресе ең солшыл
және фашистік ұйымдар тарапынан барып тұрған агрессиялық сындарға ұшырады.
Италия және герман фашистерінің ұрандарын кайталап, француз фашистері
"коммунизмді құрту", "іріп-шіріген парламентті" жою, билікті басып алып,
фашистік диктатура орнатуды өз мақсаттары деп жариялады.
Олардың идеологияларында антипарламентаризм, "партиялар режимін"
айыптау, дәрекі күшке табынушылық, әлеуметтік көшрмелік ерекше орын алды.
Олар солшыл партиялармен және іскерлік топтармен тығыз байланыс орнатты.
Бірақ Франциядағы фашизмнің біраз ерекшеліктері болды. Оның көпшілік
әлеуметтік негізі болмады, біртұтас партия да кұра алмады. Қозғалыста
оншақты фашистік және жартылай фашистік ұйымдар бәсекелесіп жатты. Негізгі
фашистік ұйымдарының қатарына "Аксьон франсез" (Француз қимылы" - соғысқа
дейін бұл клерикальдық-монархистік ұйым болатын)" және "Жауынгерлік
крестер" жатты.
"Жауынгерлік крестер" алғашқыда "Жауынгерлік крест" орденімен
марапатталған бұрынғы майданшыларды біріктірді. Кейінірек ұйым қатары
ұлғайып, 30-жж. ортасында мүшелерінің саны 350 мыңға жетті. Олардың өзінің
әскерленген отрядтары және байланыс жүйесі болды. Ұйымды өшіп бара жатқан
ақсүйек тұқымның ұрпағы атаққұмар полковник, граф Казимир де ля Рок
басқарды. Бұлардан басқа "Отан сүйгіш жастар", "Франсистер" және бірнеше,
олардың ішінде итальян және герман елшіліктерін каржыландырып тұрған,
фашистік ұйымдар болды.
Экономикалық дағдарыс жылдарында фашистік ұйымдар нығайып, қатарларын
көбейтті. Германиядағы фашистердің табыстарымен жігерленіп, солшыл одақ
үкіметінің орнынан түсуін және парламентті таратуды талап етті. Парламентке
тікелей шабуыл жасауға Байонна қаласының ломбардының жалған облигацяларын
таратқан алаяқ Стависскийдің ісі себеп болды. Бұл қаржы жанжлына көптеген
депутаттар мен министрлердің қатысуы бар болып шықты.
1934 ж. 6 ақпанда "Жауынгерлік крестер", "Француз әрекеті" және басқа
да фашистік ұйымдарға қарайтын 40 мыңдай фашистер "Ұрылар жойылсын!",
"Орындарынан кетсін!" деген ұрандармен парламент мәжілісі өтіп жатқан
Бурбон сарайын басып алуға аттанды. Кешке қарай полиция ереуілшілердің
шабуылына тойтарыс бере алды. Бурбон сарайын басып алудың сәт: түспесе де,
фашистердің радикал Даладье үкіметін орнынан кетіруге қолы жетті.
Нәтижесінде солшыл одақтың екінші басылымы өмір суруді тоқтатты. Саяси
белдеу оңға қарай бұрылды. Жаңа ұкімет негізін оңшыл партиялардың
жетекшілерінен құралды.

Антифашистік қозғалыс. Халық майданы.

6 ақпандағы француз фашистерінің мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеті
бүкіл елді дүр сілкіндірді. Аса куатты антифашистік қозғалыс басталды.
12 ақпанда солшыл партиялар мен кәсіподақтардың ұндеуімен жалпыұлттық
ереуіл ұйымдастырылып, оған 4,5 млн адам қатысты. Тек Париждің өзінде ғана
шеруге 150 мыңдай кісі (коммунистер, социалистер, радикалдар, партияда
жоқтар) шықты. Антифашистік күштердің кең ауқымды одағын құру мүмкіндігі
туды.
Францияның антифашистік күштерінің топтасуының алғы шарттарының бәрі —
ол коммунистер мен социалистердің арасындағы алауыздық пен қырғи қабақтықты
жою болды.
Компартиялар мен Коминтерн социалистер мен социал-демократтарға жау
көзбен қарап, оларды социал-фашистер, буржуазияның негізгі тірегі деп
атады. Коминтерн мен компартиялар халықтың орта топтарына да осындай
сектанттық көзкараспен қарап, буржуазиялық-демократиялық бостандықтардың
маңызын теріске шығарды. Мысалы, 6-ақпанда орын алған парламентке
фашистердің жасаған шабуылы кезінде коммунистер солшыл одақтың үкіметтің
әдетінше "капиталдың қолшоқпары" деп есептеп, оған сенім білдіруге қарсы
дауыс берді. Компартияның газеттері фашистік бүлікке дейін парламентаризм
мен буржуазиялық демократияны даттаумен болды.
Бұл тұрғыдан әсіресе партия қатарындағы сектантшыл және солшыл топтар
айрықша көзге түсті. 1934 ж. наурызда ФКП пленумы сектанттық бағалауларды
айыптап, партияның жіберген қателерін қатал сынға алып, жаңа тактикаға
батыл бетбұрыс жасады, фашизмге қарсы күрес пен демократиялық
бостандықтарды корғауға ерекше күш салды. 1934 ж. маусымда ФКП
конференциясы күн тәртібінде тұрған басты мәселе пролетариат диктатурасын
орнату үшін күрес емес, фашизм мен демократия екеуінің біреуін таңдау деп
атап көрсетті. Демократияны қорғау туралы мәселенің жаңаша қойылуы
социалистермен шын адал ынтымақтастық орнатудың қажеттілігін мойындаумен
қатар жүрді. ФКП басшысы Морис Торез "біз қандай болғанда да бірлесіп
қимылдауға ұмтыламыз" деді.
Фашизм қаупімен бетпе-бет жағдайда жұмысшы табының бірлескен қимылының
қажеттігін социалистер де мойындады. Партиялардың басшыларының келіссөздері
басталды. Социалистердің жасаған жобасы бойынша 1934 ж. 27 шілдеде ФКП ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Англияның әлемдiк экономикалық дағдарыс кезiндегi сыртқы саясаты
Қаржылық дағдарыс әлемдік экономикалық дағдарыс
Экономикалық дағдарыс
Экономикалық дағдарыс: мәні, түрлері, себептері
Жаһандық экономикалық дағдарыс
Әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыс
1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
Тәуелсiздiк жылдарындағы Қазақстанның экономикалық дамуы
Экономикалық дағдарыс кезіндегі мемлекеттік бюджеттің ерекшелігі
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь