Ұстаз еңбегінің күрделілігі



1 Көрнекі түрде оқыту
2 Көрнекі құралдарды
Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе десек, бастауыш мектеп – соның бастауы. Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Оның күрделілігі – жүз мыңдаған компонненттерден бас қатырарлықтай шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі – адам. Мұны біз ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайық.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір – қасиетті сезіндіру. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе десек, бастауыш мектеп – соның бастауы. Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Оның күрделілігі – жүз мыңдаған компонненттерден бас қатырарлықтай шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі – адам. Мұны біз ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайық.
Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір – қасиетті сезіндіру. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұстаздың оқу – тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой – сезіміне әсер ету үшін: біріншіден, саяси сауатты, жан – жақты білімді болуы; екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі; үшіншіден, оқушының психологиялық ой - өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол – нағыз ұстаз.
Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі – сабақтың формалары мен оның құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс тәсілдер мен көрнекі, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын – ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.
Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.
Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір – бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналық, көрнекілік, жүйелік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым – қатынас т.б. Математиканы оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Ян Амос Каменский, К.Д.Ушин-ский т.б. Осы принцип негізінде Я.А.Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін (Ұлы дидактика) жазды. К.Д.Ушинский көрекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік – баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды - деді. Алайда психологтардың тұжырымы бойынша бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау түрі бірте – бірте көрнекі қимылдан көрнекі – бейнеліге ауысады, тіпті мұнда қандай да деңгейде абстракты ойлар да жүзеге аса бастайтыны белгілі. Сондақтан, сурет 1-ші сыныпта көп болғанымен, оның бірте – бірте сынып ауысқан сайын азаюы осы қағидаға лайықталған. Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді.
Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің, оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім адам жаның инженері
Мұғалімнің мәнді қасиеттерінің моделі
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру
Оқушылардың білім деңгейін көтеру
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі
Оқушы қабілетін дамытуда мұғалімнің алатын орны
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі
Пәндер