Әзірбайжан Республикасы туралы мағлұмат



1 Саяси мәдениет
2 Халқы
3 Климаты
4 Шаруашылығы
4.1 Машина жасау
4.2 Көлік жүйесі
5 Cыртқы экономикаcы
6 Пайдаланылған әдебиет
Әзірбайжан Республикасы (әз. Azərbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі.
Негізгі заңы – 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депуттатан тұрады). Атқарушы өкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км2, халқы 8,6 миллион адам. Астанасы – Баку (Бақы) қаласы.
1. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әзірбайжан Республикасы  (әз. Azərbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі.
Мазмұны

1 Саяси мәдениет

2 Халқы

3 Климаты

4 Шаруашылығы

4.1 Машина жасау

4.2 Көлік жүйесі

5 Cыртқы экономикаcы

6 Пайдаланылған әдебиет

Саяси мәдениет

Негізгі заңы – 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депуттатан тұрады). Атқарушы өкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км2, халқы 8,6 миллион адам. Астанасы – Баку (Бақы) қаласы.
Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахичевань автономиялық республикасы енеді. Нахичевань автономиялық республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Карабах автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Карабахтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзірбайжан аумағында 9,0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады.

Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкорань ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Кура жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі.

Халқы

Әзірбайжан — көпұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы салдарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Карабах мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген әзірбайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында әзірбайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзірбайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.

Климаты

Әзербайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардюзю (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Кура-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0°С-тан 3°С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕГЕ ШЫҒУЫНА ЖОЛ АШАДЫ
Абайдың философиялық ойлары
Арғы түркілердің мәдени мұрасы
ХХ ғ. аяғы және ХХІ ғ. басындағы жаңа геосаясат және иран ұстанымы
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ ЭТНИКАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
ТҮРКИЯ ДАУЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РАДИОСЫНЫҢ ҚАЗАҚША ХАБАРЛАРЫ
Әлем діндерінің таралуы және пайғамбарлар
Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу
Пәндер