Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының соңғы жиырма жылдық жағдайында болып отырған түбегейлі өзгерістері еліміздің білім беру саласындағы көптеген міндеттерін тарихи, мәдени тұрғыдан қайта қарауды қажет етті. Әсіресе, тәрбие салаларында жүргізіліп жатқан реформалар мен ғаламдық талаптардың біртіндеп ене бастауы да жас ұрпақты өзгермелі қоғамға әлеуметтендірудегі уақыт талабымен бiрге келген игiлiктi мақсат. Осы жағдайда қоғамның алға басуы және болашақ ұрпақтың қандай дәрежеде қалыптасуы тарихи тәжірибеміздегі педагогикалық құнды мұраларды қайта жаңғырта отырып пайдалануға тікелей байланысты. Өйткені, адамзаттың дамуындағы мәдени білімдерді нақты, анық танып біле отырып, оны қайта қарау арқылы ғана бүгінгі қоғамдық мәдениетті құруға қол жеткіземіз.
Педагогика тарихында қазақ халқының өзіне тән тәрбиесінің қалыптасуында ертедегі түркі ғұламалары мұраларының орны ерекше екендігі белгілі. Осыған байланысты бүгiнгi күнi рухани салада жүрiп жатқан сананың жаңаруы, адами құндылықтарды қайта бағамдау үрдістерi нәтижесiнде ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бiзге жеткен ұлттық тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, ертедегі түркі тектес халықтардың тәрбиесі дәстүрлерінің қалыптасуы туралы педагогикалық ой-пiкiрлердiң өзiндiк ерекшелiктерi мен бүгiнгi қазақ халқының тәрбиесіне еткен әсерiн және пiкiр сабақтастығын жан-жақты жүйелi зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi деп санаймыз.
Аталмыш кезеңдердегі бала тәрбиелеу дәстүрлері туралы ойлар Қорқыт(VI-VIIIғғ. ), әл-Фараби(IX-Xғғ. ), Ж. Баласағұн(XIғғ. ), М. Қашқари(XIғғ. ), Қ. Яссауи(XIIғғ. ) және т. б. ғұламалары еңбектерінен бастау алған [1, 2, 3, 4, 5] . қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектерiнде [6, 7, 8], қазақ зиялылары Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, С. Көбеев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов және т. б. еңбектерiнде жалғасын тапқан [9, 10, 11, 12, 13, 14] .
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді арнайы шолу жасау барысында ұлы ғұламалардың бірқатары қазақстандық ғалымдар тарапынан зерттеліп, идеялары насихатталған. Атап айтқанда, әл-Фарабидің педагогикалық ой-пікірлерін А. Көбесов[15], Ж. Баласағұнның педагогикалық идеяларының даму тарихын А. Көшербаева, Т. Ахметов, Қ. Молдасан[16, 17], М. Қашғаридің педагогикалық идеяларының қалыптасу тарихын К. Қалиева[18], Орта ғасырда өмір сүрген ғұламалар еңбектерінің педагогикалы мәні мен қазақ тәлім-тәрбиесіндегі маңыздылығын Қ. Сарбасова, Қ. Ибраева[19, 20], М. Х. Дулатидің педагогикалық идеяларының тарихи құндылығын Д. Алиева[21], VI-VIII ғасырлардағы педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихын А. Жұмабеков[22], XV-XVIII ғасырдағы тәлім-тәрбиелік ойлардың даму тарихын Т. Әлсатов[23], б. д. д. VII-б. д. V ғасырлардағы қазақ даласында ежелгі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің дамуын С. Жанболатов[24] және т. б. зерттеген.
Зерттеу жұмысының обьектісі: Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясының қоғамдық мәні.
Зерттеу пәні: Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда пайдалану үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың теориялық мәселелерін айқындап, әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері:
- ұлы ғұламалар мұраларындағы жеке тұлғаны қалыптастыруға қатысты идеялар мен материалдарды жинақтау;
- ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясының мәнін ашу, оны бүгінгі қоғамдық жағдайда пайдаланудың тиімділігін көрсету;
- ұлы ғұламалардың «кемел адам» идеясын идеясын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда пайдалануға қатысты ұсыныстар беру.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты еңбектерді, тарихи-педагогикалық арнайы әдебиеттерді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат материалдарын талдау; диссертацияда диалектикалық абстрактыдан нақтылыға өрлеу, тарихи-салыстырмалылық, жинақтау, топтау, теориялық талдау, мамандардан интервью алу, сұхбат, сауалнама жүргізу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері және басқа да ғылыми аппарат айқындалады.
«ҰЛЫ ҒҰЛАМАЛАР МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» атты 1-бөлімде ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясының қоғамдық мәні айқындалып, бүгінгі күнгі бәсекеге қабілетті тұлға бойынан табылуға тиісті қасиеттер мен белгілерге сипаттама және осы бағытта зерттеулер мен ой-пікірлерін білдірген ғалымдар көзқарастары жүйеленеді. Бүгінгі қоғамның адам тәрбиесіне қоятын талабының тарихи педагогикалық көзқарастардың дамуындағы ойлармен сабақтастығы ұлы ғұламалар көзқарастарымен байланыстырылып түсіндіріледі.
«ҰЛЫ ҒҰЛАМАЛАР МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯЛАРЫН БҮГІНГІ КҮНГІ ПРАКТИКАДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ» деп аталатын 2-бөлімде, ұлы ғұламалар Қорқыт, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. Яссауи және т. б. еңбектерінен бастау алған тұлға болмысының моделін бүгінгі күнгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру практикасында пайдаланудың жолдары қарастырылады. Сонымен қатар, бүгінгі күннің проблемалары отбасы тәрбиесі проблемаларымен, мектеп және қоғамдлық мекемелер ықпалымен байланыстырылып, ұлы ғұламалар көзқарастарындағы ұсыныстарының өзектілігі айқындалып көрсетіледі. Бүгінгі тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімділігі көрсетіліп, ұсыныстар жасалады.
Қорытынды бөлімде жұмыс бойынша айтылған ой-пікірлер тұжырымдалып, негізгі түйіндер жасалады. Зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ұсыныстар беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі диплом жұмысын орындау барысында қолданған жалпы саны саны 65 әдебиетті қамтиды.
1 ҰЛЫ ҒҰЛАМАЛАР МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қоғамдық жағдайдағы жеке тұлға қалыптастыру идеясының теориялық мәселелері
Қай заманда болмасын заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келген. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. Бүгінгі күні елімізді өркениеттілікке жеткізетін, ел экономикасын дамытып Қазақстан Республикасын 50 дамыған елдер қатарына енуге мүмкіндік жасайтын жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы міндет. Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған жеке тұлға елімізді, халқымызды бақытты болашаққа жетелейтін мемлекет басшысы болуға лайық. Мұндай пайымдаулар мен ой - тұжырымдардың бастау алар көзі түрік ғұламалары көзқарастарында туындаған. Олардың өкілдері Қорқыт, әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йассауи және т. б. мұндай қоғам талаптарына жауап бере алатын кемел адамды қалыптастыру негізі отбасы тәрбиесінен басталады дей отырып, оның қоғам мүдделерімен сабақтастықтарының жан-жақты қырларын ортаға салады.
Тұлғаны қалыптастыру мәселелері ертеден ұлы ғұламалар мұраларында кеңінен орын алған. Соның бірі шығыс ғұламасы әл-Фараби. Ол тәрбие алатын азаматтың бойында болашақ мемлекет басшысы, әміршісі ретінде болуға тиісті қандай сапалар болуға тиіс деген сұраққа жауап беретіндей қасиеттерді қалыптастыруды ұсынады. Ол табиғи қабілеті бар балалар әбден кемеңгер әмірші болып, өкіметті қолына алуы үшін оны қалай тәрбиелеу керек екендігін айқындау азаматтық философияның, педагогиканың басты міндеті деп санайды. Әл-Фараби мұндай туа біткен немесе жас кезінен бойына дарытылып егілетін он екі қасиеттің атын атайды. Ғұлама осы тұрғыда өзінің „Философиялық - әлеуметтік трактатында“ мынадай тұжырымдар мен қағидалар ұсынады: "Ешбір жанға бағынбайтын басшы адам өз бойына туа біткен мынадай он екі қасиетті ұштастыра жетілуі қажет деп көрсетеді. Олар:
- адамныңмүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер осы адам әлде бір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір істі істемек болса, ол мұны оп - оңай атқаратын болады;
- жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай - жапсарына сәйкесұғып алатынболуы керек;
- өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрінжадында жақсы сақтайтын, бұлардан керек;
- әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктейалғыр да аңғарымпаз ақыл иесіболуы шарт;
- өткір сөз иесіжәне ойына түйгеннің бәрін айдан - анық айтып бере алатын тілмар болуы шарт;
- өнер - білімге құштар болу, ақыл үйренуден шаршап - шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек;
- тағамға, ішімдік ішуге керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт;
- шындық пен шыншыладамдарды сүйіп, өтірік - жалған мен суайттарды жек көру керек, жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын болуы шарт;
- оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынанигі істерге ынтызарболуға тиіс;
- дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да төл нәрселеріне жирене қарап, пен әділеттілердісүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көретiн болуы керек, жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділдікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білгеніншежақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруықажет;
- әділ болу керек, біраққыңыр болмаукерек, әділеттілік алдында қияс мінез көрсетіп қасарыспау керек;
- әділетсіздік пен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болуы шарт, өзі қажет деп тапқан істі жүзеге , бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтінбатыл, ержүрекболу керек [25] .
Осы қасиеттердің бәрін бала бойында қалыптастыра отырып мінсіз адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым. Дегенмен, әл - Фараби бұл қасиеттердің барлығы бірдей бір кісінің бойына бітіп, дари қоюы сирек болатын құбылыс екенін ескерте отырып, мұндай жағдайда олардың бойында барының негіздерін, нышандарын жетілдіруге кеңес береді. Оны ғалымның мынадай айтқан сөзінен аңғарамыз: "Осының бәрінің бір адамның бойында болуы қиын нәрсе, сондықтан да жаратылысынан осындай қасиет дарыған адамдар өте сирек кездеседі. Сондықтан егер, қайырымды қаладан немесе отбасынан осындай адам табыла қалса және өзі өсіп - жетілген кезде жоғарыда аталған шарттардың алтауы немесе бесеуі оның бойына біткен болса, онда қиялдау қабілеті жағынан теңдесі болмағандықтан ол осы қаланың айтулы басшысы болмақ" - деп осындай қасиетпен туылған адамның өзінің аса қабілетті әрі дарынды тұлға болатындығын сипаттайды.
Ұлы ғұлама әл - Фараби баланы жастайынан ізгі мұраттарға тәрбиелеу оның өскен шағында іс - әрекетінен көрініп тұратынын түсіндіре келе, адамның ой салауаттылығы мен мінезінің қалыпты болуы отбасы тәрбиесіндегі психикалық ахуалға тәуелді қалыптасады дегенді айтады. Ол өзінің "Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері" деген еңбегінде: "Дене сияқты жанда да өзіне тән саулығы және науқасы болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы жақсы болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер істеледі тамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның өзінің және бөлшектерінің жайы нашар халде болуының әсерінен әрдайым жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер жасалады", -деп адам әрекетінің бәрі белгілі бір әсерлер жиынтығының нәтижесі екенін көрсетеді[26] . Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істері мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық болып шығады. Сондықтан да балалық шағында отбасы тәрбиесінде алған мейірімділік пен көмек қана баланы өскенде ізгілікке жетелейтін сезімдер қалыптастыра алады дегенді меңзейді. Сонымен қатар ғалым бала мінезінің бір қалыпты болып жетілуінде отбасындағы психологиялық ахуалдың рөлі ерекше екендігін ескертеді. Ондай жағдайда алада ұстамдылық, сабырлылық, байсалдылық секілді қасиеттер оның сырт көрінісінен ғана байқалмайды, оның ішкі жан дүниесі мен ойлау жүйесінде де тұрақты байсалдылық басым болады деп түйеді.
Осылайша, ғұлама тәрбиенің тұлғалық идеясын басшылыққа ала отырып отбасын және ондағы тәрбиені басқару қашан да мемлекет мүддесіне сай келетінін дәлелдейді.
Ақынның мұндай көзқарастары мен тұжырымдарының негізгі идеясы әл - Фарабидің “Бақытқа жол сілтеу” тұжырымдарынан алынып, сабақтастық тауып отырғандығын дәлелдейді.
Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұнның дастанында да жеке тұлға қалыптастыруды қоғамдық талаптармен байланыстырады[27] . Оның дастанындағы әңгіме өзегіне алынған негізгі қасиеттер «Күн», «Ай», «Дәулет» және «Қанағат» секілді ұғымдардың мәні мен қызметін адам дамуының қозғаушы күші ретінде сипаттап қарастырады. Өйткені, мұндай атаулар: білімділік пен ақымақтық, парасаттылық пен надандық, тектілік пен тексіздік және т. б. қасиеттер адамзат баласының бүкіл өмірінің сәулелі және көлеңкелі жақтарын салыстыра көрсету үшін қатар қолданылып келген.
«Құтты біліктегі» адами құндылықтардың ішінен адамның өмірінің мәнін ашатын, тіршілікте бағыт - бағдар беретін ұғымдарды имандылық, имандылық тәрбие деп бөліп көрсетеді Т. Ахметов[28] . Осы тұжырымды дәлелдеу үшін зерттеуші ең әуелі «имандылық» сөзінің діни мән - мағынасын анықтап алып, қазақ халқының санасында қалыптасқан ислам және оған дейінгі діни ұғым - түсініктердің халықтық салт - дәстүрімен біте қайнасуынан туындаған жаңа сападағы рухани - этикалық қағидаларын қарастырады. Сонымен қатар, белгілі ойшылдардың рухани имандылық тәрбиесіне байланысты айтқан пікірлерін басшылыққа ала отырып, «Құтты білікте» насихатталатын текті, парасатты, иманды адамға тән қасиеттерінің мәнін ашады. Сөйтіп, «Текті, парасатты кісі» бейнесін жасайды. Сондай - ақ, Ж. Баласағұн адамдықты сипаттайтын төрт қасиет: әділдік, ақыл, дәулет, қанағат секілді ұғымдарға сипаттама береді. Қанағат адам баласын тіршіліктің бар қызығын қанағат тұтқан өмірдің сопылық жолы десе, әділдік, ақыл және бақытқа талпынушылық нағыз адам баласына тән өркениеттілікке қол жеткізер қасиеттер деп көрсетеді. Мұндай көзқарастар, Абай еңбектерінде де өз жалғасын тапқан. Ақын Абай Құнанбаевтың «Үш ақ нәрсе қасиеті, нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат» деп көрсетуінің өзі Ж. Баласағұнның көзқарасын толықтыра түседі[29] .
Бірақ, зертеуші Т. Ахметов Жүсіп Баласағұн көзқарастарын жалпы тәлімдік тұрғыдан қарастырады, оны отбасы тәрбиесі жағдайында қалыптастыру мәселелерін жеке талдамайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда біз зерттеуімізде жоғарыда есімдері аталған авторлар зерттеулеріндегі көзқарастарымен келісе отырып, бұл идеяларды отбасы тәрбиесі тұрғысынан зерделеп, жүйелейміз.
Осы айтылған мәселелерді салыстырмалы талдау жасай келіп, отбасы тәрбиесінде баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда Жүсіп Баласағұнның көзқарасы да әл - Фараби идеяларанынан туындаған деп тұжырым жасаймыз. Өйткені, ақын Ж. Баласағұн да жеке тұлға тәрбиесін мемлекетті басқаруға лайықты азаматтық қасиеттермен байланысты қарастырады. Онда ғұлама адамдықты сипаттайтын төрт қасиет: әділдік, ақыл, дәулет, қанағатты бөліп көрсетіп, олардың қоғамдық-әлеуметтік мәніне сипаттама берген. «Қанағатты» адам баласын тіршіліктің бар қызығын қанағат тұтқан өмірдің сопылық жолы деп бөліп қарастырса, « Әділдік », «Ақыл» және «Бақытқа » талпынушылық нағыз адам баласына тән қасиеттер деп ерекшелейді. Осындай қасиеттер бойында қалыптасқан тұлға ел мүддесін ақтайтын идеал басшы - хан бейнесіне лайық дегенді ұсынады. Бұл жолда ақын Жүсіп Баласағұн отбасы тәрбиесінің негiзгi мақсаты - ата - аналардың балаларына берген жақсы тәрбиесi - жақсы мiнез - құлқы мен рухани байлыққа қол жеткiзуі деп біліп, оның өнегесi ата - анадан екендiгiн: « Ұл мен қыздың өнегесi ата-ана, Бәрi бiзден - дұрыс па, әлде қата ма» (1485 бәйт), - деп сипаттайды. Сөйтіп, ата-аналардың өзара сыйластығы мен қарым-қатынастағы жарастығы, балаларына жақсы тәрбие берудің бiрден-бiр дұрыс жол деп санайды. Өйткені, ата-ана өнегесін көріп өскен ұрпақ есейгенде өздері де сондай отбасы іргесін құрады деп қорытынды жасайды.
Сондай - ақ, жеке тұлғаны қалыптастыру орта ғасырдағы басқа халықтар өкілдерінің мұраларында да жарық көргендігін жоғарыда айтан болатынбыз. Соның тағы бір дәлелі ретінде адамның адамдық сипатын білдіретін белгілер «Қабуснама» кітабының мазмұнында да қарастырылады. Ақын Кейкаус ұлы Гиланшахқа өмірінің соңғы күндерінде тәрбиелік өсиеттер қалдыра отырып, бұл өмірге адам болып келгеннен соң, ең алдымен адам болып қалу керектігін ескертеді. Ол өзінің «Қабуснама» деген кітабында адам баласының бұл өмірдегі тыныс тіршілігінде қажет болатын барлық әрекет түрлеріне тоқталып, қарым - қатынаста дұрыс шешім қабылдауда көптеген кеңестер береді. Ізгілік, үлкенді сыйлау, қарапайым халықтан білім алу, тәніңді, жаныңды таза ұстау, жігітке тән өнерлерді бойға дарыта білу, сөз өнерін, шешендік өнерін үйрену, мемлекетті дұрыс басқару, халыққа мейірімді болу, тіпті қонақты күту, моншаға бару, шарапты қашан, қалай ішу керек жайына дейін әкесі баласына өнеге өсиет етіп қалдырады.
Кейкаус баласына ей, перзентiм, қандай қасиетке ие болғың келсе, әрекет iстеп, алдын ойланғын. Жомарттыққа жақын болсаң, дүниедегi жақсылар қатарына қосыласың дейді. Сөйтіп, "Адамның адамдығын бiлдiретiн үш нәрсе бар - соның бiрi жәуәнмәртлiк. Жәуанмәрт болам десең-көзiңдi жаман қараудан, тiлiңдi жаман сөзден, қолыңды жаман iстен сақта", - деп ескертедi. Отбасында осы адамдық қасиеттердi баланың бойына сiңiрiп өсiрудi талап етедi. "Жомарттықтың негiзi үш нәрседен тұрады: бiрi-айтқан сөзiңдi қалтқысыз орындау; екiншiсi-туралыққа нұсқан келтiрмеу; үшiншiсi қайырымдылықты естен шығармау. Адамдағы қалған қасиеттердің бәрі осы үш нәрседен соңғы сатыда тұратындар ", - деп көрсетедi [30] .
Сонымен қатар, "Қабуснама" кiтабының 5-тарауында Кейкаус баласына адамдықтың тағы бiр белгiсi оның ата-анасын сыйлауы екендiгiн түсіндіре отырып, оны былайша сипаттайды: "Сен ата-ананың қарызын ақтау iсiне дiн деңгейiнен қарамасаң да, адамгершiлiк, ақыл-ой, парасат биiгiнен қарағын. Сенi жан-дiлiмен жақсы көрiп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңiлiн қалдыратын құрттай iс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессiң, өйткенi, кiмде-кiм ата-ананың жақсылығын бiлмесе, басқа бiреудiң де жақсылығын бағаламайды", -деп отбасы тәрбиесіндегі тұлғаның қалыптасу нәтижесінің тиімділігі оның ата-анасына деген мейірімділігі арқылы көрінетіндігін түсіндіреді[31] . Бұл нағыз қазақ отбасындағы тәрбиенің ұлттық ерекшелігін айғақтайтын көрсеткіш.
XI ғасырдың өкілі, ғұлама М. Қашқаридің өмір туралы түсінігіне жүгінсек, ғұлама адам бұл өмірге ізгілік істер жасау үшін келеді деп ойлайды. Сол тұрғыдан қарағанда отбасында тұлғаны қалыптастыру идеясы да ізглікке бағытталуы тиіс. Өмір сүрудің мәні адам өзінен кейінгі келер ұрпаққа ізгі мұра қалдыруы керек деп есептеген М. Қашқари тұлғаның әрекеті міндетті түрде рухани құндылықпен байланысты болуы керек, өйткені, материалдық байлық ол өткінші нәрсе дейді. Ондай көзқарастарын, ақынның « Бұл дүниеге келген соң, қалмас ешкім мәңгілік, тек жұлдыз бен Күн ғана, қайта туар жаңғырып» деген өлең жолдары дәлелдейді. Сондықтан, балаға отбасында оның сәби шағынан ізгілік мұраттарға талпынушылығын қалыптастыру керек деп ой түйеді. Ондай қасиеттерге ғұлама жақсы мінезді, өнер мен білім-ғылымды игеруді, қонақ күте білуді, жақсы жолдас табуды, ата - ананы құрметтеуді, сөйлеу мәдениетін меңгеруді, қайырымды да төзімді болуды жатқызады[32] .
Тұлғаны қалыптастыру мәселелерін XII ғасырда өмір сүрген, бүкіл өмірін сопылықтың ілімдерін насихаттауға арнаған ғұлама Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» еңбегінің мазмұны да қамтиды[33] . Қ. А. Иассауи дін арқылы Алланы сүю, таза, адал жолмен дұрыс өмір сүруді халыққа насихаттай отырып, кемел адам қандай болуы керек және оны қалыптастыру үшін ол қандай сынақтардан өтуі керектігін айтқан. Бұл жөніндегі пікірлер мен талдаулар педагогика ғылымы саласындағы ғалымдар зерттеулерінде толығымен қарастырлып жүр. Олардың қай қайсысы болсын Қ. Иассауидің сопылық ілімінің мәні кемел адамды қалыптастыру туралы ілім болуында деп оған жоғары баға береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz