Баланың мектепке даярлаудың тәжірибелік жұмыстары


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Баланың мектепке даярлығының педагогикалық мәселелері
1.1. Баланың мектепке даярлаудың педагогикалық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Баланың мектепке психологиялық даярлаудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .12
1.3. Баланың мектепке даярлаудың мектеп жасына дейінгі бала кезеңіндегі дағдарысы ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ІІ. Баланың мектепке даярлаудың тәжірибелік жұмыстарының әдістемесі
2.1.Баланың мектепке даярлаудың зерттеу әдәстері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.2.Баланың мектепке даярлаудың бағыттары мен жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ...37
Қосымша
«Балапан» бағдарламасы аясында 2010 жылға дейін бүлдіршіндер толықтай мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, орта мектептерде балаларды тамақтандыру мәселесі де толықтай шешіледі. Бұл туралы Үкіметте «2011-2020-шы жылға дейінгі білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның» жобасын таныстырған министр Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. Құжатта жоғары білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ғылым мен білімді ұштастыруға баса мән беріледі. Бағдарлама бойынша 2020 жылға қарай қалада да, ауылда да балабақша тапшылығы толықтай шешіледі. « Балапан» бағдарламасын іске асыруға 216 миллион теңге қарастырылып отыр. Мектепке дейінгі мекеменің мемлекеттік, жекеменшік, отбасылылық және ведомствалық түрлері болады. Ал 2015 жылдан бастап еліміздегі орта білім 12 жылдық жүйеге көшеді [1]. Қарағандыда балаларды қорғаудың халықаралық күнінде «Аққу» балабақшасы ішінен жаңадан үш топ, сондай – ақ мектептер жанынан үш шағын орталық ашылды.
1. «Балапан» бағдарламасы аясында // Отбасы және балабақша №3, 2010 ж
2. Google
3. «Білім туралы заң» // Тәрбиелей оқытайық
4. А.Байдулдаева. Алты жасар балаларды мектепте оқытудың ерекшеліктері // Бала мен балабақша
5. Г.Қ.Нұржанова. «Бастауыш мектеп» №10, 2010 ж
6. Р.Қалыбаева.» Мектепке дейінгі педагогика»// №1, 2009ж 7.А.Құсайынова. «Бастауыш мектеп» № 5-6 2010ж
7. Программа «Балбөбек». Алматы. им. Ы.Алтынсарина,1999// Қазақстан мектебі №6, 2008 ж
8. Қазақстан мектебі. №2, 2009 ж
9. Отбасы және денсаулық. №7. 2009 ж
10. Отбасы және балабақша. №6, 2010 ж.
11. Д.Б. Эльконин. Психология игры М, 1978

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Көлемі: 36 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге
Таңдаулыға:   




Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Баланың мектепке даярлығының педагогикалық мәселелері
1.1. Баланың мектепке даярлаудың педагогикалық негіздемесі ... ... ... ... ... ... ...7
1.2. Баланың мектепке психологиялық даярлаудың мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .1 2
1.3. Баланың мектепке даярлаудың мектеп жасына дейінгі бала кезеңіндегі дағдарысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІ. Баланың мектепке даярлаудың тәжірибелік жұмыстарының әдістемесі
2.1.Баланың мектепке даярлаудың зерттеу әдәстері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2.Баланың мектепке даярлаудың бағыттары мен жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қосымша

Кіріспе
Балапан бағдарламасы аясында 2010 жылға дейін бүлдіршіндер толықтай мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, орта мектептерде балаларды тамақтандыру мәселесі де толықтай шешіледі. Бұл туралы Үкіметте 2011-2020-шы жылға дейінгі білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын таныстырған министр Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. Құжатта жоғары білім беру саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ғылым мен білімді ұштастыруға баса мән беріледі. Бағдарлама бойынша 2020 жылға қарай қалада да, ауылда да балабақша тапшылығы толықтай шешіледі. Балапан бағдарламасын іске асыруға 216 миллион теңге қарастырылып отыр. Мектепке дейінгі мекеменің мемлекеттік, жекеменшік, отбасылылық және ведомствалық түрлері болады. Ал 2015 жылдан бастап еліміздегі орта білім 12 жылдық жүйеге көшеді [1]. Қарағандыда балаларды қорғаудың халықаралық күнінде Аққу балабақшасы ішінен жаңадан үш топ, сондай – ақ мектептер жанынан үш шағын орталық ашылды. Мемлекеттік Балапан бағдарламасының аясында мектепалды даярлық мекемелері желісін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аққу балабақшасына енді тағы да 200 бала бара алады. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 690 орындық үш балабақша құрылысын бастау жоспарлануда – деді мерекелік шарға қатысқан қала әкімі Бауыржан Әбішев. Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтері бойынша, қазіргі таңда 11 800 кішкентай қарағандылықтар балабақшаға барып жүр және де балабақшамен қамту 70% - ды құрап отыр. Жылдың аяғына дейін балаларды балабақшамен қамтуды 73% - ға жеткізу жоспарланып отыр, - дейді қалалық білім бөлімінің жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі Светлана Чжао. Мемлекеттік Балапан бағдарламасы бойынша 2010 жылдың соңына дейін Қарағандының Кең дала шығанауданында 320 орындық жаңа балабақшаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық деңгейдегі әкімдерге балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуге негізделген Балапан бағдарламасын жасауды тапсырған болатын [2]. Тараз қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы Павел Чирков аталмыш мәселе турасында қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVIII сессиясында кеңінен түсінік берді. Баяндамашының сөзіне қарағанда, 2015 жылға қарай облыс орталығындағы бүлдіршіндердің 97% - ы мектепке дейінгі білім мен тәрбиемен қамтылмақ. Бүгінде қаламызда 28 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 13 шағын орталық пен 2 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Солай бола тұра, әлі де 8450 бала балабақша кезегінде тұр екен. Балапан бағдарламасының аясында үстіміздегі жылы 2310 орынға арналған 14 мектепке дейінгі мекемені пайдалануға беру қарастырылып отыр. Мектепалды дайындықпен осы жылы бүлдіршіндердің 89% - ы қамтылатын болса, 2015 жылы 5-6 жас аралығындағы барлық балалар қамтылады деп жоспарлануда. Елбасының тапсырмасына орай әзірленіп жатқан Балапан арнайы бағдарламасы бойынша Павлодар облысында ескі балабақшалар қалпына келтіріледі және жаңадан салынады, деп хабарлады аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев облыс активімен болған кездесуде. Ағымдағы жылы облыста үш жаңа балабақша құрылысы басталады, 86 шағын орталық ашылады, бұрынғы мектепке дейінгі дайындықтың 23 ғимараты қалпына келтіріледі. Балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамту 65 пайызға дейін өседі. Ал 2012 жылға дейін балабақшалардағы орын жетіспеушілігі проблемасы шешімін табады, деп атап көрсетті әкім өз сөзінде. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алтын арқауы болып есептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек қателеспейміз. Ол – қоғам дамуының кепілі. Білім беру саласында алға ұмтылмай артта қалу мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлттың келешегіне кері әсер етеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылғы халыққа Жолдауында: “Елімізге экономикалық және қоғамдық жаңғыртудың талап-тілектеріне жауап беретін заманауи білім беру жүйесі қажет”, деп атап өткен еді. Бұл тапсырманы алдымен мектеп жасына дейінгі балаларға көңіл бөлмей орындау әсте мүмкін емес. Қазіргі уақытта елімізде мектепке дейінгі білім беру саласын дамыту мәселесі өзекті болып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларға тиімді тәрбие беру, заман өлшеміне сай оқыту мәселелері ұлттық дамумен тығыз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1991 жылы Қазақстанда 8743 балабақша жұмыс істеген, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында соның 4868-і, (55,6%) жекешенің қолына өтіп кеткен. Содан кейінгі тоғыз жыл ішінде еліміз бойынша балабақша саны 7599 бірлікке азайды. Тек 2001 жылдан бастап балабақша желісінің саны көбейіп, құлдырау өрлеуге ұласып, 1167-ге жетті. 2001 жылмен салыстырғанда қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдар желісінің саны 750-ге өсті. Оның 55-інің құрылысы жаңадан салынып пайдалануға берілсе, 131 балабақша жекелер есебінен ашылды. Ал бұрын бар 564 балабақша қайта іске қосылды. Қазір Отанымызда мектеп жасына дейінгі балалардың 37%-ын қамтитын әртүрлі типтегі 4568 балабақша жұмыс істейді, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға артып отыр. Осылайша, қаладағы балаларды балабақшамен қамту орта есеппен алғанда — 43,2%, ауылдағы балаларды қамту 17,8%-ды құрайды. Ауыл мектептері жанынан ашылған 2651 шағын орталықтарда 68038 бала тәрбиеленуде. Негізінен оған аз қамтылған отбасы балалары тартылып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтудың жоғары көрсеткіштері Қостанай (90%), Қарағанды (68,7%), Ақтөбе (63,3%) облыстарында болса, Оңтүстік Қазақстан (13,5%), Алматы (20,4%) облыстарындағы нәтиже төмен. Дегенмен, Елбасының қолдауымен сең қозғалды. Бірақ балабақшаға кезекте тұрғандар саны азаяр емес (260 мың). Президент Н.Назарбаев өткен жылы тікелей тележеліде бұл мәселені баса айтып, Білім және ғылым министрлігіне, облыстық және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктеріне мектепке дейінгі мекемелердің халық үшін қолжетімді болуын, қысқа мерзімде атқарылуға тиіс шараларды тапсырды.
Соған орай, жас ұрпақты балабақшамен қамту жөніндегі 2009-2015 жылдарға арналған қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар тізбесі жасалынды. Оның біріншісі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2009-2015 жылдар ішінде мектепке дейінгі мекеме нысандарын мемлекеттік және жеке меншік қаржы салымы есебінен тұрғызудың жоспар-кестесі түзілді; екіншісі мемлекеттік органдар орналасқан балабақша ғимараттарын босату шаралары; үшіншісі мектепке дейінгі ұйымдарды ашу мақсатымен өзге ғимараттар мен орындарды пайдалану қарастырылуда.
Білім және ғылым министрлігі мен облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері бірлесіп жүзеге асырған қысқа мерзімді шаралар нәтижесінде 2009 жылдың соңына дейін қосымша 16 129 орын пайдалануға берілді.
Елбасы “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының XІІ съезінде (2009 жылғы 15 мамыр) берген тапсырмасына сәйкес 2009-2012 жылдары республикалық бюджеттен 57 400 орындық 200 балабақша құрылысын салуға қаржы қарастырылған.
Биылғы жылы “Жол картасы” аясында жөндеуге жататын мектепке дейінгі білім беру нысандарын нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарға 1,9 млрд. теңге бөлініп, 73 нысанды жөндеуге тапсырыс берілді. Мектепке дейінгі мекемелерге лицензия беруді жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысы қабылданды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дейінгі мекемелерге бірінші кезекте қабылдаудың мемлекеттік қызмет стандарты қарастырылып отыр.
Сол секілді мектепке дейінгі мекемелерді медициналық, кадрлық, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан жетілдіруді қамтамасыз ету мәселелері пысықталуда. Балабақшалардағы педагог қызметкерлердің білім, тәрбие беру деңгейі жақсаруда. Бұл саладағы педагогтардың жалпы саны 29,8 мың адам болса, оның 8337-сі (27,9%-ы) жас мамандар. Олардың 54,4%-ы жоғары білімі барлар. Балабақша тәрбиешілерін әзірлеу 31 педагогикалық колледжде жүзеге асырылу үстінде.
Қабылданған шаралар негізінде мектепке дейінгі мекемелер желісі 2010-2012 жылдары 217 мың орынға артатын болса, 2013 жылы 34,6 мың орынға көбейетін болады. Тұтастай алғанда, 2009-2015 жылдар ішінде 312,8 мың орындық 3358 мектепке дейінгі мекеме іске қосылады. “Жол картасы” аясында мемлекеттік білім беру тапсырысымен биыл балабақшаларға 2000 педагог дайындалады.
Білім беру ісінде Елбасының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан “100 мектеп, 100 аурухана” мемлекеттік бағдарламасының маңызы ерекше. Бұл орта білім саласында зор басымдыққа ие, әрі министрліктің үнемі бақылауында тұр. Салыстырмалы түрде айтсақ, жоба шеңберінде 2007 жылы Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында екі мектеп, ал 2008 жылы 33 015 орындық 44 мектеп пайдалануға берілді. 2009 жылы 33 839 орындық 46 мектеп оқушыларды қабылдады.
Жалпы, “100 мектеп” бағдарламасы шеңберінде 2007-2009 жылдары 86,3 мың орындық 106 мектеп салу көзделген еді. Ол негізінен үш ауысымда оқитын, апатты жағдайдағы мектептер болатын. Бұл білім ұяларының 21 нысанының құрылысы мерзімінен кешіктіріліп тапсырылды. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстан облысында – 15, Астана қаласында 6 нысан кешіктірілді. Басты себептері, құрылыс материалдарының қымбаттауы дер едік. Қазір бұған жол бермеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2010 жылы да мектеп салу жалғастырыла береді. Үкіметтің 2009 жылғы 31 тамыздағы №1292 қаулысы бойынша Парламентке ұсынылған “2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасында биыл 14 мектептің құрылысына 2 128 266 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Бұл жобаның жүзеге асуын бақылау үшін Білім және ғылым, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктері мен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі агенттік қызметкерлерінен арнайы жұмыс комиссиясы құрылды.
Елбасы өткен жылғы халыққа Жолдауында: “2010 жылға дейін білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы сапалы білім беруді арттыруымыз қажет. Бұл білім беру саласының басты міндеті” деп атап көрсетті. Жолдауды іске асыру үшін білім берудің барлық саласында халықаралық талаптарға жауап беретін сапалы білім беру қажеттілігі тұр. Бұл міндеттерді іске асыру ұлттық білім беру жүйесінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жаңғырту болып табылады. Жоғары білім беру саласында осы бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі күні халықаралық білім беру стандарты жіктеуішіне сай келетін бакалавриат пен магистратура мамандарын жүйелі дайындау енгізілді. Жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды әзірлеудің әлемдік озық тәжірибесін саралай отырып, білікті мамандардың, ғалымдардың, профессорлардың қатысуымен мемлекеттік стандарт жасалды. Сондай-ақ, онда еңбек рыногының тұтынушылары есепке алынды. Қазақстанда Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет дайындаған Балапан бағдарламасының аясында мектепке дейінгі ұйымдардың санын арттыру бойынша түбегейлі шешімдер қабылдануда. 2011 жылы 88 мың орындық 1086 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланып отыр. Менің тапсырмам бойынша қабылдаған Балапан бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде, 2010 жылы 35 балабақша салынды, 1534 шағын орталық, 137 жекеменшік балабақша құрылды. Кезінде жекешелендіріліп кеткен мектепке дейінгі мекемелерді қайтарудың есебінен 172 балабақша ашылды,- деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы Жолдауында. Балапан бағдарламасының алдына 2015 жылға дейін мектеп жасына дейінгі балалардың 70 пайызын, 2020 жылға дейін 100 пайызын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қойылды.

І. БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1.Баланың мектепке даярлаудың теориялық мәселелері
Қазақстан Республикасы 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес. Қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті – білім беру мазмұны мен құрылымын жаңғырту, 12 жылдық жалпы орта білімге көшу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі баса айтылады [3]. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі – Мағжан Жұмабаев [4]. Қазақтың тағдыры, кедешекте ел болуда мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі, - деген болатын. 12 жылдық оқыту кезінде бастауыш сыныпқа бала алты жастан қабылданады. Мектепке келу алты жасар баланың өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру үшін бұл жастағы балалардың психо – физиологиялық ерекшелігін жақсы білуі қажет. Бірінші сыныпқа қабылданарда балаларда ең алдымен дене дамуы өзгереді. Баланың салмағы мен бойы ез өсе бастайды. Бойы бір жылда 8 – 10 см – ге дейін, дене салмағы 25 кг – ға дейін өседі. Алты жасқа қарай зейіннің еріксіздігімен қатар ерікті, белсенді зейін пайда бола бастайды, бұл саналы мақсат пен ерік жігердің күшіне байланысты болады. Бұл заңды өзгерістер алты жасар балалардың есте сақтау қабілетінде де бер. Алты жасар балалардың дамуында көптеген өзгерістер ең алдымен тіл дамуында, интеллектуалдық дамуында ой, зейін, ес, қиял салаларында байқалады. Бұл жастағы балалардың сөздік қор да ұлғаяды, өзінің қызығушылығына байланысты күнделікті тіршілікке қатысты әрекетте бала басқа адамдармен кез – келген жағдайда тез тіл табысады. Баланың сөздік қорын зат есім, етістік, жұрнақ, сын есім, сан есім құрайды. Тілдің негізгі функциясы – тілдесу, хабарласу және коммуникация. Алты жасар бала бір белгілі тақырыпта әңгімелесуге қабілетті, бала әңгіме төңірегінде толық хабардар, айтып тұрғанын өзі түсінеді және сол әңгіме төңірегінде пікірталас құра алады. Алты жасар бала заттардың ұқсстығын басқа затпен салыстыра алады. Алты жасар баланың ерекшелігі – танымдылық белсенділік. Баланың қызығушылығы әруақытта қоршаған ортаны танып білуге бағытталған. Бала ойнай отырып, өзінің тәуелділігіне, себеп-салдар байланысына тәжірибе өткізеді. Балада қоршаған ортадағы құбылыстарға байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Алты жасар бала өзінің алдында кездескен кейбір міндеттерді шешуге тырысады, оны өзі тәжірибеден өткізеді және кейбір міндеттерді ойша шешеді. Ол өзіне нақты жағдайды елестетіп және оны шешуге тырысады. Бұлай ойлауы, ішкі іс-әрекеттің қорытындысы, кейбір міндеттерді шешуі көрнекілік-бейнелі деп аталады. Бейнелі ойлау – алты дасар баланың негізгі ойлау түрі. Бұл жас оқуға белсенді әрекетін көрсетеді. Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын өзі жоспарлап алады. Мұндай кезде өзіне не істеу керек екендігін және неден кейін нені орындау керек екенін сөзбен айтып жеткізеді. Бұлайша жоспарлау сөз жоқ, баланын назарын, зейнін жүйелеп ұйымдастырады. Алты жасар бала мінез-құлқын бірте-бірте реттей бастайды. Бірақ кей кезде өз іс-әрекетінде бала көп жағдайларды ескере бермейді. Осыған байланысты сабақ үрдісінде көптеген ойын элементтері мен түрлі сабақ үлгілері енгізілуі қажет. Алты жастағы баланың ой – өрісі тез дами бастайды. Оның жады дағдыланған үрдісті қалыптастырады. Ол түрлі анықтамалар мен өзіне маңызды оқиғаларды тез есінде сақтайды. Алты жасар баланын есте сақтау қабілеті еріксіз. Ол өлең шумақтарын, тапсырмаларын рет-ретімен тез жаттайды. Есте сақтағандарын саналы қолданылады. Бірақ та еріксіз есте сақтау басымдылық көрсетеді. Алты жасар баланың тұлғалық қасиетінің негізін қалыптастырады. Алты жасарлардың тұлғалық мінездемесінің негізгі – өзіндік сана-сезім құрылымы тәртібінің, сезім мен ерік жігерінің ерекшелігі болып табылады. Бұл жастағы балаларды оқыту олардың даму ерекшелігіне сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Алты жасарлармен өтетін сабақ жеті жасарларға қарағанда өзгеше болуы керек [5]. Оның ерекшелігі оқыту ұзақтығымен ғана емес. Алты жасарлармен өтетін әр сабақ өзінің жүйесіменайрықша әдіс-тәсілмен ерекшеленеді. Алты жасар балалардың сабағы ортақ тақырыппен байланыстырылған бірнеше бөліктен тұрады. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетіне үлкен орын бөлінеді. Бұл жастағы балалармен жүргізілетін сабақтың ерекшелігі-ойын элементтерін кіргізу болып табылады. Сабақтағы ойын элементтері бала-бақшадағы ойын элементтерінен ұқсастықта болуы қажет. Оқу бағдарламасын бала дәстүрлі сабаққа қарағанда, дидактикалық ойын түрінде жетік меңгереді. Алты жасарлармен жұмыс жасау кезінде даму деңгейінің жағдайына өзекті даму деңгейіне және еркін даму зонасына сүйену қажет. Алты жас-мектепке оқуға ең қолайлы жас болып табылады. Бірінші сыныптағылармен жұмыс жасау кезінде мұғалім алты жастағы баланың қазіргі уақыттағы жетістіктерін және олармен жеке жұмыс жасау қажеттігін ескеру керек. Балалардың мектепке бейімделу үрдісін жеңілдету мақсатында бірінші сыныптарды ұйымдастыру талаптарына оқу жүктемесін біртіндеп арттыратын оқу сабақтарының баспалдақтық тәртібін қолданылуы тиіс: бірінші тоқсанда- 35 минуттық ұзақтықпен 3 сабақ, екінші тоқсанда-35 минуттық ұзақтықпен 4 сабақ, аптасына 5 күн оқиды. Оқуды таңертең 09:00-да бастау тиімді. САбақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы оқушылардың белсенді демалысы мен ыстық тамақтың ұйымдастырылуын ескере отырып, 10 минуттан кем болмауы тиіс. Екінші сабақтан кейін таза ауада қозғалыс ойындарын ұйымдастыру қажет. Жас шамалық ерекшеліктерді ескере отырып, оқу сағаттары үлкен ой жүктемесін талап ететін пәндер топтары мен эстетикалық және дене тәрбиесі пәндері топтары арасында бөлінуі тиіс. Сабақта екі реттен сергіту сәттерін өткізу керек. Алты жасар балаларды оқыту әдісінің психологиялық ерекшелігі бойынша олар мектепке дейінгі және мектеп кезеңіндегі аралықты алады. Бұл кезеңде іс-әрекет пен танымның түрлері әдістер мен тәсілдердің үйлесімділігін талап етеді, ол мектепке дейінгі жасқа тән. Алты жасарларды оқытуда оқу мен тәрбиенің бірлікте болуы-ең негізгі міндет болып табылады. Бұл жастағыларды оқытудың ерекшелігі –олардың психологиялық әсерге ықпалынан туады. Сондықтан оқу мен тәрбиенің бірлікте болуы-оқыту әдістемесінің ең маңыздыф қатынасы болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларына аралас түрдегі оқыту сипаты: жаңа тақырып-қайталау мен бекітуді сәйкестендіреді: қайталау бақылаумен.Сабақта барлық өткен материалдар сыныпта бекітіледі, өйткені алты жасарларға үйге тапсырма берілмейді. Алты жасар балаларды оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға деген қызығушылығы басым, мінез-құлқында еріктілік жеткіліксіз, алдында кездескен мысалдарды шешуге практикалық тұрғыдан қарайды және ойлау мінезі көрнекі – бейне түрде болады. Олардың зейіні іс-әрекеттің түріне емес, нәтижесіне бағытталған. Сондықтан да мұғалімдер ойын әдістерін қолдануы керек. Оқытудың негізгі әдісі болып көрнекілік құралдардың модельдері саналады. Мұндай көрнекілік құрал үлгілеріне макеттер, схемалар, диаграммалар гарфалар, қарапайым графиктер мен сызбалар жатады. Үлгілермен жұмыс жасау балалардың оқу іс-әрекетінде кейбір дағдыларды жетік түсінуіне, қалыптасуына септігін тигізеді. Сонымен қатар балалардың тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде үлгілерді қолдануы жұмыстың нәтижелі орындалтынына мүмкіндік береді. Сауат ашу пәнінде көрнекі үлгілер басты орын алады. Бұл жастағы баланың мектепке дейінгі бес жастағы психологиялық даму ерекшеліктерін зерттей келе, олардың қоршаған ортаны тануы оның жалпы заңдылықтарына назар аудара алатындықтары, танып білуге қажетті психологиялық қасиеттермен бірге мінез-құлықтарында да оңтайлы бетбұрыстар болатындығы. Сабақтастық дегеніміз біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау екіншіден, білім берудің әдісттемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі. Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады. Ақпараттық- ағартушылық және практикалық. Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу-тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысун, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т.б. жұмыстарды жүзеге асыру керек. Екінші, тәжірибелік аспект- бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отырумен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс-әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу. Оқытудағы сабақтастық жүзеге асырудың бастауы нормативті-құқықтық және ресми құжаттарда (білім стандарты және оқу бағдарламалары), оқыту құралдарында (оқулықтар дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдар) жоспарланған байланыстар жобасынан алады. Сонда тәжірибеде іске асырылатын қажетті және тиісті байланыстардың объетивті алғы шарттары тізіледі. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш мектепте жалпы және нақты мақсаттарды мен міндеттері анықталып, білімдік тәрбиелік және дамытушылық пен практикалық (қолданбалы) бағыттар бойынша тиянақты тұжырымдалған.Мектепалды даярлық топ (5-6 жас) Мақсаттары: Баланың сезімдік тәжірибесін байыту, ретке келтіру. Барлық психикалық қасиеттерді дамыту. Ойлау операцияларын қалыптастыруға даярлау. Негізіг әрекеті: ойын әрекеті Дидактикалық ойындар аранайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастрыу, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығышылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынан нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жжемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Сабақта дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығы н арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді. Мынадай ойын түрлері қолданылады. Суретті аяқта, Көліктер, Құс бейнесін құрастыр, Кім жылдам, Қиялдағы сурет, Ұлттық киімдерді ата, Жылы-суық, Ғажайып алаң, Өрнектерді құрастыр, Біздің қаланың көліктері, Қуыршақты киіндір, Сиқырлы гүл, Аңдар мектебі, Суреттей біл, Өз жұбыңды тап, Лото т.б. Сабақтастықты жүзеге асрудағы мұғалімнің міндеттері:
- Кезеңнің маңыздылығын сақтау
- қоршаған ортамен баланы қарым-қатынасқы даярлау - жеке тұлғалық танымдық қасиеттерін дамыту - оқу еңбегін ұйымдастыруға дағдыландыру
- оқуға қызығушылықтарын қалыптастыру- осы бағытта ата-аналармен әңгіме жүргізу-психологиялық-зерттеулер қорытындысын оқу-тәрбие үрдісінде басшылыққа алу. Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің әрекеттері:
- әрбір балаға педагогикалық-психологиялық карта бастау
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісін сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының философиясының негізінде ұйымдастыру
- бастауыш сынып мұғалімдерін сынып сағаттарына шақыртып, таныстыру
- бастауыш сыныптардың апталық жиынына қатысу (2-ші жартыжылдықтан)
- бастауыш буында өтетін шараларға балаларды белсене қатыстыру
- әрбір балаға сыныпқа педагогикалық мінездеме жазу
- әрбір оқушының шығармашылық жұмыстарын жеке папкаларға жинақтау
- балаларды мектептің бірыңғай тәртіп талабымен таныстырып, талап орындауға баулу. Базалық бастауыш білім беру (6-10 жас) Мақсаттары: Білім алуға, оқу мазмұнына тұрақты қызығушылық тудыру. Болашақта ғылыми білім жүйесін саналы игеруді қамтамасыз ететін ойлау түрлерін дамыту. Негізгі әрекеті: оқу әрекет психикалық ерекшелік: Рефлексия, іс-әрекетін ішкі жоспарлау, еркін сезіну. Жеке тұлғадағы өзгеріс: Өзін оқу әрекетінің субъектісі ретінде сезіну, ұстаз авторитеті.Сабақтастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің міндеттері:
- даярлық сыныптағы даму деңгейіне , қабілеттеріне сүйену
- даярлық сыныпта жетік қалыптаспаған қасиеттерді жетілдіру бағытындағы арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастру
- ойын арқылы оқу әрекетін қалыптастыру
- психологиялық-зерттеулер қорытындысын оқу-тәрбие үрдісінде басшылыққа алу - осы бағытта ата-аналармен әңгіме жүргізу. Сабақттастықты жүзеге асырудағы мұғалімнің әрекеттері: - даярлық сынып сабақтарына қатысып , балаларды сырттай бақылау
- 1-сыныпта ойын әрекетін басымырақ қолданып, біртіндеп оқу әрекетіне көшу - сабақты 1-ші ауысымның 2-ші сағатынан бастап 35 минуттан өткізу
- қоңырау үзілістерін 10-20 минуттан жылжымалы ойындар түрінде ұйымдастыру
- әрбір баланың педагогикалық-психологиялық картасын жалғастыру - бейімделі жағдайларын үнемі бақылауда ұстап, мектеп психологына хабарлап отыру
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісін сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының философиясы мен әдіс-тәсілдері негізінде ұйымдастыру
- бастауыш сынып мұғалімдерін сынып сағаттарына шақыртып таныстыру
- Бастауыш буында өтетін шараларға балаларды белсене қатыстыру
- Балаларды мектептің бірыңғай тәртіп талабына бірыңғай орфографиялық , каллиграфиялық талаптарға үйрету
- әрбір оқушының шығармашылық жұмыстарын жеке папкаларға жинақтауды жалғастыру - Әрбір балаға сыныпқа жазылған педагогикалық мінездемені зерттеу, толықтыру. Сөйтіп, балабақша мен мектептің байланысын орнату үшін, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын бірге дамыту жолымен жүргізілуі керек. Баланың жас ерекшелігіне қарай қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен болады. Бейімділік-бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бетбұрысы. Оянып, келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

1.2. Баланың мектепке психологиялық даярлаудың мүмкіндіктері

Мектеп жасына дейінгі кезеңде (3-7 жас) бала организмінің дамуы қарқынды түрде өтеді. Бала организмінің жалпы өсуімен қатар жекелеген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Сондай-ақ баланың бұлшық еттері әрі қарай қалыптасып, тыныс алу, қан айналу жүйелері дамып, ми салмағы 1110-1350-1500 гр дейін өседі. Үлкен ми сыңарларының қабықтарының реттегіш рөлі, ми қабығы астындағы орталықтардың бақылау рөлі артады. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып – сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Ерте сәбилік шаққа қарағанда баланың әлеуметтік орны өзгереді, енді оның жасына сай кейбір қарапайым өздігінен атқаратын міндеттер пайда болып, үлкендерден тәуелділігі азаяды. Балабақшаға барса белгілі бағдарлама бойынша баланы жүйелі оқыту мүмкіндігі туады. Бала дамуының ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен , әсіресе сюжеттік-рөлдік ойындардан көрінеді. Бала өзімен қатар басқа балалармен қарым-қатынас жасай бастайды.Бұл кездегі баланың жетекші іс-әрекеті - ойын. Ойынның арқасында балада сапалы психологиялық өзгерістер пайда болады, онда үйрену әрекетінің негіздері қаланады. Бала ойнау кезінде үлкендердің ісінен үйренуге талпынады. Ойын жануарлар түлектерінің көбіне тән, бірақ оларда саналы түрде емес Мұқановтың айтуынша Репетиция сияқты әрекет. Бала ойыны үлкендердің ісінен үйренуге арналған. Өткен тарихи дәуірлере бала ойыны қалай өтті деп ойлансақ, көптеген елдерде дәуір кезеңінің ерекшелігіне байланысты бала жеткілікті ойнамаған деуге болады. Басқа елдерді былай қойғанда ерте кезеңде Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар, бәрінен де мал бағып, еңбек еткен озар - деген қағиданы ұстанған қазақ 4-5 жастан баласын еңбек етуге араластырған. Д.Б.Элькониннің айтуынша бұрынғы кезде балалар тек 5-6 жасқа дейін ойнап, кейін үлкендермен жұмысқа кірісіп, материалдық игілікті өндіруге үлес қосқан. Қазіргі кезде балалар 15-16 жасқа дейін ойнайды Себебі: тұрмыстың нашар кезінде халық баласын көп еркелете алмаған, екіншіден әлеумет ққоғамы басқаша болды. Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда дамып жетілген елдердің бәрінде де бала 12-13 жасынан әлі келетін еңбекке жегілу керек екендігі айқындалып отыр. Сонымен бала ойыны белгілі әлеумет дәуірінің жемісі болып табылады. Бұл кездегі бала ойынында көбірек кездесетін: Біріншіден рөлдік ойындар Үй болу - қонаққа келу, Сатушы, Мектеп, Дәрігер. Екіншіден балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы дамытылады, ойын үстінде өздерін ұстай білуі, басқаларға өзін таныта білу қажеттілігі туындай ды. Үшіншіден – ойын кезінде бала кейбір заттарды басқа нәрсемен ауыстыра алатынын көруге болады. (Зат,жануар, басқа адам ретінде өзін қолдана алады.) бұл бала қиялының көрінісі (тепловоз). Ойын бұл кезде символикалық (таңбалық) түрде өтеді. Баланың символды қолдануы – психикасының дамуының елеулі сәті. Бір жағынан қиял көрінісі болса, екінші жағынан кейін әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамасыз етеді. 1) ойын барысында баланың ырықты зейіні мен ырықты есі дамиды, оның өзі тілдің дамуына, (ойын барысында өз тілегін түсіндіре білуі) септігін тигізеді. Ақыл – ойдың дамуына (жалпылау, сөздің жалпылама мағынасын қолдану) – ойша әрекетті нақты іс-әрекетке айналдыру.
2) Ойынмен қатар бала психологиясының дамуында іс-әрекеттің тағы бір түрі – жемісті, өнімді еңбек ету іс-әрекеті атқарылады. Оған - сурет салу, апликация, мүсіндеу (пластилин), конструкциялау (құрастыру) жатады. Бала салған сурет схемалы түрде болғанымен, одан баланың қабылдауы мен ойлауына тән белгілер көрінеді. Бұған мысал – бір баланың салған суретін екінші баланың түсіне білуі. Мектепке дейінгі балаларды кейбір жекелеген еңбек тапсырмаларды орындауға да үйретеді. Осының нәтижесінде бала оқу әрекетінің элементтерін игереді.
3) Ал оқу міндеті – қандай да болмасын бір жаңалыққа үйрену пайда болғанда ғана қалыптасады. Оқу міндетінің бөлінуі 6-7 жаста қалыптасады, осған байланысты балалар үлкендер нұсқауын зейін қоя тыңдап, орындайды, өзін-өзі бақылауы пайда болады. Оқу әрекеті бала психикасына , оның қабылдау, зейін, ес, ойлау үрдістерінің ырықтылығы мен басқарылуына талаптар қойып, тиісті психологиялық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі. Баланың психологиясыныңдамуы мен қалыптасуына сенсорлық қабілеттер мен таным процестерінің қалыптасуы үлкен әсер етеді. Бұл кез баланың сезімдік тәжірибесінің молайып ретке келу шағы, қабылдау мен ойлауы, қиялы күшті дамып, ырықты зейіні мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болады. 3 жастан 7 жасқа дейін көру, есту, тері қимыл сезгіштігі едәуір жоғарылайды. Көргіштігі артып, түстердің түрін ажыратуы жоғарылап, фономатикалық және жоғарғы дыбыстарды естуі дамиды. Қабылдаудың дамуы үшін сенсорлық эталондар жүйесін меңгерудің зор рөлін А.В.Запорожец және оның қызметкерлерінің еңбегі дәлелдеді. Сенсорлық эталондарға – спектр түстері 7 негізгі түс, геометриялық формалар үшбұрыш, төртбұрыш, музыкалық дыбыстар до ре ми, тіл фонемалары жатады. Үшбұрыш- үй сияқты, дөңгелек – доп тәрізді, қызыл шие. Егер бұлармен арнайы таныстырмаса, баланың сенсорлық даамуында іс-әрекеттерінің нәтижесінде түрлі – түсті қарындаш, фломастер, геометриялық фигураларды қию, кубиктер арқылы таныстыруға болады. Сурет салу, музыка сабақтарында жүйелі түрде таныстыру іске асырылады. Қабылдаудың ерекше саласы – эстетикалық қабылдауды дамыту сурет, музыка. Қабылдаудың дамуына байланысты ойлау әрекеттері дамиды. Сәбтлік шақта ойлау заттық (құралдық) негізде болса, енді ол практиканы қолданбай тұрып, ой елегінен өткізуге машықтанады. Бұл кезде бала мәселелерді 3 түрлі тәсілмен шешеді. Көрнекті-әрекетті, көрнекі-бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу. 3 жасқа дейінгі баланың ойлауы негізінен көрнекі-әрекетті болып келеді. Бала танып білетін объектіні қолымен алып, ашып көріп талдайды және синтездейді. Кейбіреулері ішінде не бар екен деп ойыншықтарды бұзады. Көрнекі-бейнелі ойлау 4-7 жасқа дейінгі балаларда пайда болады. Ойлау процесінде міндетті түрде әрекет жасамай ол қабылдауы мен елестетуінің даму негізінде бейнелі түрде ойлай алады. Бейнелер арқылы ойлауы қалыптасады, ал ұғымдар балада әлі де болса толық қалыптаспаған. Мысалы: Пиажемынандай тәжірибе жасаған: қамырдан жасалған 2 бірдей дөңгелек нанды көрсеткен, біреуін солардың көзінше жалпайтып жайған, сонда балалар осы нан жайылмағанынан үлкен деп айтқан (көбірек орын алғаны үшін). Қоршаған ортаның өз заңдылықтары бар, сол заңдылықтарға сүйеніп кез келген жағдайда қандай нәтиже болатынын ойлау процесі арқылы айтуға болады. Сыртқы іс-әрекеттен ішкі ой-әрекетіне көшуді интериоризация (ішкіге айналу) дейтіні естерінде бар шығар. Баланың сыртқы дүние заттарын қозғамай бейнелер арқылы ойлай алуында осы заңдылық жатыр. Осының негзінде балада көрнекі-бейнелі және логикалы ойлау қалыптасады. Әлі де болс баланың бейнелі ойлауы жеткілікті қалыптаспай қателік жіберуі мүмкін болғанымен бұлай ойлауы үлкен жетістік болып табылады. (жүйелеу үрдісі, ыдыс, ұзын, қысқа, үлкен, кіші, ұғымдары қалыптасады). Ойлау формалары: ұғым, ой, пікір қорытындысы. Ойлаудың сөздік формаларының дамуы сөз бен практикалық іс-әрекеттің өзіндік қатынасының өзгеруінен туады. Егерде ерте сәби шақта іс-әрекет кезінде сөйлеу орын алса, ал енді алдын ала сөйлеуі қалыптасады. Алдымен бала іс-әрекетін сөйлеу арқылы жоспарлай алады, кейіннен істелетін жұмысты тек пікір айту түрінде ауызша істей алуға келеді. Бұның өзі баланың логикалы (жүйелі) ойлай алуына әкеледі. Мысалы: суға салған әр түрлі заттардың қасиеттері туралы пікір айта алуы балада абстрактылы (жалпылама) ұғымдар қалыптасты дегенемес (ол әлі ерте), бұл жерде оның бейнелік жағы басым. Бала қабылдауының ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Біз сенсорлық эталондар бала қабылдауын тәртіпке келтіріп, қабылдауға жеңілдік туғызады.Мектеп жасына дейінгілер уақытты және кеңістікті қабылдауда көп қиналады. Оң қол, Сол қол дегенді шатастырады, фигуралардың суретін салуда көлем, бұрыш, енінің өзара кеңістіктегі арақатынасын ажырату қиынға түседі. Ал уақыт жайында кеше, бүгін ертең, арғы күні осыларды шатастырады.Мысалы біз кеше барамыз деуі әбден ықтимал, Әсіресе ертеңгісін, түс, кеш ұғымдарын шатастырады. Зейіннің тұрақтылығы. Бөбектерде 30-40 мин, 6-7 жаста 1-1,5 сағат. Арнайы есте қалдыру аз. Тек нақты бейнелерді, суретке түсіргендей есте сақтауы Эйдитикалық ес деп аталады. Қиялы. Ойын негізінде ертегіге қызығушылық қабілетін қалыптастыру. Жеке басының қалыптасуы. Мен ұғымы қалыптасады. Балалармен қарым-қатынасы ойын үстінде, егер үлкендермен қатынасы жақсы болса тілін алады. Істің не ойынның қызғылықты болуы. Кейде қызықтаса да басқалармен қатар істеуге талпынады. Өзін басқалар алдында азамат етіп көрсеткісі келеді. Мектепке дайындығы.
1)Оқуға деген ықыласы 2)Оқу-жаңа әрекет, оған төзімділік керек. 45 мин, ерік жігерінің дамуы арқасында 3)Зейінді боып, мұғалімнің сөзін қабылдауы шарт. [6]. Мектепте жүйелі түрде оқуға психологиялық даярлық-мектепке дейінгі балалық шақтағы бала дамуының қорытынды нәтижесі. Ол бірте-бірте қалыптасады және ағзаның даму жағдайларына байланысты Мектепке оқуға даярлық ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейін, сонымен қатар қажетті тұлғалық сапалардың қалыптасуын ескереді. Мектепте оқуға психологиялық даярлық баланың негізгі психикалық сфераларының қалыптасқандығынан көрінеді: ықыластанушылық (мотивациялық) адамгершілік, еріктік, ақыл-ой.Және бұлар оқу материалын табысты меңгеруді қамтамасыз етеді. Баланың мектепте табысты оқу бағдарламасын меңгеруіне оның бойында психологиялық сапа қасиеттердің болуын талап етеді. Олар мектепке баруға талап-тілегі, оқуға ынтасы қызығушылығы, логткалық ойлауы жеткілікті деңгейде болуы шарт. Атақты психолог Л.А.Венгер пікірі бойынша, балалардың психологиялық даярлығы мына төмендегі аспектілерден құралады. 1.Баланың тұлғалық даярлығы. Баланың жаңа әлеуметтік мектеп құқығы мәртебесін қабылдауға, оның құқығын біліп міндеттерін орындауға дайындық баланың мектепке , оқу іс-әрекетіне мұғалімдерге , өзіне қатынастардан байқалады. Тұлғалық дайындыққа ықыластанушының белгілі даму деңгейі кіреді. Болашақ оқушы зөінің тәртібін, мінез-құлқын, танымдық іс-әрекетін еркін басқару қажет. 2.Интеллектуалдық даярлығы. Даярлықтың бұл компоненті балада ой-өрісінің нақты білімдер қорының блуын қарастырады. Бала бірқалыпты және бөлшектенген таңдамалы қабылдауды қарастыратын материалға теориялық тұлғадан қарау элементтерін қолдана білуді, ойлаудың жинақтаушы түрлерін және негізгі логикалық амалдарды , түсініп еске сақтауды меңгеру қажет. Интеллектуалдық даярлықты дамыту мына жағдайларды қарастырады: таңдамалы қабылдау, аналитикалық ойлау (құбылыстар арасындағы негізгі белгілер мен ойлау құбылыстар арасындаығ негізгі белгілер мен байланыстарды танып білу қабілеті, үлгілі қайталай алу қабілеті. Мектепке оқуға әлеуметтік –психологиялық даярлығы. Даярлық бұл компонентті балаларды құррбы-құрдастарынан, басқа балалар мен мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға көмектесіп қасиеттерді қалыптастырады. Бала мектепте балалар ортақ іспен айналысып жатқан сыныпқа келеді. Бұл жерде оған басқа балалармен өзара қарым-қатынас орнату, балалар қоғамына ену, басқалармен бірлесіп әрекет жасау тәсілдерінмеңгеруін білу керек. Психологиялық даярлықтың аспектілері. Ақыл-ойының дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, әлеуметтік-психологиялық даярлық еріктік-эмоциялық даярлық. Ата-аналарға кеңес. Баланың оқуға психологиялық даярлығы – оқу әрекетін меңгеруінің алғышарттарының бірі. Оқу іс-әрекетін табысты меңгеруіне мына төмендегі алғышарттар септігін тигізеді. Оқудың әлеуметтік және танымдық әрекеті. ҮЛгі бойынша жұмыс жасай білу. Ересектердің нұсқауын тыңдап орындай білу. Осы шарттарды меңгерген бала мектепте оқуға қабілеті жоғарылайды. Мектепте оқуға даярлық ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейін, сонымен қатар қажетті тұлғалық сапалардың қалыптасуын ескереді. 6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білу оқу-тәрбие жұмыстарының жемісті нәтиже беруіне жағдай туғызады. Баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау психологиялық – педагогикалық зерттеу әдетте екі нұсқада жүргізіледі. 1.Мектептік жетілуді шамамен анықтау. 2.Тереңдетілген психологиялық-педагогикалық зерттеу. Психикалық процестерді зерттеу үшін ұсынылатын тестілер жиынтығының үлгісі.
1. Нүктелерді көшіру, зейін
2.Кодпен хабарлау, зейін тұрақтылығы
3.Ес,көру,есі
4. Мағынасы бойынша байланысқан оң сөз , мағыналы ес
5. Төртінші артық логикалық ойлау
6. Сөйлеу тілі, сөздік қоры
7. Қабылдауды анықтау
8. Ерікті мінез-құлқын зерттеу, графикалық диктант
9. Сөздік логикалық ойлауын бағалау
10. Тілінің дамуын зерттеу
11.Ұсақ қол бұлшық еттерінің дамуын зерттеу Балалар психологі баланың оқуға даярлығын жыл аяғында зерттеп тексеріп нәтижесін шығарып отыруы қажнт. Ата-аналарға осы зерттеулер нәтижесінің қорытындысы жөнінде хабардар етіп отыруы керек.[7]. 6 жасар балалармен жұмыс істеген барлық психологтар бір шешімге келеді: 1-ші сыныптағы 6 жасар бала өзінің психологиялық дамуымен әлі де мектепке дейінгі бала болып қалады. Ол мектепке дейінгі жасқа тиесілі ойлаудың ерекшеліктерін сақтайды және онда есте сақтау басым болады. Спецификалық назар аудару мынандай, бала өнімді бір іспен 10-15 минуттан артық жұмыс істей алмайды. 6 жасар баланың тұлғалық ерекшеліктері оқыту процесінде қосымша кедергілер туғызады. Танымдық себептер, оқудын барабар тапсырмалары әлі бірқалыпты және ситуативті емес, сондықтан көптеген балаларда олар мұғалімнің арқасында пайда болады және қалыптасады. 6 жасар балаларды оқыту қиын екендігі және де ондай оқыту олардың дамуының ерекшеліктеріне байланысты құрылуы керек екенділігі белгілі. Әлемдік педагогикалық практикада 6 жастан және одан да ерте жастан бастап балаларды оқыту туралы үлкен тәжірибелер жиналған. Осы ортақ тенденцияға қарағанда бастапқы оқытуда бала жасының төмендеуі, Ресей Федерациясында 60 жылдары мектептерде және бала бақшаларда эксперименттер кеңінен жүргізіле бастады. 1981-1982 жылдардан бастап барлық жерлерде оқыту 6 жастан бастап бола бастады. Сондықтан да қазіргі кезде балалар мектепте осы жастан бастап оқи бастайды. 6 жасар баланы оқыту аяу режимін оқу материалдарының аз көлемде берілуін, білім мен икем, 3 бастауыш сыныпта оқу жылында 7 жасар бала меңгеретін 4 жылда 6 жасар бала бастауыш мектепте меңгеретін білім мен икемге тең, көпмөлшерде жалпы жетілдіру сабақты, денсаулық жағдайына байланысты медициналық бақылауды, ерекше программа және оқу әдістемелерді ұсынады. Бірақ көптеген мектеп мүдірлерінің, мұғалімдерінің , ынталарына қарамастан оқытудың осы принциптері, проблемалық қатар сақталады, әсіресе, психологиялық. Әртүрлі жақтан 6 жасар бала дамуын комплекстік зерттеу көрсетті. Мектепте 1-ші сыныпта оқығандағымен салыстырғанда бала бақшада дайындық группасында оқыған кезде бала өзін неғұрлым сенімді және салмақты, психологиялық ыңғайлы, сезінеді. Мәселе, тек қана балабақшадағы шарт балаға әлдеқайда үйреншікті жеңіл болғанда, оған жаңа оқу программасына үйрену ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың әдістемесі
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педогогикалық- психологиялық негіздемесі
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық мәселелері
Баланың мектепке бейімделу жолдары
Баланың мектепке бейімделуі
Баланың мектепке психологиялық дайындығын айқындау
Мектеп жасына деінгі баланың мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары
Баланың мектепке барғанға дейінгі дамуы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь