Халықаралық қылмыстық құқық
1. Кіріспе.
2. Халықаралық қылмыстық құқық.
3. Қолданылған әдебиеттер.
2. Халықаралық қылмыстық құқық.
3. Қолданылған әдебиеттер.
Халықаралық қылмыстық құқықтың тарихы XIX ғ. соңына келіп тіреледі және оның тарихи тамыры тереңде жатыр. Оның кейбір институттары мемлекет пен құқықтың пайда болуының қайнар көздеріне жатқызылуы мүмкін. Бірінші кезекте, қылмыскерлерді ұстап беруге (әдеттен тыс қамау) қатысты және ол оның ең көне институтының бірі болуымен қатар, халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі де болып табылады. Жалпы халыкаралық құұығның белгілі бір кезеңденуіне сәйкес келетін халықаралық қылмыстық құқықтың кезеңденуі қылмыскерлерді ұстап беру институтынан басталған 1889 ж. Қылмыстық құқықтың, халықаралық одағы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ынтымақтасуды ұсынды. Мұндай ынтымақтастық халықаралық қылмыскерлерді құдалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы кезделген болатын.
1. Аваков М.М. Правопреемство освободившихся государств. – М., 1983.
2. Фельдман Д.И., Курдюков Г.И. Основные тенденции развития международной правосубъективности. Казань. 1984.
3. Черниченко С. Международное право: современные теоритические проблемы. – М., 1993.
4. Токаев К.К. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы қаласы 1997 ж.
5. Жанат Құлжабаева., Халықаралық жария құқық, Алматы қаласы – 2003 ж.

Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Халықаралық қылмыстық құқық.
3. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Халықаралық қылмыстық құқықтың тарихы XIX ғ. соңына келіп тіреледі
және оның тарихи тамыры тереңде жатыр. Оның кейбір институттары мемлекет
пен құқықтың пайда болуының қайнар көздеріне жатқызылуы мүмкін. Бірінші
кезекте, қылмыскерлерді ұстап беруге (әдеттен тыс қамау) қатысты және ол
оның ең көне институтының бірі болуымен қатар, халықаралық қылмыстық
құқықтың қайнар көзі де болып табылады. Жалпы халыкаралық құұығның белгілі
бір кезеңденуіне сәйкес келетін халықаралық қылмыстық құқықтың кезеңденуі
қылмыскерлерді ұстап беру институтынан басталған 1889 ж. Қылмыстық
құқықтың, халықаралық одағы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық
қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ынтымақтасуды ұсынды. Мұндай
ынтымақтастық халықаралық қылмыскерлерді құдалау жөнінде келісілген
мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы кезделген болатын.
Халықаралық қылмыстық құқық ұғымы.
Қылмыстылық жағдайы және онымен күрес проблемалары мамандардың ғана
емес, сонымен қатар маман емес көпшіліктің де назарын осы салаға аударып
келеді. Бұл мәселе криминология құзыретіне кіреді. Ол қылмыстылықты
мемлекетте немесе оның жеке аймағында белгілі бір нақты кезеңде жасалған
барлық қылмыстардың жиынтығын сипаттайтын қоғамдағы әлеуметтік құбылыс деп
айқындайды.
Қылмыстылық - бұл болып, өзгеріп тұратын құбылыс, яғни ол қоғамның
белгілі бір даму сатысында пайда болады, әлеуметтік-экономикалық құрылымдар
мен нақты саяси жүйелердің тарихи ерекшеліктеріне сәйкес түрлі елеулі
өзгерістерге де ұшырап отырады. Мемлекеттің қылмыспен күрестегі рөлі
қандай? Ол көбіне-көп сақтандырушы -превентивті, репрессивті және тәрбилеу
сипатындағы ішкі мемлекеттік шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Дегенмен, мұндай шаралар оң нәтижелерге жету үшін аздық етеді. Қылымыспен
күресте мемлекеттер ынтымақтастығына үлкен рөл беріліп келеді.
Осындай мәселелерді зерттеумен халықаралық қылмыспен күрестегі
мемлекеттердің ынтымақтастығы саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар
мен қағидалар жүйесі ретінде халықаралық қылмыстық құқық айналысады.
Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын
жетілдіру ұлттық және халықаралық деңгейде қылмыстылықтың өсіп кетуімен
негізделіп отыр.
XIX ғ. алғашқы халықаралық-қүқықтық актілер құлдық, және құл саудасы
мәселелеріне қатысты болды. Мысалы, 1815 ж. Вена конгресі осы мәселе
жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англия, Франция, Ресей, Австрия және
Пруссия қатысушысы болған 1841 ж. Лондон шартында құл саудасы қылмыстық
құбылыс деп танылды және барлық мемлекеттерді құл саудасымен айналысады деп
күдіктенген теңіз кемелерін тоқтатып, тінтуге, кіріптарларды босатуға,
кінәлы адамдарды әділ сот органдарына беруге шақырды. Дәл осы кезенде
халықаралық қауымдастық қылмыстылық туралы басқа да халықаралық шарттарды
қабылдады. Мысалы, 1885 ж. Берлин конференциясьшда құл саудасының қылмыс
екенін және жазаланатындығын; 1889 ж. әйелдерді саудалаумен күрес жөніндегі
Лондон халықаралық конгресі бекітілді; 1884 ж. Парижде су асты телеграф
кабельдерін күзету туралы халықаралық конференцияға қол қойылды; 1802 ж.
Англия, Франция, Испания және Голландия арасында кісі өлтіру, қасақана
банкрот болу және қолдан ақша жасау жөнінде айыпталған адамдарды ұстап беру
туралы, Амьен шартына қол қойылды. Жоғарыда аталған халықаралық актілер
халықаралық қылмыстық құқықтың нормативті-құқықтық негізінің, қалыптасуының
бастамасы болды, Кейінірек, XX ғ. 20-жылдарының аяғында қылмыстық құқықты
бір ізге салу жөнінде халықаралық конференция шақырылды. Ондағы талқыланған
басты мәселелер халықаралық құқықтық тәртіпке қол сұғатын қылмыстарға
жатқызылатын қылмыстар туралы болды. Сонымен бірге, осы халықаралық
форумдарда барлық халықаралық құқық бұзушылықты халықаралық қылмыстарға
және халықаралық сипаттағы қылмыстық істерге бөлу ұсынылды. Халықаралық
қылмыстық құқық жүйесінде Халықаралық Әскери трибунал Жарғысымен (ол туралы
7-тарауды, 7.7.-тармағында егжей-тегжейлі баяндалған болатын) баға жетпес
үлес қосылды.
Адамзат қоғамының, дамуына орай, қылмыстық құқықты жетілдіру саласында
халықаралық ынтымақтастықтың объективті қажеттігі де туындайды. Халықаралық
қауымдастықта халықаралық қылмыстың құрылымы мен серпіні өзгеріп келе
жатқандығы оғаш та болса, шындық. Халықаралық қылмыстардың экоцид, геноцид,
адам құқықтарын жаппай бұзу сияқты жаңа түрлері пайда болуда. Соған орай,
мемлекеттерге "халықаралық қатынастарда құкықтық тәртіп пен зандылықты
сақтау және нығайту арқылы халықаралық қылмыстылыққа қарсы күресті үдету
қажет және халықаралық қылмыстық құқықты одан әрі дамытып, осы саладағы
халықаралық шарттардан туатын міндеттемелерді толық көлемде орындап,
өздерінің ұлттық заңдарының халықаралық қылмыстық құқық талаптарына сәйкес
болуын қаматамасыз ету үшін қайта карап шығуы тиіс.
Халықаралық қылмыстық құқық доктринасы ұзақ уақытқа дейін халықаралық
қылмыс ұғымын анықтай алмады. Теоретиктердің бір тобы халықаралық қылмыстық
құқықты халықаралық жария құқық саласына жатқызса, екінші бір тобы -
халықаралық жеке құқыққа, келесі біреулері - халықаралық қылмыстық құқықты
құқықтың жеке дербес саласы деп белгіледі. Сонымен бірге, халықаралық жария
құқықтың қылмыстануына жол бермеу туралы пікірлер де айтылып жатты, яғни
халықаралық қылмыстық құқық деген ұғым мүлдем жоқ деген кезқарастар да
болды. В.П.Панов құқық саласы ұғымын негіздеу үшін осы саланың құқықтық
реттеу затын айқындау керек деп әділ айтып еткен. "Халықаралық қылмыстық
құқық затына қандай құрамдас бөліктер кіреді? Біріншіден, бұл халықаралық
шарттарда көзделген қылмыстарды ерекше тәртіпте алдын алу, тергеу және
жазалаудағы ынтымақтастық. Екіншіден, халықаралық құқықтық тәртіпке қауіп
төндіретін жеке әрекеттерді мемлекеттердің қылмыс деп жазалауын бекіту,
юрисдикция мен сот іс жүргізуін анықтау, қылмыстық ісгер бойынша бір-
бірлеріне құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстылықпен
күрестегі халықаралық ұйым қызметтері және т.б, сияқты ынтымақтастықтың
жеке мәселелері. Сонымен бірге, құқықтық реттеу затына қылмыстық әділ
соттылық ережелері мен ең төменгі стандарттарды бекітуді, құқық
бұзушылармен сөйлесу және қылмыстық құқықты бір ізділікке салуды жатқызуға
болады. Сонымен, саланың зат құрылымын саралауды ескере отырып, халықаралық
қылмыстық құқық - бұл халықаралық шарттарда көзделген қылмыстармен
күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін қағидалар мен нормалар
жүйесі екенін атап өту қажет.
Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық жария құқықтың жеке бір
саласы. Соған орай, халықаралық қылмыстық құқықта дербес зерттеу заты,
құқықтық нормаларды қамтамасыз етудің ерекше тәсілі, арнаулы қағидалар
жүйесі, халықаралық қылмыс субъектілері бар. Сонымен бірге, халықаралық
қылмыстық құқыққа қылмыстық құқықтың көпшілік мойындаған институттары да
тән: қылмысқа бірге қатысу, қажетті қорғану, аса қажеттілік және т.б.
Халықаралық қылмыстық құқыктың кайнар көздер жүйесі, тұтастай алғанда
халықаралық жария құқық институттарының жүйесін қайталайды, тек реттеу
затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерістері болуы мүмкін. Мысалы,
халықаралық жария құқықтың негізгі қайнар көздері - екі жақты және көп
жақты шарттар болып табылады. Мұндай шарттық нормалар әмбебапты және
аймақтық сипатта. Ерекше орын БҰҰ аясында қабылданған шарттарға беріледі.
Осы салада жүйелеу жұмысының толық аяқталмағанын айту керек. Сондықтан
халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты кұқықтык нормаларды халықаралық
құқықтың басқа салаларынан да табуға болады. Мысалы, өлім жазасын алып
тастау туралы Конвенциялық нормалар, азаптауды болдырмау және тыйым салу
туралы, кәмелетке толмағандарды, әйелдер мен балаларды түрмеде қамауда
ұстау ережелерін "Халықаралық жария құқықтағы адам құқықтары" деген саладан
кездестіруге болады.
Халықаралық қылмыстық құқық ұлттық құқықта қабылданған құқықтық
санкцияларға сүйенеді. Соған орай, халықаралық сипаттағы қылмыстарға
қатысты юрисдикцияларды мемлекеттердегі қылмыстық соттар жүзеге асырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы
рөлі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыспен күрестегі мемлекеттер мен халықаралық,
ұйымдар қызметтерінің үйлестіру орталшы болып табылады. Мұндай қызмет
кылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушыларға ізгілік
көзқарасқа кемектесу саласында тәжірибелер алмасу арқылы жүзеге асырылады.
БҰҰ қызметінің бұл бағыты 1872 ж. құрылған Халықаралық қылмыстық және
пенитенциарлық комиссия (ХҚПК) қысқартылғаннан кейін 1950 ж. орнай бастады.
БҰҰ қызметіндегі халықаралық ынтымақтастықтық дамуы, қылмыстылықтың алдын
алу, онымен күресу және құқық бұзушылармен қатынас жасауды бірқатар
факторлар айқындайды:
- қылмыстың нақты қоғамның объективті негізделген әлеуметтік құбылысы
ретінде болуы, мемлекеттердің олармен күресте жинақталған тәжірибелермен
алмасу қажеттігі:
- халықаралық қауымдастықта мемлекеттердің ұлтаралық корпорацияларының
қылмыстық әрекеттері аландатушылық туғызуда;
- ұйымдасқан қылмыстар үлкен залал әкелуде - олар мемлекет-тердегі
қылмыстық істердің ажырамас бөлігіне айналды;
- бірқатар мемлекеттер үшін есірткі заттарын заңсыз сату, ұшақ-
тарды айдап әкету, әйелдер мен балаларды сату және т.б. елеулі
проблемалардың бірі болып отыр.
Жарты ғасырдан астам кезең ішінде БҰҰ қарастырып отырған мәселедегі
халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру мен тиімді қолдауға жәрдемдесті.
Сонымен бірге, БҰҰ-ның қосалқы органдарының да белсенді рөлі бар, оның
ішінде, БҰҰ-ның қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылар мен қатынас
жасау Комитетін айтуға болады.
Жағымсыз, теріс құбылыс - қылмыстылықтың алдын алу және бұлтартпау шаралары
туралы мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттердің кез келген әрекеттері
халықаралық ынтымақтастық заңдарына негізделуі тиіс және ол халықаралық
құқықтың мынадай қағидаларының негізінде жүзеге асырылуы керек:
мемлекетгердің дербес теңдік қағидасы, мемлекеттердің ішкі істеріне қол
сұқпау қағидасы, бейбітшілікті қолдау және халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету.
Қылмыстық істердің алдын алу проблемалары. БҰҰ Конгрестерінде, Комитет
мәжілістерінде қарастырылатын мәселелердің жартысынан көбі қылмыстың алдын
алуға жатқызылады. Осы саладағы БҰҰ органдарының қызметін күшейту кейінгі
жылдардағы қылмыстық істердің криминологиялық аспектілерінің үдеп кетуіне
байланысты болып отыр. Халықаралық қылмыспен күрес іс-тәжірибесі
халықаралық және ұлттық органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу
қызметтерінің келешегін көрсетіп отыр.
Халықаралық кылмыстық құқықта мұндай күрестің екі негізгі бағыттар
бойынша жүзеге асырылатыны жалпыға мәлім. Біріншісі -құқық бұзушылықтың,
оның ішіндегі ең қауіптісі - қылмыстың алдын алу. Екіншісі - жасалып жатқан
немесе жасалған қылмыстарды көпшілік жағдайларда кінәлыға жаза тағайындау
арқылы ашу, тергеу.
XX ғ. 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында БҰҰ-ның бірқатар
құжаттарында қылмыстылықтың алдын алуды жоспарлаудың маңыздылығы мен
қажеттігі белгіленді. Жоспарлаудың ұлттық және ішкі мемлекеттік деңгейі
ескерілді. Конгресс құжаттарында халықаралық қылмыстардың шеңберін
айқындауға талпыныс жасалғанда қылмыспен күресуде экстрадицияны халықаралық
ұйымдар арқылы жеңілдетуге, әмбебап юрисдикцияны тарату арқылы күресу
туралы ұсыныстар жасалды. Ұзақ уақытқа дейін халықаралық қауымдастық ішкі
мемлекеттік шараларды талап ететін жалпы қылмыстық сипаттағы қылмыстарды
белгілі бір жағдайларда халықаралық қылмыс болуға есептелетін және онымен
күресу кешенді шараларды талап ететін әрекеттермен шатастырып келді.
Қазіргі заман жағдайында жалпы қылмыстық істермен күресу үлттық деңгейде
жүргізілуі тиіс екендігі дау тудырмас, Мемлекеттердің қылмыскерлерді ұстап
беру және ақпараттармен алмасудағы ынтымақтастығы тиімді болатыны өз-өзінен
тиімді болар.
Лаңкестік, ұшақтарды айдап кету, арнайы қорғанышы бар адамдарға қарсы
қылмыстар сияқты құқыққа қайшы әрекеттермен күрес шаралары мен онымен
күресу істері күрделірек сипатта. Жасалған қылмыстармен күрес, Жасалған
қылмыстармен күрес деп қылмыстық әділет органдарының жасалған қылмыстарды
ашу және тергеуі, кінәлы адамдарды сот органдарына беру және жазалау
қызметін айтады. Соған орай, бүл жерде үлттық қылмыстык заңдармен
жазаланатын нақты қылмыстар туралы және тәуелсіз мемлекеттердің құқық
қорғау органдарының қызметі туралы сөз болып отыр. Сондықтан, халықаралық
деңгейде жасалған қылмыстармен күрес мәселелерін талқылау күрделі проблема
болып табылады. Осы себепке байланысты бұл мәселелердің кейбірі ғана БҰҰ-да
қаралуға жатады.
БҰҰ оргаңдарында қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстық істер бойынша
құқықтық көмек көрсету, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz