Құрастырылған сызба



Мазмұны

1. Құрастыру сызбасы туралы жалпы түсінік
2. Құрастыру сызбасын орындау ережелері
3. Сипаттізім
Құрастыру сызбасын (коды – СБ) жұмыс конструкторлық құжаттар дайындау кезінде техникалық немесе эскиздік жоба негізінде жасайды. Жалпы жағдайда оған мыналар енеді:
 құрастыру бірлігінің кескіні. Кескіндер саны минималды, сонымен қатар құрама бөліктердің орналасуыжәне өзара байланысуы жөнінде толық мәлімет беретіндей болу керек. Құрастыру сызбасы бойынша бұйымды құрастыру (жасау) және оны бақылау жүзеге асырылуға мүмкіншілік қамтамасыз етілу керек. Қажет болса, құрастыру сызбасында бұйымның құрама бөліктерінің өзара орналасуы және біріктірілуі сұлбаларын орналастыруға, бұйымның жұмыс істеу принципі жөнінде мәлметтер келтіруге, бұйымның қозғалатын бөліктерін шеткі немесе аралық орналасу жағдайларында кескіндеуге рұқсат етіледі;
 берілген құрастыру сызбасы бойынша бақылауға жататын өлшемдер, шеткі ауытқулар және басқа параметрлер;
 орналасу (позиция) нөмірлері. Құрастырылған бұйымның құрама бөліктерін нөмірлейді. Нөмірлер сипаттізімде көрсетілген орналасу нөмірлеріне сәйкес болу керек. Орналасу нөмірлерін тиісті кескіннен жүргізілген шығарма сызықтың сәкісіне түсіреді. Бұл шығармасызықтың бір ұшы бұйымның құрама бөлігі кескінінің үстіне түсіп, нүктемен аяқталу керек, ал екінші ұшы негізгі жазуға параллель сәкіде жату керек. Егер шығарма сызық қарайтылған немесе өте тар элементтерден жүргізілетін болса, онда нүктенің орнына нұсқама қою керек. Кескін қарамы мен сәкілер болмау керек. Орналасу нөмірлерін көрсететін сандар өлшемі сызбадағы өлшем сандары қаріптерінен бір-екі нөмірге артық болу керек. Мысалы, егер өлшем сандары 7-нөмірлі қарыппен жазылса, орналасу нөмірлері 10-нөмірлі қарыппен жазылғаны жөн. Тетікбөлшектерге нөмірлер беріп болған соң стандарт тетікбөлшектерге алфавиттік тәртіп сақтай отырып нөмір тағайындайды. Орналасу нөмірлерін бір рет қана көрсетеді, егер оны екінші рет көрсетуге мәжбүр болса, онда тиісті сәкі астына оған параллель тағы бір сызық жүргізеді. Шығарма сызықтардың бір-бірімен қиылысуы, сонымен қатар олардың сызықтау сызықтарына және өлшем сызықтарына параллель болуы рұқсат етілмейді, ал бұл талаптарды орындауға мүмкіншілік болмаса, шығарма сызықты бір ғана ирегі бар сынық сызық түрінде сызуға болады. Егер тетікбөлшектер тобы анық көрініп тұрған және әрқалай түсінуге жол бермейтін өзара байланысы болса, онда олар үшін ортақ шығарма сызық жүргізуге болады. Бұл жағдайда орналасу нөмірлері вертикаль бағытта жазылады, ал жоғарғы сәкіде қай тетікбөлшек кескінінен шығарма сызық жүргізеді, соның нөмірін жазады;
 бұйымның габарит (сырт) өлшемдері;
 қондыру, біріктіру өлшемдері және басқа анықтамалық өлшемдер;
 бұйымның техникалық сипаттамасы (қажет болса) және тағы басқа мәліметтер.
Құрастыру сызбаларын, әдетте, ҚҚБЖ стандарттары талаптарына сәйкес ықшамдап орындайды.
Оларда:
 қиықжиектерді, жұмырлауларды, кертпелерді, ойықтарды, шығыңқыларды және басқа ұсақ элементтерді;
 сызық пен тесік арасындағы саңылауларды;
 қақпақтарды, қалқандарды, далдаларды және т.б., егер олар жауып тұрған бұйымның құрама бөліктерін көрсету керек болса. Бұл жағдайда тиісті жазу жазады, мысалы «3-поз.-дағы қақпақ көрсетілмеген»;
 торшалардың арғы жағында орналасқан элементтерді, кестешелерді, межеліктерді және т.б. жазуларды көрсетпеуге рұқсат етіледі.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Тақырыбы: Құрастырылған сызба

Орындаған: Барыс Ернар

Сейтказинов Руслан

Тексерген: Тастанбекова С.Б

Өскемен қаласы. 2010ж

Мазмұны

1. Құрастыру сызбасы туралы жалпы түсінік
2. Құрастыру сызбасын орындау ережелері
3. Сипаттізім

Құрастыру сызбасын (коды – СБ) жұмыс конструкторлық құжаттар дайындау
кезінде техникалық немесе эскиздік жоба негізінде жасайды. Жалпы жағдайда
оған мыналар енеді:
➢ құрастыру бірлігінің кескіні. Кескіндер саны минималды, сонымен
қатар құрама бөліктердің орналасуыжәне өзара байланысуы жөнінде
толық мәлімет беретіндей болу керек. Құрастыру сызбасы бойынша
бұйымды құрастыру (жасау) және оны бақылау жүзеге асырылуға
мүмкіншілік қамтамасыз етілу керек. Қажет болса, құрастыру
сызбасында бұйымның құрама бөліктерінің өзара орналасуы және
біріктірілуі сұлбаларын орналастыруға, бұйымның жұмыс істеу принципі
жөнінде мәлметтер келтіруге, бұйымның қозғалатын бөліктерін шеткі
немесе аралық орналасу жағдайларында кескіндеуге рұқсат етіледі;
➢ берілген құрастыру сызбасы бойынша бақылауға жататын өлшемдер,
шеткі ауытқулар және басқа параметрлер;
➢ орналасу (позиция) нөмірлері. Құрастырылған бұйымның құрама
бөліктерін нөмірлейді. Нөмірлер сипаттізімде көрсетілген орналасу
нөмірлеріне сәйкес болу керек. Орналасу нөмірлерін тиісті кескіннен
жүргізілген шығарма сызықтың сәкісіне түсіреді. Бұл шығармасызықтың
бір ұшы бұйымның құрама бөлігі кескінінің үстіне түсіп, нүктемен
аяқталу керек, ал екінші ұшы негізгі жазуға параллель сәкіде жату
керек. Егер шығарма сызық қарайтылған немесе өте тар элементтерден
жүргізілетін болса, онда нүктенің орнына нұсқама қою керек. Кескін
қарамы мен сәкілер болмау керек. Орналасу нөмірлерін көрсететін
сандар өлшемі сызбадағы өлшем сандары қаріптерінен бір-екі нөмірге
артық болу керек. Мысалы, егер өлшем сандары 7-нөмірлі қарыппен
жазылса, орналасу нөмірлері 10-нөмірлі қарыппен жазылғаны жөн.
Тетікбөлшектерге нөмірлер беріп болған соң стандарт тетікбөлшектерге
алфавиттік тәртіп сақтай отырып нөмір тағайындайды. Орналасу
нөмірлерін бір рет қана көрсетеді, егер оны екінші рет көрсетуге
мәжбүр болса, онда тиісті сәкі астына оған параллель тағы бір сызық
жүргізеді. Шығарма сызықтардың бір-бірімен қиылысуы, сонымен қатар
олардың сызықтау сызықтарына және өлшем сызықтарына параллель болуы
рұқсат етілмейді, ал бұл талаптарды орындауға мүмкіншілік болмаса,
шығарма сызықты бір ғана ирегі бар сынық сызық түрінде сызуға
болады. Егер тетікбөлшектер тобы анық көрініп тұрған және әрқалай
түсінуге жол бермейтін өзара байланысы болса, онда олар үшін ортақ
шығарма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрастыру сызбасы туралы
Құрастыру сызбасы
Мұнайды өңдеудің үрдісі
Жасалған бұйымдар мен конструкторлық құжат түрлері
Сызбаларды түзетуге арналған құралдар жайлы ақпарат
БҰРАНДА - СОМЫН БЕРІЛІСТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Сызбаларды түзетуге арналған құралдар. шартты белгілер
Құжаттардың толмауы
Модификацияланған деректерді қорғау
Технология туралы ұғым, артықшылықтары
Пәндер