2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңынан үзінді


1 Діни бірлестік белгілері
2 Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу
3 Православие. христиан конфессиялары
Діни бірлестіктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде осы Заңның талаптарына сәйкес өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізу міндетті. Сонымен бір мезгілде тіркеуші органға діни бірлестіктің мәртебесін растайтын құжаттар табыс етіледі.
Діни мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандырумен айналысатын және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін өздерінің құрылтай құжаттарын осы Заңның талаптарына сәйкес келтірмеген заңды тұлғалар діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылады.
Діни бірлестік он сегіз жақсы толған, құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша құрылады, онда діни бірлестікті құру, оның атауы, жарғысы туралы шешімдер қабылданады және оның басшылық органдары құрылады. Азаматтар құрылтай жиналысына (съезіне, конференциясына) өз еркі бойынша жеке түрде қатысады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 11 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






‭ ‬2011‭ ‬жылғы‭ ‬11‭ ‬қазандағы‭ ‬Қазақстан Республикасының‭ ‬Діни‭ ‬қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңынан‭ ‬үзінді

Діни бірлестіктер осы Заң‭ ‬қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде осы Заңның талаптарына сәйкес‭ ‬өздерінің‭ ‬құрылтай‭ ‬құжаттарына тиісті‭ ‬өзгерістер енгізу міндетті.‭ ‬Сонымен бір мезгілде тіркеуші органға діни бірлестіктің мәртебесін растайтын‭ ‬құжаттар табыс етіледі.

Діни‭ ‬мүдделері‭ ‬мен‭ ‬қажеттіліктерін‭ ‬қанағаттандырумен айналысатын‭ ‬және осы Заң‭ ‬қолданысқа енгізілгенге дейін діни бірлестіктен басқа‭ ‬өзгеше‭ ‬ұйымдық-құқықтық нысанда‭ ‬құрылған заңды тұлғалар осы Заң‭ ‬қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде‭ ‬өздерінің‭ ‬құрылтай‭ ‬құжаттарына тиісті‭ ‬өзгерістер енгізуге міндетті.

Көрсетілген‭ ‬мерзім‭ ‬өткеннен‭ ‬кейін‭ ‬өздерінің‭ ‬құрылтай‭ ‬құжаттарын‭ ‬осы Заңның талаптарына сәйкес келтірмеген заңды тұлғалар діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның жүгінуі бойынша сот тәртібімен таратылады.

Діни бірлестік он сегіз жақсы толған,‭ ‬құрылтай жиналысын‭ (‬съезін,‭ ‬конференциясын‭) ‬шақыратын‭ ‬Қазақстан Республикасы азаматтарының‭ ‬бастамасы‭ ‬бойынша‭ ‬құрылады,‭ ‬онда‭ ‬діни бірлестікті‭ ‬құру,‭ ‬оның атауы,‭ ‬жарғысы туралы шешімдер‭ ‬қабылданады‭ ‬және‭ ‬оның‭ ‬басшылық‭ ‬органдары‭ ‬құрылады.‭ ‬Азаматтар‭ ‬құрылтай жиналысына‭ (‬съезіне,‭ ‬конференциясына‭) ‬өз еркі бойынша жеке түрде‭ ‬қатысады.

Діни бірлестіктің мынадай белгілері:

1‭) ‬ортақ‭ ‬діни ілімі‭;

2‭) ‬діни жораларды,‭ ‬рәсімдер мен уағыздарды орындау‭;

3‭)‬ өз‭ ‬қатысушыларын‭ (‬мүшелерін‭) ‬және діни‭ ‬ұстанушыларын дінге тәрбиелеу‭;

4‭) ‬қызметінің діни бағыты болуға тиіс.

Республикалық діни бірлестіктер мен‭ ‬өңірлік діни бірлестіктер‭ ‬өз жарғыларына сәйкес діни‭ ‬қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру‭ ‬ұйымдарын‭ ‬құруға‭ ‬құқылы.

Діни білім беру‭ ‬ұйымдарын‭ ‬қоспағанда,‭ ‬діни бірлестіктен басқа‭ ‬өзгеше‭ ‬ұйымдық-құқықтық нысанда діни‭ ‬қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды‭ ‬құруға және олардың‭ ‬қызметіне жол берілмейді.

Мемлекеттік органдарда,‭ ‬ұйымдар мен мекемелерде,‭ ‬білім беру және денсаулық сақтау‭ ‬ұйымдарында діни бірлестіктердің‭ ‬ұйымдық‭ ‬құрылымдарын‭ ‬құруға жол берілмейді.Діни бірлестіктің атауы‭ ‬ұстанатын діні мен мәртебесін‭ ‬қамтуға тиіс.

Толық және‭ ‬қысқартылған атауы мен оның нышаны‭ ‬Қазақстан Республикасының және және басқа да мемлекеттедің мемлекеттік рәміздерін,‭ ‬Казақстан Республикасы мемлекеттік органдарының,‭ ‬Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің,‭ ‬сондай-ақ‭ ‬Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына байланысты тыйым салынған және‭ (‬немесе‭) ‬таратылған діни бірлестіктердің атауы мен нышанын толық немесе оның елеулі бөлігінде‭ ‬қайталамауға тиіс.Діни бірлестік оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап заңды тұлғаның‭ ‬құқық‭ ‬қабілеттілігіне‭ ‬ие болады.Республикалық діни бірлестіктерді және‭ ‬өңірлік діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді‭ ‬Қазақстан Республикасының‭ ‬Әділет министрлігі жүзеге асырады.Жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді,‭ ‬филиалдар мен‭ ‬өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық‭ ‬әділет органдары жүзеге асырады.

Діни бірлестікті‭ ‬құру туралы шешім‭ ‬қабылданған сәттен бастап екі ай мерзім ішінде тіркелу‭ ‬үшін тіркеуші органға‭ ‬өтініш беріледі.‭ ‬Өтінішке:

1‭) ‬діни бірлестік басшысының‭ ‬қолы‭ ‬қойылған діни бірлестіктің жарғысы‭;

2‭) ‬құрылтай жиналысының‭ (‬съезінің,‭ ‬конференциясының‭) ‬хаттамасы‭;

3‭) ‬құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық және‭ ‬қағаз жеткізгіштердегі тізімі‭;

4‭) ‬діни бірлестіктің орналасқан жерін растайтын‭ ‬құжат‭;

5‭) ‬діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни‭ ‬қызмет туралы мәліметтер‭ ‬қамтылған діни баспа материалдары‭;

6‭) ‬заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу‭ ‬үшін алымдар төлемін растайтын‭ ‬құжат‭;

7‭) ‬діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда,‭ ‬уәкілетті органмен келісілгендігін растайтын‭ ‬құжат‭ ‬қоса беріледі.



* * *

Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша‭ ‬өңірлік діни бірлестіктерді‭ ‬құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктердің‭ ‬әрқайсысының‭ ‬қатысушыларының тізімі,‭ ‬сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариат куәландырған көшірмелері‭ ‬қосымша табыс етіледі.

Республикалық діни‭ ‬бірлестіктер мәртебесін растау‭ ‬үшін тіркелген күннен бастап бір жыл‭ ‬өткенге дейін тіркеуді жүзеге асыратын органға олардың‭ ‬құрылымдық бөлімшелерінің‭ (‬филиалдары мен‭ ‬өкілдіктерінің‭) ‬аумақтық‭ ‬әділет органдарында есептік тіркеуден‭ ‬өткенін растайтын‭ ‬құжаттардың көшірмелерін‭ ‬ұсынуға міндетті‭ (‬5-тармақ‭)‬.

Осы баптың‭ ‬5-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда республикалық діни бірлестік‭ ‬Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен‭ ‬қайта‭ ‬ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.



* * *

Діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен‭ ‬өкілдіктерін есептік тіркеу,‭ ‬діни бірлестіктерді‭ ‬қайта тіркеу,‭ ‬тіркеуден бас тарту осы Заңды көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып,‭ ‬Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен‭ ‬өкілдіктерді есептік тіркеу туралы‭‬ Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.



* * *

Мемлекеттік тіркеудің‭ (‬қайта тіркеудің‭) ‬мерзіміне дінтану сараптамасын жүргізу және діни бірлестікті‭ ‬құруға бастамашы азаматтар тізімінің осы Заңның талаптарына сәйкестігін тексеру‭ ‬үшін‭ ‬үзіліс жасалады.

Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу‭ (‬қайта тіркеу‭) ‬мерзіміне‭ ‬үзіліс жасау туралы шешім‭ ‬қабылданған күннен бастап‭ ‬үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға дінтану сараптамасын жүргізу және діни бірлестіктер‭ ‬құруға бастамашы азаматтар тізімдерін тексеруді‭ ‬ұйымдастыру‭ ‬үшін‭ ‬қажетті‭ ‬құжаттардың көшірмелерін жібереді.

Ұсынылған‭ ‬құжаттардың заңнамаға сәйкестігін тексерудің,‭ ‬жүргізілген дінтану сараптамасының,‭ ‬діни бірлестікті‭ ‬құруға бастамашы азаматтардың тізімін тексерудің нәтижелері бойынша діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу туралы немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім‭ ‬қабылданады.



* * *

Діни бірлестік‭ ‬өз‭ ‬қызметін жарғының негізінде жүзеге асырады,‭ ‬онда мыналар:

1‭) ‬атауы,‭ ‬қызметінің мәні мен мақсаттары‭;

2‭) ‬орналасқан жері және оның шегінде‭ ‬өз‭ ‬қызметін жүзеге асыратын аумақ‭;

3‭) ‬құрылымы,‭ ‬басқару органдарын‭ ‬қалыптастыру тәртібі мен олардың‭ ‬құзыреті‭;

4‭) ‬қатысушыларының‭ (‬мүшелерінің‭) ‬құқықтары мен міндеттері‭;

5‭) ‬ұстанатын діні,‭ ‬діни ілімінің негіздері және осы ілімге сәйкес келетін діни‭ ‬қызметі туралы мәліметтер‭;

6‭) ‬діни бірлестіктің мүшесі етіп‭ ‬қабылданудың және одан шығудың шарттары мен тәртібі‭;

7‭) ‬мүлікті‭ ‬қалыптастыру көздері‭;

8‭) ‬құрылтай‭ ‬құжаттарына‭ ‬өзгерістер мен толықтыру енгізу тәртібі‭;

9‭) ‬қызметін‭ ‬қайта‭ ‬ұйымдастыру және оны тоқтату шарттары‭;

10‭) ‬таратылған‭ ‬жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі‭;

11‭) ‬филиалдар мен‭ ‬өкілдіктер туралы мәліметтер болуға тиіс.‭

* * *

Діни бірлестіктің жарғысында‭ ‬оның‭ ‬қызметіне‭ ‬қатысты және‭ ‬Қазақстан Республикасының заңнамасына‭ ‬қайшы келмейтін‭ ‬өзге де ережелер болуы мүмкін.

Діни ілім негіздері мен діни‭ ‬қызмет туралы мәліметтерде негізгі діни идеялар,‭ ‬діни бірлестік‭ ‬қызметінің‭ ‬нысандары,‭ ‬осы діни бірлестік‭ ‬қатысушыларының‭ ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
Діни қызмет және діни бірлестіктер
“Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы”
Діни бірлестіктер
Қазақстандағы діни бірлестіктер
Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының дiни экстремизiммен күресi
Қазақстан тарихындағы Ислам діні
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресу
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь