Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ

  1. Информатиканы оқытудың мақсаттары . . . 7
  2. Информатиканы оқытудағы оқу үрдісі . . . 12
  3. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру . . . 17
  4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және жұмыс жоспары . . . 20

ІІ. МӘТІНДІ ФОРМАТТАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

2. 1. Символдарды форматтау . . . 27

2. 2. Формулалар редакторы, формуланы форматтау . . . 38

2. 3. Кесте құру және оны форматтау . . . 43

IІІ. ОҚЫТУДЫҢ МӘТІНДІ ФОРМАТТАУ ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘЖІРИБЕ ДАЙЫНДАУ

3. 1. “ХХІ ғасыр көшбасшысы” ойынын қолданып оқыту әдістемесі . . . 55

3. 2. “Информатикалық бинго” ойынын қолданып оқыту әдістемесі . . . 58

3. 3. Microsoft Word текстік процессоры тақырыбын жарыс ойынын қоладнып оқыту әдістемесі . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 71

Кіріспе

Қазiргi таңда компьютерлiк технология қоғамдық өмiрдiң барлық саласына енуде. ғасырда Қазақстан мемлекетi экономикалық, саяси, әлеуметтiк т. б. әртүрлi проблемаларды шешудi алдына қойып отыр. Бiлiм саласы Қазақстан мемлекетiнiң iшкi саясатының басты облысы болып табылады. Стратегиялық “Қазақстан-2030“ дамуында оқуды компьютерлендiру маңызды орын алады.

ғасырдың соңы компьютерлiк техниканың дамуымен ерекшеленетiнi сөзсiз. Компьютердiң есептеу, ақпараттарды қабылдау, оны өңдеу және сақтау секiлдi мүмкiндiктерi олардың қоғамымыздағы араласпаған саласы жоқ екендiгiн көрсетедi. ЭЕМ-дi оқу процесiне қолдану практикасы мен арнайы зерттеулер оқытудың ұйымдық түрiне әрi мазмұны мен әдiсiне ықпал ететiнiн дәлелдеуде. Компьютерлер оқу мiндеттерiнiң ауқымын айтарлықтай кеңейтiп, оқыту мазмұнына дәстүрлi оқыту жүйесiнде ескерiлмеген негiзгi аспектiлердi енгiзуге мүмкiндiк бередi. Сабақтың мiндеттерi оқыту, дамыту және тәрбие беру мақсаттарымен анықталатыны белгiлi. Осы тұрғыдан сабаққа қойылатын талаптардың бiрi оқыту барысында сөз бен көрнекiлiктi үйлестiру, қазiргi кездегi техникалық құралдарды, әсiресе компьютерлердi қолдану. Оқу процесiне компьютердi пайдалану психология ғылымының iргелi принциптерiне: психиканы қызмет ретiнде түсiну, оның сыртқы практикалық қызметпен бiрлiгiн сезiну, адамның психикалық қызметiнiң әлеуметтiк табиғатын бiлуге негiзделедi. Демек, ақыл-ой қызметiн бiртiндеп қалыптастыру теориясынан туындайтын қағидалар оқу программасын жасау методикасының негiзiне айналуы тиiс.

Қазiргi уақытта мектеп курсында компьютерлiк техниканы тиiмдi пайдалану кең қолдау тауып отыр. ұылымның негiзгi салаларын оқытуда компьютерлiк техниканы қолдану әдiстемесi А. П. Ершовтың, В. М. Монаховтың, В. Г. Болтянскийдiң, А. Г. Кушниренконың, Ж. А. Қараевтың, Т. Ж. Байдилдиновтың және т. б. еңбектерiнде қарастырылады.

Қазiргi кезде жетiлген дербес компьютерлер көмегiмен сабақты тиiмдi өткiзу жолдарын жоспарлауға толық мүмкiндiк бар. Елiмiздiң 2030-шы жылға дейiнгi стратегиялық жоспарында мектептердi компьютерлендiру бағдарламасы қамтылған. Осы бағдарламаға сәйкес қазiргi кезде мектептердiң көпшiлiгi жаңа типтi компьютерлермен жабдықталды. Қазiргi күнi компьютердi сабақ барысында қолдануға кедергi болып отырған бiрнеше жағдайлар бар:

-бiрiншiден, мектептердегi компьютерлiк кабинеттердiң аздығы, яғни әр мектепте бiр-бiрден ғана кабинет бар, тiптi кей мектептерде жоқ та;

-екiншiден, арнаулы программалық пакеттердiң тапшылығы, оның iшiнде ұлттық тiлде жазылған программалар жоқ деп айтуға болады;

-үшiншiден, пән мұғалiмдерiнiң компьютердi пайдаланып сабақ өткiзуден бас тартатындығы, оған себеп, компьютерлiк дайындықтың жоқтығы.

Бiр назар аударатын жайт, компьютердi қолдану-мұғалiмнiң де арнайы дайындығын қажет етедi. Осыған байланысты, жоғарғы оқу орындарында студенттерге компьютерлiк дәрiс беру мен әдiстемелердi оқыту, орнымен жұмыс iстеудiң шеберлiгiн қалыптастырумен ұштастырылуы тиiс.

Мұғалiм компьютерлiк сауаттылықтың төмендегiдей ғылыми негiздерiн бiлу шарт:

-Бiрiншiден, компьютердi қолданудың кибернетикалық негiздерi, яғни компьютерлiк құралдарды пайдаланудың механизмдерi мен заңдылықтарын меңгеруi керек.

-Екiншiден, компьютердi өз сабағына байланысты тиiмдi пайдалана бiлуi қажет, яғни сабақ мазмұнымен (тақырыбымен) жасанды интелектуальдық ақпараттың (компьютердiң) ара байланысын тануы қажет.

Үшiншiден, психологиялық негiздерiн айқын тануы керек, яғни оқушының компьютермен жұмыс iстеудегi iшкi психологиялық процестердiң өзiндiк ерекшелiктерiн тануы қажет.

-Төртiншiден, танымдық-гносеологиялық негiздерiмен жақсы таныс болуы керек, яғни компьютердi қолдану барысында оқушының танымдық мүмкiндiктерi ашыла түседi, сол жолдың ерекшелiгi сақталу керек.

-Бесiншiден, логикамен байланысы айқын танылуы қажет, яғни оқушының ойлау жүйесiндегi ұғым, топтастыру, пайымдау, ой-қорытудағы компьютерлiк қызметiн анықтау керек.

-Алтыншыдан, компьютерде қолданудың дидактикалық-әдiстемелiк негiздерiнiң танылу маңызды роль атқарады.

Танымдық негiздер қай салада да маңызды болады, өйткенi адамзаттың әрбiр даму жолындағы жаңалық-танымдық жолындағы жаңалық ретiнде бағаланады. Әр замандағы танымдық қатынас, ойдың ақиқатқа жетуiнiң жолдары мен әдiстерi, онiң әдiсi адамның дүниеге қатынасының белгiлi бiр типiн бейнелейдi, соны идеалдық формада дамытады. Адам iс жүзiнде дүниеге қандай қатынаста тұрса, ойлау да сондай қатынаста тұрады.

Қоғамдық өзгерiстердiң барлығы адамдардың өзгеруiнен басталатыны белгiлi. Өйткенi өмiрдiң негiзгi күшi адамдар болып отыр. Адам баласы өзiне берiлген күштердiң арқасында табиғатты игеруге, тани түсуге бар күшiн салады, сол арқылы адамның өзi жаңа сапаға ие болады, олардың дүниенi тануы тереңдеп, оған әсер етуi өзгередi, сөйтiп адамның өз қабылеттерi артады. Осындай танымдық күштiң нәтижесiнде пайда болған компьютерлiк құрал-адамның жасанды нәтижесi бола отырып адамды көптеген қиындықтардан «құтқаратынң көмекшiсiде болады, танымның терең сырларына жетелейтiн жетекшiсi де бола алады. Сондықтан да компьютерлiк сауаттылықты Қазақстан Республикасы бiрiншi орынға қойып отыр.

Адам баласы компьютердi өзiне сай етiп жасады деген пiкiр бар. Әрине адам баласының өң бойында жүрiп жататын биохимиялық, психологиялық процестердi машинаға аудару мүмкiн емес. Себебi, оның құпиясы адам санасына танылмай келедi. Дегенмен де, электрондық көмекшiлерi адамның барлығы болмағанымен, көптеген iс-әрекеттерiн үйренiп, соңында адамның өзiн үйретуге жарап келедi. Сондықтан да компьютердi жасаушы ғалымдардың қызығатын мәселесi-адам мен компьютердiң ұқсастығы емес, керiсiнше, олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы .

Кибернетика атасы ғалым Н. Виннер «машинаның логикасы адамның логикасына ұқсайдың десе, Д. Нейман адамның миы мен машина «миыныңң есептеуi түрлi дей келiп, сол түрлiлiктiң өзi адам миының аса терең құпиясы мол екенiн көрсетедi.

Компьютер қалай болғанда да адам баласының ойлап шығарған құралы. Сондықтан, оның тым асыра бағалануы терiс әсер тигiзуi мүмкiн екендiгiн әр уақытта есте тұтқан абзал. Адам баласының санасы, миы, қызметi-барлығы компьютермен салыстыруға теңдесi жоқ, бағалы нәрселер екенiн де оқушыларға осындай салыстырулар жүргiзiп үйрету керек. Мұның өзi оқушының өзiң-өзi тануға ұмтылысын да қалыптастыра алады. Бiрақ, компьютердiң бұл жердегi артықшылығы-оның тез операциялар мен еске сақтау қабылетiнiң күштi екендiгi.

Қазiргi ғылым мен техниканың, өндiрiс технологиясының қарқынды дамуы, экономиканы көтерудiң күрделi мәселелерiн шешу кезеңiнде мектептегi оқыту оқушыларды белгiлi бiр бiлiм қорымен қаруландырумен шектелмеуi тиiс. Олар алған бiлiмдерiн өз беттерiмен әрi қарай кеңейтiп, тереңдетiп әртүрлi және жаңа жағдайларға қолдана алатындай жоғарғы деңгейдегi ойлау қызметiн дамытуға қол жеткiзу керек.

І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ

  1. Информатиканы оқытудың мақсаттары

Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау элементтерінің орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ-дың пайда болуына байланысты, адам қызметінің жаңа саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңіндетілдік құралдар мен әдістер жеткіліксіз болды.

Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының №444 мектебінде С. И. Шварцурд жоғарғы класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес, С. И. Шварцбурдтың жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.

Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына байланысты. Факультативтік курстың мақсаты - оқушылардың жан-жақты мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Математика және оның қолданулары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрлі деңгейде ЭЕМ-ның қолданылуын қажет етті. “Программалау”, “Есептеу математикасы”, “Векторлық кеңістіктер және сызықтық программалау”. Осы факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.

Білім саласындағы елеулі өзгерістер - еліміздің білімді де білікті азаматтарын тәрбиелеуде зор үлесін қоспақ.

Мектептегі білім сапасын жақсарту мақсатында оқушыларға берілетін білім мазмұны, білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды белгілейтін негізгі нормативтік құжат - пән стандарттарын жетілдіруде.

Информатикадан білім стандартын жетілдіру мақсатында 1998 - 2004 жылғы дайындалған стандарттарға талдау жасалынды. Зерттеу нәтижесінде стандартқа мазмұндық және құрылымдық жағынан түзетулер қажет екені анықталды. Базистік оқу жоспарына сәйкес информатикаға бөлінген сағат санына қысқаруына байланысты, білімге қойылатын талаптар да қайта қаралып нақтыланды.

Жетілдірілген стандарт ерекшеліктеріне тоқталайық. Стандарт құрылымы талапқа сәйкес төмендегідей бөлімнен тұрады:

  • қолданылу аймағы;
  • нормативті сілтемелер;
  • анықтамалар мен қысқартылған сөздер;
  • жалпы ережелер;
  • информатика пәнінің жалпы сипаттамасы;
  • оқу бағдарламаларының түрлері мен олардың мазмұны;
  • информатикадан оқу жүктемесінің көлемі;
  • информатикадан білім берудің базалық мазмұны;
  • оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
  • оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай - ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.

Баланы дамыту сөзін кең мағынада алғанда оның ағзасындағы психикалық және физиологиялық өзгерісі, кез келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға көшу деп түсінеді. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту деп, әдетте, ақыл - ойды дамытуды түсінеміз.

Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл - ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дәрежеде оның ағзасының табиғи дамуына тәуелділігімен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенциалды мүмкіндігінің шекарасын тағайындауға, сондай - ақ, нақты дидактикалық өзгерістің мақсаты мен міндетін анықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдіснамалық мәселесі болып табылады.

Сонымен оқытудың жалпы мақсатына дидактикалық тұрғыдан осылай түсінік беруге болады.

Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіріг қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.

Алғашқы кезеңде (1985 - 86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдік және Отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, компьютерлік сауаттылық басқа пәндерді оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады.

Әрине, компьютерлік сауаттылық курсы оқытудың жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де, курсты оқытудың басты мақсаты орта білім беру мақсатынан туындайды.

Орта білім берудің басты мақсаты - жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін - өзі дамытуға жағдай жасау.

Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:

1. білім беру

2. тәрбиелік

3. практикалық

Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.

Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл - ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.

Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру - дамытушылық мақсаты - оқушының шығрамашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл - ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты - оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.

Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритімдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіріг кезеңдегі өндірістегі рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.

Информатиканы оқытудың практикалық мақсаты - оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінді практикалық есептер шешуге және оны информатикалық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.

Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Инфрматиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді.

Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелілік мақсат - оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.

Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір - бірімен өте тығыз байланысты, оларды бір - бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информаитканың тәрбиелік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу процесіне байланысты нақты мақсаттарға айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіріг қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр.

Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі ретінде анықтауға болады.

Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны жасау - мұғалімнің іс-әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі программамен жұмыс істеу - оқушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру) - олардың бірлескен іс-әрекеті.

  1. Информатиканы оқытудағы оқу үрдісі

Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі ретінде анықтауға болады.

Оқу үрдісі оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны жасау - мұғалімнің іс-әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі программамен жұмыс істеу - оқушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру) - олардың бірлескен іс-әрекеті.

Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрі салыстырмалы түрде елеулі орын алады. Курстың мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ компьютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттің көлемін едәуір кеңейтеді. Әрине, бұл педагогты іс-әрекетінен толық босатады деген сөз емес. Педагогтың оқыту алгоритіміндегі жүзеге асырылатын білімі мен тәжірибелері оқушының өз бетінділігінің жоғарылауына әкеледі.

Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өзіндік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз бетінділігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар. Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару.

Сөйтіп, оқыту әдісі жалпы мағынада, оқушының жеке тұлғалық қасиетін өзгертуге бағытталған танымдық іс-әрекетін басқару әдісі ретінде қарастырылады.

Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді болып есептеледі:

  • Әлем жайында білім
  • Іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері
  • Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері
  • Эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі.

Бұған оқушыларды тәрбиелеудегі педагогтың әсері де қосылады.

Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінділігінің негізгі дидактикалық функциясы оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі репродуктивті іс-әрекетте оқушының белсенділігі төмен болатыны, ал проблемалық іздеу тәсілінде, шығармашылық іс-әрекетте белсенділіктің жоғары болатыны белгілі. Информатиканы қабылдау тәсілі бойынша топтау дәстүрге айналған: сөздік әдіс, пәндік шолу және практикалық.

Сондай-ақ, әдістерді топтаудың төмендегідей негіздері бар: білім алу тәсілі (теория және практика), кері байланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау және өзіндік бақылау), оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект) .

Информатиканың мазмұнына қатысты оқытудың нақты әдісін аталған белгі параметрлердің комбинациясы ретінде түсінуге болады.

Енді информатиканы оқытуға қатысты маңызды деп есептелетін нақты әдістерді қарастырайық.

Әлем жайында білім. Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі, қабылдау, түсіну, еске сақтау арқылы жүреді, Ал, әлемді, мысалы, адамды қоршаған заттар әлемі, оның әлеуметтік ортасы, компьютерлік әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді ақиқаттылық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен олардың арасындағы байланысты оқушылар қоғамының информациялық ресурсына кіру арқылы жәнеЭЕМ-де модельдеу арқылы таниды. Білім беру жүйесінің алдындағы мүмкіндіктер енді ғана ашылуда. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа сүйенеді.

Әлеуметтік орта компьютерлік әлемнің тәртіп ережесі арқылы, компьютерлік желіде, ұжымдық жұмыста адамдардың бір-біріне өзара әрекеттесуі арқылы ашылады. Компьютерлік әлемді үйрену оқушылардың ізденушілік зерттеу іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады, мысалы, компьютердегі ойын ережесін, логикасын меңгеру тәрізді.

Өзіндік тану компьютермен бейнеленетін жеке іс-әрекетін ойлау рефлекциясы арқылы жүзеге асырылады. Компьютер іс-әрекеттің нәтижесін жылдам бере отырып, дәл осындай ойлау сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірибелері. Іс-әрекеттің үлгісін көрсету және инструктаж жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратын жаңалығы мен оқушылардың ізденушілік белсенділігі арқылы беріледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеуде іс-әрекеттің стандарты түріне бара бар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болып табылады. Дайын программа мен диалогты меңгеруде және клавиатурамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.

Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері проблемалық есептер шығару, таныс емес құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалімге тән тәсіл - бір мәнді анықтауды талап ететін есепті қою. Программалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық тәжірибесі - ашық программалар әдісімен берілуі мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі шағын, ол информатиканың жас ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.

Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі. Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынасы процесінде пайда болып, таратылады. Мектеп практикасында оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірибелер жинақталды. Педагогтың жеке басының үлгісін, оның іс-әрекетін, оқушылармен, әріптестерімен және қоғаммен қарым-қатынасын компьютерлік желі арқылы бағалау мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Оқытудың интерактивті технологиялары
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Компъютерлік модель
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Информация, информатика
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz