Түріктердің түсінігіндегі бөрі образы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Көк бөрі сөзінің түрік мифалогиясынан алатын орны
2.Көне түрік мифологиясындағы бөріге табынушылық
3.Көк бөрінің киесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Бөрілі байрақты көтеріп, Көк тәңірге табынған көк түріктің ұрпақтары бүгінгі таңда да өздерінің рухани өмірдегі жеңістері-мен әлемді сүйсіндіріп, жасампаз рухтың өлмегендігін паш етуде. Кең даланы ат тұяғымен дүбірлеткен түркілердің көкірек сарайы тек ерлік пен қайсарлыққа ғана емес, ғылым-білімге де толы екендігін шежіре-жылнамалардан, ел қазынасы - фольклорлық мұрағаттарымыздан да көреміз.
Жануарлар эпосының ішінде ең көп таралған, кез-келген елдің фольклорлық туындыларында мол ұшырысатын бейне – қасқыр болып табылуы тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол қоғам өмірінің сан қырлы аспектілерін ашатын, халықтың дүниетанымын өрнектейтін символ түрінде беріледі. Мәселен, түркі халықтарының нанымында қасқыр – рудың тотемі немесе нагуал, қасқыр – тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы күш немесе шаманның ие-қыласы, қасқыр – адам не сиқыршы ретінде сомдалады. Қазақ ертегілер мен мақал-мәтелдерінде, аңыз-әңгімелерінде, қасқырдың тағылық сипаты, табиғи қылауасы асқан біліктілікпен суреттеледі.
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том – Алматы 2002 ж. 682б.
2. М. Жармұхамедов «Көненің көзі» - Алматы «Санат» 1996 ж,54 б.
3. Ежелгі дәуір әдебиеті – Алматы «Ана тілі» 1991 ж.
4. Образование тюркского каганата и его распад – Өскемен 2004 ж.
5. Қ. Өмірәлиев «Оғыз қаған эпосының тілі» - Алматы: «Ғылым» 1988ж.
6. Тұрсынхан Зәкенұлы «Көк бөрілердің көз жасы» - Астана «Елорда»
7. 2002ж
8. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр – аңыздар» - Алматы: 1985 ж.
9. Жетісу газеті Талдықорған қаласы 14.01.2006ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Түріктердің түсінігіндегі бөрі образы
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Көк бөрі сөзінің түрік мифалогиясынан алатын орны
2.Көне түрік мифологиясындағы бөріге табынушылық
3.Көк бөрінің киесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бөрілі байрақты көтеріп, Көк тәңірге табынған көк түріктің ұрпақтары бүгінгі таңда да өздерінің рухани өмірдегі жеңістері-мен әлемді сүйсіндіріп, жасампаз рухтың өлмегендігін паш етуде. Кең даланы ат тұяғымен дүбірлеткен түркілердің көкірек сарайы тек ерлік пен қайсарлыққа ғана емес, ғылым-білімге де толы екендігін шежіре-жылнамалардан, ел қазынасы - фольклорлық мұрағаттарымыздан да көреміз.
Жануарлар эпосының ішінде ең көп таралған, кез-келген елдің фольклорлық туындыларында мол ұшырысатын бейне – қасқыр болып табылуы тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол қоғам өмірінің сан қырлы аспектілерін ашатын, халықтың дүниетанымын өрнектейтін символ түрінде беріледі. Мәселен, түркі халықтарының нанымында қасқыр – рудың тотемі немесе нагуал, қасқыр – тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы күш немесе шаманның ие-қыласы, қасқыр – адам не сиқыршы ретінде сомдалады. Қазақ ертегілер мен мақал-мәтелдерінде, аңыз-әңгімелерінде, қасқырдың тағылық сипаты, табиғи қылауасы асқан біліктілікпен суреттеледі. Алайда, оның табиғаттағы қайсарлығы мен сақтығына қарамастан бірде ашкөздіктің, бірде ақымақтықтың, бірде қорқаулықтың символы ретінде өріліп, тыңдаушысының танымында жағымсыз ұғым тудыратын тұстары да аз емес. Осы жайттар қасқыр символикасының құрылымын аса күрделендіре түседі.
Көк байрағымызда бейнеленген қыран, барыс тәрізді бөрі симфоликасының да ұлттық санадағы орны ерекше. Символикалардың мәнін түсіндіру халқымыздың сан ғасырлар бойы дәстүрге айналдырған ғұрыптық жоралғылары мен ырымдарының, түрлі ем-домдарының түпкі себебін терең ұғынуға себебін тигізеді. Бұл – халықтың рухани мәдениетінің алғы шарттарын ұғуға, ұлттық санамыз бен үрдісімізді тарих қойнауынан аршып, далалықтар өркениетін мақтан тұтуға жетелейді.

КӨК БӨРІ СӨЗІНІҢ ТҮРІК МИФОЛОГИЯСЫНАН АЛАТЫН ОРНЫ

Түбі бір түркі тілдес халықтардың ауызекі әдебиетінде түбірі, мағынасы бір сөздер көптеп кездеседі. Біреуі өзінің мәнін жоғалтып пайдаланудан шықса, енді бірі уақыт өте бейімделіп, тұрмыс-тірлікте қолданып келе жатыр. Сол сөздердің ішінде Көк бөрі сөзі мені қызықтырды. Бір қарағанда жай ғана бөрі, тарлан қасқырдың түсін білдіретін сөз тізбек сияқты болып көрінгенмен, түбірінде кең мағына жатқанын түсіндіріп көрейін.  Мен Көк бөрі сөзінің мағынасын зерттеу барысында көк сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім.
Көк бөрі – түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көк бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және монғол аңыздарында кездеседі. Көк бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларында сақталып қалған деректерде былай суреттеледі;
Бір халық жаугершілік заманда қырылған екен. Бетпақ дала ішінде аяқ – қолы шабылып жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап жазып алады.
Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып, өлтіргенше буаз қасқыр Гауачан тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Қаншық қасқыр осы үңгірде 10 бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналыпты – мыс. Он ұлының ең күштісінің Ашшина есімі олардың жалпы атына айналыпты, кейін халық үңгірге сыймайтын болған кезде Ашшинаның ұрпағы  Асянь – Шад деген елбасы халықты үңгірден шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен. Енді көк бөрі аңыздарының  шындығы қайсы десеңіз, б.з.V ғасырының бес жүз үйлі бөрі тайпасы  Сарыжазық дейтін өз мекенінен көшіп, Алтайдың оңтүстігіне барып қоныстанады. Бұл заманымыздың 439 жылы болатын. Елді бастап барған бектің  аты – Түркіт екен. Түркіт – дулыға деген сөз – күшті, ержүрек мағынасында айтылады. Түріктер сол заманда – ақ темір қорыта білген. Темірден қару – жарақ, қажетті бұйымдар жасаған. Көк бөрі аңызы осындай тарихи оқиғалардың елесі болуы мүмкін. Түрік тайпалары ежелден өз туына бөрінің бейнесін тоқып салатын, соғысқа шыққанда атының басына бөрінің бас терісін қаптап салатын болған. Қасқырдың төтемдік рөлінің түркі халықтарының танымындағы орны ерекше. Сонау 535 жылы Ергене Күнде көтерілген Алтын бөрі бас ту мен Бөрі (Көк бөрі) деп шақырған ұран олардың ұрпақтарымен тарих көші соқпағында кешегі Хlx ғасырға дейін тозбай, өшпей бірге келді.
Бөрі басы – ұраным,
Бөрілі менің байрағым!
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып жүргенде
Бөлініп қалған жан емен, – деп келетін Сүйінбай ақын жыры осының куәсі. Бұл жыр жалғыз Сүйінбай ақынның сөзі емес, тарихтың сөзі. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін  ержүрек, батыл жігіттерді Көк бөріге теңеп көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді.
Түркология пән ретiнде қалыптасқаннан берi оның зерттеу объектi кебiнесе байырғы Орхон ескерткiштерiнiң тiлi жене оның қазіргі түркi халықтарының тiлiмен болған байланысын зерттеу болып келгенi мәлiм. Ал,  байырғы түркi халықтарының тарихын түркi тiлiндегi байырғы ескерткiштермен, өзге де деректермен, бұдан бұрынғы ғалымдар еңбектерiмен салыстыра зерттеу, әсiресе, аталмыш этностың қазақ тарихымен байланысын жан-жақты қарастыру бүгiнгi отандық түркологияның басты мiндетi болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда, С.К.Игiбаевтiң Түркі қағанатының құрылуы және оның күйреуі атты еңбегi осы бостықтың орынын толтыруға қызмет ететiн тың iзденістің жемiсi деп есептеймiн. Ол бұдан бұрынғы ғалымдар еңбегiн саралай отырып, түркi қағанатының қалыптасуы мен түркiлердiң этникалыкқ тегi, Қытайдың Таң империясымен болған байланысы, кейiн келе Түркi қағанатының орынында пайда болған өзге де қағанаттар туралы тың ойларын, ғылыми дәлелдерiн ортаға салады. Әсiресе, автордың Н.Я.Бичурин мен Л.Н.Гумилев еңбектерiне сiлтеме жасай отырып, олар тарапынан жiберiлген қателер, атап айтқанда, түркi халқы мен олардың билеушi тайпасы ашиналар монғол тiлдес болған, монғол тiлiнiң басқа диалектiсiнде сөйлеген деген пiкiрлерiне тойтарыс береді. Түркiлердiң ата-бабасы ғұндардың да, телестердiң де түркі тiлдес этнос болғандыын бұлтартпас фактiлермен делелдейдi.
Л.Н.Гумилев түрiктер алғашында Алтайға келгенде, олардың жауы алтайлықтар мен осы күнгi қазақтың арғы ата-бабалары болған,-дейдi. Сонда қазақтың ата-бабасы кiмдер едi? Гумилевтiң ойынша, қазақтар ата-бабасынан Түркiлермен мүлде қатыссыз бөгде этнос болғанға ұқсайды. Бұл ХIII ғасырға дейiн монғол үстiртiн мекендеген түркi халқының тарихын түркi халықтарының өзiнен аулақтатқысы келетiн, сол үшiн оларды бiрден монғол тектi етiп көрсетуге тырысатын көне кеңестiк атитүрiкшiлдiк идеологияның бiр көрiнiсi деуге болады. Л.Н.Гумилев бұнымен ғана шектелiп қалмайды, көне түркiлерден соң билiк басына келген ұйғырларды (этнонимi ғана өзгерген түркi тайпаларын) еуропалық нәсiл ретiнде көрсетедi. Бүгiнге дейiн көптеген ғалымдар олар айтқан жаңсақ пiкiрлердi бiрiнен соң бiрi көшiрiп алып пайдаланып келедi. Сөйтiп, түркi халықтарының тарихын көне түркi қағанатының тарихымен байланыстырғысы келмейтiн, керағар бағыт-бағдар беретiн концепция ғылымда әбден орнығып алған. Бұл еңбекте осы тектес концептуалды мәселелерге теориялық және дерекнамалық тұрғыдан талдау жасай отырып, қателiгiн ашып керсетедi. Түркi қағанатының құрылған жылын, бәз бiреулер айтып жүргендей, 545 жыл емес, қайта 535 жылдан да бұрынырақ екенiн атап көрсетедi. Бұл үшiн 535 жылы Қытайдың Вэй патшалығының түркi ордасына елшi жiбергендiгiн басты дерек ретiнде көрсетедi. Түркi тарихын зерттеп жүрген ғалымдар А.И.Крукчи мен С.А. Примбетовтардың Л.Н. Гумилев пiкiрiне сiлтеме жасай отырып, VI ғасырдың басында түрiктер Қытайдың боданы едi деген пiкiрiн жоққа шығарады. Көптеген зерттеулердi, деректердi пайдаланып, Батыс жене Шығыс түрiк қағанатының ресми бөлiнген жылы 584 жыл екендiгiн көрсетедi. Сонымен бiрге, шығыс түркiлерiнiң Қытай қоластына қараған жылы жұрт айтып жүргендей, 50 жыл емес, айналасы 30 жыл екендiгiне сiлтейдi. өйткенi, 650 жылы Шығыс Түрiк қағанаты өмiр сүруiн тоқтатты. Бодан болды. Бiрақ 679 жылдан басталған көтерiлiстiң әсерiмен 693 жылы Шығыс түрiк қағанаты қайта кұрылады,— дейдi автор. Бұдан Шығыс түркi қағанатына тән түркi тайпаларының бодандыққа мүлде мойын ұсынып кетпегендiгiн .байқауға болады. Бұл түркi халықтарының кейiнгi тағдыры мен өткен тарихының арасында елдiк пен ұлттық рухты сақтау жолында белгiлi дәстүр сабақтастығы жатқандығын көрсетедi.
Сондай-ақ, еңбекте Түркi қағанаты мен одан соңғы ұйғыр, қарлұқ, түркеш, қыпшақ мемлекеттерiнiң тарихи сабактастығы туралы да ой өрбiтедi. Еңбектiң жалпы құрылымынан қарағанда, қыпшақ мемлекетi байырғы Түркi қағанатының заңды жалғасы ретiнде жарастырылады. Өйткенi, қыпшақтар да бiр кезде Орхонның шығысындағы байтақ даланы мекендейтiн түркi тайпасы болатын. Батыс түрiк қағанаты кезiнде олар тарихи деректерде айтылатын қимақтардың бiр тайпасы ретiнде дамыды. Түрiктердiң жол астында болып, түркi тiлiнде сөйледi. Батыс түрiк қағанаты жойылғаннан кейiн олар түрiктердiң өзге тайпаларынан бөлiнiп шығып, VIII ғасырда Ертiс өңiрiне иелiк еттi. IХ ғасырдың соңғы жарымында олар Ертiс бойында Кимак мемлекетiн жұрды. В.В.Бартольд те кыпшақтардың осы қимақтар негiзiнде дамып, жарыққа шыққандығын алға        тартады.
Мына төмендегі аңызда Оғыз қаған жыры туралы бейнеленеді.
Күндерде бір күні Айқаған деген анадан еркек бала туады. Оның шырайы көк, аузы оттай қызыл, көздері қаракер, шашы мен қасы қара болатын. Ол анасының омырауынан бір – ақ  рет емеді де, шикі ет, тамақ сұрайды. Тез тілі шығып, қырық күнде жүріп, ойнауға жарайды. Бөрі белді, бұлғын жаурынды, аю кеуделі, өгіз аяқты болады. Өсіп – жетіледі. Сол маңда үлкен орман бар еді. Онда бір Қат дейтін жалмауыз аң пайда болып, ел – жұртты жеп қояды екен. Оны аулауға Оғыз қаған шығанды. Орманға барады да, бір бұғыны ұстап алып, талдың шыбығымен ағашқа байлап кетеді. Ертеңіне қайтып келсе, Қат бұғыны жеп қойыпты. Енді бір аюды ұстап алып, алтын белбеумен байлап кетеді. Оны да жеп қояды. Одан кейін өзі кеп тұрады. Қат келіп мүйізімен ұрғанда, найзамен түйреп, қылышпен басын шауып алады.
Бір күні Оғыз қаған ел – жұртына жарлық шашып, той жасайды. Тойдан соң, Көк бөріні ұран етіп, дүниенің төрт бұрышына қаған болмақ ойы бар екенін айтады. Оң жағындағы Алтын хан бірден бағынадыюСол жақтағы Үрім хан: Сөзін қабылдамаймын. Тұрысамын! – дейді.
Оғыз қаған Үрім ханға қарсы аттанады. Қырық күн өткенде Мұзтаудың түбіне келген соң, шатырын түсіріп, ұйықтап кетеді. Таңертең шатырға күндей жарық түсіп, жарықтан Көкжал бөрі шығып, Оғыз әскерлеріне жол сілтеп, Еділге келгенде тоқтайды. Осы жерде жеңіске жетеді.
Бұл аңыздан Көкжал бөріні тағы бір қырынан танығандаймыз.
Зәкенхан Тұрсынханұлының Көк бөрінің көз жасы кітабы. Зәкенхан Тұрсынханұлының бұл еңбегінде XII – XIII ғасырдағы Орта Азыяға Шыңғыс хан мен оның балаларының жасаған шапқыншылығы, жергілікті халықтың жанкешті қорғанысы,  көрген бейнеті, көз жасы көркем тілде суреттеледі.
Ал, автордың романды неге Көк бөрілердің көз жас деп атағаны, менің ойымша  кітаптың өз атында тұрған секілді. Себебі: Шыңғыс, Жошы шапқыншылығынан кейін күйзелген ел, жаншып басса да, жалғызын өлтіріп жылатып еңіретсе де берілмей бекем болған, езгінің астында ақситып азу тісін көрсеткен, қайсар да қайратты елді бөрі демей кім дерсің?
Ал, қазақ тарихының басқа кезеңдеріне келсек, қай кезеңін алсақ та сол қайсарлықтың ізін көріп қалғандаймыз. Мысалы: жетпіс дыл бойы Кеңес еліне бодан болған, диктаторлық саясатта тәрбиеленген қазақ жастарының біртұтас Қазақстанның еркіндігі үшін жаппай көтерілуіне не себеп? Ата – бабамыздан мұраға қалған қанымызға сіңген ЕРКІНДІК пен БОСТАНДЫҚ сүйгіштігіміз бе, әлде сол қанымызға қосқан БӨРІ – АНАмыздың үлесі ме? екеуі де, шындыққа ұласатын секілді. Себебі, басып – жаншып, өз ой, өз арманынан айрылған көнбіс халықтың бір күнде көтеріліске шығуына кім, не себеп? Әрине, бұған себеп қанға сіңген рухтық – киелі қасиет. Ертеңгі күнге деген сенім мен күшті біліктің арқасында қазіргі теуелсіздігімізге жеткеніміз дәлел.
Көк бөрі, Көк- сөздері. Біз үшін киелі, қадірлі, қасиетті. Дәл осы сөз алпыс екі тамырында қазақтың қаны ойнаған бойындағы ар – намыс пен қазақтың қамын ойлаған мынау алып даламның төсін емген осы бір құт мекенде өсіп – өнген көшпенділер деп аталған бабалардың көшіне енген бар қазақтың қан жүрегінде сақталатын, құранның аятындай жатталатын сөз болса керек. Арқадағы Ақорданың төрінен көкке өрлеген көк байрақпен көгіме арғы тегі Көкбөрі деп саналған қайсар мінез қазақтың тәуелсіздік қыраны қалықтаған күні туды. Қанша ғасыр өтсе – дағы көнермеген, тозбаған, айтқан сайын рухыңды қозғаған, тыңдағанда көкірегіңде намыс оты маздаған дәл осындай құдіретті сөз, қазағымның бүгіні мен ертеңінде талай- талай жас оттарды маздатып, өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды іздеуге себеп болары қақ. Жаңа ғасыр таңы тағы атқанда, қазағымды әлем танып жатқанда, Көкбайрағым көтеріліп аспанға, ынтымақ пен ырысымыз жарасқан бұл шақтарда көк аспан, ата-баба рухына сиына отырып жахандану көшіне алға тарқанда Қазақстан елі Евразия ғана емес бүкіл әлемге танымал болды. Бұған көптен себеп елбасы президентіміз Н.Назарбаевтің ұстанып отырған достық, ынтымақтастық саясаты болса керек. Көк байрақтың астында, иманды сөзі аузында, Алла деген ел- жұртымның берекесі берік, алты ауызы түгел      болғай!
Көне түрік мифологиясындағы бөріге табынушылық
Олардың ата тегін білу, арнайы зерттеу Орталық Азия халықтарына бағзы заманнан бері тән құбылыс. Ерекше бір қайран қаларлығы, қандай да бір аңды олар өздерінің арғы тегі деп санайды. Мысалы тибеттіктер өздерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі мифологиясы
«Ағылшын және қазақ фольклорындағы мифтік образдардың типологиялық ұқсастықтары мен ерекшеліктері»
Оғыз қаған тарихи жұрт
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ит зоонимдік метафорасының ұлттық сипаты
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
Көне түріктердің діні
Қазақтың ұлттық дүниетаным ерекшелігі
Түркілердің өміріндегі бөрінің орны
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
Қасқыр бейнесінің поэтикасы
Пәндер