Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру


МAЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ . . . 2
1 ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ
САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ТЕOPИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының
педагогикалық мәcелелеpі . . . 11
- Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының ынтымақтастығының
түрлері . . . 23
1. 3 Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының
педагогикалық шарттары . . . 31
- ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ
САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ӘДІCТЕМЕCІ
2. 1 Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын жүзеге
асыру мaзмұны . . . 44
2. 2 Мектепке дейінгі мекеме мен отбасындағы тәрбие үдерісі
сабақтастығының фopмaлapы мен әдіcтеpі . . . 54
2. 3 Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының
педагогикалық-тәжірибелік жұмыстары . . . 73
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДЕБИЕТТЕP ТІЗІМІ . . . 92
ҚOCЫМШAЛAP . . . 95
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Астана: Елорда, 2008.
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана, 2004.
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, 2010.
Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу және білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі. - Астана: 2010.
«Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы. - Алматы: 2006. 172 б.
Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңы. 2002
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие және оқыту негізгі ережелері
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:
Отбасы - ең жақын әлеуметтендіру ортасы ретінде өмір құндылықтары, оның мақсаты, нені біліп, өзін қалай ұстаудың маңыздылығы жайындағы алғашқы мәліметтерді беріп қана қоймай, сонда-ақ басқалармен қарым-қатынас жасауға тәжірибе барысында дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін іс жүзінде байқайды. Отбасындағы әртүрлі оқиғалармен мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.
Отбасы тәрбиесі дегеніміз - әке-шеше мен баланың қоғамда қабылданған адамгершілік және құқықтық жүйедегі өзара қарым-қатынасы.
Қарым-қатынас дегеніміз - өзара пікір алмасу, қайғымен қуанышта серік болу сияқты үлкен ауқымдағы эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас тікелей «бетпе-бет» не болмаса белгілі бір құралдардың көмегімен (техникалық, электрондық), не іс әрекет арқылы, кәсіптік сферада, достық, жолдастық - диалог, әріптестік, монолог, отбасында туысқандық байланыстар негізінде т. б. болуы ықтимал.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады.
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтастық - дамудың әртүрлі кезеңдерінің арасындағы ерекше байланыс, оның мәні тұтасты жүйе ретінде өзгерткенде оның элементтерін сақтауда. Сабақтастық оқу-тәрбие процесіндегі құбылыстардың сәйкестілігімен анықталады.
Шарт - өзара келісім, талап, тілек, міндет.
«Педагогикалық шарттар» ұғымы - «қойылған міндетке жеткізуді қамтамасыз ететін оқытудың мазмұны және ұйымдастыру түрлерінің обьективті мүмкіндіктері мен оларды жүзеге асырудың материалдық мүмкіндіктерінің жиынтығы» деп анықталады.
«Дидактикалық шарттар» ұғымы - дидактиканың пәніне байланысты айқындалады. Дидактика оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қарастырады.
Күн режимі - бір тәулік ішіндегі уақыт мезгілдерінің дұрыс бөлінуі: ұйқы, сергіту, тамақтану процестерінің дұрыс алмасып, кезектесіп келуі. Режим бойынша тамақтанулар аралығында белгілі тәртіппен үзіліс сақталу керек.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
БҰҰ - Бүкілодақтық ұлтаралық ұйым
КТУОБжОО - Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі . Тұрақты дамитын және бәсекелесуге қабілетті мемлекетті құра отырып, Қазақстан Республикасында балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балаларға арналған саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында соңғы жылдары Қазақстан Республикасы балалардың құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдармен қызметтестік тәртіпте жұмыс жасауда. .
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында “Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрi парызы, кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi”, - деп көрсетiлген [1] .
Елiмiздiң қайта толықтырылып 2002 жылдың 1 шiлдесiнде берiлген “Неке және отбасы туралы” Заңында “Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайтумен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы”, - деп анықтама берiледi [2] .
Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өте оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны енгізу талабы қойылып отыр. Елбасымыз Жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады»- деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, адам капиталын қалыптастыру міндетін жүктейді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиясын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен отбасында және балабақшада баланы жан-жақты қалыптастыруда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану басты мақсаттардың бірі [3] .
Қазақ балабақшаларына арналған «Балбөбек» бағдарламасында: «Балабақшадағы ұйымдастырылған іс-шараларға ата-аналардың қатысуы, балалар және тәрбиешілермен бірге ұйымдастыруы барысында, балалар үлкендермен ілтипатты қарым-қатынас жасауға үйренеді. Осылайша, бағдарлама мазмұнын бірлесе жүзеге асыруда отбасы мен балабақша арасында педагогикалық ынтымақтастық қалыптасып, бала тәрбиесі ортақ мүддеге айналады» делінген болатын [4] .
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “ . . . халық Аллаһына, Тәңiрiне сенiп, ертеңгi күнiн, аржақтағы ана дүниеге баратын күнiн ойлап, дүниедегi мынау бүгiнгi күннiң күйбеңiмен жүре бермей, Пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с. ғ. с. ) хадистерiне сәйкес өмiр сүрсе деймiн” деген сөзiн басшылыққа ала отырып, мұсылман балаларына қасиеттi хадистерiмiзде де отбасылық өмiрмен өмiрге бала әкелiп, дұрыс тәрбие беру мәселесi жақсы айтылғанын еске алғанымыз жөн. Ислам дiнi кез келген ата-анаға мынадай үш мiндет жүктейдi: Бiрiншiсi, балаға көркем ат қою; Екiншiсi, дiннiң әдептi тәрбиесiн сiңiру; Үшiншiсi, тәрбиелi отбасымен құда болып, баланы айттырып үйлендiру. Ер кiсi - жанұяның тәрбиешiсi. Сондықтан - ол отбасы тәрбиесi үшiн жауапкер. Әкенiң бұл өмiрде баласына сыйлайтын сыйлықтарының iшiнде ең қымбаты және баға жетпес асылы - көркем әдептi тәрбие (Пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с. ғ. с. ) хадистерiнен) . Отбасы-неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар бір-біріне көмектесу және жауапкершілік алуға, тұрмыстық жалпылы-лығымен байланысады (Юстицкий В. В., Эйдемиллер Э. Г. ) .
Оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін көтеру мәселесі мектепке дейінгі мекеме-лерде біліктілікті жоғары мамандармен қамтамасыз етуге байланысты. Оңтайландыру мәселесіне келгенде, тағы бір оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыратын жол айтуға болады: ол ата-аналарды білім беру үрдісіне қосу. Бұл идея өзлігінен жаңа емес. Ата-аналар баланың жетілуіне аз жауапкершілікте емес, оларға қосымша бала тәрбиелеуге тәсілдеме беруді жүзеге асыру керек. Одан басқа бұл тәсілдеме тәжірибелік қызметті ұйымдастыруда біржақтылықтан құтылдырады, ата-аналарға оқыту мен бала тәрбиелеуде толығымен қатысуына мүмкіндік береді. Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін оқу-тәрбие жұмысын қайта қарау керек [5] .
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты» атты Жолдауы еліміздің ұзақ мерзімді дамуынағы жаңа белестерді айқындайтын маңызды тарихи құжат болып табылады. Президенттің білім беру, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселесіне тоқталуы, осы сала қызметкерлерінің өз ісіне деген жауапкерші-лікті арттыра түспек. Бұл Жолдауда Елбасымыз білім беру саласындағы басымдықтар жайлы бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керектігін айта келе, «Балапан» бағдарламасының 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдағандығы жайлы айтып өтті [6] . Елбасы Н. Назарбаев «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті» деп атап көрсетті. Жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуының негіздері мектепке дейінгі мекемеден бастау алады. Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырып, дамыту үшін оның ішкі дүниесімен қыр-сырын анықтап, мүмкіндіктерімен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Сонымен, еліміздің келешегі жастарда десек, оларды балабақшадан тәрбиелеудің тың жүйесі керек болды. Міне осы мезетте мемлекет басшысының бастамасымен 2010 жылы елімізде «Балапан» бағдарламасы өмірге келді [7] .
Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі қоғамдық білім және тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қоюда. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті - бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп, жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі қоғамтану, педагогика, психология, саясаттану, әлеуметтану, философия, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуында отбасының негізгі орнын баса көрсетуде. Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы және қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі отбасы тәрбиесіне, оның құрылымымен қарым-қатынас сипатына ықпалын тигізіп отырады. Қоғамның даму бағытының жаңа сипаты кейбір жетістіктерге алып келгенімен, отбасы тәрбиесінің мәлім тұстарына нұқсан келтіргені де хақ. Мұндай жағдайда ата-ананың педагогикалық сауатын ашу бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі екені айқындала түседі. Өсіп келе жатқан жас буын тәрбиесіндегі қоғамдық мекемелердің мәнін ескермеуге болмас, алайда, отбасының ондағы ерекше орнын өмір өзі дәлелдеп отыр. Белгілі психолог ғалым С. Л. Рубинштейн қоғамдық мекемеде отбасына тән балаға болған сезімталдық қарым-қатынас пен табиғи жылулықтың жетіспейтіндігін атап өткен.
Ата-ана өзінің балаларын қандай адам етіп тәрбиелеуін өздері біледі. Отбасындағы тәрбиеде қолданатын әдістері де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескерілетіні бар. И. Г. Песталоцци отбасы, баланы өмірге іс-әрекет арқылы тәрбиелейтінін белгілесе, А. В. Петровский әр отбасының өзіне ғана тән тәрбиелеу жүйесінің болатынын зерделеген. Алайда, кеңес одағындағы идеологияға сәйкес отбасындағы тәрбие адамның өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сондықтан да, кеңес одағындағы азаматтардың өмірлері туған күндерінен бастап, алдын-ала жоспарланатын - ясли, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары және жоғары мектеп баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жұмыс жүргізіле бастады [8] .
А. В. Мудрик отбасы тәрбиесіне ықпал ететін басты факторларды: әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, техникалық-гигиеналық, демографиялық тығыз байланыста қарастыру қажет екендігін атап көрсетеді.
Қазіргі заманғы отбасылардың дефектілерін «неблагополучные» дейді М. И. Буянов, ажырасудың бала психикасына әсерін Х. Фигдор және З. Матеичик, екінші некенің бала тәрбиесіне, дамуына теріс ықпалын А. И. Захарова, Е. П. Арнаутова, Е. И. Кульчицкая, жалғыз бала тәрбиесі туралы А. П. Усова, егіздер тәрбиесін Р. Скиннер, К. Витек т. б. зерттеген. Ата-ана қарым-қатынасына баланың көзқарасы және отбасында өзінің орнын сезінуіне Д. В. Винникотт, В. Абраменкова, К. Витакер, М. Лисина, Ю. Б. Гиппенрейтер, Л. Ф. Обуховалар, психологиялық талдаулар жүргізіп, практикалық нұсқаулар берген.
С. А. Беличева отбасы тәрбиесінде осы уақытқа дейін зерттелмеген бірқатар мәселелердің бар екендігін атап өткен. Олар мыналар:
- одақ кезінде қоғамдық мекемелердегі тәрбие мәселелеріне ерекше мән беріліп, ұзақ уақыт отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы ескерілмеген;
- отбасы тәрбиесін зерттеуді бір ғана педагогика ғылымының аясында жүзеге
асыру сыңар жақтылыққа әкеліп соқтырады. Оны зерттеуді көптеген ғылым салаларының тоғыстыра, кешенді жүргізудің күрделілігінде;
- әрбір отбасында жат адамдарға, зерттеушілерге көрсете бермейтін құпия тұстарының болуы;
- отбасы тәрбиесін зерттеу кәдімгі дәстүрлі зерттеу әдістерінен басқа тәсілдерді қолдануды талап етеді;
- отбасы иелері: ата-аналардың педагогикалық сауатының болмауы, не жеткіліксіздігі мен бала тәрбиесіне көзқарасының қалыптаспағаны [9] .
Келтірілген проблемалардың алғашқы төртеуіне қатысты бірқатар ғалымдардың еңбектерінен жекелеген ой-пікірлерді табуға болады. Ал бірақ, «Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына» (КТУОБжОО) орналастырылған балалардың ата-аналарының сауатын ашып, оларды отбасы тәрбиесінің аса маңызды педагогикалық шарттарымен қаруландыру осы уақытқа дейін Отандық педагогикада қарастырылмаған.
Отбасында бала тәрбиелеу ешқандай дайындықты керек етпейтін қарапайым әрекет секілді болып көрінеді. Көпшілік адамның мұндай көзқараста екені оларға қойылған сұрақтар мен өткізілген сауалнамалардан белгілі болды. Мұндай көзқарасты кезінде К. Д. Ушинский «педагогикадағы надандық» деп санаған . Жалпы мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесі жан-жақты зерттеліп келгенімен, ата-аналарды отбасында бала тәрбиесін ұйымдастыруға дайындау мақсатында тәрбиешілердің педагогика, психология саласынан қарапайым болса да білім беріп, сауатын ашу мәселесі Отанымызда әлі күнге зерттеуге алынбаған.
Осы және басқа да пайымдауларымыз мынадай қайшылықтардың бетін ашты: көріп отырғанымыздай, отбасы тәрбиесінің ғылыми-теориялық, тарихи-педагогикалық тәжірибесінің молдығына қарамастан, олардың осы уақытқа дейін практикада қолданылмауы арасында; отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың мүмкіндігі мен оның педагогикалық шарттарының айқындалмауы арасындағы қайшылықтар диссертациялық жұмысымыздың зерттеу тақырыбын « Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының педагогикалық шарттары» деп белгілеу қажеттігін көрсетті.
Зерттеу объектісі - Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының педагогикалық шарттары
Зерттеу пәні - Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдары
Зерттеу мақсаты - Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Зерттеу міндеттері:
- Қазіргі заман отбасындағы тәрбие үдерісінің ерекшеліктерін ашып көрсету;
- Бала мен ата-ана қарым-қатынасының педагогикалық-психологиялық тұстарына сипаттама беру;
- Балабақшамен ата-ана қарым-қатынасындағы балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың сабақтастық жолдарын айқындау;
- Отбасымен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттыру жолдарын, әдіс-тәсілдерін көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні
1. «Сабақтастық», «Педагогикалық шарт», «Отбасы», «Ата-ана», «қарым-қатынас», ұғымдарының мәні нақтыланып, мазмұндық сипаттама берілді;
2. Балабақша мен ата-ана қарым-қатынасының мазмұны анықталып, сабақтас-тық мүмкіндіктері айқындалды;
3. Отбасында ата-ананың мектеп жасына дейінгі балаға тәрбиелік ықпалының мәні құрылымдық үлгісі жасалып, педагогикалық шарттары негізделді;
4. Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының педагогикалық шарттарының әдістемесі жасалып, тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өтті.
Зерттеудің практикалық мәні : жоғары оқу орындарының студенттері мен тәрбиешілерге, ата-аналарға арнап: Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының педагогикалық шарттары оқу-әдістемелік нұсқаулық. Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнаулы орта педагогикалық оқу орындарында, отбасымен балабақшадағы тәрбие үдерісінің сабақтастығын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері : халықтың материалдық және рухани мәдениетті жасау мен сақтауда, олардың мықты сабақтастығы рөлін, ежелгі мәдени мұраға деген көзқарасын, қазақ этнопедагогикасын және оның жүйеленген компоненттерін зерттеуге бірыңғай көзқарасты білдіретін философиялық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық, этномәдениеттік, педагогикалық тұжырымдамалар; ұлттық мәдениеттің тәрбие жұмысындағы орны туралы ілімдер; жалпыадамзаттық құндылықтардың негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын құжаттар болып табылады.
Зерттеу әдістері : ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат; «Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының педагогикалық шарттары» тақырыбына сәйкес бақылау-зерттеу жұмысы; сауалнама және тест арқылы білім-білік тексеру; алынған нәтижелерді статистикалық зерделеу.
Диссертациялық жұмыс құрылымы: Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ТЕOPИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығының педагогикалық мәcелелеpі
Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасы міндеті көрсетілген болатын [1. 6-б. ], «Қазақстан-2030» [6] бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен қатар, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті берілген.
Сонымен, отбасының ежелден-ақ өзіне сай қасиетті міндетін орындау қажеттілігі арта түсуде. Адамзат қоғамының дамуы тарихында қалыптасқан тәрбиелеу мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен мүмкіндіктері туралы К. Д. Ушинский, Я. А. Коменский, Н. К. Крупская, В. Г. Белинский, Н. Н. Хан, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. П. Сейтешов А. Құнанбаев, М. Ә. Құдайқұлов, А. А. Бейсенбаева, Қ. К. Жампейісова, Г. Т. Хайруллин, В. В. Трифоновтар маңызды педагогикалық ой пікірлерін қалдырды.
Сондай-ақ, халықта қалыптасқан тәрбиелік тәжірибені оқу-тәрбие үдерісіне енгізу туралы Я. И. Ханбиков, Г. Н. Волков, А. Ш. Гашимов, М. Сейфуллаева, С. Қ. Қалиев, Т. Г. Тимошина, Қ. Б. Жарықбаев, М. Х. Балтабаев, Ә. Табылдиев, К. К. Қожахметова, С. А. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай, Қ. Қ. Шалғынбаевалар өз еңбектерінде тұжырымдады [10] .
А. С. Макаренко отбасы тәрбиесінің негізі еңбекте екенін айта келіп, балаларды отбасы өміріне қатыстыру ерте кезден ойын әрекетінде, соңы еңбекке ұласа отырып басталуы керек деген болатын.
Оның «Ата - аналар кітабы», «Тәрбиенің жаңа жолдары», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар» және басқа да еңбектері ата - аналарға, отбасы тәрбиесіне бағытталған. Отбасында ата - ана алдындағы тұрған негізгі міндет- бала тәрбиесі екенін кеңес педагогтарының бірі - В. А. Сухомлинский былайша түсіндіреді: «Егер де сіз жер бетінде өзіңізден кейін із қалдыруды армандасаңыз - көрнекті жазушы немесе ғалым болуыңыз міндетті емес. Жақсы бала тәрбиелеп -ақ өзіңізге қоғамнан берік орын қалдыра аласыз» - деп, ата - ананың қоғамдағы ең бірінші міндеті - бала тәрбиелеу екенін ескертеді. Олай болуды қоғамның өзі талап етіп отырғанын айта келе, «Адам - дүниедегі барлық бағалының ішіндегі жоғары бағалысы. Біздің әрқайсысымыз, құрметті әке мен ана мынаны түсінуіміз керек. Тәрбие көрмеген шала сауатты, надан адам бүлінген двигательдермен, аспанға көтерілген самолетпен бірдей өзі күйрейді, жұртқа да өлім әкеледі».
Қазақ ағартушылары да отбасы тәрбиесі мәселесін назардан тыс қалдырған жоқ. Оның ішінде Абай Құнанбаевтың алатын орны ерекше.
Абай отбасында баланы тәрбиелегенде оның жас және психологиялық ерекшелігін ескеріп отыру керектігін түсіндіріп талап етеді. Оның ойынша, баланың алғашқы тәрбиешісі - бұл ата-ана болуы керек. «Әне, оны әперем, міне, мұны берем» деп, басында балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңында балаң алдамшы болса, кімнен көресің
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz