ДҰҒАЛАР ҚАСИЕТІ


ТЫРЫСҚАҚ
Тырысқақ ауруына да Құран аяттарының тигізер емдік пайдасы зор. Ол үшін фарфор тәрелкеге сары түсті тағамнан дайындалған сиямен төменде келтірілген Құранның Рахман сүресінің 13-аятынан алынған дұға сөздерін жазыңыз
Содан кейін тәрелкені әкті сумен шайып, сол суды науқас адамға бірнеше рет ішкізіңіз. Әкті суды дайындау үшін әк кесегін суға еріту керек, сонда су қайнайды. Содан кейін ерітіндіні тұндырып, бетіндегі суын жайлап құйып алады. Осы суды әкті су деп атайды.
Егер бір себептермен әкті суды дайындау мүмкін болмаса, оның орнына қызыл бұрыштың кепкен 4 дәнін алып, келтірілген дұғаны оқып, дәндерге үшкіру керек. Осы дәндерді науқас адам сумен ішуі тиіс. Бұл емді ауру толығымен жазылып кеткенше жасаған жөн.
ТЫРЫСПА, СІРЕСПЕ
Ақ фарфор тәрелкеге сары түсті тағамнан дайындалған сиямен төменде көрсетілген сөздерді жазыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим
Йа Хайю Кабла Кулли шаин Йа Хайю Баъда Кулли Шаин
Йа Хайю Кабла Кулли шаин Йа Хайю Баъда Кулли Шаин
Йа Хайю Кабла Кулли шаин Йа Хайю Баъда Кулли Шаин
Тәрелкені сумен шайып, суды науқас адамға күніне 2 рет - таңертең және кешке 11 күн бойы ішкізіңіз.
ТІК ІШЕКТІҢ АЙНАЛУЫ
Кейде ересектер сияқты кішкентай балалар да іш қатуынан зардап шегіп, геморроймен ауруының салдарынан тік ішегі айналып кетуі мүмкін. Бұл ауруды жазу аса қиын емес. Дәретке отырып, ішті босатқаннан кейін, сол қолдың ортаңғы саусағы көтеншекке тиетіндей етіп дәрет алу керек. Жуыну кезінде «Фаълун Фаълун Фиъал» деп оқыңыз. Бұны 2-3 рет қайталасаңыз жеткілікті.
ТІС АУРУЛАРЫ
Тістің әртүрлі аурулары
а) Тістің ауруларының (тістің тасы, қызыл иектің қабынуы, сүйек қабығының қабынуы, тістің шіруі, сарғаюы, тістегі дақтар, тістің түсуі) кез келген түріне Құран дұғалары да көмектесетіндігін діни ғұламалар дәлелдеген. Ол үшін таңертең бір стақан су алып, «Уәл Джуруху» деп 9 рет қайталап оқып, суға үшкіріңіз. Науқас адам сол сумен тісін шайсын. Жақсылап тісін шайғаннан кейін бір жұтым су ішсін. Одан кейін жарты сағатқа дейін ештеңе ішіп-жеуге болмайды.
ә) Науқастың ауру тісін бас бармақ пен сұқ саусағыңызбен ұстап, Құранның 99-Зілзал сүресінің 1-аятын «иза зулзилатил арду зилзалаһа» деп оқыңыз да, үшкіріңіз.
Тістің қызыл иегінің қанауы
Тіс ауруларының асқазан жұмысымен тікелей байланысты екенін естен шығармаңыз. Егер адамның асқорыту жүйесі дұрыс болса және ол үнемі тісін тазалап жүрсе, тіс ауруы сирек мазалайды. Пиореяда тіс түбірі қабынып, тістің қызыл иегінің еті қанайды. Асқорыту жүйесін қалпына келтіріп, тісіңізді тазалаудан басқа мынадай шараны жасаңыз: күн шығар алдында саумалдықтың бір жапырағын алып, бір рет «Илла Аджалин Мусамма» деп (Құран, Әл-Қадж сүресі, 5-аят) оқып, жапыраққа үшкіріңіз де оны науқас адамға шайнатыңыз, бірақ сілекейін жұтпасын. Одан кейін жапырақты түкіріп тастасын. Тағы да сондай жапырақ алып, оны да үшкіріп, науқасқа беріңіз. Осылайша бірінің артынан бірін 3 жапырақ шайнау керек. Жарты сағаттан кейін науқас адам аузын шайсын. Бұл шараны күніне 3 рет қайталаңыз.
ТІСТІ ШЫҚЫРЛАТУ
Кейбір адамдардың ұйықтап жатып тісін шықырлатуының бір себебі - ішек құртын жұқтырып алуы. Себебі қандай болса да, бұл аурудан айығу үшін мынадай ем-шара қолдануға болады. Ұйықтап жатқан науқас адамның бас жағына келіп, даусыңызды қатты шығармай, Қасиетті Құранның 19 Мәриям сүресінің 1-аятын «кф, хаа, йаа, ин, сд» деп бір қалыпты оқыңыз.
ҰЙҚЫ КЕЗІНДЕ ЖҮРУ
Кейбір адамдарда ұйықтап жатқанда, ұйқысы ашылмастан жүріп кететін жағдайлар болады. Бұл жағдайын олар өздері біле де, түсіне да алмайды. Белгілі аралыққа жүретіндер де кездеседі. Бір ғажабы - бұлар қандай жағдайдағы аралықта жүрсе де, ешқандай ыңғайсыз құлау, жарақаттану, айқайлау сияқты әрекеттерге бармайды. Қысқасы, олардың миының ойлау мен басқару жүйкесінің қызметін басқа бір белгісіз құдіретті күштер билеп, басқарып, қайтадан оны орнына әкеліп жатқызатын сияқты. Бұл дерттен арылу үшін 10 парақ қағазға 10 рет төменде келтірілген дұға сөздерін жазыңыз:
Бір парақтан жасалған тұмарды науқас адам мойнына тағып жүруі тиіс. Қалған тоғызын сумен шайып, сол суды науқас адамға таңертең 9 күн бойы ішкізіңіз.
ҰЙҚЫСЫЗДЫҚ
Ұйқысыздықтың негізгі себептері - қайғы-қасіретті сарыуайымға салыну, мазасыздану, жабығу, жалғыздылық, жоқшылық, ми жасушалары мен ұлпаларының құрғай бастауы. Ұйқысыздықтан құтылу үшін, алдымен, жағымсыз ойлардан арылуға тырысу керек. Ол үшін бұны бір нәрсеге зейін салу әдісі арқылы жүзеге асыруға болады. Төменде көрсетілген жаттығу адамды тыныштандырып, мазалаған ойлардан арылтады.
Жұмыстан келгеннен кейін ыңғайлы тегіс төсекке түзу жатып, денеңізді босатыңыз. Көзіңізді жұмып, ішіңіздің төменгі жағында орналасқан үлкен шыны құмыра сіздің денеңізді мойныңыздан кіндігіңізге дейін жауып тұр деп елестетіңіз. Бұл құмыра суық әрі жағымды жарыққа толы. Осы суретті санаңызда бекітіп, төменде келтірілген Құранның Бақара сүресінің 1-3-аяттарындағы мәтінді бірнеше рет оқып қайталаңыз. Осыдан кейін Аллаһтың рахымымен тәтті ұйқыға батасыз.
Бисмиллахир рахманир рахим
Әлиф ләм мим заликал Китабу ларайба фихи Худаллил
муттакийн
Аллазина Юуминуна билгайби
Уә юкиимунасслата уәмимма разақнаһум юнфикун
әллазина юминуна бима унзила илайка
Уәма унзила мин каблика уәбилахирати хум юкинун
ҰРЛЫҚ ЖАСАУ ҚҰМАРЛЫҒЫНАН АЙЫҚТЫРУ
Ұсақ ұрлықтар жасайтын адамды бұл әдеттен арылту үшін төменде берілген мәтінді қағазға жазып, оны сол адамның өзі ғана жастанатын жастығының ішіне салып қою керек.
ҰШЫҚ
Құранның 55-Рахман сүресінің 17-аятын «Раббал Машрикайни Уә раббул Мағрибайн» деп оқып, терінің зақымданған жеріне таңертең, түсте және кешке бір-бір реттен үшкіріп отыру керек.
Бисмиллахир рахманир рахим
йа хафизу йа хафизу йа хафизу йа хафизу йа хафизу
Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду Йа уәдуду
ҮЙДІ БОСАТУ
Үйді жалға алушыдан босату үшін Құтпа намазынан кейін Құранның 84-Иншиқақ сүресінің 4-аятынан мына дұғаны оқыңыз -Уәәлкат ма фиха уәатахаллат. Содан кейін пәтеріңізді жалға алушыны көз алдыңызға елестетіп, соған үшкіріңіз. Бұны 40 күннен 90 күнге дейін жасау керек.
ШАП ЖАРЫҒЫ (ПАХОВАЯ ГРЫЖА)
Ұйықтар алдында 21 рет «Уарафаъа Даражатахум» деп оқып, ауру адамның ішіне үшкіріңіз. Бұл ем 90 күнге созылады. Осы мерзім ішінде арнайы жарық белдігі (грыжевой пояс) немесе қатты қысып тұратын шолақ шалбар киіп жүру керек.
ШАШТЫҢ ТҮСУІН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ШАШТЫҢ
ӨСУІН ЖАҚСАРТУ
Бас терісінің аурулары
Адамның шашы жас кезінде қайратты, қалың болады. Адам қартайғанда шаш сиреп, жұқара бастайды, яғни белгілі бір ұзындыққа жеткеннен кейін әрі қарай өспей түсе бастайды. Бір тал шаштың қалыпты жасы 4 жыл. Күнделікті шашымызды тарағанда, бірнеше тал шаш түседі, бұл - қалыпты жағдай, ал егер түскен шаштың саны көп болса немесе қысқа шаштар да түсе бастаса, онда оның себебін іздеу керек.
Шаш түсуінің алғашқы себебі - қайызғақ. Қайызғақ нәрсіз, ащы және майлы тағамдарды ішіп-жеуден және сапасыз сабын мен сабынсуларды пайдаланғаннан болады. Бұлардың бәрін тоқтату керек. Емдік шара ретінде «Алкарийму алъас уәл мафанатулфам» - деп 100 рет қайталап, шашыңызды жууға жетерлік суға үшкіріңіз. Бұны 1 айдай аптасына 3 рет қайталаңыз.
Қасқа бас
1 литр күнжіт майын аспан түстес мөлдір бөтелкеге құйып, 100 рет мына дұғаны оқыңыз:
Бисмиллахир рахманир рахим
Әлиф ләм ра Тилка Айатулкитабил мубин
Арраһим Арраһим Арраһим
Одан кейін майға үшкіріңіз. Осы шараны 40 күн бойы қайталаңыз да, 41-күннен бастап, майды басқа массаж жасау үшін пайдаланыңыз.
ШЕШЕК
Шешектің әсеріне қарсы әрі оны жою үшін тұмар дайындауда төменде келтірілген дұға сөздерін жазып, тұмарды науқас адамның мойнына тағу керек.
Емді әсерлірек ету үшін бұл мәтінді тәрелкеге жазып, содан кейін тәрелкені қайнаған сумен шайып, сол суды науқас адамға ішкізіңіз. Судың қайнаған болуына баса назар аударыңыз, өйткені тек қайнаған су ғана бұл ауруды емдеп жаза алады.
ЫҚЫЛЫҚ ТИЮ
Ықылықтағанда Құранның Бақар сүресінің 14-аятындағы мына дұға сөздерін «Уәйамудду хум фи тугйаниһим йамаһун» бір рет оқыңыз. Ем әсерін күшейту үшін осы сөздерді фарфор ыдысқа жазып, оны сумен шайыңыз да, суды науқас адамға ішкізіңіз. 3 рет емнен кейін ықылық кетеді.
ІСІК
Адамның денесіндегі ісіктің кез келген түріне қағазға немесе тәрелке бетіне запран мен раушан суынан не сары түсті тағам мен қайнаған судан дайындалған сиямен төменде келтірілген мәтінді жазыңыз. Науқас адам күніне 3 рет тәрелкені сумен шаюы керек. Бұл емді ауру толық жазылып кеткенше, бірнеше ай бойы жасау қажет.
Ескерту. Бірінші шеңбер сызып алыңыз, содан кейін ортасына нүкте қойып, сосын барып қосу белгісін (Х) салыңыз.
ІШ АУРУЫ
Іш ауруларының түрі көп және олардың пайда болу себептері де әртүрлі. Әрине, ауруды емдеу үшін оның шынайы себебін білу шарт, бірақ алғашқы көмек ретінде төмендегі емді қолданыңыз.
Бір шымшым тұз алып, оны бір шай қасық суға еріту керек. Содан кейін Құранның 2-Бақара сүресінің 255-аятын бір рет:Аллаһу ла иллаһа илла ху уәл хайюл Қайюм деп оқып, содан кейін суға үшкіріп, оны науқас адамның жүзін солтүстікке қаратып ішкізіңіз.
СОПЫЛЫҚ ІЛІМІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
«Сопылық» сөзінің шығу тарихы туралы әр түрлі пікірлер бар. Солардың бірі оны «суф» (жүн) деген сөзден шыққан дейді, себебі сән-салтанатты ұнатпайтын тақуалар мейлінше қарапайым болу үшін үстеріне жүннен тоқылған киім киіп жүрген. Зерттеулерге қарағанда, «сопылық» деген атауға дейін бұл бағыт әр түрлі аталған. Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с) қайтыс болғаннан кейін бұл бағытты ұстанушылар өздерін пайғамбардың серіктеріміз деп атаған. Бұл - сол кездегі ең жоғарғы атақ болған. Одан кейінгі ұрпақ өздерін «табиғин» деп атаған.
Сопылықтың пайда болуы туралы бір-біріне кереғар көптеген пікірлер бар. Мысалы, ғалым Хасан Ибраһим Хасан бұл жөнінде былай дейді: «Сопылықтың пайда болу себебі - мұсылмандар өздерінің Аллаға деген сүйіспеншіліктерін тудыратын дұрыс жол іздеген, сондықтан ең дұрыс, ең сенімді жол ретінде тақуалық жолды таңдаған». Ал ғалым Ахмад Галлюш: «Сопылықтың пайғамбардың серіктері мен табиғиндардан кейін пайда болуының себебі тіпті қарапайым. Өйткені ол уақыттарда мұсылмандар пайғамбар дәуіріне жақын өмір сүрді. Ол кезде құдайға табыну, одан қорқу табиғи әрекет болатын. Тіпті адамдар жақсы істер атқаруда бір-бірімен жарысып отырған. Бұл олардың табиғи қасиеті іспеттес болды. Сондықтан да бұл адамдарды құран шариғаттарын орындауға арнайы үйретудің қажеттілігі болған жоқ. Сондай-ақ олардың ана тілі араб тілі болды, сол себепті оларға құран сөздерін түсіндіріп оқытуда ешқандай қиыншылық туындамаған. Алайда Құранды, мұсылман ілімін зерттегісі келген шетелдіктер үшін араб тілін оқу керек болды. Тілге басқа елдің сөздері, ережелері кірігіп, тіл лексикасында біршама өзгерістер жасалды. Сонымен қатар кейіннен ғылымның дамуы арқасында Пайғамбарымыз (с. ғ. с) бен оның серіктерінің діни әсері әлсірей бастады. Адамдар да Аллаға бұрынғыдай жанымен беріліп табынбайтын болды. Міне, осы кезде мұсылмандарды діни тәрбиелеу қажеттігі туындады да, онымен сопылар айналыса бастады. Олар сол кездегі діни жетіспеушіліктің орынын толтыруды көздеді» деген пікір айтады.
Бұл жайындағы Ибн Халдунның пікірі алдында айтылғандарды толықтыра түседі: «Бұл ғылым - Ислам дінінде Пайғамбардан (с. ғ. с) кейін пайда болған шариғат ғылымы. Бұл ғылым құдайға құлшылық ету, Аллаға шын берілген, пендешілік қызықтан бас тартуды уағыздайды». Бұл пікірлерден мынадай қорытынды жасауға болады: сопылық ойдан шығарылған ілім емес, ол Пайғамбарымыз (с. ғ. с) бен оның серіктерінің өмір жолын, Құранды негізге алған тағылым.
Бұл бағыт өзіне бес мақсат қояды:
1. жанды тазалау және одан есеп алу;
2. Алла ризашылығына бөлену;
3. кедейлік пен жоқшылықты ұстану;
4. мұсылмандар жүрегінде сүйіспеншілік пен қайырымдылықты тәрбиелеу;
5. барлық адамдарға Пайғамбар (с. ғ. с) шақырған тамаша қасиеттерді дарыту;
Бірінші мақсатқа сәйкес, Аллаға жақын болғысы келген адамдар өз жан-дүниелерінен есеп алып отыруы керек. Бұл Алланың есеп алуына дейін жүргізіліп отыруы тиіс. Екінші мақсатта нағыз сопылар өз істерімен, сөздерімен Алла ризашылығына бөлену үшін жүректерін ақиқаттың таза, мөлдір суымен жууы керектігі көрсетіледі. Үшінші мақсат сопы адамның осы өмірдің қызықтары мен байлығына тақуалық танытуын көздейді. Төртінші мақсат сопы барлық мұсылманды сүюге, оларды құрметтеуге және соларға қатысты шариғатта көрсетілген барлық міндеттемелерін орындауға шақырады. Бесінші мақсат әрбір мұсылманның өз отбасына, сондай-ақ барлық мұсылман баласына қарапайым әрі мейірбан болуын міндет етеді. Имам Ахмад ар-Рифагидің айтуынша «Ислам діні адамның ішкі және сыртқы дүниесін бірге қарастырады. Адамның сыртқы дүниесі жаңғақтың қабығы, ал ішкі дүниесі оның дәні сияқты, сондықтан дәннің қабығынсыз болмайтыны сияқты, қабық та дәнсіз болмайды. Адам жүрегі оның тәнінсіз өмір сүре алмайды, сондай-ақ тән де жүрексіз тіршілік ете алмайды, себебі жүрек тәннің нұры» Шынымен да егер адамның жүрегі таза болып тұрып, ол ұрлық, кісі өлтіру сияқты күнәлерді жасаса, онда бұл адамның жүрегінің тазалығы түкке де тұрмайды. Керісінше, егер адам Аллаға құлшылық етіп, садақасын беріп, тыйым жасалған істерден өзін аулақ ұстағанмен, оның жүрегі қара болса, бұл адамнан ешқандай пайда жоқ. Сондықтан да шариғат бізге өзіміздің осы екі дүниеміздің бірдей таза болуын міндет етеді. Тәнге байланысты екі ереже бар, олар: намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бар және зинақорлық, алкогол ішімдіктерін ішу, т. б. тыйымдардан аулақ болу. Ішкі дүниеге де екі міндет беріледі: иман, шыншылдық, сенім, шыдамдылық және сенбестік, екі жүзділік, іш тарлық, менмендік сияқты тыйымдар.
ДЕНСАУЛЫҚ - ТІРШІЛІК ТІРЕГІ
Денсаулық - адам өмірінің тіршілік айнасы. Егер біз адам ағзасы туралы ештеңе білмейтін болсақ, онда ауру мен саулықты да ажырата алмаймыз. Әркім өзіне берілген бір нәрсеге риза болмаса, бірақ оның өзі үшін пайдасы зор болуы да мүмкін немесе оны қуанышқа бөлейді де немесе зияндық әкелуі де мүмкін. Сондай-ақ Ұлы сопы имамы әл-Ғазали: «Ауру - адамды Құдайға алып келетін жолдың бір түрі. Алла тағала айтқандай, «Аурулар - өзімнің таңдаулы достарыма жіберетін менің құлдарым» » деген.
Біз ауруды қас-дұшпан немесе жаза ретінде емес, оны біздің тәніміз бен жанымызды тазартып, сыннан өткізіп, тепе-теңдікке әкелетін достарымыз ретінде қабылдауымыз керек. Батыс медицинасы осындай табиғи тазарту үрдістерін (процестерін) жасанды дәрі-дәрмектердің көмегімен басып немесе оларды жоюға тырысады. Бұны сопылық ілім қолдамайды. Себебі ондай ем тәннің өзін-өзі емдеу мүмкіндігін жояды. Мысалы, сіз саусағыңызды кесіп алсаңыз, жарақатты оған жағылған дәрі емес, терінің өзі жазып шығаратынын білген жөн.
Адамның тіршілік көзі негізгі үшеу, олардың біріншісі - тән мен оның қажеттіліктері: тыныс алу, рух, тіршілік ету, т. б. Бұл арабша нәпсі деп аталады. Шариғат заңдары осы нәпсіні реттеп, қадағалап отырады.
Екіншісі - ақыл-ес немесе оны адам жанының әлемі деп те атайды. Есті адам тәнінен ажыратып қарауға болмайды. Себебі көңіл-күй мен сезім иірімдері тәнге әсер етеді. Мысалы, адам қайғырса, көзінен жас шығады, жүрегі ауырады немесе қатты қуаныш-толқыныстан қан қысымы көтеріледі. Міне, тән мен жанның тікелей байланысы дегеніміз осы болмақ.
Үшіншісі - рух. Бұл адамның тәні мен ақылы өлгеннен кейін мәңгілікке кетеді.
Осы үшеуінің бірігіп жұмыс істеуін тыныс жүзеге асырады. Ол тыныс алу нүктесі, яғни ерінде болады. Бұл - өмір мен өлім арасындағы байланыс. Тыныссыз тіршілігіміз үзіледі. Сопылардың пікірінше, тіршілік тынысы Жаратушы Алла тағаланың еркімен болады. Өйткені адам өмірін жарататын сол, тек соның рұхсатымен ғана біз тыныс ала аламыз. Бұның бұлтартпас дәлелі мынау: бала дүниеге келгенде бірден тыныс алмайды. Дәрігер ғалымдардың айтуынша, нәресте ана құрсағынан сыртқа жарық дүниеге шыққанда, салқын ауа әсерінен дем алады. Бірақ баланың туғаннан кейін тыныс алмайтын кездері де кездеседі. Ендеше, Алла тағаланың рұхсаты болмаса, балаға тыныс берілмейді. Алла тағала нақты бір жаратылыс иесіне өз рұхсатын береді. Ал рұхсат берілмесе, жаңа туған нәрестенің құйрығына қанша шапалақтасаң да, қанша дәрігерлік ем-шараларды қолдансаң да, бала тыныс алмайды.
Алланың рұхсаты арқылы ғажайып оқиғалар жасалады. Кейде жазылмас дертке шалдыққан деген адамдар ауруынан айығып кетіп жатады. Сондықтан Алла тағаланың құдіретіне шәк келтіруге болмайды.
Өмірде түсініксіз, беймәлім әлем болады, мысалы, аспан әлемі жұмбақтары, «ұшатын тәрелкелер», жын-шайтан ұғымдары, т. б. Бұны сопылар райб деп атайды. Жұмбақ әлемге адамның жан дүниесі де жатады.
Жан дүниенің орталығы - жүрек. Сопылық ілім бойынша, жүрек тек қан айдаушы ғана емес, ол одан басқа екі қызмет атқарады. Біріншіден, ол - Құдіретті қасиеттер мекендейтін орын, екіншіден, жүрек - тыныс. Құранның түсіндіруінше, бұл Құдіретті қасиеттер өте көп, олардың саны шамамен тоқсан тоғыз. Бұларды Алла тағала адамның жер бетінде тіршілік етуіне рұхсат беруі үшін пайдаланады. Бұл қасиеттер біздің жүрегімізде сақталып тұрады. Олар біздің ауызымыздан шығарылатын әртүрлі дыбыстардың көмегімен жүзеге асырылады.
Үш негізгі дыбыс бар, олар - созылып айтылатын дауысты «аа», «ии» және «уу». Бұларды мистикалық ғұрыптарда қолданады. Мысалы, «Аллах» сөзі созылыңқы «аа» дыбысынан тұрады. Тіпті жан-жануарлар да осы үш дауыстыдан тұратын дыбыстарды шығарады. Мысалы, үкі «Хуу» деген дыбыс шығарады. Бұл араб тілінде «Құдай» дегенді білдіретін есімдік. Немесе біз «жейміз» дегенде, созылыңқы «ии» дыбысы естіледі, ол домалақ безді әрекеттендіріп, адамның тамақтану ынтасын тудырады. Сондықтан сөйлесіп отырғанда айтылатын жай сөздерді кездойсоқ деп айта аламыз ба?! Әрине, жоқ.
Тән мен жанның осындай байланысы барлық жаратылысты, соның ішінде адамды да қамтиды. Сондықтан шынымен деніңіз сау болсын десеңіз, тіршіліктің барлық деңгейлерін, яғни тәнді, жанды және рухты біліп, қабылдауымыз керек. Оларды тепе-теңдікте ұстап, әрқайсысымен дұрыс жұмыс істей алуға үйренген де ғана деннің сасаулығы тіршілігіміздің кілті әрі айнасы екенін біле аламыз.
ЖАРАТЫЛЫСТЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz