Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері



1 Дидактикалық материалдардың мақсаты
2 Дидактикалық материалдардың негізгі міндеті
3 Дидактикалық ойындарды құру
Бүгінгі таңда білім берудің негізгі кезеңдері оқу-тәрбие процесін дамыту, оны интеграциялау, ізгілендіру, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру мәселелері бойынша белгіленеді.
Ана тілі емес тілдерді пән ретінде оқыту, базистік оқу жоспарына еніп отыр.
Тіл пәндерін оқыту концепциясы брйынша оқушы білім дағдыларын саналы меңгеріп, тіл арқылы бір-бірімен қатынас жасайды. Тіл үйрету барысында тәрбиелі педагогикалық, соцлингвистикалық мақсаттар да іске асырылады. Тіл пәндерін оқыту арқылы оқушылар рухани және эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына, өз бетімен білім алуына, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілімізді оқыту мәселесі алдымызға қойған үлкен мақсаттарымыздың бірі болып отыр.
Жалпы қазақ тілін үйренушілер тілді үйренудің алғашқы сатысындағы ауызекі сөзді түсініп, өздері қазақ тілінде көрген-білгенін айтып, оқып жаза алатын болу керек.
Осы мақсаттарға жету үшін біз сабақта оқытудың бірнеше әдістерін: баяндау, түсіндіру, сұрақ қою, дидактикалық түрлі материалдарды қолдану арқылы әр түрлі жұмыс түрлерін жүргіземіз.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
№73 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ

 

 

Дайындаған:қазақ тілі және әдебиет
пәнінің мұғалімі М.Б.Торина

Қарағанды қ.2011

Бүгінгі таңда білім берудің негізгі кезеңдері оқу-тәрбие процесін дамыту, оны интеграциялау, ізгілендіру, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру мәселелері бойынша белгіленеді.
Ана тілі емес тілдерді пән ретінде оқыту, базистік оқу жоспарына еніп отыр.
Тіл пәндерін оқыту концепциясы брйынша оқушы білім дағдыларын саналы меңгеріп, тіл арқылы бір-бірімен қатынас жасайды. Тіл үйрету барысында тәрбиелі педагогикалық, соцлингвистикалық мақсаттар да іске асырылады. Тіл пәндерін оқыту арқылы оқушылар рухани және эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына, өз бетімен білім алуына, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілімізді оқыту мәселесі алдымызға қойған үлкен мақсаттарымыздың бірі болып отыр.
Жалпы қазақ тілін үйренушілер тілді үйренудің алғашқы сатысындағы ауызекі сөзді түсініп, өздері қазақ тілінде көрген-білгенін айтып, оқып жаза алатын болу керек.
Осы мақсаттарға жету үшін біз сабақта оқытудың бірнеше әдістерін: баяндау, түсіндіру, сұрақ қою, дидактикалық түрлі материалдарды қолдану арқылы әр түрлі жұмыс түрлерін жүргіземіз.
Дидактикалық материалдардың мақсаты - оқушылардың тілін дамытуда, тіл үйренуде, сөздік қорын байытуда оқулыққа қосымша құрал ретінде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. Мұғалім мұндағы тапсырмаларды оқушылардың қабілетіне, қазақ тілін білу дәрежесіне қарай саралап орындалады.
Дидактикалық материалдардың негізгі мінднті - оқушылардың сөздік қорын байыту, тілін дамыту яғни оларға тіл туралы білімді ғана меңгеру емес қазақ тілінде сөйлесуге, пікір алысуға үйрету. Осыған байланысты сөздерді синонимдерін, антонимдерін табу, мақал – мәделдермен таныстырып, олардың қолдану аясында көрсету, диологтар мәтіндерінің мазмұны бойынша сұрақтар, жоспар құрастыру, шағын әңгіме, шығарма жазу сияқты лексика – грамматикалық тапсырмалар ұсынылады. Грамматика көбінесе қолданбалы сипатта беріледі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырмай, тіл үйренуге болмайды, сондықтан әр мәтіннің соңынан фонетикалық тапсырмалар орындатқан дұрыс
Қазақ тілінің дидактикалық материалдары-сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгерту дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқушыларға материалдарды толықтыру мақсатында жасалады. Мұнда қысқа және қызықты мәтіндер, өлең, жұмбақ, мақал, түрлі дидактикалық ойындар оқушылардың сөйлесу тілін кеңейту, байыту мақсатында беріледі. Сондай-ақ жаттығу, тапсырмалардың әр түрлері де қамтылады.
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері,логикалық ойлауы,түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып,ізгілік,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты:1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.2.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

3.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.

Міндеті: 1)Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2)Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
  Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері. Дидактикалық ойынға анықтама
Шетел тілін оқыту әдістемесі
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Сын - пікір беруші педагогика, психология
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі
Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Сын - пікір білдіруші
Пәндер