Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер



1. Шетелдердің конституциялық құқығы жөніндегі ұғым.
№2. Лекция тақырыбы: Шетелдердің конституциясы.
№3. Лекция тақырыбы: Адам мен азаматтардың конституциялық. құқықтық мәртебесі
№ 4. Лекция тақырыбы: Мемлекет нысандары және саяси режим.
№ 5. Лекция тақырыбы: Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
№ 6. Лекция тақырыбы: Мемлекет басшысының конституциялық.құқықтық мәртебесі
№ 7. Лекция тақырыбы: Парламенттер
№ 8. Лекция тақырыбы: Үкіметтің конституциялық . құқықтық мәртебесі
Әрқашан да конституциялық құқық заң салаларының негізгі бір тармағы ретінде ерекше мәртебеге ие. Өйткені, конституциялық құқық негізгі заң нормаларының өте маңызды белгілерін, атап айтқанда, адам мен азаматтардың заңды мәртебесін, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен саяси құрылымдық жүйесін және өзін-өзі басқарушы органдарды, сондай-ақ белгілі бір елдің тұтас құрылысын анықтайды.
Белгілі бір мемлекеттің заң жүйесіндегі конституциялық құқық сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ерекше орын алады. Конституциялық құқық кешенді түрде: адамдар мен (азаматтар) арасындағы, қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, басқару тетіктерімен мемлекеттің құрылысын анықтайды, мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерін жүзеге асырады.
Конституциялық құқықты заң салаларының басқа тармақтарынан бөліп көрсететін әдіс – құқықтық реттеу әдісі. Ол саяси тәртіптердің мәні мен сипатын тереңірек түсінугі жол ашады.
Конституциялық құқықтың институттары. Белгілі бір мемлекеттің негізгі қоғамдық қарым-қатынасын субъектілер сол елдің конституциясы арқылы айқындалады (мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне: Қазақстан Республикасының азаматтары, Парламент, Үкімет, Президент, т.б. жатады).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Шетелдердің конституциялық құқығы жөніндегі ұғым.

Лекция жоспары:
1. Конституциялық құқық – заңның негізгі саласы.
2. Шетелдердің конституциялық құқығы оқу пәні ретінде.

Лекция мақсаты: Конституциялық құқық заң салаларының негізгі бір тармағы
ретінде ерекше мәртебеге ие екендігін, конституциялық құқық негізгі заң
нормаларының өте маңызды белгілерін анықтайтындығын түсіндіру.

Лекция мазмұны:
1.Әрқашан да конституциялық құқық заң салаларының негізгі бір
тармағы ретінде ерекше мәртебеге ие. Өйткені, конституциялық құқық негізгі
заң нормаларының өте маңызды белгілерін, атап айтқанда, адам мен
азаматтардың заңды мәртебесін, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен
саяси құрылымдық жүйесін және өзін-өзі басқарушы органдарды, сондай-ақ
белгілі бір елдің тұтас құрылысын анықтайды.
Белгілі бір мемлекеттің заң жүйесіндегі конституциялық құқық сол
елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде ерекше орын алады.
Конституциялық құқық кешенді түрде: адамдар мен (азаматтар) арасындағы,
қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді, басқару тетіктерімен
мемлекеттің құрылысын анықтайды, мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқарудың
негізгі принциптерін жүзеге асырады.
Конституциялық құқықты заң салаларының басқа тармақтарынан бөліп
көрсететін әдіс – құқықтық реттеу әдісі. Ол саяси тәртіптердің мәні мен
сипатын тереңірек түсінугі жол ашады.
Конституциялық құқықтың институттары. Белгілі бір мемлекеттің
негізгі қоғамдық қарым-қатынасын субъектілер сол елдің конституциясы арқылы
айқындалады (мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес қарым-
қатынастың негізгі субъектілеріне: Қазақстан Республикасының азаматтары,
Парламент, Үкімет, Президент, т.б. жатады).
Конституциялық құқық нормалары. Бұл ең алдымен мемлекеттің өзі
үшін және қарым қатынастың негізгі субъектілеріне арналып мемлекет
тарапынан бекітілген (жалпыға міндетті) қағида ережелер.
Конституциялық құқық субъектілері. Конституциялық құқық
субъектілері екі негізгі топқа бөлінеді:
- қоғамның құқықты мүшесі;
- қоғамдық құрылымдар.
Қоғамның құқықты мүшелеріне: азаматтар, шетелдіктер, сайлаушылар,
лауазым
иелері, депутаттар және т.б.жатады.
Қоғамдық құрылымды тұтасымен алғанда: мемлекет, мемлекеттік
органдар мен өзін-өзі басқару органдары, ұйымдық құқықтық сипаттағы әр
түрлі азаматтық бірлестіктер, т.б. құрайды.
Конституциялық құқықтың негіздеріне:
- құқықтық нормативтік актілер;
- соттық прецеденттер;
- құқықтық дағдылар;
- халықаралық және мемлекет ішіаралық келісімдер жатады.
Құқықтық нормативтік актілер өз кезегінде: заңдарға, атқарушы өкіметтің
нормативтік актілеріне, сот органдары мен конституциялық бақылау
(қадағалау) органдарының нормативтік актілеріне, парламент регламенттеріне,
жергілікті өзін-өзі басқарушы актілерге бөлінеді.
Заңдар өз алдына: негізгі, конституциялық, органикалық және
әдеттегі болып бөлінеді.
Конституция, яғни, мемлекеттің негізгі заңы өз кезегінде:
- адамдар мен азаматтардың құқық мәртебесін;
- басқару нысаны мен мемлекеттің құрылым түрін;
- саяси жүйесін;
- конституциялық органдарды ұйымдастыру мен қызметі принциптерін;
- қоғамдық қарым қатынастарын ең маңыздыларын реттейді.
Конституциялық заңдар. Қазіргі дәуірдегі әр түрлі елдердің
конституциясына көз жүгірткенімізде олардың алуан түрлі сипатта әрі әр
түрлі мәнде екеніне көз жеткіземіз. Мысалы, Ресей Федерациясы
Конституциясының 108- бабы бойынша бұл елдегі федеральдық конституциялық
заңдар конституцияда белгіленген тәртіп бойынша қабылданады. Бұл
федеральдық конституциялық заңдар конституцияда Федерация Кеңесі
мүшелерінің жалпы санының төрттен үш бөлігінен кем емес және Мемлекеттік
Дума депутаттарының жалпы санының үштен екі бөлігінен кем емес дауыс
берілгенде ғана қабылданады. Қабылданған заңдар, Конституциялық заңдар,
Конституцияның 4-бабына сәйкес, бүкіл Ресей Федерациясы территориясында ең
жоғарғы күшке ие болады. Ал, Қырғыз республикасында Жоғарғы Кеңес
(Парламент) депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыс
бергенде конституциялық заңдар қабылданады. Жай заңдар, Қырғызстан
Республикасы Конституциясының 66-бабына сәйкес, депутаттардың басым
көпшілігі дауыс берсе қабылдана береді. Біздің республикамызда да осы
іспетті түрде заң қабылдау рәсімі өткізіледі.
Органикалық заңдар. Кейбір елдерде мемлекеттік органдардың
мәртебесін конституцияның бланкетті баптары негізінде органикалық
(байланыстырғыш) заңдар белгілейді. Мысалы, Франция Конституциясы бойынша
органикалық заңдар парламенттің екі палатасының да өкілеттігін, олардың
санын, сайлау шарттары мен ақы төлеуді белгілеп береді. Сол үшін де бұл
елде парламент қаржыға тиісті заңдарды тек органикалық заңдарға сай
қабылдайды. Ал, енді Марокко корльдігінде органикалық заңдар шектеулі
заңдар, декрет заңдар, дахирлерге (король актілері) қарағанда қоғамдық
қарым-қатынастардың өте маңызды тұстарын реттейді.
Жай заңдар. Мұндай нормативтік актілер өз елі ішінде
Конституциялық не органикалық заңдар қолданбаған жағдайда қолданылады.
Мысалы, Өзбекстан Республикасының, Эстон Республикасының және т.б. елдердің
заң шығарушылық тәжірибесінде Конституция бойынша тек жай заңдар шығару
қалыптасқан.
Кейбір елдердің нормативтік құқықтық актілері парламент
қызметін уақытша атқарып, заң күшіне ие болады. Мысалы, Кубаның Мемлекеттік
Кеңесі декреттері, Вьетнам Ұлттық жиналысы, Испания өкіметінің заң шығару
актілері, сол сияқты біздің елімізде де Президент, Конституцияда
қарастырылғандай, заң күшіне ие жарлықтар мен заңдар жариялай алады.
Атқарушы өкіметтің нормативтік актілеріне мемлекет басшысының
Жарлықтары мен шешімдері және т.б. құжаттары, өкімет пен оның
ведомстволарының бұйрықтары мен декреттері, т.б. жатады.
Парламент палаталары регламенті негізінен олардың қызмет
тәртібін, ішкі құрылыс-жүйелерін, депутаттардың ахлақтық (этикалық)
ережелерін, т.б. анықтайды.
Өзін-өзі басқару органдарының актілері көпшілік алдындағы
билікті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қарым-қатынасты жиі реттеп
отырады.
Сот прецеденті, белгілі бір іс бойынша сот шешімі үлгі
ретінде танылып әрі екіншіден осы іспетті істерді қарағанда басшылыққа
алынады. Англия, АҚШ, Үндістан, т.б. елдерде конституциялық құқықтың негізі
есебінде қаралады.
Көп елдерде конституциялық құқық негізі ретінде құқықтық
дағдылар (әдет-ғұрып) алынады. Бірақ, бұлардың бәрі мемлекет тарапынан
санкцияланып, жалпыға міндетті ережелерге айналуы тиіс (мысалы, Англия мен
Индияда өкіметтік жүйені түзуде конституциялық келісімдер, т.б. жасалады).
Әрине, халықаралық келісімдер (сол мемлекеттің өз
конституциялық заңдарын басшылыққа ала отырып) сол елдің сыртқы саяси
принциптері мен мақсаттарына сай жасалады.
Мысалы, Ресей, Эстония, Болгария сияқты және т.б. елдердің
негізгі ұлттық заңдарынан осы елдер бекіткен халықаралық шарттардың
басымдылығы анық..
Ал, 1995 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының Ата
Заңының (4-бап, 4-тармақ): Республика бекіткен халықаралық шарттардың
республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша, оны
қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей
қолданылады - делінген. Сөйтіп, бекітілген халықаралық шарттар республика
заңдарынан басым келеді.
Франция Республикасының 1958 жылғы Конституциясы бойынша
да: Шарттар мен келісімдер өзіне лайықты бекітілгеннен немесе
қуатталғаннан кейін, екі жақ ол шарт не келісімді қолданатын жағдайда,
жарияланған кезден бастап ішкі заңдардан гөрі басымдық күшке ие болады (55
- бап).
Мемлекет ішіндегі келісім – шарттар, әдетте, федеративті
мемлекеттер конституциясында субъектілер арасындағы құқықтық қатынастарды
бекіткеніне жүгінеді. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 66-бабына
сәйкес облыс не өлке құрамына енетін автономиялық округтердің (өлкедегі)
мемлекеттік билік органдары арасындағы келісімдермен реттеледі.
Шетелдік заң әдебиеттері сонымен қатар атақты заңгер
ғалымдардың еңбектерінде Конституциялық құқық негізіне (мысалы, Англия,
т.б. елдер) жатқызады. Ал, Ресейдің заң ғылымдарының доктринасы бұл елде
Конституциялық құқықтың негізі ретінде емес, қайта дәлелдемеге қосымша
толықтырғыш ретінде қарастырылады. Енді өз елімізді алсақ, біздер атақты
Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билердің доктринасын конституциялық құқықтың
негізіне жатқызамыз.
Сол сияқты кейбір елдер (мысалы: Алжир, Ватикан, Сауд
Арабиясы, Иран, т.б.) конституциялық құқық негізіне діни қағидалар жинағын
да кіргізеді.
Шетелдердің мемлекеттік тәжірибесінде онан да өзге заңдардың
конституциялық құқықтар негізі ретінде алынатыны жасырын емес.
2. Оқу пәні ретінде шетелдердің конституциялық құқығы
Қазақстандағы барлық заң институттарында оқытылады.
Бұрын, кеңес өкіметі тұсында, жоғары заң оқу орындарында жеке
пән ретінде буржуазиялық және өркендеп дамыған елдердің мемлекеттік
құқығы және Шетелдік социалистік елдердің мемлекеттік құқығы деп арнайы
бөлек оқытылды. Алайда, соңғы жылдардағы тарихи өзгерістер бұл пәндердің,
территориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да, мәнін жойды.
Біз бұл оқулықта таяу және алыс шетелдердің конституциялық
құқықтарын жаңа көзқараспен қарап, тұжырымдар жасаймыз. өйткені, дамыған
өркениетті елдердің конституциялық құқықтарымен қатар Қазақстан
Республикасына ұқсас елдердің мемлекеттік құрылымдарын білудің де пайдадан
басқа зияны жоқ. Оның үстіне, бұл елдермен қарым-қатынастарымыз күн санап
арта түсуде, осыған орай олардың конституциялық заңдарын білу елдік
зиялылығымызды білдіреді. Біз бұл оқулықта шетелдердің конституциялық
құқықтарын өз республикамыздың конституциялық құқығымен салыстыра қараймыз.
Ондағы мақсатымыз – Республикамызда құқықтық-демократиялық мемлекет
орнықтыру барысына қажет көптеген пайдалы мәселелердің басын ашу.

Бақылау сұрақтары:

1. Конституциялық құқықтың пәні мен әдісін анықтау.
2. Конституциялық құқықтың институттары, нормалары, субъектілері мен
қайнар көздері.
3. Конституциялық құқық – заң саласының маңызды тармағы және оқу пәні.

№2. Лекция тақырыбы: Шетелдердің конституциясы.

Лекция жоспары:
1. Конституцияның жоғары заң күшіне ие болуы және оның
негізгі сипаттары.
2. Конституцияның қабылдануы, күшіне енуі және оның
өзгертілуі.

Лекция мақсаты: Конституцияның жоғары заң күшіне ие бола отырып, оның
жіктелуі, құрылысы, қабылдануы, конституцияның күшіне енуі мен өзгерту
туралы түсінік беру.

Лекция мазмұны:
Қазіргі кездегі көптеген мемлекеттердің Конституциясы сол елдердің
негізгі саяси-құқықтық құжаты әрі нормативтік құқықтық ережелерінің өзара
қабысқан жиынтығы саналып, ең жоғары заң күшіне ие болады.
Сайып келгенде, Конституция анықтамасы былайша тұжырымдалады.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, ол басымдық ететін қоғамдық
күштердің еркін білдіре отырып, сол елдің қоғамдық және мемлекеттік
құрылысын, сонымен қатар әр түрлі қоғамдық органдардың қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік құқықтық әдебиеттерді зерттеу барысында мына елдердің:
АҚШ (1787ж.), Франция (1791ж.), негізгі заңдары – мемлекеттік
конституциялары алғаш қабылданғандар қатарына, ал кейінгі
қабылданғандарына: Норвегия (1814ж.), Белгия (1831ж.), Аргентина (1853ж.),
Люксембург (1868ж.), Швейцария (1874ж.) елдерінің конституциялары жатады.
Мемлекеттану ғылымы ұғымында конституция екі негізгі мағынада
қаралады:
Әуелгісі – заңдық конституция (мемлекеттің негізгі заңы ретінде
бекітілген тәртіппен түзіліп, қабылданады) – сол елдің мемлекеттік сипатын,
саяси жүйесін, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының ұйымдасуы
негізі мен қызметін анықтай отырып, адамдар мен азаматтардың құқықтық
жайларын тәртіптеп береді. Былайша айтқанда, заңдық конституция белгілі бір
мемлекеттегі қоғамдық қарым-қатынас жүйелерін қағидалап тұжырымдайды.
Конституция уақытша және тұрақты болады. Уақытша конституция әдетте
белгілі бір мерзімге қабылданады.Көп елдердің констиуциясы тұрақты болып
табылады. Алайда, бұл тұрақтылық ол конституцияға өзгертулер, толықтырулар
енгізуге, тіпті қайта қарауға бөгет бола алмайды.
Конституциялар демократиялық және авторитарлық деп те бөлінеді.
Демократиялық конституциялар еліндегі азаматтардың әр түрлі бірлестіктеріне
еркіндік пен кең құқықтар беруімен көзге түседі. Ал, авторитарлық
конституциялар негізінен азаматтардың саяси құқығы мен еркіндігін шектеп,
тіпті тыйым да салуымен ерекшеленеді.
Конституцияның негізгі сипаттары мен ерекшеліктері.
Әрбір конституция өзіндік ерекшеліктерге ие. Дегенмен, көптеген
конституциялар кейбір жалпы сипаттарға ие болады:
а) конституция халықтық өкімет принциптерін жариялайды.
Мысалы, Бельгияның 1831 жылғы Конституциясының 25-бабында: Барлық билік
халықтан келіп шығады... делінсе, Италия Республикасының Конституциясының
1-бабында: Италия- демократиялық республика... Тәуелсіздік тек халыққа
тиісті- дейді. Ал, Испания Конституциясының 1-бабында бұл елдегі ұлттық
азаттық тек халыққа тиесілі екені айтылады.
Өзбекстан Республикасы Конституциясының (1992ж.) 7-бабында.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық болып табылады,- деп
жазылған.
б) Конституция адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайларын
реттейді.
Мысалы, Бразилия Конституциясында арнайы бөлім бар. Ол Құқық Декларациясы
деп аталады. Венесуэланың Конституциясында (1953ж.) Жеке және қоғамдық
құқықтар мен міндеттер деген бөлім болса, ал Өзбекстан Конституциясында:
Адамдар мен азаматтардың негізгі құқықтары, еркіндігі және міндеттері
атты тарау бар.
в) Конституция билікті бөлу принциптерін бекітіп береді.
Мұндай қағидалар, мысалы, АҚШ, Ресей, Жапония, Эстония, Дания және т.б.
елдердің конституцияларында бар.
г) Конституция басқару түрлерін орнықтырады республика немесе
монархия. Мысалы, Боливияның саяси конституциясында (1967ж.): Боливия
унитарлық республика болып табылады деп көрсетілсе, Испания Конституциясы
(1978ж.): Испан мемлекетінің саяси нысаны – парламенттік монархия болып
саналады - деп жазылған. Ресей, АҚШ, Израиль,Беларусь, Украина, Өзбекстан,
т.б. мемлекеттер республика деп жарияланған.
д) Конституция мемлекеттік құрылым түрлерін унитарлық немесе
федерациялық орнықтырады. Мысалы, ФРГ,АҚШ,Индия,Мексика федерациялық
мемлекеттер болып жарияланған.
е) Конституция сайлау жүйесін бекітеді.
Сонымен көп мәселелерді, әртүрлілігіне қарамастан, конституциялар
реттейтіні анықталды.
Конституцияның жоғары заң күшіне ие болуы.
Конституция – сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтық
тұрғыдан реттеуші жүйелерді анықтайтын мемлекеттік негізгі заң болып
есептеледі. Ал, қалған заңдар мен заң күшіндегі актілер, әдетте,
конституциялық институттар арқылы белгіленген конституциялық реттер бойынша
қабылданады.
Конституцияның жоғары заң күшіне ие болу сипаты оның қалған барлық
нормативтік құқықтық актілердің конституция нормаларына дәл де сәйкес
болуын талап етуімен айқындалады. Әрине, конституцияның үстінен қараушылық
қуатын ондағы нормалардың өздері қамтамасыз етеді. Сөйтіп, Ресей
Федерациясының Конституциясы
(4 бап) Ресей Федерациясының барлық территориясында үстіден қараушылық
қабілетіне ие. Жапония Конституциясының 98- бабында Конституция елдің
үстінен қарайтын заң күшіне ие екендігі, қалған заңдар мен жарлықтар,
рескриптер немесе тағы да басқа мемлекеттік актілер, егер олар конституция
ережелерінің бөлімдеріне не тарамдарына қайшылықты келсе, онда ешқандай заң
күшіне ие болмайтыны айтылған.

Конституцияларды жіктеу.

Біз Конституцияны төмендегіше жіктейміз:
- қабылданған негізгі заңның мәтіндерін заңгерлердің дайындау тәсіліне
қарай;
- конституцияны өзгерту (қайта қарау) реті бойынша.
Қабылданған негізгі заңның мәтіндерін заңгерлердің дайындау тәсілі
бойынша Конституция екі топқа бөлінеді:
- жазылған;
- жазылмаған.
Жазылған конституция бірыңғай құжат түрінде құрылады. Оған мысалы,
Германияның Негізгі заңы, Испания Конституциясы, Мексиканың саяси
Конституциясы, Ресей Федерациясының Конституциясы, Қырғызстан Республикасы
Конституциясы кіреді. Жазылған конституция (ерекшелік сипаты) бірнеше
мемлекеттік-құқықтық актілерден тұрады. Литва Республикасының 1992 жылғы
Конституциясының 150-бабына сәйкес, бұл Конституция құрамына 1991 жылдың 11
ақпанындағы Литва мемлекеті жайлы конституциялық заң және 1992 жылдың 8
маусымындағы Литва Республикасының постсоветтік Шығыс одағына қосылмауы
туралы конституциялық акті кіреді.
Жазылмаған конституция тек Англия мен Жаңа Зеландияда ғана бар.
Дегенмен, жазылмаған конституция нормалары нақты көптеген елдердің
мемлекеттік-құқықтық актілерінде де кездеседі.
Өзгерту (қайта қарау) реті бойынша да конституцияларды екі топқа:
бейімді және қатаң деп бөлеміз.
Бейімді Конституция өзі қабылданған, өзгертілген, толықтырылған жай
парламент заңдары іспетті принциппен өзгертіле береді.
Қатаң Конституция болса негізгі заңның өзінде қарастырылған ерекше
тәсілмен өзгертіледі.
Конституция құрылысы
Жазылған Конституция: преамбула, негізгі бөлім, қорытынды, өтпелі,
т.б. ережелерден (қосымшалардан) тұрады.
Преамбула, әдетте, конституцияны салтанатты жариялаудан, сондай-ақ
кейбір нормативтік сипаттағы емес мәлімдеу ережелерінен тұрады. Кейбір
елдердің (Бельгия, Италия, латын Америкасының көптеген елдерінің)
конституциялары преамбуласыз.
Конституцияның негізгі мәтіні адамдар мен азаматтардың құқықтық
жағдайлары жайлы нормаларының, мемлекеттің саяси жүйесі мен конституциялық
негізгі институттарының, мемлекет түрі мен өзін-өзі басқару органдарының,
мемлекеттік саясат пен қоғамдық қатынастарды басқарудың маңызды жақтарын
реттейтін нормалардан тұрады.
Қорытынды және өтпелі ережелер нормалардың күшіне ену тәртібін немесе
қабылданған конституцияны өзгерту реттерінің орнықтырылуы жайын, сондай-ақ
әрекеттегі заңдардың жаңартылу мерзімі мен басқа да көптеген жеке
мәселелерді қарастырады.
Конституцияға қосымша негізінен басты мәтіндерде кеткен ақаулықтырды
толықтырып не болмаса конституцияның басты мазмұнының құқықтық жүгін
нақтылайды.

Конституцияның қабылдануы, күшіне енуі және оның өзгертілуі.
Конституцияны қабылдау.

Жазылған Конституцияны қабылдаудың әлемде әр түрлі жол-жоралары бары
бізге мәлім. Осылардың арасынан төмендегі жалпы мойындалған үш негізгі жол-
жораларға тоқталайық:
1 Конституцияны өкілдік құру арқылы құрылтай жиналысы немесе
парламент қабылдау.
Былайша айтқанда, АҚШ-тың қазіргі күші бар конституциясы
конституциялық конвент арқылы қабылданған. Бұл органға құрылтай өкілеттігі
берілмеген, конфедеративті одаққа бірлескен 13 тәуелсіз штаттың 12 штатының
өкілдігінен небәрі 55 делегеат қатысқан болатын. Олар өздеріне өздері
құрылтайлық өкілдікті иеленген еді. 1787 жылы 13 қыркүйекте делегаттар қол
қойған конституция жобасы штаттарға ратификация жасауға жіберіледі. Осы
мақсатта штаттарда құрылтай жиналысы сайланды. Жобаны мақұлдауға 9 штат
қажет болғанымен, оны 11 штат қолдап, 1789 жылдың 4 наурызында АҚШ
Конституциясы ресми күшіне енген болатын.
Сондай-ақ, құрылтай жиналысы тарапынан: Италия (1947ж.), Индия
(1974ж.), Греция (1975ж.), т.б. елдердің конституциялары қабылданды.
2 Сайлау корпусы тарапынан да конституция қабылданды.
Мұндай жағдайда конституцияның қабылдануы, мысалы, 1958 жылы Францияда
болды. Сайлау корпусы сол секілді Италияда (1947ж.), Югославияда (1945-
1947ж.), Болгария мен Румынияда (1990-1991ж.) конституциялар қабылдады.
3 Атқарушы өкімет басшысы актісімен (октроирование) конституция
қабылдау. Конституция жобасы тек қана өкімет аппараты тарапынан
дайындалады. Кейін оны өкімет басшысы бекітеді. Алғаш рет мұндай тәсіл
Францияда, Король Людовик ХҮІІІ-нің тарапынан қабылданып, ол 1814 жылғы
Хартияны бекіткен болатын. Мұндай тәсіл 1831 жылы Бельгияда, 1867 жылы
Канадада, 1963 жылы Кувейтте және т.б. елдерде қолданылды.
Бұл тәжірибені патшалық Ресей де қолданған болатын. 1906 жылы 27
көкекте Ресей империясының негізгі мемлекеттік заңдарының мәтіні
жарияланды. Шындығын айтсақ, бұл ең алғашқы жоғарыдан ендірілген орыс
конституциясы еді. Бұл заңдар Ресей империясының мемлекеттік құрылымын,
мемлекеттік тілді, жоғары биліктің мәнін, заң шығарушылық тәртібін, орталық
ұйымдар: Мемлекеттік Кеңес Мемлекеттік дума принциптерінің, Министрлер
кеңесі мен министрліктердің, Ресей азаматтарының құқығы мен міндеттерін,
православие шіркеуі жағдайын күшейтті, мемлекет елтаңбасының сипаттамасы
жазылып, сондай-ақ мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелері сөз болды.

Конституцияның күшіне енуі

Кез келген конституцияның қорытынды ережеде көрсетілген кезден немесе
арнайы мемлекеттік – құқықтық актімен күшіне енетіні белгілі. Мысалы, Ресей
Федерациясының Конституциясының Қорытынды және өтпелі ережелерінде
көрсетілгендей осы елдің Конституциясы халықаралық дауыс беру нәтижесіне
сай ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.
Күшіне енген Конституция заң бойынша мемлекеттің барлық
территориясында ықпалды.
Кейде конституция белгілі бір территорияда ғана күшінде болса, кейін
басқа бір территория аумағында да күшіне енуі мүмкін. Мысалы, ФРГ –нің 1949
жылы қабылданған Негізгі заңының әуелде тек батыс Германия жерінде күші
болса, кейін ГДР-дің ФРГ құрамына кіруі нәтижесінде ФРГ –нің Негізгі ГДР
территориясында да күшіне енді.

Конституцияны өзгерту

Жазылған конституцияны өзгертудің әр түрлі тәсілдері өмірде белгілі.
Бейімді деп аталатын конституцияларды өзгерту, жоғарыда айтып
өткеніміздей, лайықты заңдар қабылдау нәтижесінде жүзеге асырылады. Осындай
тәсілдер арқылы Англия, Израиль, Жаңа Зеландия, Сауд Арабиясы, Швеция
конституциялары өзгеріске түсті. Ал, қатаң конституцияларды өзгерту мұнан
гөрі күрделірек тәртіппен жүзеге асырылады. Мысалы, АҚШ –тың конституциясын
өзгерту үшін түзету жобасын Конгрестің әрбір палатасы мүшелерінің үштен
екісі дауыс бергенде, не болмаса заң шығарушы жиналыстардың төрттен үш
штаттары қолдағанда ғана заңды болады. Дегенмен, осы күнге дейін АҚШ
конституциясына 26 түзетулер енгенін айта кеткеніміз жөн.
Италияда конституцияны өзгерту үшін парламенттер қатарынан екі рет
талқылау өткізіп, екінші дауыс берерде әрбір палатаның абсолюттік көпшілік
дауысына ие болуы талап етіледі. ФРГ –да Негізгі заңды өзгерту үшін
парламенттің екі палатасында да көпшілік дауыс талап етіледі.
Төтенше жағдайларда, айталық, Бельгия, Қырғыз Республикасы, Беларусь
Республикасы, Франция және т.б. елдерде, конституцияны қайта қарауға тыйым
салынатынын ескертіледі.
Сонымен қатар, Конституцияға өзгерту енгізу ынтасына ие құқық
субъектілері әдеттегідей заң шығарушылық процесін атқарады. Алайда,
мұндайда кездесетін өзгеше ерекшеліктерді де естен шығаруға болмайды.
Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясына ұсыныстар мен түзетулер Ресей
Федерациясы Президенті, Мемлекеттік Дума, Ресей Федерациясының Үкіметі,
Ресей Федерациясының заң шығарушы өкілетті субъект органдары, сол секілді
Федерация Кеңесінің немесе Мемлекеттік Думаның бестен бір бөлігінен кем
емес депутаттары тобы дауыс берсе ғана жасалады. Ал, Грецияның
Конституциясына конституцияға сәйкес өзгертулерді енгізу жайлы ұсыныстарды
саны 150-ден кем емес депутаттар ғана енгізе алады.

Конституциялық қадағалау бақылау

Жоғарыда атап өткеніміздей, жазба Конституция елдегі басқа барлық
нормативтік құқықтық актілерге қарағанда жоғары заң күшіне ие болады.
Сондықтан да жарияланатын кез келген нормативтік құқықтық актілер
конституцияға сәйкес келетін түрде ғана жүзеге аса алады.
Мұндай істі тәжірибеде нақтылап отыру міндеті конституциялық
қадағалау бақылау органына жүктеледі, яғни, бұл орган нормативтік
құқықтық актілердің конституцияға сәйкес екендігін тексеруді жүзеге асырып
отырады.
Осы қызметті алғаш рет АҚШ-тың Жоғары Соты 1803 жылы жүзеге асырды.
Жоғарғы сот 1789 жылғы сот құрылысы жайлы заңның 13- бөлімінің АҚШ-тың
конституциясына қарама-қайшы деп тауып, оны қолдануға болмайтынын өз
шешімінде бекітті. Осылайша, АҚШ –тың Жоғарғы Соты конституциялық қадағалау
бақылау органының қажеттілігін көрсетіп берді. Сайып келгенде, АҚШ-тың
Жоғарғы Соты осы күнге дейін конституциялық қадағалау бақылау органы
қызметін де атқарып келеді.
Қазіргі кезде жазба конституциясы бар әлемнің барлық елдерінде
конституциялық қадағалау бақылау органы енгізілген.

Бақылау сұрақтары:

1. Конституция анықтамасы.
2. Конституцияның негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
3. Конституцияны жіктеу тәсілдері.
4. Конституция құрылысы.
5. Конституцияның қабылдануы, күшіне енуі және оған өзгертулер енгізу.
6. Конституциялық қадағалау бақылау.

№3. Лекция тақырыбы: Адам мен азаматтардың конституциялық- құқықтық
мәртебесі

Лекция жоспары:
1. Құқық, бостандық, міндеттер.
2. Шетелдіктердің құқықтық жағдайлары.

Лекция мақсаты: Құқық, бостандық, міндеттер мағынасын түсіндіру.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайларын қарастыру.

Лекция мазмұны: Жоғарыда атап өткеніміздей, конституцияның мазмұнын
салыстырмалы-құқықтық талдау әдісімен зерттеу нәтижесінде (Ресей, Болгария,
ҚХР, ФРГ, Түрікменстан, Белгия елдері, Украина, Қырғызстан Республикасы,
т.б.) жазба конституциялардың бәрінде де, әдеттегідей, адам, мен азамат
құқығы, оның бостандығы мен міндеттері белгіленіп, бекітіліп берілетініне
көзімізді жеткіздік.
Мәселенің шындығын айтар болсақ, Өзбекстан Республикасы
Конституциясының 25-бабында (1992ж.): Әркімнің бостандыққа құқы бар және
дербес құқыққа ие - делінсе, 43-бабында: Өзбекстан халқының тарихи,
рухани және мәдени мұраларын әрбір азамат қорғап, сақтауға міндетті -
делінген.
Ресей Федерациясы Конституциясының (1993ж) 25-бабында: Соттың
шешімінсіз немесе федеральдық заңда қарастырылған жағдайлардан өзге кезде
ешкім біреудің үйіне, еркіне қарсы, басып кіруге құқы жоқ - деп жазылса,
ал Словакия Конституциясында (1992ж.): Міндеттерді тек құқық пен
бостандықтың негізін сақтай отырып тек заң негізінде, тек соның шеңберінде
бекітуге болады - делінген.
Дегенмен де, мынадай жәйтті де ескерте кеткеніміз жөн.
Конституцияларда адам мен азамат мәртебесі құқығы арасында айырмашылық
белгілері де болады. Мұны ажырату қиынға соқпайды. Өйткені әрбір заң
шығарушы бұл үшін мәтінде конституция баптарына сәйкес тұжырымдарды
пайдаланады. Мысалы, адам құқы мәртебесіне қатысты: Әрбір адам, бәрі,
бірде-бір адам ешкім, т.с.с., ал азамат мәртебесі құқына қатысты:
азаматтың құққы бар, азамат міндетті, азаматтарға кепілдік береді
сияқты т.б. тұжырым, түсініктер пайдаланылады.
Конституциялық құқық, бостандық, міндеттер әдетте төмендегі негізгі
үш топқа бірігеді:
1. Жеке (азаматтық) құқық, бостандық, міндеттер (мысалы, жеке адам
құқына қол сұқпаушылық, хат-хабар құпиялылығы, өз еркімен көңіл
білдіру бостандығы, заңдарды сақтау міндеті, т.б.).
2. Саяси (мысалы, пассивті және активті сайлау құқы, жиналыс
еркіндігі, отанды қорғау міндеті, т.б.).
3. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени (мысалы, еңбек ету құқы, кәсіп
таңдау
еркіндігі, шығармашылық еркіндігі, салық төлеу міндеті, табиғатты
қорғау, т.б.).
Конституция әрдайым теңдік, бостандық және міндеттер құқығы теңдігі
принциптерін жариялайды. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 6-
бабында: Ресей Федерациясының әрбір азаматы оның аумағында барлық құқықтар
мен бостандыққа ие болып әрі Ресей Федерациясы Конституциясында
көрсетілгендей барлық міндеттер теңдей жүктеледі, - деп жазылған. Сондай-
ақ, Конституцияда мемлекет тарапынан құқық пен бостандықты шектеу
мүмкіндіктері де айтылады. Мысалы, Хорватия Конституциясының (1990ж.) 16-
бабында: құқық пен бостандық тек заң арқылы ғана, басқа адамдардың
бостандығы мен құқын, құқық тәртібін, қоғамдық мораль мен денсаулықты
қорғау мақсатында, шектелуі мүмкін, - деп нақты көрсетілген.
Адам мен азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығының тағы
бір беретін кепілдігі – маманданған заң көмегін пайдалану құқығы.
Көптеген конституциялар мемлекет тарапынан кепілдік берілетін адам
мен азаматтың құқығы мен бостандығын бұзғаны үшін жауапкершілік
тағайындайды. Міне, осы тұрғыда ерекше өзекті Заң – 1789 жылы Францияда
қабылданған адам мен азамат құқығының Декларациясы. Бұл декларация әлі
күнге дейін күшін жоғалтпай отыр. Декларация тек кез келген мемлекеттің
басты мақсаты болып табылатын ажырамас әрі табиғи адам құқын қамтамасыз
етуді жариялап қана қоймай, сонымен бірге көрсетілген құқықтың басты
құрамдарын: бостандық, жекеменшік, қауіпсіздік, езіп-жаншуға қарсы қарсылық
сияқты т.б. нормаларды бір жақты тұжырымдап береді.
Бұл декларацияның сонымен қатар, американдық конституцияның мазмұнды
да қуатты болып әрі жетіле түсуіне жағымды ықпал еткенін атап өтпеуге
болмайды. Өйткені, 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясында алғашқыда
адам құқығы сөз болмаған еді, тек кейін, біраз жылдар өткеннен соң, 1791
жылы (құқық жайлы Билль) АҚШ Конгресі Конституцияға он түзету енгізіп
бекіткен болатын.
Азаматтық

Әрине, белгілі бір мемлекет азаматтығына тиістілігіне қарай әрбір
адам құқық, бостандық және міндет шеңберінде бағынышты болады.
Сөйтіп, азаматтық – адамның белгілі бір мемлекетке саяси және
құқықтық тиістілігін білдіреді. Сондықтан да мемлекет өз азаматына құқық
пен бостандық беріп, елден тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасайды.
Азамат та өз кезегінде мемлекеттің барлық ережелерін сақтап, ондағы
қаралған заңдарды мүлткісіз орындайды.
Мысалы, Қырғыз Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес Қырғыз
Республикасына адамдардың тиістілігі және оның мәртебесі азаматтығымен
анықталады. Қырғыз республикасының азаматтары Конституцияны, республика
заңын және басқалардың құқығын, бостандығын, абройы мен ожданын сақтауға
міндетті.
Қырғыз Республикасы азаматы болып танылғандардың басқа мемлекеттің
азаматтығына тиістілігі танылмайды. Қырғыз Республикасының бірде бір
азаматын өз азаматтығынан айыруға және өз азаматтығын өзгерту құқына тыйым
салынады. Қырғыз Республикасы шеттегі өз азаматтарын қорғап, оларға
қамқорлық жасайды.
Шетелдіктер деп, басқа бір белгілі мемлекеттің аумағында тұрғанымен,
бірақ ол елдің азаматтығын алмағандарды айтады. Сөйтіп, шетелдіктерге басқа
елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Азаматтық мәселелерін реттеу әрбір мемлекеттің ішкі конституциясына
жататынын ерекше айту қажет. Сондықтан да әр түрлі мемлекеттердің азаматтық
жайлы заңдарында әр түрлі қарама-қайшылықтар (коллизия) кездесіп қалады.
Оны олар мемлекетаралық дәрежеде екі тарапты немесе көп тарапты келісімдер
жасау арқылы шешіп отыруға тырысады. Мысалы, қос азаматтықты болдырмау және
азаматтығы жоқ жайлы келісімдерді айтуға болады. Осы тұрғыдан келісім
ретінде 1995 жылғы Қазақстан республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
халықаралық-құқықтық актілерді: Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін
келетін Қазақстан республикасы азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан
Республикасына тұрақты тұру үшін келетін Ресей Федерациясы азаматтарына
азаматтық алуды жеңілдету жайлы, сондай-ақ Ресей федерациясы аумағында
тұрақты тұратын Қазақстан республикасы азаматтарының және Қазақстан
Республикасы аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясы азаматтарының
құқықтық мәртебесі жайлы келісім-шарттарды атауға болады. Мұндай
халықаралық-құқықтық актілер қос азаматтықтың пайда болмауын алдын алады,
сөйтіп Ресей мен қазақстан азаматтарына осы аталған екі аумақта тұрақты
тұру жайларын нақты анықтап, құқықтық мәртебе береді, әрі тіркеу барысында
азаматтық алу тәртібін жеңілдетеді.
Мысалы, тек 1995 жылдың 9 ай мерзімі аралығында Қазақстаннан тысқары
жаққа 251809 адам кетті. Мұның көпшілігі Қазақстанның Ресей Федерациясына
эмиграция жасады.
Азаматтық алу. Болса да, азаматтық қан құқы немесе тек құқы (негіз
құқы) принциптері негізінде алынады. Мұның алғашқысында туылған жеріне
қарамай (мысалы, Эстония Республикасы Конституциясының 8-бабына сәйкес
әрбір бала, ата-анасының бірі Эстония азаматы болып табылса, туылғаннан соң
Эстония азаматы құқығына ие бола алады) ата-анасының азаматтығын алады, ал
екіншісінде – ата-анасының азаматтығына қарамай, нәресте қайсы мемлекет
аумағында дүниеге келсе (мысалы, Мексика), сол елдің азаматы бола алады.
Туылу жеріне орай азаматтық алуды шет елдерде – филиация, ал шетелдіктерді
азаматтыққа алуды- натурализация дейді. Бірақ, соңғы жағдайда бірнеше
шарттар сақталуы тиіс. Кейбір елдерде натурализация жасалынатын
азаматтардың құқық шеңбері шектелуі де мүмкін. Мысалы, АҚШ Конституциясына
сәйкес осы елдің Президенттігіне тек АҚШ – та туылған азамат сайланады, ал
сенатор болу үшін 7 не 9 жыл АҚШ азаматы болу талап етіледі.
Азаматтықты қалпына келтіру үшін азаматтар бұрын белгілі бір
мемлекеттің азаматы болуы тиіс.
Азаматтықты таңдау (оттация). Бір мемлекеттің аумағынан екінші бір
мемлекет аумағына өткенде ғана жүзеге асырылады.
Азаматтықтың тоқтатылуы мына кездерде жүзеге асырылады: азаматтықтан
шыққанда, азаматтығын жоғалтқанда, азаматтықтан айырғанда, басқа елдің
азаматтығын таңдағанда (оттация) және т.б. себептермен.
Азаматтығы жоқтық және көп азаматтылық. Азаматтығы жоқтық деп қандай
бір мемлекетке тиісті азаматтығын көрсететін ресми құжаттарды ұсына алмауды
айтады.
Көп азаматтылықтың жиі кездесетін түрі қос азаматтық (бипатризм). Бұл
жағдайда адам екі мемлекеттің азаматы болып есептеледі. Қос азаматтық,
мысалы Австрия, Мексика, Польша, Канада, Испанияда орын алған.
Қазіргі кезде көптеген елдер көп азаматтыққа әлі де теріс қарайды.
Өйткені, бұл азаматтардың бұл жағдайда саяси құқықтары мен бостандығы
шектеледі деп санайды. Қос
Азаматтық туралы пікір 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында
қарастырылғаны белгілі. Алайда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасы
Конституциясында қос азаматтық шығарылып тасталды.

2.Шетелдіктердің құқықтық жағдайлары.

Көп елдерде шетелдіктердің құқықтық мәртебесі негізінен өз азаматтары
мәртебесіне теңестіріледі. Дегенмен, белгілі бір шектеулер де жоқ емес.
Мысалы, шетелдіктер әскери қызметке шақырылмайды, сайлау құқын
пайдаланбайды және т.б.
Құрама мексика штаттары Конституциясының 33- бабында шетелдіктерге
елдегі саяси істердің кез келгеніне араласуға тыйым салынған.
Кейбір елдердің конституциясында саяси себептер нәтижесіне қарай
шетелдіктерге баспана беру қарастырылған. Мұндай ережелер, мысалы, Ресей,
Молдова Республикасы, Польша, Өзбекстан, Италия конституцияларында және
Германияның Негізгі заңында көрсетілген. Алайда, саяси баспана беру деген
сөз, тоқтаусыз азаматтық береді дегенді білдірмейді. Бұл екеуі мүлдем
бөлек, өзара байланыссыз мәселелер әрі әр түрлі тәртіппен шешіледі.
Кейбір елдердің конституциясы өз азаматтарын және өз аумағында заңды
түрде тұрған шетелдіктерді жер аударуға тыйым салады. Сол секілді,
халықаралық келісім-шарттарда қарастырылмаған болса, конституциялары
бойынша басқа мемлекеттерге өз азаматтарын да, шетелдіктерді де беруге
(экстрадиция) тыйым салынады. Мысалы, Беларусь республикасы
Конституциясының 10-бабы бойынша, Беларусь Республикасы халықаралық
келісімдерінде қарастырылмаған болса, Республика азаматтарын шетел
мемлекетіне беруге тыйым салынған. Осы іспетті ережелер Болгария,
Түрікменстан, Украина, Қырғыз Республикасы, Испания, Дания, т.б. елдердің
конституцияларында да қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясында адам мен азамат құқығы,
бостандығы мен міндеттері арнайы бөлім ретінде, Адам және Азамат деген
атпен жеке қарастырылған.

Бақылау сұрақтары:

1. Адам мен азаматтардың құқығы, бостандығы және міндеттеріне қысқаша
сипаттама беріңіз.
2. Азаматтық түсінігі.
3. Азаматтықты алу және оның тоқтатылуы.
4. Азаматтығы жоқтық және көпазаматтылық.
5. Шетелдіктердің құқықтық жағдайы.

№ 4. Лекция тақырыбы: Мемлекет нысандары және саяси
режим.

Лекция жоспары:
1. Мемлекеттік құрылым нысандары.
2. Саяси режимдер.

Лекция мақсаты: Қоғамды басқару қандай жолдармен жүзеге асырылады және
онда халықтың рөлі қандай болатынын түсіндіру.

Лекция мазмұны: Басқару нысандарына анықтама берудің маңызы өте зор.
Өйткені, ол мемлекеттің мәнін айқындайды. Сөйтіп, мемлекеттік биліктің
жоғары органдарының құқықтық жағдайлары мен құрылысын ашып береді, сондай-
ақ кейінгілердің мемлекет басшысынан қаншалықты заңды және нақты
тәуелділігін көрсетеді.
Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар: монархия және
республика.
Монархия – елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге
асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мұрагерлік тәртіппен
иеленгендігін білдіреді.
Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Абсолютті монархияға барлық мемлекеттік биліктің монарх қолына топтасуы
тән. Қазіргі кезде абсолютті монархия, мысалы, Сауд Арабиясы корольдігінде
(мемлекет басшысы және рухани көсем - король), Оман сұлтандығында (мемлекет
басшысы - сұлтан), Ватиканда (Мемлекет – Қала Ватиканда заң шығарушылық
және сот билігі папа қолында болады. Оны кардиналдар коллегиясы өкілдікке
сайлайды).
Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және
парламенттік.
Дуалистік монархияда екі саяси ұйым – феодалдық монархия мен
буржуазиялық парламенттің болуы тән. Монарх үкіметті тағайындайды
(парламент тек король алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық
өкілеттігі монарх тарапынан шектелген, өйткені жоғары палатаны монархтың
өзі тағайындайды, әрі ол тыйым салу құқығына да, парламентті тарату
құқығына да және т.б. ие. Дуалистік монархия Иорданияда (Иордания
Хашимиттер корольдігі, мемлекет басшысы - король), Кувейтте (Кувейт
мемлекеті, мемлекет басшысы-әмір, ол билеуші Сабахтар әулеті мүшелерінен
сайланады), Тайландта (Тайланд корольдігі, мемлекет басшысы - король) және
тағы басқа елдерде бар. Парламенттік монархия. Парламенттік монархияда
монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін
жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен
құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал,
парламент үкіметке сенімсіздік вотумын көрсеткенде үкімет отставкаға
кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезек тен
тыс парламенттік сайлау өткізуді белгілейді. Парламенттік монархияның
дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар.
Олар жайында біздің ойымызша, белгілі бір елдің мемлекеттік тәжірибесін
оқып-зерттеу барсында ғана нақты пікірлер айтуға болады. Қазіргі кезде
осындай басқару түрі дүние жүзі елдері ішінде, мысалы, Англияда
(Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен корольдігі мұндағы ресми
мемлекет басшысы-королева),Бельгияда(Бельгия корольдігі, мемлекет басщысы –
король), Данияда(Дания корольдігі, мемлекет басшысы – монарх. 1972 жылы
қаңтарда ғана Маргрета ІІ мемлекет басшысы болып сайланады), Испанияда (бұл
елде парламенттік мұралық монархия, мемлекет басшысы – король), Норвегияда
(Норвегия корольдігі, мемлекет басшысы король), Канадада (мемлекет басшысы
Ұлыбритания королевасы деп нақты көрсетілген, ол генерал-губенаторды өзі
тағйындайды), Жапонияда (мемлекет пен халық бірлігі нышаны –император),
Люксембургте (Люксембург ұлы Герцогтығы,мемлекет басшысы – ұлы герцог)
орныққан.
Республика – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын негізінен халық
болып табылатын басқару нысаны.
Республикалық басқару негізінен екі түрге бөлінеді; президенттік және
парламенттік.
Президенттік республиканың басты сипаты-президент қолына мемлекет басшысы
мен атқару билігінің басшысы өкілеттіктері шоғырланады (мысалы, Аргентина,
Боливия, АҚШ; Өзбекстан)
Президенттік республиканың алғашқы тарихи әрі үлгілі түрі АҚШ болып
табылады. Бұл елде президенттік институт 1787 жылғы Конституция негізінде
енгізілген, АҚШ-тың мемлекеттік билігі тиым салу мен қарама-қайшылық
принципі негізінде құрылған. Бұл тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі
АҚШ конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Дж. Мәдисонға
тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару ісіндегі
бірден-бір сәтті қадам болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері
біріне-бірі тәуелсіз,бірақ әрі озара байланысты болып, әрбірі жеке алғанда
қалған екеуімен шектеліп отыратын еді. “Бірінің ниетіне екінші бірі қарсы
тұратын ниетті тұратын ниетті құруымыз жоқ”. – деп Мэдисон текке айтпаған.
Міне, осы қанатты сөз әлі АҚШ саясаты мен саясатануынды альфа мен омега
(яғни бас-аяғы) болып отыр. Мәдисон тыйым салу мен қарама-қайшылық жүйесіне
мемлекет тарапынан қиянат етушілікті болдырмайтын тетік еңгізе білді.
Сөйтіп тәуелсіз халықты өкіметтен “ажыратып” әрі өкіметтің де төменнен
жасалған қысымға қатты бағынышты болмауы жағын да қарастыратын реттерді
ойластырды.
Тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі төмендегідей 6 негізгі
ережелерден тұрады:
1. Барлық штаттар тең құқыққа ие болады: жалпы халықтық үкімет
бұлардың бірде-біреуіне арнайы жеңілдіктер бере алмайды.
2.Басқарудың үш органы жүзеге асырады. Олардың бірі – заңдар шығару
үшін, екіншісі –оны орындау үшін, ал үшіншісі – құқықтық мәселелерді шешу
үшін құрылады.
3. Заң алдында барлық азаматтар тең, бай да, кедей де, әлеуметтік
дәрежесіне қарамай, өз құқықтарының заңмен қорғалуын талап ете алады.
4. Үкімет адамдардың емес, заң өкіметі болуы тиіс. Заңнан жоғары
ешкім де, ешнәрсе де жоқ. Бірде бір өкімет қызметкерінің билікті
конституция немесе заңда рұқсат етілгеннен өзге жағдайда пайдалануына
болмайды.
5. Халық конституцияны өзгерте отырып, үкімет билігін өзгерте алады.
6. АҚШ-тың аумағында АҚШ тың конституциясы, конгресс заңдары мен
келісім-шарттары ең жоғары заңдар болып табылады.
Парламенттік республикада ең алдымен мемлекеттік биліктің жоғары органдары
жүйесіне парламенттік үстемдеу ету сипаты көрінуі шарт. Мұндай елдерде
өкіметтік парламент сайлауында жеңіп шыққан саяси партиялар жетекшілерінен
тек парламент қана құрады. Қазіргі кезде, мысалы. Австрия, Индия, Израиль,
Түркия, ФРГ, Швейцария, елдері парламенттік республика болып табылады.
Басқарудың аралас нысандары. Басқарудың мұндай нысанында парламенттік
те және президенттік республиканың да белгілері болады. Осындай басқару
нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің Конституциясына сәйкес елдің
жоғары лауазымды басшысы – Президент. Францияда 1962 жылы Президентке
тікелей сайлау енгізілген. Мемлекет басшысы тарапынан үкімет құрылады әрі
ол тек президент алдында ғана жауап береді. Президент өкіметті басқаруды
жүзеге асырады; Премьер-министр тек министрлер кеңесі қарайтын құжаттарды
даярлауды қамтамасыз етеді.
Сол секілді басқарудың басқа да аралас нысандары кездеседі. Мысалы,
монархия және республика элементтерінің аралас түрі. Малайзия мемлекеті
басшысы – монарх 9 штаттан, сұлтандар, арасынан 5 жылға (Малайзия
федерациясында 13 штат бар, оның 9-ын мұрагерлік жолмен сұлтандар
басқарады. Бұл елдегі монархтың ресми аталуы: Янг ди-Петруан Агонг)
сайланады. Монарх Парламент алдында жауапты премьер-министр мен
министрлерді тағайындайды. Парламент екі палатадан: өкілдік палатасы(177
депутат) және сенаттан (58мүшеден) тұрады. өкілдік палатасына депутаттар
тұрғындар тарапынан, ал сенаторлардың 26-сы (әр штаттан 2 адамнан) сайлау
жолымен сайланады, ал қалғандарын мемлекет басшысы тағайындайды. Монархтың
парламентті таратуға, не өзі отставкаға кетуіне құқы бар.

МЕМЛЕКЕТІК ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫ
Мемлекеттік құрылым нысандарын анықтауда мына жәйттерді көздеген
мақұл: белгілі бір елдің территорялық аумағы қалайша түзілген, ол қандай
бөліктерден құралған (әкімшілік-аумақтық бірліктен немесе федерация
субъектлерінен), оның құқықтық жағдайы қандай және аумақтық басқару
органдары мен мемлекеттің орталық органдары арасындағы қарым-қатынас, т.б.
қалайша құрылған.
Мемлекеттік құрылым нысандары негізінен екі түрде : унитарлық
(біртұтас) және федеративтік (құрама) болады. Унитарлық мемлекеттер
қатарына: Бельгия, Греция, Эстония, Қырғызстан Республикасы, Түркменстан
Украина, Армения, Жапония. Польша, т.б. жатады. Унитарлық елдер төмендегі
негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: конституция бірілігі; мемлекеттік
биіліктін жоғары органдарының бірынғай жүйесі; азаматтық бірлігі, құқықтық
жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі; тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес
әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге (жергілікті басқару органдары
мемлекеттің орталық органдарына бағындыралған) бөлінеді.
Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбритания, Испания,
Италия, Дания, Финляндия) бар. Олардың мемлекеттік құлымы елінің кейбір
аумақтарында автономиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап
айтқанда, Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар
шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керегінде
өзінің құқықтық және соттық жұйесіне өзі ие әрі өзі шіркеуі бар. Ал,
Солтүстік Ирландияға аумақтық жартылай автономиялы құқық берілген, ол
өзінің екі палатадан: қауымдық палата (52 мүшесі бар, олар 5 жыл мерзімге
тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата
сайлайтын 26 мүшеден), кабинеттен (премьер-министр бастаған 8 министр)
тұрады. Солтүстік Ирландияға атқарушы билікті губернатор атқарады.
Саяси режимдер

Әлемдік тәжірибеде бар мемлекет нысандарын зерделеп білген соң, енді
мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысандарын жан-жақты қарастырып, білудің
жөні келіп отыр. Былайша айтқанда, қоғамды басқару қандай жолдармен жүзеге
асырылады және онда халықтың рөлі қандай болады? Міне, ендігі сөз осы
сұрақтар төңірегінде өрбиді. Осы орайда Қазақстан Республикасының
Конституциясының беташары болған: Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді
еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей
отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді
сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы
Конституцияны қабылдаймыз-деген сөздермен, яғни, халық атынан басталады.
Енді, Ресей Федерациясы Конституциясының Конституциялық құрылыстың
негіздері атты тарауаындағы: Тәуелсіздік жаршысы және Ресейдегі биліктің
бірден –бір қайнар көзі ондағы көпұлтты халық,-деп текке айтып отырған
жоқ. Қашанда, әр нәрсенің басы да, қайнар көзі де халық, ол өздері
армандаған билігін тікелей де мемлекеттік билеу органдары мен жергілікті
өзін-өзі басқару органдары арқылы да жүзеге асырып отырады.Конституция
бойынша халықтың осы билігінің нақты көрінісі болып референдум және еркін
сайлау жүргізу болып табылады әрі онда өздерінің ең жоғары арман-ниеттерін
көрсете алады. Ресейде мемлекеттік билік заң шығару, атқару және сот
жүйелері, яғни, үш негізгі тармақ арқылы жүзеге асырылады. Әрине, заң
шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері өз алдына дербес, бір-біріне
тәуелсіз. Федерацияда мемлекеттік билікті жүзеге асыратындар: Президент,
Федеральдық Құрылтай Федерация Кеңесі және Мемлекеттік Дума, Үкімет,
Ресей Федерациясы соттары. Ал, федерация субъектілеріндегі мемлекеттік
билікті оларда құрылған мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады.
Федерацияның мемлекеттік билік органдары мен субъектілерінің
мемлекеттік билік органдары арасындағы істерді жүргізу мен өкілеттіктерді
шектеу Ресей Федерациясы Конституциясы, Федеративті және тағы басқа да
істерді жүргізу мен өкілеттіктерді шектеу жайлы келісімдер арқылы жүзеге
асырылады.
Литва Республикасының Конституциясы бойынша Халық өзінің жоғары
тәуелсіздік еркін тікелей немесе демократиялық жолмен сайланған өз өкілдері
арқылы жүзеге асырады. Литвада мемлекеттік билік Сейм, Президент, Үкімет,
Сот арқылы жүзеге асырылады. Конституция карқылы билік өкілеттігі
шектеледі. Билік мекемелері тек халық үшін қызмет етеді. Ал, мемлекеттік
билікті күшпен басып алу немесе оның институттарын күштеп тартып алу
конституцияға қарсы әрекет деп саналып әрі заңсыз, жарамсыз деп табылады.
Мемлекет пен Халықтың ең көкейкесті мәселелері референдум жолымен шешіледі.
Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың Конституция белгілеп берген
негізгі принциптері, әдістері және жүзеге асыру жүйелері жиынтығы сол
белгілі бір елдегі саяси режимді нақтылап береді.
Саяси режимдер – демократиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Конституциялық құқықтың пәні
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде. Конституциялық құқықтың пән
Құқық норманың негізгі сипаты
Конституциялық құқықтың негіздері
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Пәндер