Журналист этикасы туралы



І. Кіріспе.
Журналист этикасы
ІІ. Негізгі бөлім
а) Халықаралық журналистика тәжірибесі
ә) Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасысының нормалары
ІІІ. Қорытынды.
Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.
Журналист сөзімен де, өзімен өзгеге үлгі боларлықтай ғылыми-теориялық білімі терең, батыл да принципшіл, кішіпейіл әрі ашық мінезді иманды адам болуы міндетті. Сонымен қатар оған жазу мәдениетін толық игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте қажет. Осы қасиеттер арқылы белгілі бір журналистің қоғамдық-саяси ахуалға деген ұстанымы мен көзқарасы, моральдық-этикалық тәлім-тәрбиесінің деңгейі анықталады.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

І. Кіріспе.
Журналист этикасы
ІІ. Негізгі бөлім
а) Халықаралық журналистика тәжірибесі
ә) Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасысының нормалары
ІІІ. Қорытынды.

І. Кіріспе. Журналист этикасы
Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.
Журналист сөзімен де, өзімен өзгеге үлгі боларлықтай ғылыми-теориялық білімі терең, батыл да принципшіл, кішіпейіл әрі ашық мінезді иманды адам болуы міндетті. Сонымен қатар оған жазу мәдениетін толық игерген жоғары сауаттылық пен тума таланттылық, асқан дарындылық та өте қажет. Осы қасиеттер арқылы белгілі бір журналистің қоғамдық-саяси ахуалға деген ұстанымы мен көзқарасы, моральдық-этикалық тәлім-тәрбиесінің деңгейі анықталады.
Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбек сүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика қағидаларын анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік міндеттерге бағынады. Этика саналы адам болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сана-сезіммен ұғып, білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды.
Этика термині ежелгі гректің ethos (этос) деген сөзден пайда болған. Алғашқыда бұл сөз мекен ету орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген мағынаны білдіреді. Кейіннен бұл сөз әдет-ғұрып, салт-сананы, мінез-құлықты білдіретін сөзге айналды. Бұл этос сөзінен ұлы Аристотель этикалық деген түбірге қосымша енгізіп, адамзаттың ерекше қасиеттерін анықтайды. Білім алудың ерекше түрі ретінде Аристотель ғылымға этика саласын енгізді. Этикалық қасиетті кейде рухани қасиетке жатқызады. Адамдарда рухани және этикалық қасиеттерде айырмашылықтар бар.
Аристотельдің этикасына Цицерон moralis (моральдық) деп анықтама береді. Оның айтуынша, бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сән, салт-дәстүр деген мағынаны білдіреді. Яғни Цицеронның моральдық философиясы Аристотельдің этикасымен дәлме-дәл сәйкес келеді. Сонымен IV ғ. б.з.д. латын тілінде болған moralitаs мораль термині гректің этика сөзімен бірдей мағынада қолданылады екен.
Кейбір зерттеуші ғалымдар этика және мораль терминдерінің тарихын неміс тілінің Sittlichkeit терминімен (Sittе мінез , slichkeit өнегелі) қарастырады. Этика , мораль ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналист этикасы туралы
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Журналист этикасы
Журналистің кәсіби этикалық қағидалары мен міндеттері
Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі
Жетім балалар құқығы және журналистика
Тіл халықтың жаны
Интернет - журналистиканың этикасы
Кәсіби этика стандарттарын енгізу
Пәндер