Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар



1.ші семинар. Қылмыстық іс қозғау сатысы
2.ші семинар. Алдын ала тергеу сатысы.
3.ші семинар. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.
4.ші семинар. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуіндегі дәлелдеу және дәлелдемелер
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы
сатыны жүзеге асыру рәсіміне "Қылмыстық іс қозғау" деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:
- қылмыстық іс жүргізу кодексінің ( ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушыларлар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;
[1] Состояние преступности в РК и результаты работы ОВД. – Астана, 2001.
[2] Орталык Казакстан. 1993. 23- казан
[3] Ларин А.М. Расследование по уголовному делу: процессуальные функции М., 1991. С. 25, 38.
[4] Науно-практический коментарий к Уголовно-процессуальному кодексу РСФСР. М., 1997. С.52,122

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
 
Практиқалық (семинарлық) сабақтардың мәліметтері
 
Виртуалдық, практиқалық сабақтар ке стесі
 
 

Тақырып
Сағат
1
1-ші семинар. Қылмыстық іс қозғау сатысы

2
2
2-ші семинар. Алдын ала тергеу сатысы.

2
3
3-ші семинар. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар.
2
4
4-ші семинар. Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуіндегі дәлелдеу және дәлелдемелер

2
 
 
8
 
1-ші семинар. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ САТЫСЫ

 

1. Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы. Маңызы және міндеттері.

2. Қылмыстық іс қозғау сұрағын шешетін құзыретті органдар мен лауазымды адамдар.

3. Анықтау және алдын ала тергеу органдарының қылмыс туралы түскен арыздар мен хабарлар бойынша атқаратын қызметтері. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеу мен есепке алу тәртібі.

4. Қылмыстық іс қозғаудың негіздері, себептері және процессуалдық тәртібі. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды алдын ала тексеру тәртібі, тәсілі және мерзімі. Жеке және жеке-жариялы түрде ізге түсу мен айыптау істері бойынша қылмыстық жауапқа тарту ерекшелігі.

5. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту: негіздері және тәртібі. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар.

6. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды соттылығына немесе тергелуіне қарай беру.

Қылмыстық  іс  жүргізу заңында  қылмыстық іс  қозғаудың  мәнін  айқындайтын   арнаулы  нормалар   болмағанымен,    осы
сатыны жүзеге асыру рәсіміне "Қылмыстық іс қозғау" деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол "Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар:
-                     қылмыстық іс жүргізу кодексінің ( ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі  іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушыларлар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған;       
-                     қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінің сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді;
   - қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын, оның құқықтық табиғатын түсінуге болады.
Қылмыстық іс қозғаудың зандық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады.
ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес "іс бойынша іс жүргізу" - қылмыстық іс қозгау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен    шешімдерінің  жиынтығы болып табылады. Одан әрі, осы баптың 28-тармағында "қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жургізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мынадай ойларды растай түседі:
     -қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі   дайындық әрекеттері өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі;
      -қылмыстық іс қозғау секілді бастапқы іс-әрекетсіз сотқа дейінгі дайындықтың болуы мүмкін емес;
 -қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының жоқтығын көрсетеді.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз — бұл қылмыстық процестің ең бірінші және міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышартгың бар-жоғын анықтайды.
Қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық ізге түсумен бірдей емес. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан артта қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы — қылмыстық ізге түсу қашан да қылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысындадәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған және бұл адам corpus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы -бұл басқа мәселе. Оған қоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін көрсететін белгілер кездесетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде "факті бойынша қылмыстық іс қозғау" деп аталады (бұл шартты атау, ресми терминологияға жатпайды). Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысында анықталатын болса, онда бұл адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады.
 Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы.
Қылмыстық іс қозғау бұл қылмыстық процестің дербес сатысы. Бұл дегеніміз, осы кезеңде пайда болған құқық қатынастары оларды өзге іс жүргізу сатылары мен кезеңдерінен оқшаулайтын өзіңдік белгілергеие болатынын білдіреді, өйткені олар, біріншіден, осы сатының мақсаттарын жүзеге асыратын іс жүргізу құралдарының мақсаттары мен міндеттері жөнінен, екіншіден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады.
Сонымен, қылмыстық іс қозғау сатысының маңыздылығы мынада:
- уәкілетті орган (лауазым иесі) қылмыстық іс жүргізу мүддесін туғызатын қылмыстық әрекетті оған қылмыстық жаза белгілеу қажеттігін көрсететін белгілер тұрғысынан бағалайды;
    -қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау қылмысты тез ашу, қылмыстың жасалу жағдайларын толық әрі әділ  тергеу, қылмыс жасаған адамның кінәлылығын дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын туғызуға бағытталған;
 -ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы ресімделген шешім сотқа дейінгі қызметтің барысында туатын барлық өзге құқық қатынастарын жүзеге асыру үшін бастапқы іс жүргізу құқықтық қадам болып табылады;    - уәкілетті органның қылмыстық іс қозғау жөніндегідұрыс ресімделген іс жүргізу шешімі сотқа дейінгі қызметті бастау заңдылығының өзіндік кепілдігі болып саналады.
    Қылмыстық іс қозғау сатыларының мақсаттары мыналар:
 -қылмысты тергеу ісін дер кезінде бастауды қамтамасыз ету;
 -осы қылмысты тергеуге тиісті органды анықтау;
-екінші мақсатпен өзара байланысты — осы сатыда сотқа дейінгі қызметке қатысатын уәкілетті органдар мен лауазым иелерін, сондай-ақ  олардың уәкілеттігі ауқымын анықтау.
Заң қылмысты болдырмауға немесе оның жолын кесуге, сондай-ақ қылмыстың іздерін сақтауға бағытталған шараларды қолдану үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетгі түрде жауап қайтаруын көздейді.
 Қылмыстық іс қозғау сатысының міндеттері ҚІЖК-нің 8-бабында көзделгеніндей, жасалған қылмысқа дер кезінде назар аударуға, оны тез әрі толық ашуға, кінәлы адамды анықтауға, одан кейін сотта істі әділ қарауға бағытталған қылмыстық процестің жалпы міндеттерінен келіп шығады.
Бұл сатының міндеттерін дұрыс шешу бұдан былайғы алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі дер кезінде қозғамау дәлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға әкеп соқтырады, осының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша - қылмыстық процестің негізгі мақсаты бойынша ақиқатгы анықтау мүмкін болмай қалады.
Сонымен қатар, А.П.Рыжаковтың анықтағанындай, қарастырылатын сатының екі бірдей міндеті бар. Біріншіден, әрбір жасалған қылмыс фактісіне жауап беру керек, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының белгілері бар кез келген арызды (хабарламаны) дереу тіркеуге алу қажет. Екіншіден, қылмыстық процестің кейінгі кезеңдерін шектеу, атап айтқанда, алдын ала тергеу сатыларын: а) іс жүзінде болмаған; ә) ешқандай қылмысқа жатпайтын, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының ең болмағанда міндетті бір белгісі жоқ, оның ішінде маңызы шамалы (әкімшілік, тәртіптік және басқа теріс қылықтар)   бірде-бір белгісі жоқ фактілерді қарастырудан сақтандыру керек. Бұл анықтаманы даусыз деуге болмайды.
Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті мағлұматтарды анықтауда қылмысқа кінәлы адам туралы мәліметтердің болуын немесе оны әшкерелеудің нақты мүмкіндіктерін көздейтін немесе осы іс бойынша айыптау үкімі шығады деуге негіз болатын сот болашағы деп аталатын жағдайды басшылыққа алуға болмайды. Мұндай қағида заңға негізделмеген. Ол іс қозғаудан заңсыз бас тартуға, қылмыс туралы бастапқы материалдарды тексеру шегін кеңейтуге әкеп соқтыруы мүмкін.
 

2-ші семинар.  АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ САТЫСЫ.

 

1. Алдын ала тергеу сатысының ұғымы, маңызы және міндеттері. Алдын ала тергеу сатысының жүйелері, кезеңдері.

2. Алдын ала тергеудің түрлері (формалары).

3. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бойынша қызметі.

4. Алдын ала тергеу жүргізудің  жалпы шарттары : ұғымы, түсінігі, жүйесі және маңызы.

4.1. Алдын ала тергеу жүргізудің басталуы, тергеу жүргізілетін жер, тергеудің міндеттілігі.

4.2. Тергеуге жататындық (подследственность): ұғымы және тергеуге жататындықты анықтайтын белгілер.

4.3. Анықтау мен алдын ала тергеу мерзімдері.

4.4. Алдын ала тергеуді тергеушілер тобының жүргізуі.

 

 

Қылмыстық істі қозғағаннан кейін алдын ала тергеу жүргізіледі. Басқаша айтқанда, қылмыстық іс қозғау сатысынан кейін алдын ала тергеу сатысы басталады. Бұл кылмыстық сот өндірісінің негізгі құрамдас бөлігі, оның нақты міндеттері қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндеттерінен туындайды. ҚР ҚІЖК 8-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізудің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.  Сөйтіп, қылмыстық істі сотқа тапсырудың алғы шарттары жасалады.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғайды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда — оны дереу толық ақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуга, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.
             Мііне, осы ҚІЖК 8-бабында айтылған қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндеттері, тергеуші мен анықтау органының өкілеттілігін анықтайтын баптарда, алдын ала тергеу сатысының мақсатына байланысты, нақты анықталады. Мысалы, ҚІЖК 64-бабына сәйкес тергеуші істің жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналса азаматты айыпталушы ретіндежауапқа тартып, айып тағып, ҚІЖК-не сәйкес бұлтартпау шараларын қолданып, айыптау қорытындысын жасап, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті.
  Анықтау  органдары  заңмен  белгі ленген   құзыретіне   сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолданады ( 65-бап; 1-бөл. 1-тар).
Қылмыстық істі толық, жан-жақты, шындыққа сай жүргізудің қоғамдық-саяси
маңызы зор, өйткені сондай жағдайда ғана еліміздің азаматтарын мемлекет тарапынан олардың конституциялыққұқыктары мен бостандықтарына қол сұғудан сақтауға болады. Алдын ала тергеу қылмыстық істің дұрыс шешілуін қамтамасыз етеді және әрбір қылмыс жасаған адам жауапкершіліктен құтылуға тиіс емес деген ұғым іс жүзінде жүзеге асады. Қылмыстық іс жүргізудің басқа сатылары сияқты, алдын ала тергеу сатысында  демократиялық принциптер орын алады. Бұл принциптер азаматтарды заңсыз,  орынсыз,  негізсіз жауапқа тартуға  үзілді-кесілді тыйым салады, азаматтардың құқықтары бостандықтары мен міндеттері бұзылмайтынын баяндайды, іс бойынша азаматтардың тілектерінің (мүдделері) орындалуын қамтамасыз етеді.
        Кейінгі жылдары  республикамызда жасалған  қылмыстардың  саны бірде азайып, бірде өсіп отырғаны байқалады. Оған мына сандар  айғақ:   республика  бойынш а  өндіріске  түсксн   қылмыстық іс тер саны 1998 жылы І43268, 1999 жылы - 130824, 2000 жылы -127715, соның ішінде сотқа жіберілген істердің саны 1998 жылы - 49124, 1999 жылы - 42156, 2000 жылы 69031 болған, ал Карағанды облысы бойынша есепке алынған қылмыстар саны 1999 жылы17678 (ашылғаны — 65,3 пайыз), 1999 жылы — 14949 (ашылғаны — 72,0 пайыз), 2000 жылы — 17553, сотқа жіберілгені — 11436, 2001 жылы 16931, сотқа жіберілгені 10602 болған[1].
 Қылмыстың өсуі экономикалық және әлеуметтік жағдайларға  байланысты екені айтпаса да түсінікті. Сонымен бірге, полиция қызметкерлерін, соның ішінде тергеушілерді техникалық жағынан жарақтандырудың тым артта қалушылыгы көп қолбайлау болып отыр. Біздің қазіргі тергеушілеріміз бен жедел іздеушілеріміздің бесаспап қаруы — тапанша мен қалам ғана, оның өзі де бірде бар да бірде жоқ. Ал қазіргі қылмыскерлер болса небір құйтырқы техника мен жарақтарды пайдаланады.     Біздің полиция қызметкерлеріміз бен АКШ-тың полицияларының қоғамдық тәртіп сақтау, қылмыспен күрес жолында қолданатын құрал-жабдықтарын салыстыратын болсақ, айырмашылығы жер мен көктей. Америкада полиция қызметкерлері көп қатпарлы резеңке тоқпақтарынан басқа 38 немесе 45 калибрлі, тиген жерінқопарып кететін оқпен оқталатын тапаншалармен қаруланады. Жәй қарапайым оқ тиген адам, жарасы ауыр болса да, бірнеше секунд тірі жатып, қарсы оқ атуға мүмкіндігі болады.
 
 
Ал ірі калибрлі қарудың оғы тиген жеріне диаметрі 10 сантиметрге дейін жара салады. Мұндай жара адам өлмегеннің өзінде де, оны қимылдатпай тастайды. Сонымен бірге американдық полицейлер жүйкеге қас қағым сәтте әсер етіп, естен тандыратын газ шашатын баллоншалармен қаруланады.Мұндай газдар адамды 10-20 минут естен тандырып, қарсылық жасауға мүмкіндік бермейді. Полиция қызметкерлері кеуделеріне оқ өтпейтін оққағар (бронжилет)  киіп жүреді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық істерді іздестіру басқармасының мәліметіне қарағанда республикада әрбір 7 минутта ұрлық жасалып, әрбір 45 минутта тонау, әрбір 2 сағатта денеге  ауыр жарақат салу, әрбір 4 сағатта кісі өлтіру немесе қарулы шабуыл жасау және әрбір 6 сағатта жыныстық зорлау болады екен[2] .
Нарық  қыспағы күшейіп, қымбатшылық құрығы ұзарған сайын қылмыстың бұрын адам біліп-көрмеген түрлері пайда бола түсуде. Ал олардың тамырына дер кезінде балта шауып, бәрін түбірінен  құртып жібермесе де азайтып отырмаса,  қылмыстардың бірінің үстіне бірі жамалып өсе түсетіні сөзсіз. Уақытында әшкереленбей, ашылмай, тергелмей қалған қылмыстың кейіннен қиындық  тудырары  айтпаса да түсінікті.  Әрбір қылмыс уақытында ашылуы тиіс, ол үшін тергеуші қолдан келген барлық амалды қолдануы керек. Айыпкер анықталып, тиісті жазаға тартылуы керек. Жаза мақсаты — жасалған қылмыс үшін қылмыскердің сазайын  тарттыру ғана емес,  сотталған адамдарды түзеу, еңбекке адалдықпен қарау, заңдарды дәлме-дәл орындау, қоғамдық тәртіпті бұзбай, құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ сотталғандардыда, басқаларды да қылмыс жасаудан алдын ала аластату.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс жүргізудің екінші кезеңі, екінші  сатысы,  қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттеледі, заңда  көрсетілген тәртіппен  жүргізіледі,   қылмысты   ашып,  айыпкерді  жауапқа  тартуды көздейді, қылмыстың жасалуына ықпал ететін себеп пен  жағдайды анықтайды.
Сонымен, алдын ала тергеу дегеніміз — қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген, қылмыстарды тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге және қылмыстык, жауаптылыққа тартуға, қылмыстық іс бойынша барлык, жағдайды анықтауға, соның нәтижесінде соттың  әділ шешім қабылдауына алдын ала жағдай жасауға арналған  тергеуші  әрекеттері.
Алдын ала тергеу сатысының құқықтық маңызы мынада: тергеуші дәлелдемелер жинап, сол дәлелдемелердің көмегімен айыпкерді Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша жауапқа тартады. Алдын ала тергеу басқа адамдарға тоқтау жасайды, басқа қылмыстарды болғызбауға себепкер болады.
Алдын ала тергеу сатысының тәрбиелік маңызы — қандай да кылмыс болмасын, қанша уақыт өтпесін, қылмыс ашылады деген ұғымның ерекше тәрбиелік әсері болады.
Басты сот талқылауы сатысымен салыстырғанда алдын ала тергеу сатысы көмекші рөл атқарады. Қылмыстык іс бойынша алдын ала тергеу сотқа дейін, соттан тыс,  сот үшін жүргізіледі. Алдын ала тергеу деген атауының өзі білдіріп тұр.  Іс бойынша келешекте тағы да жұмыс жасалады, алдын ала тергеу нәтижесінде қабылданған шешім сотта тексеріледі.
Сонымен қатар, алдын ала тергеу өз бетінше елеулі қызмет атқарады. Дәл осы сатыда қылмыстың мән-жайы анықталады, қылмыс жасаған адамдар әшкереленеді, сотта іс қарау шегі анықталады, тергеу айыптау қортындысын жасаумен аяқталады.
Заң алдын ала тергеу органдарына қылмыстық істі қысқартуға рұқсат береді. Алдын ала тергеу сатысындағы қылмыс оқиғасы, жасаған әрекеттерінде қылмыс сипаты болмады және айыпкердің қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген деген себептермен іс қысқартылса, жауапқа тартылған  азамат толық ақталды деп санаймыз.
Алдын ала тергеу сатысында адамды айыпкер есебінде жауапқа тартады, бірақ ол кінәлі деп саналмайды, себебі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабына сәйкес адамның кінәлі  екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Алдын ала тергеу барысында дәлелдеу жүзеге асырылады, яғни заңда көрсетілген тәртіп бойынша дәлелдемелер анықталады, жиналады,  тексеріледі және оларға баға беріледі.
Алдын ала тергеуді жедел-іздестіру қызметінен айыру қажет. Жедел іздестіру қызметі 1994 жылғы 15-қыркүйекте қабылданған Қазақстан  Республикасының  Жедел- іздестіру қызметі  туралы Заңы бойынша жүргізіледі. Осы Заңның 1-бабында жедел-іздестіру ұғымына жедел-іздестіру қызметі — Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы заңға, басқа заңдар мен қалыптық құжаттарға сәйкес, арнайы уәкілдік берілген органдардың, өздерінің құзыреті шегінде азаматтардың өмірін, денсаулығын  құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті,  қоғам мен  мемлекет қауіпсіздігін қылмыстық қол сүғудан,  сондай-ақ шетелдер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерінің барлау-бүлдіру әрекетінен қорғайтын, жария және жасырын жүргізілетін, жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негізделген жүйесі деп түсінік берілген.
Алдын ала тергеу — қылмысты ашуға, айыпталушыны әшкерелеуге,  айыпкер ретінде адамды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар
Халықаралық құқықтың қағидалары
Апелляциялық сот алқасының атқарған жұмысы
Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының ерекшеліктері
Интерактивті тақтаны орнату
Пәннің оқу - әдістемелік кешені негізінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі
География пәнінің сабақтары
Оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың дидактикалық шарттары
Бейнелеу өнерін оқытудағы технологиялық қатынасты ұйымдастырудағы дидактикалық шарттардың бағыттаушы қызметі
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Пәндер