ҚАН АЗДЫҚ «ҚАНСЫРАТЫП» БАРАДЫ.


ҚАН АЗДЫҚ «ҚАНСЫРАТЫП» БАРАДЫ . . .
Қазiргi таңда ана мен баланың денсаулығы елiмiздi алаңдатып отыр. Бүгiнде болашақ аналардың арасында қан аздық ауруы жылдан жылға жиiлеп барады. Бiз мақаламызда қан аздықтын туындау себептерi, белгiлерi және емделу жолдары жөнiнде талдау жасадық.
Қан аздық - қан құрамындағы эритроциттердiң (қанның қызыл түйiршiктерi) қызыл қан жасушалары санының азайып гемоглобин мөлшерiнiң кемуiнен болатын ауру.
Республикалық статистика агентiгiнiң төрағасының орынбасары Юрий Шоқамановтың айтуынша, бұл аурумен көбiне әйелдер ауырады. Атап айтқанда қазақ әйелдерiнiң 90 пайызы қан аздық тақсыретiн тартады екен. Қазақстанның барлық аймағында екiқабат әйелдер қан аздығы ауруына жиi шалдығады.
Соңғы кезде қан аздық ауруы денсаулық сақтау саласындағы басты мәселелердiң бiрiне айналған.
Мамандардың пiкiрiнше, мұның өзi негiзiнен құрамы үйлесiмсiз және микроэлементтерi аз тағамдарды тұтыну салдарынан болып отыр. 1995-1996 жылдарда жалпы алғанда темiр тапшылығы қан аздықтың таралуы бiршама кемiген. Бiрақ, керсiнше, екiқабат әйелдердiң арасында 1999 жылғы көрсеткiш 58 пайыз болса, 2003 жылға дейiнгi аралықта 63, 4 пайызға жеткен. Ол сондай-ақ, республиканың Оңтүстiк және Шығыс аймақтарында бала көтеруге қабiлеттi әйелдердiң 57 пайызының йод тапшылығына байланысты денсаулықтары бұзылғандығын атап өттi. Бұл көрсеткiш елiмiздiң Солтүстiк және Батыс аймақтарында 61 пайызға жеткен.
Ауру жөнiнде айтсақ, қан аздықпен ауырған адамның қаны сұйылып кетедi. Бұл аурудың сипаты - адам денесi қан деңгейiн қалыпқа түсiрiп үлгергенше, қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақат алғанда немесе асқазан жарасының аузы ашылып кеткенде, iш сүзегiмен сырқаттанғанда (дизентерия) қанның тоқтамауы қан аздық ауруына шалдықтыруы мүмкiн. Қанның қызыл түйiршiктерiн жойып жiберетiн безгек (малярия) ауруы да қан аздық дертiн қоздырушы болып табылады.
Күнделiктi тамақ құрамында темiр тектес заттардың болмауы да осы ауруды ушықтыра түседi.
Әйелдердегi қан аздық дертiнiң қозуына етеккiр келген кезде дұрыс тамақтанбаудан дененiң әлсiреуi, босанғанда қанның тоқтамай ағуы ықпал етедi. Әсiресе, жүктi әйелдер қан аздықтың ауыр түрiне тез шалдыққыш келедi екен.
Балалардағы қан аздық олардың iшетiн тамағында темiр тектес заттардың жетiспеушiлiгiнен және сәбидi 6 айлығынан кейiн қосымша тамақтандырмаудан болады. Сондай-ақ, жас балалардың қан аздығына көбiне-көп олардың нематозды (паразит құрттарды) жұқтыруы, созылмалы түрде iшiнiң өтуi және iш сүзегiмен ауруы себеп.
Қан аздық ауруының белгiлерi:
Терi мен шырышты қабықтардың қуқыл таратып бозаруы, ал қан азаю деңгейi күрт төмендеп кеткенде талып қалу, демiгу пайда болуы мүмкiн. Қабақ үстi терiсiнiң өңi кетiп бозарады. Тiс қызыл етi қаны қашып ағарады. Тырнақ ағарып кетедi. Науқас тез әлсiреп шаршағыш келедi. Қан көп кеткенде немесе аз-аздап, бiрақ жиi-жиi аға берген жағдайда, жарақаттанғанда, мұрыннан, асқазаннан, жатырдан, тiк iшектен қан кеткенде, сондай-ақ дұрыс тамақтанбағанда темiр құрамының аздығы, тағамда дәрумендердiң жетiспеуiнен болады. Ағза әлсiрететiн созылмалы сырқатқа шалдыққанда құрт ауру, iш ауруы және тағы басқа аурулармен ауырғанда, уланғанда (саңырауқұлақтан, кейбiр дәрiлерден) қан аздық өрiс алады.
Ауыр түрi болса аяқ iсiнiп, жүрек соғысы жиiлейдi, топырақ, бор жеуге әуестенедi. Қан аздық тұқым қуалауы да мүмкiн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz