Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы



1. Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы ретінде ... ... ... .3
2. Саяси жүйенің құрылымы және қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде ... ... .7
4. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі ... ... ... ... ...8
Пайдаланған әдебиеттер ... ...13
Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.
Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері:
1. Қоғамнан ажыратылған ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық сипатында.
2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.
3. Тұрғындардан салықтарды жинау
4. Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады.
5. Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы.
1. Д.А.Булгакова. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Заң әдебиеті. 2004.
2. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы., 1997.- 96 бет
3. Ағдарбеков Т.Мемлекет құқық теориясы. Оқулық дәуір. Алматы, 2003
4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
5. Нурпеисов Е. Котов А. Қазақстан республикаға дейін. Алматы, 1995.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық,
аумақтық ұйымы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Саяси жүйенің құрылымы және қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .7
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі ... ... ... ... ...8
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық,

аумақтық ұйымы ретінде.

Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.

Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері:

1.  Қоғамнан ажыратылған ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық  сипатында.

2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.

3. Тұрғындардан салықтарды жинау

        4. Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады.

5. Жалпыға  міндетті нормативтік актілердің болуы.

        6.Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі – егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.

Мемлекеттің әлеуметтік маңызындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару құралы және таптық қайшылықтарды шешу құралы ретінде.

Мемлекет өндіруші экономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде.

Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.

Мемлекеттің шығу нысандары: шығыстық, афиндік, римдік, германдық және өзгелер.

Мемлекет анықтамаларының әртүрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдық және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет мәніндегі жалпы әлеуметтік және таптық. Мемлекет саяси-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егемендік. ұлт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттілік дамуы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әр түрлі халықтарда мемлекеттіліктің дамуының әртүрлілігі.

Мемлекеттің ерекше қоғамдық ұйым ретінде, алғашқы қауымдық құрылыстағы, өкімет құрылымынан айырмашылығы, қоғамдық жұмыстарды басқарумен тұрақты шұғылданатын арнайы органдардан тұратындығында.

Қоғамның мемлекеттік-құрылымындағы бірінші нысанына құл иеленуші, құл және құл иеленушіге бөлінген қоғам жатады. Олардың келісімге келмейтін мүдделерін үйлестірген құл иеленуші мемлекет болды. Оның құрамы, мазмұны, қызметі сол кездегі қоғам дамуының деңгейіне сәйкес келді.[1]

Саяси жүйенің құрылымы және қызметі.

Саяси жүйеде жоғарыда берілген сипаттамаларға сүйенетін болсақ, оның барынша күрделі, көп қырлы құрылым екендігіне көз жеткізуте болатындығын байқауға болады. Саяси -теориялық әдебиеттерде саяси жүйенің құрылымы 4 түрлі элементтер тобына жіктелген.

Институционалдық элементтер, оған жататындар саяси институттар мемлекет, оның органдары (мемлекеттік билікті құрайтын орталық және региондық билік органдары мен басқармалары, күштеу құрылымдары: әскер, полиция, барлау жүргізу корпусы, ұлттық қауіпсіздікті сақтау т.б. құқық қорғау органдары, сот, прокуратура т.б.) Саяси ұйымдар партиялар, оның органдары: қоғамдық саяси ұйымдар, қозғалыстар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, кооперативтер, творчестволық одақтар, ассоциациялар, концерндер, акционерлік қоғамдар, ықпалды топтар (группы давления), мүдделер тобы (группы интересов).

Ақпаратты-комуникативтік элементтер, оған жататындар; өкіметке ақпарат беру каналдары, яғни мәжілістерде іс-әрскетті ашық баяндау процесі, істерді тексеру немесе тергеу комиссиясы, қажетті топтармен жасырын (конфиденциальный) кеңестер, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, ғазеттер мен журналдар, кітаптар) т.б.

3) Нормативтік-реттеуші элементтерін әр-түрі саяси мөлшерлер принциптер құрайды. Мысалы: конституция, басқа да құқықтық мөлшерлер, үкімдер мен шешімдер, нұсқаулар, бағдарламалық құжаттар т.б.

4) Саяси сана мен мәдениет, оны құрайтындар идеология және саяси психология, саяси теориялар, идеялар т.б.

Осы элементтердің әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ;

Саяси институттар дегеніміз - қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру әдісі. Бұл әртүрлі саяси нормаларды қамтиды. Саяси институттар ерекше өкілдік құқық берілген және арнайы саяси қызметі белгілі адамдардың тобы. Саяси институттардың ерекшелігі олар заңды түрде бекітілетін және олардың қызметі арнайы заңдарға, шешімдерге және юстициялық ақиқаттарға фактілерге бағытталған. Саяси институттарға, сонымен бірге, партиялардың нақтылы ғылыми және оқу мекемелері жатады. Саяси ұйымдар дегеніміз - адамдардың алдына қойған саяси мақсаттарына байланысты біріккен тобы. Саяси ұйымдар өзінің құрылымына, қызметіне қаңай сипатталады және жіктеледі. Осыған байланысты саяси ұйымдар қызметі толық саяси сипат алатын ұйымдар, жартылай саяси сипат алатын және саяси сипат алмайтын ұйымдарға бөлінеді.[2]

бірінші түріне мемлекет және саяси партиялар жатады. Олардың қызметінің негізгі түрі билік жүргізу және билік үшін күрес.

екінші түріне - кәсіподақ пен жастар ұйымы жатады

3) үшінші түріне - творчестволық одақтар

Міне, осы саяси ұйымдардың ең негізгісі - мемлекет. Мемлекет өз қызметі арқылы қоғам өмірін толық көрсете алады және мемлекет өзінің егеменділігімен ерекшеленеді.

Ал, саяси партиялар саяси жүйенің қызметіндегі негізгі буындардың бірі. Саяси партиялар халықтың саяси санасы мен мәдениетін қалыптастырады және идеологиялык ықпал жасап отырады. Егер партия қоғамда жетекші рөль атқаратын болса, онда ол мемлекеттің саяси бағдарламаларын жасауға және оны іске асыруға қатысады. Оған басшылық жасайды, өкімет басшыларын қалыптастырады, кадрларды дайындауға ықпал етіп отырады. Бірак, олардың әлеуметтік мәні, қызметі, мақсаттар мен міндеттері, ішкі құрылымы және саяси жүйедегі алатын орны әртүрлі болып келеді.[3]

Саяси жүйенің қызметіне саяси қозғалыстар да ықпал етіп отырады. Саяси қозғалыстар:

а) таптық негізінде қалыптасқан қозғалыстар;

б) әлеуметтік топтар негізінде қалыптасқан;

в) ұлтаралық қатынас негізінде қалыптасқан қозғалыстар ретінде қарастырылады.

Саяси қозғалыстар өмір сүріп отырған саяси және экономикалық құрылысқа, көзқарастарына қарай бір-бірінен ерекшеленіп отырады.

Осы тұрғыдан алғанда оларды консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық деп бөлуге болады. Қазір Қазақстанда 20-дан астам саяси қозғалыстар әрекет етуде. Мәселен, Қазақстандағы "азат" азаматтық қозғалысы, Казачество қозғалысы, "Әділет", "Ақиқат", "Мемориал", "Единство", ' "Бірлесу", "Семей-Невада", "Арал-Азия-Қазақстан", "Елімай", "Акт", "Азан", "Аттан" т.б.

Қоғамның саяси жүйесі шеңберінде, сондай-ақ ықпалды топтар да жұмыс істейді. Олар халықтық істерді шешуде араласа отырып, мемлекет қызметіне ықпалын тигізеді. Әсіресе олар мемлекеттік органдардың шешім қабылдау, үкім шығару істеріне ықпал жасап отырады.

Қоғамның саяси жүйесінде әртүрлі бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының да атқаратын рөлі ерекше деп айтуға болады. Олардың өзіндік ерекшеліктерін айтатын болсақ, біріншіден, олар еңбекшілердің белгілі-бір шағын бөлігін ғана қамтиды немесе белгілі-бір шағын тобының ғана мүддесін қорғайды. Екіншіден, олардың шешімдерін өз кәсіптеріне ғана, өз мүшелеріне ғана міндетті, өз мүдделеріне ғана сәйкес келіп, жалпы заңдық сипат алмауы мүмкін. Және мемлекеь тарапынан көндіру шаралары қолданылмайды. Үшіншіден, олар саяси жұмыстармен тұрақты айналыспайды шектелген болып келеді.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

Мемлекет еңбекті қоғамдық болудің, жекеменішіктің пайда болуының және таптардың құрылуының нәтижесіиде өмірге келді.

Мемлекет саяси жүйенің аса маңызды институты болып табылады. Ол билік пен ресурстарды өз қолына шоғырландырады, бұл оған қоғамдағы әлеуметтік өмерістерге тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді.[3]

Мемлекет — белгілі бір құрылымы бар, саяси билікті және белгілі бір аймақтағы әлеуметтік үрдістерге басшылық жасауды ұйымдастыратын саяси қауымдастық болып табылады. Анығырақ айтсақ, ол тұтастай алғанда қоғамның өмір тіршілігін ұйымдастыру және жетекші таптың, басқа да әлеуметтік топтар мен халықтың белгілі бір тобының саясаттарын іс жүзіне асыру үшін құрылады.

Тарихи тұрғыдан алғанда мемлекетті бірінші орында тұрған саяси ұйым деп есептеуге болады.

Әр түрлі халықтарда мемлекет әр қилы жолдармен, әр түрлі даму дәрежслерінде, уақылы әр қилы тарихи аралықтарында Мемлекет пайда болғам күннен бастап оның әр қилы себептері, әр түрлі теориялары да айтыла бастады. Атап айтқанда, теологиялық теория — мемлекет дегеніміз құдайдың әмірімен пайда болды.

пайда болатын өнім, сондықтан мемлекеттік билік мәңгі бақи діни ұйымдар мен солардың қызметіне тәуелді өмір сүреді деп есептеді;

Келісімді теория — мемлекет келісімнің нәтижесінде пайда болады, бұған дейін табиғи алғашқы қауымдық жағдайда өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет формасы
Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершіліктері
Мемлекеттің пайда болуы. Кезеңдері
Мемлекет пайда болуының жалпы заңдылықтары
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Мемлекет және қоғамның саяси жүйесі
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ. Мемлекеттің негізгі теориялары
Саяси жүйенің ұғымы, қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде
Мемлекеттің сыртқы функциялары
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі жайлы
Пәндер