Жоғарғы сот



1 Жоғарғы сот
2 Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты
3 Соттың органдары
Жоғарғы Сот – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы. Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда) Жоғарғы Сот конституцияны түсіндіру және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы мәселелерді шешу, конституциялық бақылау міндеттерін де жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Жоғарғы Сотпен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген.
Қазақстан Республикасында бұл міндетті Конституциялық кеңес атқарады ([[Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі]]). Конституциялық соты не кеңесі жоқ федеративтік мемлекеттерде Жоғарғы Соттың құзырына федерация мен оның субъектілері арасындағы, сондай-ақ федерация субъектілерінің өз арасындағы дауларды шешу жатады. Жоғарғы Сот түрлі мемлекеттерде түрліше ресми аталуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда, Австрияда, Ирландияда, Исландияда, Канадада – Жоғарғы Сот; Германияда – Жоғары федеральдік сот, Италияда – Жоғары кассациялық сот; Грекияда – Ареопаг; дЭстонияа – Мемлекеттік сот; Швейцарияда – Федеральдік сот, т.б.
1. Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
2. Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоғарғы сот

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу

Жоғарғы Сот – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы. Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда) Жоғарғы Сот конституцияны түсіндіру және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы мәселелерді шешу, конституциялық бақылау міндеттерін де жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Жоғарғы Сотпен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген.

Қазақстан Республикасында бұл міндетті Конституциялық кеңес атқарады ([[Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі]]). Конституциялық соты не кеңесі жоқ федеративтік мемлекеттерде Жоғарғы Соттың құзырына федерация мен оның субъектілері арасындағы, сондай-ақ федерация субъектілерінің өз арасындағы дауларды шешу жатады. Жоғарғы Сот түрлі мемлекеттерде түрліше ресми аталуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда, Австрияда, Ирландияда, Исландияда, Канадада – Жоғарғы Сот; Германияда – Жоғары федеральдік сот, Италияда – Жоғары кассациялық сот; Грекияда – Ареопаг; дЭстонияа – Мемлекеттік сот; Швейцарияда – Федеральдік сот, т.б.

Жоғарғы Сот, әдетте, істердің кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық, конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды, алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияның (және Уэльстің) Жоғарғы Сотын төраға ретінде лорд-канцлер басқарады, ол дербес үш сот мекемесінен – Шағымдық соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан тұрады. Әдетте, Жоғарғы Соттың құрылу тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері (өкілеттіктері) елдің конституциясымен айқындалады. Жоғарғы Соттың судьясын мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің (оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды. Мысалы, АҚШ-тың Жоғарғы Сотның судьясын АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және келісімімен тағайындайды.

Парламенттік елдерде Жоғарғы Сот судьяларын тағайындау кезінде үкімет шешуші рөл атқарады. Көптеген мемлекеттерде Жоғарғы Сот судьялары лауазымына үміткерлер ұсынуды сот қоғамдастығы органдары немесе сот қызметінің істері жөніндегі арнаулы комиссиялар жүзеге асырады. Көптеген елдерде судьялардың Жоғарғы Сот құрамында болу мерзімі заңда белгіленген жасқа толуымен шектеледі (әдетте 65 – 70 жас). Жоғарғы Сотқа біліктілігіне қойылатын талаптарды (әдетте төменгі соттармен салыстырғанда) қанағаттандыратын кәсіпқой судьялар мүше болып тағайындалады. Бұл талаптардың ең бастылары – заңгер мамандығы бойынша бай жұмыс тәжірибесінің және кіршіксіз беделінің болуы. Дәстүрлі қазақ қоғамында пайда болған дау-жанжалдарды билер соты реттеп отырғаны белгілі. Қазақ хандығы нығайып, біртұтас мемлекетке айналған кезеңде жыл сайын шақырылып отырған билер кеңесі әрі қазіргі ұғымдағы парламенттің, әрі Жоғарғы Соттың қызметін атқарған.

Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Жоғарғы Сот билігін Қырғыз (Қазақ) АКСР революциялық трибуналы (1921 – 23), РКФСР Жоғарғы Сотның Қазақ бөлімі (1923 – 29), Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1929 – 36) жүргізді. 1937 ж. 3 ақпанда қабылданған Қазақ КСР Конституциясының арнаулы тарауында сот ұйымдары мен прокуратура қызметін ұйымдастыру, құру тәртібі белгіленді. 1970 ж. 31 тамызда КСРО Әділет министрлігінің “Одақтас республикаларда Әділет министрлігін құру туралы қаулысына” сәйкес одақтас республикаларда әділет министрліктері құрылды. 1990 ж. 23 қарашада “Қазақ КСР-нің сот құрылымы” жөніндегі Конституциялық Заңға өзгерістер енгізу туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысы қабылданып, Жоғарғы Соттың бұрынғы алқаларына қосымша төраға және 4 судья құрамында әскери сот алқасы құрылды. 1992 ж. 22 желтоқсанда бұл Заң “Әскери соттар” деген арнайы тараумен толықтырылды. 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында 16-тарау сот билігіне арналды. Оның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың және Жоғары төрелік соттың, сондай-ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттардың құзырында екені атап көрсетілді. Конституциялық сот (қазіргі Конституциялық кеңес) Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі ең жоғары орган болып танылды. 1994 ж. 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарлығы шықты. Мұнда сот жүйесін реформалаудың бағыттары белгіленді. Сот жүйесін жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктеудің қажетсіздігі атап көрсетілді. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында (1995, 30 тамыз) осы принциптер бекітілді. Жоғарғы Сот арнайы сот алқаларына бөлініп құрылды, судьялар құрамы да соған қарай іріктелді. 1995 ж. 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осыған орай бұған дейін дербес өкілеттік жүргізіп келген Қазақстан Республикасының Төрелік соты Жоғарғы Соттың құрамына қосылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты – мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табылады. Ол төменгі соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәселелер жөнінде түсінік береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотн төраға, оның орынбасарлары, мүшелері құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті 5 жыл мерзімге сайлайды. Оның құрылымы, мәртебесі, қызмет тәртібі 2000 ж. 25 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заңмен белгіленген. Бұл Конституциялық Заң Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығында белгіленген реформаларды одан әрі дамытты. Жоғарғы Сот құрамындағы әскери алқа таратылып, оның жаңа құрылымы белгіленді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот қадағалауын ең алдымен төменгі соттардың нақты істерді шешуде заңдылық пен негізділікті сақтауын тексеру, олар жіберген қателерді түзету жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге Жоғарғы Сот республикадағы сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі туралы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі
Сот билігі және оның ұғымы
Қазақ ССР кезіндегі сот жүйесі
Жоғарғы соттың алқалары оның құрамы, құрылу тәртібі, құрылысы
ҚР-дағы сот билігі
Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының тарихы
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер