Ғасыр апаты судан келуі мүмкін


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Ғасыр апаты судан келуі мүмкін
Әлемдік Денсаулық ұйымының мәлімдеуінше, бүгінде жер шарын мекендейтін халықтың үштен бірі ауыз суға зәру. Алдағы уақытта табиғат, климат өзгерістеріне байланысты тұщы су тапшылығы ХХІ ғасырдағы ең үлкен экологиялық апат болуы мүмкін. Батыстағы сарапшылардың пікірінше, тұщы су мемлекетаралық геосаясаттың басты нышанына айналып, әртүрлі саяси өзгерістерге, әлеуметтік толқулар мен халықтың сусыз аймақтан жаппай қоныс аударуына әкеліп соғуы мүмкін. Өйткені сусыз өмір жоқ.
Небәрі 30 жыл бұрын жеріміздегі ашық су қорларының көлемі - 126 текше шақырым, оны құрайтын ішкі су қоры - 66, 8, сырттан келетіні 59, 2 текше шақырым еді. Су қорлары көлемінің азаю себептері - табиғаттағы өзгерістер және сырттан келетін өзендердің деңгейінің төмендеуі. Есепке жүгінсек, қазіргі табиғи жағдайда Қазақстандағы ашық су қорларының көлемі 2010 жылы 86 текше шақырымға шегініп, 2020 жылы 75 текше шақырым болмақ. Ал ел экономикасының өсу үрдісіне негізделген су қажеттілігі - аталған жылдары 101 және 106 текше шақырым. Сондықтан су тапшылығы жуық арада оң шешімін таппайтын болса, ел өміріне көптеген қиындықтар әкеледі. Басқаны былай қойғанда, Астана қаласына суды қайдан алатынымыз белгісіз. Өйткені қалаға жақын орналасқан жерасты су қорлары тым мардымсыз, ұзақ мерзімге жетпейді.
Жеріміздегі су көздері - биік таудағы мұз қабаттарынан бастау алатын өзендер және Каспий, Арал, Балқаш, кішігірім көптеген су қоймаларының булануынан пайда болатын жаңбыр сулары. Өкінішке орай, Іле Алатауындағы және басқа таулардағы мұз қабаттары 1973 жылдан бері азаюда. Ғалымдардың пікірінше, 2030 жылы жер бетінде қалмайды да.
Арал
Өткен ғасырдың 60-жылдары айдын ауданы жағынан әлемдегі төртінші жабық су қоймасы деп танылған Арал теңізі бүгінде құрдымға кетуге таяу. Негізгі себебі: Памир тауларының мәңгілік мұздарынан басталып, қар және жауын суларынан жиналатын Амудария және Сырдария өзендерінен Аралға жететін судың мөлшері өте аз. Оның үстіне Памирдегі мұз қабаттарының жұқара бастағаны туралы ғалымдар соңғы кезде жиі айтатын болды.
Аралдың тым болмаса, бізге тиесілі солтүстік бөлігін сақтап қалу үшін 2005 жылы Көкарал бөгеті салынып, теңіз екіге бөлінген. Қазір Сырдария өзені арқылы жететін су теңіздің тек солтүстік бөлігіне жиналып, оның деңгейін біршама көтерді. Бірақ есесіне, теңіздің оңтүстік ¬Өзбекстан бөлігінің деңгейі тым төмендеп кетті. Дегенмен Сыр өзенінің бізге дейін өзбек жерінен өтетінін ескерсек, көршілерімізге өзенді Аралдың оңтүстік жағына бұра салу қиын шаруа болмайды.
Ғылыми зерттеулер бойынша, Аралды тұтас сақтап қалу мүмкіншілігі жоқ. Қос өзен - Амудария және Сырдарияның барлық суын теңізге жібергеннің өзінде Аралдың бастапқы қалыпқа (1960ж. ) келуіне 200 жыл уақыт керек. Арал теңізінің тартылуы, қазақ жерінің біраз бөлігін ылғалдандыратын бу, жаңбыр көздерінің жойылып, тұрақты қуаңшылық орнауына әкеліп соғады.
Каспий
Бүгінде теңіз айдынының бір шаршы метрінен жылына 420 литр судың буға айналуы оның деңгейінің өзгерісін біршама тежеп тұр. Экологиялық пайымдауларға жүгінсек, теңіз суының бір литріндегі мұнайдың салмағы бір миллиграмнан асатын болса, судың буға айналу қабілеті бәсеңдейді, есесіне Каспийдің деңгейі көтеріліп, Ақтау, Атырау қалалары және жағаға жақын орналасқан елдімекендер су астында қалады. Мұндай апаттың орын алу қаупі мол. Себебі Қазақстан алдағы уақытта өз тарихында бірінші рет теңіз қайраңында орналасқан Қашаған, Ақтоқты, Қайран мұнай-кен орындарын игермекші.
Каспий суының буға айналу мүмкіншілігінің төмендеуі жауатын жаңбырды азайтады, нәтижесінде, жеріміздегі көптеген өзендер тартылып қалуы мүмкін.
Балқаш
Жыл өткен сайын таязданып, суындағы тұздың мөлшері ұлғайып келеді. Жуықтағы 2-3 жылдың аралығында Балқаштың жағдайы тым шиеленісіп кетуі мүмкін. Көршілес Қытай саяси шешім бойынша, бізбен шекаралас Синцзян ұйғыр ауданына елдің ішкі жағынан келетін 10 миллион адамды қоныстандыру жоспарын іске асыра бастады. Олардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін бүгінгіге қосымша Ертіс өзенінен жылына 9 текше шақырым, Іледен осымен мөлшерлес суды айырып алмақшы. Сонда Қытайдан басталып, жерімізден өтетін өзендерден не қалады? Балқаш суының азаюына Ілеге барып құятын Шарын өзенінде салынып жатқан Мойнақ ГЭС-інің де теріс әсері тиеді.
Өндірістік ластанудың залалы
Еліміздегі су мәселесін ушықтыратын жағдай - су көздерінің өндіріс қалдықтарымен ластануы. Мысалы, Ертіс өзеніндегі судың құрамындағы цинктің мөлшері өмірге залалсыз қалыптан - 114 есе, мырыш - 10, 6 есе, азот 2, 8 есе жоғары. Батысымызда аса ластанған су көздері Жайық, Елек өзендері, Шалқар көлі болса, солтүстік және орталық Қазақстанда Нұра, Ақбұлақ, Есіл өзендері. Балқаш көліндегі суда мыстың мөлшері қалыптан 9 есе жоғары. Ластанушылардың тізімін оңтүстігіміздегі Іле, Шелек, Тентек, Қаратал, Ақсу, Көксу өзендері, Қапшағай су қоймасы, олармен бірге Сырдария, Талас, Шу, Келес өзендері, Тасөткел, Шардара су қоймалары жалғастыра береді.
Әсіресе келешегі тым қатерлі қауіп - жерасты суларының ластануы. Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы уран өндіру жұмыстарының залалы орасан зор. Әлемдегі уран кен орындары бар басқа елдердегі жерасты жұмыстарында әлдеқашан заңмен тыйым салынған кенді күкірт қышқылы арқылы ерітіп алу әдісі тек бізде ғана қолданылады.
Әлемдегі уран кен қоры ең мол Австралияда, оны өндіру үшін күкірт қышқылын пайдалануды ұсынып көріңізші, есіңіздің дұрыстығына күмән келтіреді. Себебі уран кендері геология бойынша жерасты су қабаттарына орналасқан, ондағы күкірт қышқылының таралу жылдамдығы тәулігіне 100 метрге дейін жетеді. Күкірт қышқылын пайдаланудан Қызылқұмда уран кендерін игеріп жатқан Өзбекстанның үзілді-кесілді бас тартқанына оншақты жыл болды. Ендігі өзбектердің уайымы - біз пайдаланып отырған күкірт қышқылы жерасты жарықшақтарымен олардың жеріне жетеді-ау деген қауіп.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz